Четверг , 5 июня 2025

Үміткер туралы үзік сыр

АЛТЫН ҚАЛАМДЫ АДАМ

Сонау 80-жыл­дар­дан, Каз­ГУ-дің жур­на­ли­сти­ка факуль­тетіне оқуға түсіп, сту­дент кезі­нен бері білетін Ермұрат Бапи­дың ҚР Пар­ла­мен­тіне депу­тат­ты­ққа сай­ла­у­ға түсетіні тура­лы есті­гені­міз­де, таңқалған жоқ­пыз, қай­та қуан­дық. Өйт­кені оның бүгін­гі бей­несі Алаш жұр­ты үшін айры­қ­ша – алдас­пан­дай жарқы­рап тұрған ақыл-ойы, сая­сат­ты жілік­ше шаға­тын біл­гір­лі­гі, елінің мұң-мұқта­жын, арман-тіле­гін жүре­гі­мен сезініп, Қаза­қстан­ның бүгіні мен бола­шағын қыран­дай шола­ты­ны; бүгін­гі күні шеші­мін күт­кен мәсе­ле­лер­ді шешудің нақты жол­да­рын айқын білетіні жұрт­шы­лы­қтың үмітін үкілетіп, сені­мін арттырады.

Бір кез­дері қолы­нан «Прав­да», «Каз­Прав­да», «СоцҚа­за­қстан», «Қазақ әде­би­еті» газет­тері түс­пей­тін, ізденім­паз, айкөл көңіл, дар­хан мінезді Ермұрат бүгін сараб­дал сая­сат­кер, жүй­рік жур­на­лист­ке айнал­ды. Оның батыл күрес­кер екені, баба­дан дары­ған, сүй­ек­тен келе жатқан батыр­лы­ғы, әрбір жазға­ны мақа­ла­сы­нан, тыныс-тір­шілі­гі­нен айқын көрінеді.

Әсіре­се адам­гер­шілі­гіне бір-ақ мысал: өзі­мен бір­ге 23 жыл үзбей қыз­мет істе­ген жур­на­лист Бақыт­гүл Мәкім­бай өмір­ден қай­тқан­да, оның бар­лық еңбе­гін бол­мысы­на бедер­леп, бар жан-тәні­мен ағы­лып-төгіліп жазып, қат­ты жаны ауыр­ды… Бұл – биік адам­гер­шілік­тің шынайы сипаты.

Сту­дент кез­де оның доста­ры өте көп бола­тын, кур­с­тас қызда­ры­на болы­сып, өзге кур­стың қызда­ры­на сәле­мін үзбей, сыпайы қалып таны­та­тын, біздің кур­с­та­сы­мыз ақын Нұр­лан Берға­зи­ев­пен де жақ­сы ара­ла­са­тын, еке­уі бүтін нан­ды бөліп жеп, пікір­лері тоғы­сып, бір үйдің бала­сын­дай жүретін…

Кей­ін Ермұрат­тың ерлеп, жүй­рік жур­на­лист болға­ны­на Қазақ елі­мен бір­ге куә болып келе­міз. Шын­ды­қтың жүзіне, қылыш-тіл­ге айналған «Дат» газетін шығар­ды. Алтын қала­мы­м­ен ғұмыр бойы елінің еркін­ді­гі, тәу­ел­сізді­гінің баян­ды болуы үшін, әділет, ғаділет үшін күре­сті. Елге бел­гілі сая­си тұлғаға айналды.

Дер кезін­де, қажет сәтін­де Пар­ла­мент­ке депу­тат болып бара­тын Аза­мат деп ойлай­мын. Өйт­кені Ере­кеңнің білі­мі мен білі­гі әбден толы­сқан, сая­си бел­сен­ділі­гі артып, жемісі пісіп тұрған дер шағы! Оның бағ­дар­ла­ма­сы­ның өзі ерекше батыл­ды­қты қажет­сі­нетін – жемқор­лар­дың қолы­мен шет­ке шығып кет­кен сан жет­пей­тін қыру­ар қар­жы­лар­ды қай­та­ру, оны іске асы­ру­дың заң­ды­лық жол­да­ры­на қадам жасау, осы жөнін­де бұл­тарт­пас заң шыға­ру. Бұл – өте қиын жұмыс, Ере­кең сол қиы­нға басын тікпек!

Қада­мы құт­ты болып, сәтін сал­сын! Алма­ты­дағы №3 округ­ке қарай­тын Ала­тау және Әуе­зов аудан­да­ры бой­ын­ша 37 кан­ди­дат сай­ла­у­ға түседі екен, лай­ы­қты­сы – алтын қалам­ды Ере­кең деп ойлай­мын. Сай­ла­у­шы­лар­ды Ермұрат Бапи­ге дауыс беру­ге шақырамын!

Баян БЕКЕТОВА, ақын, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лауреаты

«ЕҢІРЕП ЖҮРГЕН ЕР ЕДІ»

Қазақ фольк­ло­рын­да жиі ұшы­рас­а­тын, ел қорға­ны­шы – БАТЫРДЫҢ бей­несі осы­лай сипатта­ла­ды. Тір­кест­ің мағы­на­сы елдің қамын ойлап, жаны тын­шы­май, үне­мі маза­сызда­нып, бәріне айтып, барын салып жүретін НАҒЫЗ ЕР деген­ді біл­діреді. Ол қауіп­ті алды­мен көреді, оның бетін қай­та­ру шара­ла­рын ізде­стіреді, не істеу қажет­ті­гін айтып, жаны жай тап­пай­ды. Кей­де қай­ғы тар­та­ды, кей­де мұңға бата­ды. Еңірей­ді. Күй­і­неді. Жұлқы­нып, алға шыға­ды. Әлдебір меңіре­улер­мен шекісіп те қалады. 

Қазір­гі заман­ның «еңіреп жүр­ген ерлерінің» бірі – ЕРМҰРАТ БАПИ

Ол – өмірін жерін қорға­уға, халқы­ның көсе­гесін көгер­ту­ге арнаған адам.

Ере­кең ұлт мүд­десін терең түсі­неді. Оның жүзе­ге асы­ры­лу жол­да­рын біледі. Онда діт­те­ген мақ­сатқа жет­кі­зе ала­тын білім де, пара­сат та, күш пен жігер де, құл­шы­ныс та… – бәрі де бар. 

ЕРМҰРАТТЫ ҚОЛДАЙЫҚ, ОТАНДАСТАР!

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, ғалым

ЕРДІҢ СОЙЫЕРМҰРАТ

  • Депу­тат бола­мын деп, дүріл­деп жүр­ген­нің денін осы жұрт біле ме екен? Дүй­ім көп­ке дүр болып таны­лған­дар бар ма екен солар­дың арасында?

Бар шығар, әрине. Өз орта­сы­на, айна­ла­сы­на, ағай­ын-туы­сы­на жақ­сы ісі­мен көрініп, жол бастап жүр­ген аза­мат­тар қашан да болуы керек. Иә, біз біл­мей­тін, біле де бер­мей­тін кәсі­би білі­гі жоға­ры, ұлт­шыл, отан­шыл, мем­ле­кет­шіл жігіт­тер әр сала­да жүріп жатыр. 

«Сегіз ұлым – бір төбе» демек­ші, мына біз үшін, элек­то­рат үшін олар бір төбе де, жалғыз Ермұрат – Ермұрат Бапи бір төбе. Егер үміт­терін үкілеп жүр­ген кан­ди­дат­тар­дың толық тізі­мін жасап, «осы­лар­дың ара­сы­нан кім­дер­ді анық тани­сың?» деп, ел ішіне сұрау сал­сақ, Бапи баба­ның бағы­лан ұрпағы – Ере­кең таны­мал тұлға­лар­дың көшін бастап шығар еді. 

Ердің сойы – Ер-Мұрат. Енде­ше Ермұрат Бапиді Пар­ла­мент мәжілісінің енді­гі депу­та­ты ретін­де тани бер­сек бола­ды. Бұл – қалың қаза­қтың қала­уы, ел тілегі. 

Қазір ғой бәрі­міз ашы­лып сай­рап, ашы­на сөй­ле­ген болып жүр­міз. Ал Ермұрат жаз­ды. Басын қауіп-қатер­ге тіге оты­рып, оппо­зи­ци­я­лық газет­тер шыға­ру­дан танған да, тай­ған да, тай­сақтаған да жоқ. Бола­тын кез­де бола қалып, ізін­ше оңа қала­тын оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­ге де ол «Дат» жоба­сы арқы­лы жарық көріп келе жатқан газет­тері­мен ықпал етіп бақты. 

Ол – қашан да ақиқат­тың жағын­дағы адам. Авто­ри­тет оған авто­ри­тет емес. Бедел оған бедел емес. Ол ыңғай­ға ықтап өмір сүруді біл­мей­тін еркек! Ол авто­рит­тет­ті емес, адам­ды сый­лай­ды. Ол газетін біре­уден кек алып, есе қай­та­ру үшін емес, қаза­ғы үшін шыға­ра­ды. Қоғам еркін тыны­стап, ел ыры­сқа кенел­сін, әділ­дік әлім­жет­тік көр­месін деп жаза­ды. Сол үшін жаза­лан­ды, қиын­дық көр­ді, сот­тал­ды. Бірақ бәріне төзді.

Енді ол үлкен мін­бер­де тұрып сөй­ле­уді жөн көріп­ті. Сон­дай мүм­кін­дік­тің бүгін­гі Қаза­қстан­да шеті көрініп те тұрған сияқты. Бұл мүм­кін­дік­ті бәрі­міз түгел пай­да­ла­нып қалуы­мыз керек. Біз үшін ешкім ештеңесін бөліп бер­мей­ді, қол­дан жұмақ та жасап бер­мей­ді. Жаман­ды­қты да, жақ­сы­лы­қты да өзі­міз­ге өзі­міз жасай­мыз. Жақ­сы­лық жасам­паз­ды­ққа жет­сін десек, зама­ны­ның ащы-тұщы­сын көп көр­ген, кемел ойлап, кеңі­нен толғай­тын Ермұрат­тай аза­мат­та­ры­мы­зға қол­дау біл­дірей­ік, ағайын! 

  • PS: пост Ермұрат Бапи­дың сай­лау қоры­нан төлен­бей-ақ, шын көңіл­ден жазылды)))

Дәу­рен ҚУАТ, жазу­шы

АҚИҚАТ КҮРЕСКЕРІ

Армысыздар, әділ­дік аңсаған оқыр­ман қауым!

Мен осы Ермұрат Бапи аға­ның ақпа­рат сала­сын­дағы нағыз шын­ды­қ­пен күрес­кер ретін­де­гі шапаға­тын көр­ген адам­ның бірі­мін. 2015 жылы басы­ма іс түсіп, жазы­қ­сыз жала­ның құр­ба­ны болып, белу­ар­дан бал­шы­ққа батқан тұсым­да, тар қапа­с­та жатып жазған жанай­қай хаты­ма құлақ асқан – жалғыз осы тәу­ел­сіз «ДАТ» газетінің ұжы­мы бол­ды. Ермұрат аға ерін­бей жүріп, жур­на­лист ретін­де әділет­сіз сот үкі­мі­мен маған тағы­лған айып­ты бүге-шігесіне дей­ін зерт­теп, ҚР Жоғарғы соты­на (ол кез­де Қ.Мами мыр­за) дей­ін хат та, мақа­ла да жаз­ды. Бірақ амал қан­ша, сол кез­де­гі назар­ба­ев­тық ескі жүй­енің әділет­сіз сот­та­ры менің ісім­ді әділет­ті қара­удан бас тартты.

Алай­да Ермұрат аға бұл әре­кет­пен тоқтаған емес. 2022 жылы әділ­дік­ке (әзір­ге) жар­ты­лай бол­са да Ермұрат аға­ның және ол кісінің редак­ци­я­лық ұжы­мы­ның қол­да­уы­ның арқа­сын­да жетіп, бостан­дық ауа­сын жұту – мен үшін үлкен қуа­ныш болға­ны ақиқат. Өз басым бұн­дай әділет­сіз жаза­ла­ну­ды жауы­ма да тіле­мес едім. Сол үшін осын­дай Ермұрат аға­мы­здай ақиқат­шыл, тура­шыл, қан­дай жағ­дай бол­ма­сын, өз ойын, ақиқа­тын тіліп тұрып айта ала­тын абзал аға­ла­ры­мыз Пар­ла­мент мін­берін­де ел үшін, жер үшін, біз­дей қара­ша халық үшін, ақиқат құр­бан бол­мас үшін күре­су­ге лай­ы­қты деп есептеймін.

Әрине, қазір­гі үрді­сте «Пар­ла­мент­ке жастар бар­сын» деп жатыр, біз­де жастар дегені­міз – әншілер неме­се спорт­шы­лар, бло­гер­лер неме­се жас маман­дар. Мен айтар едім, егер біз шын мәнін­де дамы­ған мем­ле­кет бол­сақ, ол дұрыс, жаңа­ша жас буын­ның көзқа­ра­сы­мен ойлаға­ны­мыз дұрыс дее едім.

Бірақ менің ойым­ша, дәл қазір біз «Жаңа Қаза­қстан» деп ұран­даға­ны­мы­з­бен, әлі де бол­са «ескі Қаза­қстан­ның» қақ­пағын жаба алмай жатыр­мыз. Негіз­гі ақиқат жай­ын­дағы күрес әлі алда. Елі­міз­ге орас­ан зор өзгерістер алып кел­ген кеше­гі қара­лы Қаңтар қырғы­ны­на да баға беріл­ген жоқ.

Өз басым сол кез­де жанын құр­бан еткен, қыр­шын­нан қиы­лған Қаңтар құр­бан­да­ры алып кел­ген әділет­тілік­ке бір табан бол­сын жақын­дай түс­кен сая­сат­тың арқа­сын­да жеңіл­дік көр­дім. Олар­дың рухы­на тағ­зым ете­мін, ел үшін төгіл­ген қан­ның қай­ы­ры­мы қара­ша халы­қтың сау­а­бы бол­сын дей­мін. Сол үшін де мен Ермұрат аға­ны қол­дай­мын және де ақиқат­ты аңсаған бар­ша қазақ елін Ер-аға­ны қол­да­уға шақырамын.

Әділ­дік жолын­да тек жеңісті болы­ңыз, Ермұрат аға! Біз сіз­бен бір­ге­міз, сіз нағыз қаза­қтың ақиқат­шыл күрес­керісіз! Дауыс – біз­ден, өзгеріс – сізден!

Әділет КЕҢЕСХАНҰЛЫ

ІРІЛЕРДІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Бір қызу дода, сай­лау науқа­ны баста­лып кет­ті. Шəкəрім ата­мыз айт­пақ­шы, «бұл сай­лау – басқа сай­ла­у­лар­дан өзге­ше­рек». Қалай да бол­сын, демо­кра­ти­я­ның дəмі шығып, иісі сезіледі.

Себебі пар­ти­я­лар­мен қатар бәсе­ке­лесіп, үміт­кер боп, өздерін-өздері ұсы­нып жатқан мықты­лар өте көп. Солар­дың бірі де біре­гейі – өзі­міздің төл тума­мыз, Маңы­рақтан шыққан, қазір­гі уақыт­та Алма­ты­да тұра­тын, өзін Пар­ла­мент мəжілісіне депу­тат­ты­ққа үміт­кер ретін­де ұсы­нып жатқан жер­лесі­міз Ермұрат Бапи ағамыз.

Ер-аға­мыз қаси­ет­ті де киелі Тар­баға­тай атты ауда­ны­мы­здың қай­туы­на бір кісі­дей үлес қосып, атса­лы­сып, мен жазған «Тоқа­ев Тар­баға­тай ауда­нын қай­та­ра ма?», «Шығы­стағы шатақ», «Ахме­тов бер­ген уəдесін ұмы­тып қал­ды ма?» атты 3 мақа­лам­ды басқа БАҚ құрал­да­ры, өзге газет­тер жари­я­лай алма­са да, өзі басқа­рып оты­рған өте таны­мал «ДАТ» газетіне жари­я­лаған еді. Өзі де тіке­лей шека­ра­лық аймақтағы ауда­ны­мы­здың мəсе­лесін көп көтер­ген болатын.

Ширек ғасыр – 25 жыл бойы «ДАТ» газетін жабы­лып қалу­дан сақтап, бүгін­гі күн­ге дей­ін жет­кіз­гені – ол ұзақ айта­тын бөлек əңгі­ме. Кезін­де Пар­ла­мент­те «аузын айға біле­ген» марқұм­дар – Шер­хан, Серік­бол­сын, Айта­лы аға­ла­ры­мыз сияқты, солар­дың көзі, ізба­са­ры болып, Пар­ла­мент мін­бері­нен халы­қтың мұң-зарын айтып, нақты­лы талап-тілек­терін, мəсе­ле­лерін көтеріп, шын мəнін­де іске асуы­на, сау­ат­ты əрі əділ заң­дар қабыл­да­нуы­на бар білім-білік­тілі­гі мен күш-жігерін аямай жұм­сап, өзінің аза­мат­тық абы­ройы мен пер­зент­тік пары­зын ойдағы­дай өтей­ді деп сенім артып, үміт­те­не­міз! Бұл дода­да Ер-аға­мы­зға сəт­тілік тілей­міз! Жолы оң бол­сын! Біра­уы­здан қол­дай­ық, ағайындар!

Сер­жан ШӨКЕЕВ,

Тар­баға­тай ауданы,

Абай облы­сы

ПАРЛАМЕНТ оппозицияға СУСАП ОТЫР

  • Қажы­гел­дин­нің сенім­ді сері­гі мәжіліс­ке бара­ды: Жаңа Қаза­қстан Бапи­ге депу­тат­тық ман­дат­ты дай­ын­дап қойды. 

Осылай деген Dalainside алдағы Пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да мәжіліс «мәди­лер­ден» ары­лып, олар­дың орны­на Ермұрат Бапи секіл­ді мінезді аза­мат­тар келеді депті.

Dalainside-тың мұн­дай болжам жаса­уы­на бір­не­ше себеп бар. 

Пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на үміт­кер­лер­дің тіке­лей эфир­де өткен трэш-тогы кезін­де Ермұрат Бапи Тоқа­ев­тың өкіліне өткір сау­ал қой­ды. «Қазір­гі бас­шы Назар­ба­ев­тың қателі­гін айна-қатесіз қай­та­лап жүр­мей ме?..» деген қау­пін жеткізді.

Қоша­нов (мәжіліс спи­кері Ерлан Қоша­нов – Ред.) мұн­дай сау­ал­дың қой­ы­ла­рын сезген­дей, таны­мал жур­на­лис­ке (ДАТ-тың «Бас оқыр­ма­ны­на») барын­ша ашық, толым­ды жау­ап қатты. 

Ақор­да­ның анау-мынау емес, сай­ла­у­ал­ды дебат­та билік­тің оппо­нен­тін сөй­летіп, оған сау­ал қоя­тын мүм­кін­дік беруі – Жаңа Қаза­қстан­ның Бапи­дың сана­тын­дағы тұлға­лар­мен тіл табысқа­нын аңғартады. 

Ере­кеңе мәжілі­стен бір орын бұй­ы­рып тұр. 

Бапи­дың есім-сойы Қаза­қстан билі­гі үшін 30 жыл­дан бері – «қара күйе». Ешбір шене­унік Бапиға жуы­май­тын. «ДАТ»-қа сұх­бат бер­мей­тін. «ДАТ»-ты тығы­лып қана оқитын. 

Жаңа да әділет­ті Қаза­қстан мәжілісті «мәди­лер­ден» тазар­туға мүдделі.

Қажы­гел­дин­нің сенім­ді сері­гі жур­на­ли­сти­ка­да ешкім­ге ештеңе дәлел­де­у­ге мін­дет­ті емес. Есесіне Пар­ла­мент Ере­кең секіл­ді тұлға­ларға сусап отыр.

Бұған дей­ін Dalainside «Қажы­гел­дин мен Ақор­да­ның хат-хабар алмасқа­нын» жазған. «Әке­жан Тоқа­ев­тың штат­тан тыс кеңес­шісі» деген батыл болжам жасаған едік. Қажы­гел­дин­нің Қаза­қстан­дағы «көзі, құлағы һәм тілі» сана­ла­тын Бапи­дың мәжіліс­ке баруы Тоқа­ев­тың сая­си рефор­ма­сын толы­қты­ра түседі. 

Бапи Пар­ла­мент­ке бар­са, не өзге­реді дей­тін­дер бар шығар? Енде­ше тара­тып көрейік. 

Ермұрат Бапи 1998 жыл­дан бері билік­ке дүр­да­раз оппо­зи­ци­я­лық жол­да. Назар­ба­ев билі­гінің халы­қты қалай қанаға­нын, тонаға­нын, қаза­қты қалай тес­пей сорға­нын жақ­сы біледі. 

30 жыл­дан бері әділет­сіз жүй­е­мен бас­пасөз арқы­лы арпа­лы­сқан аза­мат­тың Шераға­ның зама­ны­нан бері ойсы­рап тұрған оры­нға оты­ра­тын кезі келгендей.

  • Dalainside телеграм-арнасы

МӘЖІЛІСІБІЛІС болмасын десек…

  • Өзім Ақжай­ық топы­рағын­да бір ғана қазақ тілін­де газет шыға­рып, оры­сқа құл болған Назар­ба­ев­тың тоқ­пақ-билі­гі­нен бәле мен кесе­паттың бәрін көрдім…

Орал­дың сепа­ра­ти­стерінің көзіне көк шыбын үйме­лет­тім. Шыбын­ның ұры­ғы құр­тқа айна­лып, озбыр­дың өзе­гіне түсті: көбі еліне безіп кет­ті, бірақ итше күшік­тей­тін неменің сарқын­шақта­ры саңғы­тып жүр. Намысы өлме­ген жер­лес жігіт­тер­ге: «Тамағын шошқа да тауып жей­ді, ертелі-кеш «бала-шаға» деп, сал­паң­дап-шапқы­лай бер­мей, сол жақ­сы­лық себеп­кері – қаза­қтың еркін­ді­гі мен мүд­десіне тілі мен көзін тигіз­гісі кел­ген­нің аузын қызы­лға тол­ты­ры­ң­дар», – деп ама­нат­тап кеткенмін…

Ал оры­сқұл билік­пен тұтас ел көле­мін­де алы­сып-жұлы­су үшін, менің қауқа­рым­нан жүз есе қуат­ты­лық керек. Міне, қаза­ғы үшін осын­дай орас­ан кемел-күшті Ермұрат БАПИ ғана көр­се­те алды. Басқа­сы «бас-басы­на би болған өңшең қиқы­мға» айналды.

«Жап­тым – жала, жақтым – күйе; қорқы­тып-үркіту; бора­лап-бопса­лау; қол қай­ы­рып, жер­төле­ге тығу; сот­тарға сүй­реп, айып­пұл­мен түй­реу; тіп­ті алдап-сулап, арбап-айла­лап өзіне тар­ту сияқты т.б. толып жатқан зымы­ян­дық сұм­ды­қтар – Ермұрат Бапи­дың төл тағ­ды­ры­на айна­лып, өмір сүру қал­пы болды.

Бірақ қан­ша қия­нат көріп, қиын­шы­лық кеш­се де, ұста­ны­мы­нан қайт­пай, бағы­тын өзгерт­пе­ген ЖАЛҒЫЗ ОППОЗИЦИОНЕР де – жаңа, тәу­ел­сіз қазақ тарихын­да тек Ермұрат БАПИ болып қала береді.

1. Ермұрат БАПИ дегені­міз – ҚАЗАҚТЫҢ АРМАН-МҰРАТЫ мен ТАЛАП-ТІЛЕГІ.

2. Ермұрат БАПИ дегені­міз – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАН ДАУЫСЫ мен ҮМІТТІҢ ҮНІ.

3. Ермұрат БАПИ дегені­міз – ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ мен БАҚЫТЫНЫҢ БІЛТЕ-ШЫРАҒЫ.

Ермұрат өтпе­ген мәжіліс – НАҒЫЗ ІБІЛІС!

Қажы­мұқан ҒАБДОЛЛА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн