Суббота , 14 июня 2025

БАЛҚАШТА АЭС САЛУ – Ресейге бұйырмайтын жоба

Орман­да қалған аю, дала­ны көр­ген айдаһар. Қазақ тағ­ды­рын алақа­ны­мен сипаған Дун Баотун.

Ядро­лық три­а­да­сы­ның үшін­ші ком­по­нен­ті, стра­те­ги­я­лық авиа­ци­я­сы­ның кемін­де 40 пай­ы­зы­нан айы­ры­лып оты­рған Ресей үшін енді сыр­тқы жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру өте қиын бола­ды. Феде­рал­ды бюд­жет­те дефи­цит­тің артқа­нын және әл-ауқат қорын­да неба­ры 37 мил­ли­ард дол­лар­дың қалға­нын ескер­сек, Ресей енді осы қалған капи­тал­ды тек ішкі мәсе­ле­лерін рет­те­у­ге жұм­са­удан басқа ама­лы жоқ. Демек, «Роса­то­мға» феде­рал­ды билік неме­се Орта­лық банк қар­жы­лай дым көмек­те­се алмай­ды. Ал «Росатом­ның» өзін­де 2023 жыл­дан бастап EBITDA-ға шаққан­дағы қарыз үлесі тым артып, систе­ма­лық қар­жы кри­зисінің көлең­кесі көріне бастаған. Жаз айы­на жет­се де, «Роса­том» 2024 жылғы қар­жы­лық есебін жари­я­ла­ма­ды. Тіп­ті жари­я­ла­мауы да мүмкін.

Осы рет­те Қаза­қстан­дағы алға­шқы іргелі АЭС құры­лы­сын «Роса­то­мға» беру моделін­де Қаза­қстан Түр­ки­ядағы «Аққұю» жоба­сы сияқты ВОО жүй­есіне иек артқан еді. Бұл «Build — Own — Operate», яғни «өзің сал, өзің иелік ет, өзің жүр­гіз» систе­ма­сы. «Роса­том» «Аққұю» АЭС-ін өз ақша­сы­на тұрғы­за­ды, өзі қожай­ы­ны бола­ды және жұмысын жүр­гізіп оты­ра­ды. Түр­кия тек қана олар­дан бекітіл­ген тариф бой­ын­ша келісіл­ген уақы­тқа дей­ін электр энер­ги­я­сын сатып алмақ. Түр­кия үшін бұл кере­мет қолай­лы бол­ды. Құры­лыс заказ­да­рын алған жер­гілік­ті ком­па­ни­я­ла­ры жақ­сы ақша табу­да. «Аққұю» АЭС‑і бер­ген электр тоғын қым­батқа Еуро­паға сатып, ара­сы­нан да ақша тауып отыр­мақ. Басты­сы – құры­лы­сқа бір тиын жұм­са­ма­ды. Біз­ге де тек қана осы жүйе керек болған. Себебі «Роса­том» тұрғы­за­тын екі дана ВВЭР-1200 реак­то­ры­ның және атом стан­ци­я­сы кешенінің ортақ баға­сы кемін­де 12 мил­ли­ард дол­ларға шыға­ды. Біз ондай құры­лы­сты өз ақша­мы­зға сала алмай­мыз. Себебі артық ақша жоқ.

Дәл қазір бір нәр­се бел­гілі – «Роса­том» Балқа­штағы АЭС-ті ВОО жүй­есі­мен тұрғы­за алмай­ды. Олар «Аққұ­ю­ды» әлі салып бітір­ген жоқ. Екі бір­дей АЭС-ті бір мезет­те өз қар­жы­сы­на салуға «Росатом­ның» қауқа­ры жет­пей­ді. Сол себеп­ті Кремль «Қаза­қстан­ның Ұлт­тық қорын­дағы қар­жы­ны пай­да­ла­най­ық» деген біз үшін мүл­де қисын­сыз ұсы­ны­спен қай­та-қай­та маза­лап кет­ті. Мәс­ке­у­ге енді баяғы­дай өз ықпа­лы­ның артуы үшін қар­жы­ны аямай бөле ала­тын­дай заман жоқ. Өздері нақты кэш­ке мұң болып отыр. Ал біздің Ұлт­тық қор – нақты кэш.

Өткен апта­да «Росатом­ның» бұл жағ­дай­ын біліп оты­рған Қытай­дың ядро­лық қауіп­сіздік бой­ын­ша ұлт­тық басқар­ма­сы­ның төраға­сы Дун Бао­тун Қаза­қстан­ды тығы­ры­қтан шыға­ра ала­тын ұсы­ныс әкел­ді. Қытай­дың ұлт­тық ядро­лық кор­по­ра­ци­я­сы – CNNC 5,5 мил­ли­ард дол­ларға толы­ғы­мен дай­ын АЭС салып беру­ге дай­ын. Екін­ші­ден, ол тез, яғни 5 жыл­дың ішін­де салы­на­тын бола­ды. Үшін­ші­ден, Қытай­дың «Эксим бан­кі» ол қар­жы­ны кре­дит түрін­де бере ала­ды. «Эксим­нің» біз­де­гі инфрақұры­лым­дық жоба­ларға қар­жы­ны юань­мен SOFR + 1.2% став­ка­сы­мен беріп жүр­генін ескер­сек, біз үшін кре­дит баға­сы жыл­дық 5,5% үсте­ме­мен шыға­ды. Ресей­ге Ұлт­тық қоры­мы­зды беріп, жем болып, өз қал­та­мы­здан 12 мил­ли­ард дол­лар төлеп, «Роса­том­ды» бай­ы­тқан­ша, тиын шығар­май, Қытай кре­ди­ті­мен 5,5 мил­ли­ард дол­ларға әлдеқай­да зама­на­уи, тех­но­ло­ги­я­лық HUALONG атом электр стан­ци­я­сын салып алға­ны­мыз тиім­ді. Мұны Қаза­қстан үкі­меті де жақ­сы біліп отыр. Сон­ды­қтан Балқа­штағы тұңғыш үлкен АЭС-ті Қытай сала­тын бола­ды. Менің ойым­ша, бұл мәсе­ле осы апта­да түп­кілік­ті шешілуі тиіс. Және мау­сым­ның аяғын­да ресми мәлім­де­ме жаса­ла­тын болады.

HUALONG АЭС‑і өзін-өзі ақтап, өзінің опе­ра­ци­я­лық жұмысы­нан кре­ди­тін қай­та­рып бере ала­тын сияқты. 2024 жылы тұты­ну­шы­лар үшін электр энер­ги­я­сы­ның ең арзан тари­фы киловатт/сағатына 26,7 тең­ге бол­ды. АЭС іске қосы­ла­тын 2030 жыл­да­ры ол кило­ват-сағат­ты 7 цент­тен сата­ды деп болжа­сақ, бір жыл­да 1,2 мил­ли­ард дол­лар «выруч­ка» ала ала­ды. Оның жар­ты­сын кре­дит­ті өте­у­ге жіберіп отыр­са, 10 жыл­да оңай төлеп бітпек.

Қаза­қстан Ресей­ге шағын приз ретін­де Кур­ча­то­вта тура Өзбек­стан сияқты 4 РИТМ‑Н реак­то­ры­нан құры­лған шағын модуль­ді АЭС салып беруді ұсы­нуы мүм­кін. Оның қуа­ты 330 МВТ, демек, біздің Өске­мен мен Семей­де­гі электр тап­шы­лы­ғын толық шешіп бере ала­ды. Шама­мен 1,6 мил­ли­ард дол­лар қажет. Бірақ оның жара­сы жеңіл.

Осы­лай­ша Аста­на өзі үшін ең тиім­ді жол­ды таң­дап, Қытай мен Ресей ара­сын­дағы балан­сты да ұтым­ды шеше ала­ды. Қазақ дипло­ма­ти­я­сы­ның үздік әлем­дік прак­ти­ка­ла­рын еске­ре оты­рып, дәл осы­лай бола­ты­ны­на еш күмән жоқ. Қытай Балқа­шты алса, ал Ресей Кур­ча­тов жоба­сы­на дән риза бол­са, онда Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның зор тәжіри­бесі мен ұлт деп соққан жүре­гі сын саға­тын­да қазақ мем­ле­кетінің мүд­десі жолын­да соңы­на дей­ін күрес­кені тарих бет­терін­де алтын әріп­тер­мен жазы­ла­тын бола­ды. Керек кезін­де Сатқа­ли­ев­ке кіріп шыққан Дун Бао­тун­ның есі­мі де ұмыт қал­май­ды деп ойлаймын.

Айбар ОЛЖАЙ

Республиканский еженедельник онлайн