Среда , 18 июня 2025

Серікжан БІЛӘШ, «Атажұрт еріктелері» ұйымының жетекшісі: Сайрагүл мен «еріктілердің»,«КӨЗІ ҚҰРЫСА», қазақ мәселесі шешіліп кетпейді

– Серік­жан мыр­за, сізді бұл сұх­батқа Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз бастаған зия­лы қауым өкіл­дерінің мәлім­де­месіне және әле­умет­тік желіні жарған орал­ман ағай­ын­дар тақы­ры­бы­на орай шақы­рып отыр­мыз. Соңғы күн­дері «Фейс­бук­те» бір қаза­қтың бір­не­ше­ге бөлініп жатқан жайы бар. Әуел­гі әңгі­ме Мұх­тар Шаха­нов бастаған топ­тың «орал­ман­ның мәсе­лесі­мен қоғам­дық ұйым­дар емес, билік айна­лыс­сын» деген маз­мұн­дағы мәлім­де­месі­нен бастал­ды. Осы мәлім­де­ме­ге қаты­сты өзіңіздің желі арқы­лы бер­ген, иро­ни­я­сы басым­дау видео-жау­а­бы­ңы­здан хабар­дар­мыз. Зия­лы аға­ла­ры­ңы­здың билік­ке бағы­шталған осы мәлім­де­месіне қаты­сты ойы­ңыз қандай?

– Шын мәнін­де, осы мәсе­ле­мен билік айна­лы­сып отыр деп ойлай­мын. Себебі бүгін­гі күн­ге дей­ін елге кел­ген қан­дастар­дың видое-ары­зы­ның саны он мың­нан асты, дәлел қолы­мы­зда. Тіп­ті атом бом­ба­сы іспет­тес дәлел­дер бар, олар – адам құқы мәсе­лесінің аясын­да адам­зат тарихы­на тасқа басқан таң­ба­дай түсетін мәлі­мет­тер. Адам­зат тарихын­дағы гено­цид­тің куә­гер­лерін көзі­міз­бен көріп отыр­мыз. Ары­зды қалай жазу­ды үйретіп, қаза­қ­ша­сын елба­сы­на, Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на, өте маңы­зды мем­ле­кет­тің, ұлт­тың қауіп­сізді­гіне қаты­сты стра­те­ги­я­лық ақпа­рат­тар­ды Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетіне жіберің­дер деп кел­ген адам­дарға жолын көр­сетіп оты­ра­мыз. Өз қол­да­ры­мен жазы­лған ары­здар­ды өзің тұра­тын елді мекен­нің пошта­сы арқы­лы жөнелт деп кеңес бере­міз. Біз­де өзі­міздің орал­ман ағай­ы­нға қастық қылар­дай басқа мақ­сат жоқ. 

– Енде­ше сіз­дер өкі­мет атқа­руы тиіс жұмыстың бір жар­ты­сын атқа­рып отыр­сыздар деп айта ала­мыз ба? Жоға­ры­ға жол­даған ары­здар­дың нәти­же­сі қандай?

– Нәти­же көп! Жоға­ры­ға ары­зда­ну­дың бір тиім­ді тұсы – жаңа тарих­ты жазып жатыр­мыз. 1921–22 және 1931–33 жыл­дарғы ашыр­шы­лы­қтан хат­та­лып, қағазға түс­кен дерек аз. Голо­до­мор кезін­де укра­ин­дар теңіз арқы­лы шетел­ге қашып өткен­де, мәсе­лен, кана­да­лық өкі­мет әрбір қашып кел­ген укра­ин­ды­қтан жеке-жеке ақпа­рат жазып алған. Біз­де кеше­гі соғыс, бер­гі Жел­тоқ­санға қаты­сты дәлел­ді дерек толық емес. Енде­ше осы орай­да адам­зат тарихын­да қаза­ққа жаса­лып жатқан Қытай конц­ла­герін­де­гі қия­нат­ты дәлел­деп, деректі құжат түрін­де жазып жатқа­ны­мыз кім­нің шамы­на тиюі мүм­кін? Біз ол тари­хи құжат­тар­ды шетел тіл­деріне ауда­рып, Батыс елдері қапер­ге алсын, қазақ мәсе­лесіне құлақ түр­сін деп жіберіп жатыр­мыз. Осы ісі­міз­де қан­дай қия­нат бар? 

Соңғы кез­дері біз арыз қабыл­даған күн­нің ертеңін­де Қытай­дағы қаза­қтарға пас­пор­ты беріліп жата­ды. Мәсе­лен, сурет­ші Дина Иген­бер­діқы­зы­ның аты Қытай­дағы қаза­ққа таны­мал. Сурет­тері қаза­қи нақы­шпен, ұлт­тық бедер­мен салы­нған. Қытай­да үш жылға сот­талған. Біз 2 қаңтар күні Тал­ды­қорғанға барып, туы­ста­ры­нан қабыл­данған ары­здың видео­сын аме­ри­ка­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на жари­я­лап жібер­дік. Ал қаңтар­дың 17-сін­де туы­ста­ры «Дина түр­ме­ден шықты» деп сүй­ін­ші сұрап кел­ді. «Ата­жұрт­ты­қтар­дың» осы көме­гі кім­ге зиян бол­ды? Біз билік атқа­руы тиіс іспен айна­лы­сып, қаза­ққа жәр­дем жасап жат­сақ, бұдан кім жапа шегуі мүм­кін? Мен осы­ны түсінбеймін!

Иә, мем­ле­кет билі­гі де осы мәсе­ле­мен айна­лы­сып отыр, алай­да олар біз­ге тап­сыр­ма бер­ген жоқ. Біз тір­кел­ген ресми ұйым емес­піз, ерік­тілер­ден құралған қауым­быз. Ал біздің жинап бер­ген дәлел­дері­міздің аясын­да билік дипло­ма­ти­я­лық жол­мен сөй­ле­су арқы­лы екі үлкен нәти­же­ге жет­ті. Бірін­шісі – 700 қаза­қтың түр­ме­ден боса­ты­луы тура­лы сыр­тқы істер мини­стрі Қай­рат Әбдірах­ма­нов жари­я­лаған мәлім­де­ме; екін­шісі – өткен жел­тоқ­сан айы­ның аяғын­да 2000 қазақ Қаза­қстанға, шетел­ге шығуға рұқ­сат ала­ты­ны жөнін­де­гі осы мини­стр­лік таратқан мәлімдеме. 

– Иә, бұл тура­лы мәлім­де­ме жасал­ды, бірақ сол 2000 қазақ елге орал­ды ма? Сіз­дер­де ондай мәлі­мет бар ма? 

– Бұл сау­ал­ды Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне, Қаза­қстан­ның Қытай­дағы елшілі­гіне, Кеден басқар­ма­сы­на қою керек шығар. Себебі осы уақы­тқа дей­ін қан­ша адам виза алға­ны, қан­ша адам шека­ра­дан өткені жөнін­де атал­мыш құзыр­лы меке­ме­лер­ден басқа ешкім де біл­мей­ді. «Ата­жұрт ерік­тілеріне» елге аман-есен жет­кені тура­лы жүз­де­ген адам келіп, жөнін айтып кет­ті. Бері өткен адам­дар­дың көбі үрей­ден әлі ары­ла алмаған. Елге кел­ген соң, оралға­нын айту­дан қорқып оты­рған­да­ры қаншама?! 

Оның үстіне Қаза­қстан­дағы «қытай­шыл күш­тер» оларға теле­фон арқы­лы көрін­бей­тін нөмір­мен хабар­ла­сып: «Сен Қытай­дан кел­дің, енді тыныш отыр» десе, ол бай­ғұ­стың недей жағ­дай­ға түс­кенін көз алды­ңы­зға еле­с­те­те беріңіз… Бұл сұм­дық қой!

Ол аз десеңіз, қытай­лық поли­цей­лер вей­чат желісі арқы­лы: «Біз­ге кел­ген кез­де қой­ған қолың барын білесің ғой, сенің мұн­да туы­ста­рың бар, мұн­да ағаң бар еді ғой, күн­де таңер­тең жұмысы­на барып жүр…» деп, елге оралған қаза­қтар­ды ашық түр­де қорқы­ту­да. Біз­де бұл тура­лы да дәлел­дер жиын­ты­ғы бар.

– Сон­да Шаха­нов бастап қол қой­ған мәлім­де­менің түп-төр­кіні қай­дан, неден шықты деп ойлай­сыз? Кім неме­се кім­дер түрт­пек болуы мүмкін?

– Бірін­ші­ден, ол кісі бұл мәсе­лені есті­ме­ген, біл­ме­ген болуы мүм­кін. Екін­ші­ден, бұл хат Шаха­но­вқа басқа маз­мұн­да түсін­діріліп, ол кісі теле­фон арқы­лы хат­тың түп-төр­кінін біл­мей-ақ, ауыз­ша қол қоя салуы мүм­кін. Хат­ты дай­ын­да­у­шы­лар ақын­ның аңғал­ды­ғын, ақкөңіл­ділі­гін пай­да­ла­нып, «Қытай­дағы қазақ мәсе­лесін көте­рей­ік» деген соң, келісім бер­ген шығар. Біз­де­гі қол қою­дың қалып­тасқан үрдісі сол ғой. 

Үшін­ші­ден, ол кісі билік ашық тап­сыр­ма бер­ме­се де, билік – өз алды­на, «Ата­жұрт ерік­тілері» – өз алды­на жұмыс жүр­гіз­се де, қазақ мәсе­лесін­де біз бір-бірі­міз­ге бай­ла­ны­сты екені­мізді түсін­бей қалған сыңай­лы. Мәсе­лен, 2018 жылы қара­ша­ның 2‑сінде кең­се­міз­ге алпы­стан астам тірі жетім бала­ны жинап, бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткіздік. Оларға қара­у­шы болып оты­рған жамағай­ын туы­ста­ры, күй­е­улері қамауда оты­рған оты­здан астам әйел­дер жинал­ды. Жүз­ге жуық ада­мға қай­ы­рым­ды­лық шара ұйым­да­стыр­дық, оған шетел­ден – Гер­ма­ния, Фран­ция, Аме­ри­ка жур­на­ли­стері қаты­сып, видеоға түсіріп, Қаза­қстан­дағы тірі жетім бала­лар­дың ата-ана­сы Қытай түр­месіне қамалға­ны жөнін­де бүкіл әлем­ге хабар тарат­ты. Араға күн салып, 4 қара­ша­да ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі Қытай­ға «нота» жол­да­ды. Бұл – Қаза­қстан­ның тарихын­да Қытай­ға жол­данған екін­ші «нота». Бала-шаға­сы – Қаза­қстан­да, отаға­сы – Қытай­да абақты­да оты­рған қаза­қтар­ды боса­ту жөнін­де ел билі­гі ресми түр­де талап етті. Егер біз 2 қара­ша күні тірі жетім­дер­ді жина­ма­сақ, екі күн­нен кей­ін осын­дай «нота» жол­да­нар ма еді? Бұл кез­дей­соқтық деп айта алмаймын. 

Демек, билік те біздің жұмысы­мы­здың нәти­же­сін көріп отыр. Қоғам­дағы қор­да­ланған мәсе­лені жинап, билік­тің наза­рын аудар­тып, әрбір өткіз­ген кон­фе­рен­ци­я­мы­здың бас­пасөз мәлі­метін жол­дап оты­ра­мыз. Соны­мен бір­ге оны әлем­дік БАҚ-қа, қаза­қстан­дық әле­умет­тік желі­ге жари­я­лай­мыз. Біз шет­тен кел­ген репа­три­ант бол­сақ та, қаза­қстан­дық пат­ри­от­пыз. Ете­гі жасқа тола еңіре­ген, тау мен таста мал баққан, дала­да егін еккен, көбінің сау­а­ты нашар, ал зия­лы­сы қала­да өмір сүріп, әзір­ге үнсіз отыр­са, орал­ман бай­ғұстар кім­ге иек арта ала­ды? Кім­нен көмек сұра­рын, қай­да бара­рын, кім­ге мұңын шаға­рын біл­мей, асы­ра­у­шы­сы жоқ, аш-жалаңаш күй кеш­кен, пси­хо­ло­ги­я­лық, физио­ло­ги­я­лық, эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы жоқ адам­дар­дың ары­зын қаза­қстан­дық билік­ке, одан ары­сы әлем­ге жет­кі­зетін бір­ден-бір әзір­гі мін­бер – біз­біз! Ал осы­ны Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз біл­ме­уі мүмкін.

Төр­тін­ші­ден, ол кісі – ақын. Жер үшін, қазақ тілі, Жел­тоқ­сан үшін күресіне тән­ті­міз. Бірақ дәл осы Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі жөнін­де­гі ақпа­рат­тар оған жет­пе­уі бек мүм­кін. Қытай­дан кел­ген, кей­бір үнсіз қалған зия­лы неме­се елде­гі ұлты қаза­қтар өздері біліп неме­се біл­мей, Қытай­дың «жұм­сақ күшіне» айна­лып кет­ті. Олар­ды «сен ұлты­ңа сатқын­дық жаса» деп, сатып алмай­ды. «Ата­жұрт­ты­қтар сияқты шулат­пай, мәсе­лені басқа­ша шешу­ге болар еді, оны сіз­дер­дің көтер­ген­деріңіз дұрыс еді» – деп, әлдекім­дер ақыл айтқан болар. 

Сон­ды­қтан қаза­қстан­дық қоғам­дағы зия­лы қауы­мға, сая­сат­кер­лер­ге, біз­ге «көңіл бөл­гісі» келетін­дер­ге, тіп­ті бей-жай оты­рған­дарға да айта­рым: бұл – Ұлт­тық тра­ге­дия! Бұл – кеше­гі 3–4 мил­ли­он қазақ қыры­лған, 1937-де тұтас зия­лы қауым аты­лып, асы­лып кет­кен ста­лин­дік тра­ге­ди­я­мен бір­дей нәу­бет! Осы тра­ге­ди­я­ның кезін­де үнсіз қалу – кез кел­ген зия­лы үшін, жал­пы қазақ үшін – тарих­та қара­бет болып қалу­мен бір­дей. Кей­ін­гі ұрпақ әлі зерт­тей­ді, зер­де­лей­ді. «Сол кез­де қай­да бол­дың, не істе­дің?» десе, бүгін­гі біз не айтамыз?! 

– Оған дау жоқ! Бола­шақ ұрпақ зерт­теп, тарих­ты тара­зы­лаған кез­де зия­лы­лы­лар­дың ғана емес, сол жыл­да­ры елді басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың аты да шыға­ды. Сол кез­де оның «орал­ман­дар Қаза­қстанға үлес қосқан жоқ» деген сөзі жүзіп шыға келуі мүм­кін ғой. Деген­мен, Қытай­дағы қазақ мәсе­лесіне ел пре­зи­ден­ті жет­кілік­ті түр­де мән беріп отыр деп ойлай­сыз ба?

– Қалай десек те, пре­зи­дент­тің 2018 жылғы Бей­жиң­ге барған соңғы сапа­ры­ның маңы­зы зор, тари­хи оқиға бол­ды. Қытай түр­месі­нен шыққан Гүл­зи­ра Әуел­ханқы­зы біз­ге келіп, куә­гер­лік беріп, Қытай түр­месін­де­гі сой­қан­ды, адам ден­са­улы­ғы­на залал­ды меди­ци­на­лық тәжіри­бе жасалға­нын, қор­лық көр­сет­кенін айтқан еді. Сон­дағы бір мәлі­меті бой­ын­ша, пре­зи­дент Назар­ба­ев Қытай­ға барған күні түн­гі сағат 2‑де түр­ме­де­гі бар қаза­қты жиып алып: «Қаза­қстан­да туы­ста­рың бар ма?» деп сұраған. Кей­біре­уі қоры­ққа­ны­нан «жоқ» десе, Қаза­қстан­да отба­сы қалған­да­ры «бар» деп жау­ап бер­ген­дерін жедел түр­де жағ­дайы тәуір түр­ме­ге ауы­сты­рған. Бұл Гүл­зи­ра­ның видео арқы­лы бер­ген куәлік сөзін­де хат­та­лып, жазы­лып тұр. 

Демек, елба­сы Қытай­ға барған сапа­ры күні Қытай өкі­меті арнайы бұй­рық түсір­ген сияқты. Әсіре­се Қаза­қстан­мен қаты­сы бар қаза­қтар­дың жағ­дайы жақ­сарған. Осы мәсе­лені түр­ме­ден шыққан тағы бір қазақ әйелі айт­ты: пре­зи­дент­тің Қытай сапа­рын­дағы екін­ші күні түр­ме­ден босапты. 

Яғни, осы екі дәлел пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың қаза­қтар жөнін­де мәсе­ле көтеріп жүр­генін біл­дір­се керек. Ал Назар­ба­ев­тың тәу­ел­сіздік алған­да көші-қонға қаты­сты арнайы екі ел ара­лық жүр­гіз­ген сая­са­ты­на Қытай билі­гі бүгін ашық қар­сы шығып отыр. Бұны Назар­ба­ев мыр­за­ның өзі де сезіп оты­рған шығар… 

– Сіздің сөзіңізді өз ойым­мен жалға­сты­рай­ын: Қаза­қстан­ның аза­ма­ты деген атақ әдет­те кәме­лет­ке толған ада­мға «загс» меке­ме­лері арқы­лы авто­мат­ты түр­де беріледі. Ал орал­ман ағай­ы­нға ондай мәр­те­бе тек қана пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың өкі­мі арқы­лы беріледі. Ал енді сол аза­мат­тық мәр­те­бе бер­ген пре­зи­дент өзінің заң­ды пәр­менін басқаға сый­ла­ту үшін, Қытай­ға барып, қама­лып, зор­лық-зомбы­лы­ққа түс­кен­дер­ге қаты­сты «пре­зи­дент­тік өкі­мім аяқ асты болып, менің аза­ма­тым­ның құқы­ғы бұзы­лып жатыр» деуі керек еді ғой. Мәсе­лен, Вла­ди­мир Путин­нің «Орыс әле­мі» деген сая­са­ты бой­ын­ша, Ресей өкі­меті әрбір оры­сты қай жер­де жүр­се де қорғай­ды. Ал біз­де аза­мат­тық мәр­те­бені Назар­ба­ев­тың өкі­мі­мен алған­дар Қытай­дың тас түр­месіне қама­лу­да. Олар­ды іздеп, біз өз аза­ма­ты­мы­зды қорғай­мыз деп жатқан қаза­қстан­дық өкі­мет­ті көр­медім де, есті­медім. Ал енді Қытай­да қамалған­дар­дың ішін­де қаза­қстан­дық аза­мат­ты­ғы бары­ның саны қан­ша? Бұл жөнін­де қан­дай дере­гіңіз бар?

– Нақты дере­гі­міз жоқ. Бірақ өкі­мет таратқан ақпар бой­ын­ша, 20 аза­ма­ты­мыз түр­ме­ден боса­ты­лып­ты. Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің таратқан мәлі­меті осы. 

Осы тая­у­да ғана – 2 қаңтар­да Тал­ды­қорған қала­сы­на барған сапа­ры­мы­зда, Қытай­дағы Бар­көл-Қазақ авто­но­ми­я­лы ауда­ны­на барған Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы бар он шақты отба­сы­ның дере­гін аны­қта­дық. Әрқай­сысын­да Қаза­қстан­да туған екі-үштен бала­ла­ры бар, солар­дың құжа­тын Қытай жағы тар­тып алып, жібер­мей отыр. Бұл мәсе­ле сіздің айтқан уәжіңіз­ге сәй­кес, Қытай билі­гі ашы­қтан-ашық Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін, заңын, екі елдің досты­ғын көз­ге ілмей, Шан­хай ынты­мақ­та­сты­ғы ұйы­мы­на мүше ретін­де стра­те­ги­я­лық әріп­те­стік келісім-шар­ттар­ды аяқ асты етіп отыр. Одан басқа да өңір­лік қауіп­сіздік мәсе­лесі жөнін­де­гі том-том құжат­тар­дың бәрін Қытай жағы қала­са – қол қояды, қала­ма­са – құны көк тиын деп, мұры­нын шүй­іріп қарап отыр. 

– Жоға­ры­да бір сөзіңіз­де «қай­ы­рым­ды­лық шара­сын өткізіп, жетім­дер мен жесір­лер­ге мате­ри­ал­дық көмек көр­сет­тік» дедіңіз. Дұрыс! Рах­мет! Бірақ әле­умет­тік желілер­де «Ата­жұрт ерік­тілерін» кім қар­жы­лан­ды­ра­ды!» деген сұрақ жиі қой­ы­ла­ды. Тура­сын айты­ңыз­шы: ұйым­ды кім­дер қаржыландырады? 

– Ондай көмек-қол­дау көр­се­тетін – Қытай­дан көшіп кел­ген ұсақ-түй­ек кәсіп­кер­лер. Одан кей­ін қолын­да малы бар шару­а­лар бір ешкісін неме­се бір қой­ын сой­ып алып келеді. Оны қолын – қол­дай, санын – сан­дай етіп, әрбір мұқтаж отба­сы­на бөліп бере­міз. Өткен­де Алма­ты­ның жоға­ры жағын­дағы таудың қой­на­уын­да тұра­тын, еш мәсе­ле­мен қаты­сы жоқ бір қой­шы, жігіт аға­сы алты қой­ын сой­ып алып келіп­ті. Жиыр­ма төрт отба­сы­на бөліп бер­дік. Тағы бір кәсіп­кер әйел бір қысқа жарай­тын бала­лар­дың аяқ киі­мін әкеліп, үйіп таста­ды, өзі аяқ киім сата­ды екен. Сон­дай-ақ Аста­на­да тұра­тын тағы бір кәсіп­кер – әйел­дер­дің сырт киім­дерін көлік­ке тиеп салып жіберіп­ті. Сол күні қуа­ны­шта­рын жасы­ра алмаған келін­шек­тер­ді көрсеңіз… 

Айна­лып кел­ген­де, олар­ды мем­ле­кет қамқор­лы­ғы­на алуы керек еді. Тіп­ті дипло­ма­ти­я­лық арақа­ты­на­сқа нұқ­сан келеді десе, қап­тап жүр­ген қоғам­дық ұйым­дарға жүк­те­се болар еді ғой. Бұл – сай­да саны, құм­да – ізі жоқ, сая­сат­пен шаруа­сы бол­маған Серік­жан Біләш бастаған жігіт­тер­дің шаруа­сы емес. Елдің алдын­да масқа­ра болып отыр­мыз. Оларға көмек­ті «Форб­стың» тізі­мін­де­гі мил­ли­о­нер­лер беруі тиіс. Мал қамай­тын қора­да күн кешіп жатқан отба­сы­лар бар, осы мәсе­ле біз­де­гі бай-бақу­ат­ты­лар­дың бетіне басы­лған қара таң­ба! Қым­бат мей­рам­ха­на­ларға той жасап, мил­ли­он дол­ла­рын шашып жүр­ген­дер­ді қарғағың келеді, себебі өзінің қан­да­сы аш отыр. Біздің өзі­міз қай­ыр­шы­мыз, қырық сиы­рым бар еді, жуыр­да ғана соның соңғы­сын сатқыздым. 

Қолын­да барын өзінің отба­сы­нан жұлып әкеліп, жетім-жесір­ге қамқор­лық жасап жүр­ген аза­мат­тарға Алла разы бол­сын! Бүкіл Қаза­қстан қоға­мы үнсіз жатқан кез­де «Ата­жұр­тқа» қар­жы қай­дан келеді деп сұрақ қой­ған адам кең­се­ге кел­сін­ші. Қолы­нан жетек­теп жүріп, Алма­ты төңіре­гін­де­гі аш-жалаңа­штар­дың үйіне апа­рай­ын. Күнін әрең көріп, бала­сы ауыр­са, қой­дың май­ын ішкізіп, ем-дом жасап оты­рған­дарға біз дәрі-дәр­мек әпе­ре­міз. Ғалам­тор­дағы видео­да осы жағ­дай тәп­ті­ш­теп тұрып жари­я­ланған, соны қара­сын да, сұрақ қою­шы­лар біз­ге кел­сін. Көр­се­тей­ін тірі дәлелді. 

– Қазақ қоға­мы, қазақ мил­ли­о­нері дей­сіз: оны қой­ып, қазақ қоға­мы­ның ішін­де орал­ман ағай­ы­нға мем­ле­кет­тік тұрғы­дан жана­шыр­лық идео­ло­гия жасал­маған. Мәсе­лен, орал­ман­дар­ды жер­гілік­ті ағай­ы­нға жексұрын етіп көр­се­ту, пысы­қты­ғы­на, іскер­лі­гіне қызға­ныш туды­ру­дың көрін­бей­тін сая­са­ты қалып­тасқан. Олар арғы бет­тен көшіп кел­ген жерін­де­гі жер­гілік­ті қаза­қтар­дың несі­бесіне ортақ­та­сып жатқан­дай көзқа­рас бар. Бұл – көрін­бей­тін, білін­бей­тін, бірақ билік­тің иша­ра­сы­мен, әлде билік­тің ұлт­сызды­ғы­нан жасалған жымысқы сая­сат. Қаза­қтың басын бірік­тіру­ге мүм­кін­дік бер­мей­тін, керісін­ше, қазақ халқын жік­ке бөлетін тех­но­ло­ги­я­лық әдіс нақ осы. Осы­ны ұлт­тың ара­сы­на іріт­кі салу­дың жексұрын идео­ло­ги­я­сы деп ата­масқа амал бар ма? Осы тұрғы­дағы сіздің ойы­ңыз қандай? 

– Бұл – біздің үлкен жеңілісі­міз, ұлт­тық тра­ге­дия! Қазақ ұлты дін, жер, сая­си ұста­ным, тұр­мыстық аху­ал бой­ын­ша сан мың жік­ке бөлін­дік. Дәл сол жік­ке бөлін­ген­дер­дің ара­сын­да шет­тен кел­ген ағай­ын ең алды­мен дін жолын­да, руха­ни бай­лық тұрғы­сын­да жүре­гі мен ниеті таза аза­мат­тар еді. Ал кеңе­стік оқу-ағар­ту, сая­си наси­хат, ұлт­сыздан­ды­ру тәр­би­есі­нен өткен жер­гілік­ті қауым­ның көзқа­ра­сы, сіз айтқан­дай – теріс. 

Бізді «кезін­де қашып кет­кен» деп күстә­на­лай­ды. Құдай-ау, «кезін­де қашып кет­ті» деген қазақ қай­дан келіп жатыр? Кел­ген жері Шығыс Түр­кістан – қаза­қтың жері емес пе еді?! «Ашты­қтан қашты», «соғы­стан қашты» дей­ді. Қаза­қстан­да оты­рып, ашты­қтан қашпаған қазақ бар ма? Арқа­ның қаза­ғы Мой­ы­нқұм асып, оңтүстік­ке қашты. Үстірт­тің қаза­ғы түр­кі­мен мен иран асып кету­ге мәж­бүр бол­ды. Баты­стың қаза­ғы Еділ­дің бой­ы­на, Волга­ның суын жаға­лап кет­ті. Ал «соғы­стан қашты» деген­дер 30-жыл­дарғы аштық кезін­де 1941 жылы соғыс бола­ты­нын алдын ала қалай біліп қой­ған? Бал ашып, құма­лақ салған ба? Ел басы­на түс­кен сол заманғы нәу­бет­тің тари­хи себеп­терін біл­мей жатқан­дарға айтар сөзім жоқ. 

Иә, ұлт­шыл­дық көзқа­рас­ты мем­ле­кет­тік дең­гей­де қалып­та­сты­ра алмай отыр­мыз. Қаза­қтың тарихы­на оң баға беріл­ген жоқ, бүгін­де ұлт­шыл­ды­қты ұлы­қ­та­са, теріс бағы­тқа кетіп қала­тын­дай көреді. Зия­лы қауым ұлт­сызданған заман­ның өкілі болған соң, ұлт­шыл болу­ды қыл­мыс санай­ды. Шетел­де­гі қаза­қтың тарихын – Қазақ тарихы­ның бір бөл­ше­гі ретін­де қарай алмай отыр. Шет­ке кет­кен, басқа елдер­ге беріл­ген қазақ жерін – қаза­қтың жері деп сана­май отыр. Міне, сор­лы­лық! Біле біл­се, Іле-Қазақ авто­но­ми­я­лы облы­сы­ның орта­лы­ғы – Құл­жа қала­сын­да құры­лған Шығыс Түр­кістан рес­пуб­ли­ка­сы Алаш авто­но­ми­я­сы­нан кей­ін­гі екін­ші рес­пуб­ли­ка ғой. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан – қаза­қтар құрған үшін­ші мемлекет. 

Шетел­де­гі қаза­қтың тарихын өз тарихы­мыз деп айта алмаған­нан кей­ін, ұлт­тық дең­гей­де мәсе­ле көте­ру өте қиын. Ол үшін тек жете­ге жетер­лік үгіт-наси­хат керек, басқа амал жоқ. 

– Енді­гі кезек­те Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға қаты­сты әле­умет­тік желіні кезіп жүр­ген сөз­ге не айта­ры­ңыз бар? «Ата­жұрт­ты­қтар» бастап көтер­ген «Сай­ра­гүл­ді құтқа­ру» ұра­ны сіз­дер­ге неге ортақ бол­май қал­ды? Орта­ла­ры­ңы­зға не жік түсті? 

– Сай­ра­гүл оқиға­сы – Қытай­дағы қазақ мәсе­лесін әлем­ге әшке­ре еткен ең үлкен оқиға: Қаза­қстан­да көзқа­ра­сы, діні, сая­си ұста­ны­мы бой­ын­ша жік-жік­ке бөлін­ген­дер­дің басын қосты. Әрбір сот оты­ры­сын­да Қытай­дың қыл­мысын айдай әлем­ге ашты. Сол сот­тың бәріне де Еуро­па­ның, Аме­ри­ка­ның жур­на­ли­стері қаты­сты. Мақ­са­ты­мыз да сол – Сай­ра­гүл­дің мәсе­лесін шешіп, Қаза­қстан билі­гіне ықпал ету еді. «Шека­ра бұзу», «Отанға сатқын­дық жасау», «мем­ле­кет­тік құпи­я­ны ашу», «шетел­де­гі жат күш­тер­мен бай­ла­ны­ста болу» бап­та­ры бой­ын­ша сотқа тар­ты­лған, басқа елден бас­па­на сұра­у­шы адам, егер ол тұрғы­лы­қты еліне қай­та­рыл­са, өлім жаза­сы кесіл­се, ұзақ жылға сот­тал­са, руха­ни жағы­нан қор­лық көр­се, БҰҰ-ның тала­бы бой­ын­ша қай­та­рыл­мауы керек» деген бап­ты көл­де­нең тар­тып, Сай­ра­гүл Қаза­қстан­нан сая­си бас­па­на сұрады. 

Бірақ ол «Ата­жұрт ерік­тілерінің» үмітін ақта­ма­ды. Сот­та Қытай­дың қыл­мысын ашқан Сай­ра­гүл, сот­тан кей­ін мүл­де үнсіз қал­ды. Мәлім бір топ­тар Сай­ра­гүл­дің үнін өшір­ді, Қытай­дың қыл­мысын ашуы­на кедер­гі жасап, Сай­ра­гүл 180 гра­дусқа кері бұрыл­ды. Қаза­қстан­да тәу­ел­сіз сот барын әлем­ге әйгіле­ген, шетел­дік ақпа­ратқа сұх­бат бер­ген Серік­жан сот­тан кей­ін бір­не­ше ондаған шетел­дік ақпа­рат құрал­да­ры­на өзіне қар­ша бораған хатқа жау­ап бере алма­ды. «Бұған Сай­ра­гүл­дің адво­ка­ты Абзал Құс­пан жау­ап береді» деп, сұрақ қою­шы­ларға заң­гер­дің теле­фо­нын бер­дім. Ал адво­кат бол­са, маған әле­умет­тік желі арқы­лы жер­ден ауыр сөз айт­ты. Абзал Құс­пан­ды құр­мет­тей­мін, маған деген көзқа­ра­сы менің атқарған жұмысы­ма әсер етпей­ді. Бірақ ол Сай­ра­гүл­ді сот­тан кей­ін мүл­де үнсіз қал­дыр­ды. Біз осы­ған ғана нали­мыз. Әйт­пе­се Сай­ра­гүл­мен басқа бас араз­ды­ғы­мыз жоқ. 

– Деген­мен Сай­ра­гүл ар жақтан да, бер жақтан да қуда­ла­у­ға түс­кен ана, сол жағ­дай­ын ескеріп, өкпе­ні өшіріп таста­ма­ды­ңы­здар ма? Енді сон­да ат құй­ры­ғын кес­кен деген осы ма? 

– Жоқ, әрине! Өзім­ді мың рет қара­лаған қаза­ққа да құшағым ашық. Маған жабыл­маған жала, жағыл­маған күйе жоқ. Сай­ра­гүл­дің күй­е­уі Уәли­ге де теле­фон арқы­лы: «Бұла­рың ұна­май­ды, бірақ Сай­ра­гүл­ге деген көмек­ті жүре­гім­мен, сезім­мен емес, баспен ойлап берем. Еке­уіңнің қолы­ң­да қаза­қтың ұяты мен намысы тұрған­да, әсіре­се Қытай­мен ұлт ретін­де алы­сып оты­рған кез­де сен­дер­ді жек көре алмай­мын. Қытай­ға сені беріп қой­ып, қазақ ретін­де, аза­мат ретін­де жер басып жүр­ген­ше, өлгенім артық», – дедім. Ұлт болып, қор болып, Қытай­дан жеңіліп, намысы­мы­зды тап­та­тып, Сай­ра­гүл­ді Қытай­ға бер­ген­ше, өзі­міз бір­ге өлмей­міз бе?

– Ал енді тағы да әле­умет­тік желі­де­гі жаз­баға көз жүгірт­сек, Серік­жан Біләш адво­кат Абзал Құс­панға аузы­на кел­генін айт­ты деп жур­на­лист Сәу­ле Әбіл­да­ханқы­зы желіні шула­тып жатыр. Абза­лға не айтып едіңіз?

– Абза­лға да, Сәу­ле­ге де алғы­сым шексіз! Әле­умет­тік желі­де «Ата­жұрт» жөнін­де жақ­сы қыры­нан жа, жаман жағы­нан да жаза­тын, күмән кел­тіретін бар­лық «әулие-әмби­е­ге» рах­мет айта­мын. Бұл мәсе­лені көр­медім, біл­медім деп, шет қалған­дарға қараған­да, дат­та­у­шы­лар­дың да дең­гей­ін жоға­ры санай­мын. Тас­ке­рең, мылқау, соқыр болып қалған қазақ тіл­ді ауди­то­ри­яға Қытай­дағы қазақ мәсе­лесін қара­лап бол­са да, айтып жүр­ген­дерінің өзі неге тұра­ды?! Басқа айта­рым жоқ.

– Жөн қисын! Ал енді қаза­қтың басын топ­та­сты­руға мүд­делі болып оты­рған «Ата­жұрт ерік­тілеріне» жер­гілік­ті құқық қорғау тара­пы­нан қуда­лау бар ма?

– Алды­мен Қаза­қстан­дағы «қытай­шыл күш­тер» үсті­міз­ден ары­зды қар­ша бора­тып жатыр. Соның бір көрінісі – мем­ле­кет­тің құзыр­лы меке­ме­леріне «Ата­жұрт­ты» қауіп­ті ұйым ретін­де көр­се­ту, солар­дың қолы­мен жап­ты­рып, мені сот­та­ту. Екін­шісі – «Ата­жұрт­ты» әле­умет­тік желі­де қара­лау. Ол жұмыс қарқын­ды жүріп жатыр, кім­нің тілі ұзын, кім­нің тілі ащы – біз­ге қар­сы айдап сал­ды. Соның бәрін елей­тін кате­го­ри­ядан өтіп кет­тік. Себебі біз­ге сөз емес, іс керек. Қытай­дағы қаза­қтың мәсе­лесіне әлем қауым­да­сты­ғы­ның наза­рын аудар­ту әлдеқай­да маңы­зды іс. Бұған дей­ін Қытай­мен 50–60 жыл алы­сқан тибет­тік­тер мен ұйғыр­лар­дың сая­сат­кер­лері өз жағ­дай­ла­рын ресми түр­де өзге­лер­ге мой­ын­дат­ты. Ал қай­ы­ры­нан зия­ны көп, ісі­нен өсе­гі көп қаза­қтіл­ді ауди­то­ри­ядан не үміт күту­ге болады?

Бізді билік­ке қауіп­ті, жек­көріні­шті етіп көр­се­тетін – тек қана жер­гілік­ті «қытай­шыл күш­тер». «Ата­жұрт­тың» үнін өшір­се, Қытай­дың қыл­мысын аша­тын, он мың­нан аса­тын дәлел жинап, адам­зат наза­ры­на ұсы­нып оты­рған бір­ден-бір ерік­тілер ұйы­мын жап­ты­ра­ды. Ол үшін сый-сыя­пат та алар. Бізді жап­ты­руға қыру­ар қар­жы жұм­сап жатқан­да­рын да естіп-біліп отырмыз. 

– Ал жер­гілік­ті билік тара­пы­нан қан­дай да қысым бар ма?

– «Жина­лы­ста­рың заң­сыз өте­ді» деген желе­умен жаз­ба­ша төрт рет ескер­ту алдым. Одан кей­ін Алма­ты­дағы «Уют» қонақ үйін­де Іле-Қазақ ауда­ны­нан кел­ген қаза­қтар­дың жиы­нын өткізіп жатқан­да, жиы­нға қаты­сқан­дарға және маған ескер­ту беріл­генін «Азатты­қтың» тіл­шілері каме­раға түсіріп алды. Осын­дай жиын­дар­ды жалға­сты­ра­тын бол­сам, 2‑ден 7 жылға дей­ін сот­та­ла­ты­ным­ды ескертті. 

Бостан­дық ауда­ны­ның поли­ци­я­сы таң бозы­нан үйім­нен алып кетіп, оларға «Теле­грам» деген желіні біл­мей­тінім­ді, Әбі­ля­зо­втың осы желі­де­гі тобын­да жоқ екенім тура­лы қол­хат жазып бер­дім. Қаңтар айы­ның аяғын­да Алма­ты қала­лық Әділет депар­та­мен­ті Медеу аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы­на қузау (уве­дом­ле­ние) жіберіп, бізді тір­кел­ме­ген ұйым ретін­де әкім­шілік құқық бұзу бабы­мен сотқа тарт­пақ­шы екен. Түсінік­те­ме бер­дім. «Біз ерік­тілер­міз, жетім-жесір­ге азық-түлік тара­ту үшін тір­ке­лудің қажеті қан­ша? Аза­мат­тық қоғам ғой. Бір жер­де апат бол­са, көмек көр­се­ту үшін тір­ке­лу керек пе?» деп, өз уәжім­ді айт­тым. Енді Медеу аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы тағы да шақы­рып жатыр.

«Жап­саңы­здар – жабы­ңы­здар, біз­ге де сыл­тау керек, өкі­мет жап­ты» – деген. Содан соң ыза­лы­лар, қай­да барып мұңын шаға­ты­нын біл­мей жүр­ген­дер кез кел­ген уақыт­та көше­ге шық­па­сы­на кім кепіл? Әкесі­нен, аға­сы­нан, туы­сы­нан тірі­дей айы­ры­лып, қор­лық көр­ген­ше, «бес қытай­дың басын ала­мын» деген жастар бар. Соларға ақыл айтып, ере­уіл­ге шыққан­нан қазақ мәсе­лесі шешіл­мей­ді, ақ қағазға көк сия­мен арыз жазып, мем­ле­кет­тік құзыр­лы меке­ме­лер­ге, әлем­дік қауым­да­сты­ққа жет­кіз деп, жөнін айтып, тәр­тіп­ке салып оты­рған ұйым – «Ата­жұрт ерік­тілері». Бізді жап­са, ашуға бөк­кен халы­ққа кім басу айтып, ұстап оты­ра­тын кім бар? 

Содан кей­ін айта­рым, «Ата­жұрт­тың» шетел­дік ұйым­дар­мен ешқан­дай қаты­сы жоқ. Бірақ жабы­лған күні Еуро­па мен Аме­ри­ка­да жой­қын ақпа­рат бола­ры сөз­сіз. Бізді жабам деп жүр­ген Әділет депар­та­мен­тінің басты­ғы өзінің крес­ло­сын ойлай бер­сін! Себебі ол ақпа­рат Батыс арқы­лы пре­зи­дент­тің құлағы­на жетеді… 

– Сай­ра­гүл­ге қай­та айна­лып келей­ік­ші: оған «босқын» мәр­те­бесі бері­ле ме? Қан­дай мүм­кін­дік­тер бар?

– Қаза­қстан­ның алдын­да екі түр­лі таң­дау тұр: қай­та­ру (депор­та­ция) неме­се алып қалу. Қай­тар­са, Қаза­қстан халқы­ның, қаза­қтар­дың алдын­да қара­бет болады. 

Ал Сай­ра­гүл­ге бас­па­на бер­се, Қытай­мен ара­мыз салқын­да­уы заң­ды. Осы екі орта­дан қазақ билі­гі қан­дай жол табуы мүм­кін? Үшін­ші жол – Сай­ра­гүл­ден құты­лу, көзін құрту…

– Бұл ойы­ңы­здың жөні бар екен: адам – жоқ, про­бле­ма да жоқ! Менің­ше, Сай­ра­гүл­дің «көзі құры­са», екі жақтың да құлағы тыныш бола­ды-ау, ә?!

– Бұл тура­лы Сай­ра­гүл­дің өзіне де айт­тым: «Қытай­дың құпи­я­сы тура­лы ақпа­рат­ты айдай әлем­ге ашпа­саң, Қытай үшін мәң­гі бақи қауіп­ті адам­сың, кез кел­ген уақыт­та жары­ла­тын бом­ба бола­сың. Сон­ды­қтан олар сенің «көзіңді құр­туға» мүд­делі. Ал айта­ры­ң­ды айтып, ішің­де­гіні ақта­рып тас­та­саң, олар үшін керексіз бола­сың», – дедім. Бірақ бар­лық тара­пқа бір ескер­терім: Сай­ра­гүл мен «ерік­тілер­дің» көзі құры­са, Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі шешіліп кет­пей­ді. Ал Сай­ра­гүл­дің әр басқан қада­мы әлем­дік адам­зат қауым­да­сты­ғы­ның бақы­ла­у­ын­да деуі­міз­ге толық негіз бар. Оның «көзін құр­ту» мүд­делі тарап­тарға оңай болмайды.

– Менің­ше, төр­тін­ші жол бар: аза­мат­ты­қты былай қой­ған­да, Қаза­қстан «босқын» мәр­те­бесін бер­ме­се, Сай­ра­гүл­ге Батыс елдері­нен неме­се АҚШ-тан сая­си бас­па­на сұрау керек бола­тын шығар? Мұн­дай жағ­дай­да «Ата­жұрт» Сай­ра­гүл­ге көмек жасай ала ма? 

– Ондай қадам­ның мүм­кін­ді­гін баяғы­да бастап қой­ған­быз, Ермұрат аға! Сай­ра­гүл­дің өзі де куә: әр елдің елшілік­тері­мен сөй­ле­стік. Олар­дың уәжі – егер Қаза­қстан билі­гі «босқын» мәр­те­бесін бер­се, Батыс елдерінің оны алып кету­ге қақы­сы бар. Осы мәсе­ле жөнін­де халы­қа­ра­лық ұйым­дар­мен күн­делік­ті хабар­ла­сып отырмыз. 

– Қаза­қты қытай­дан ара­ша­лай­мын деген аза­мат­тық игі мақ­са­ты­ңы­зға жете беріңіз, Серік­жан! Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Ермұрат БАПИ,

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн