Четверг , 24 апреля 2025

СОЛАҚАЙ САРАПТАМА ел президентінің саясатына НҰҚСАН КЕЛТІРЕДІ

  • Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев 18 сәуір­де Маңғы­стау облы­сы­на жасаған сапа­рын­да өңір­де­гі көші-қон және мигра­ция мәсе­лесіне тоқта­лып, «Аймақ тұрғын­да­ры­ның саны үздіксіз өсіп келеді, қазір мұн­да 800 мың­нан астам адам тұра­ды. Жақын­да мен Шым­кент­ке барған­да көші-қон­ды, яғни мигра­ци­я­ны бақы­лау­сыз қал­ды­руға бол­май­ды деп айт­тым. Болжам бой­ын­ша көп ұза­май облы­стағы халық саны бір мил­ли­онға жетуі ықти­мал, тіп­ті одан асуы да мүм­кін. Бұл жағ­дай эко­но­ми­каға және әле­умет­тік инфрақұры­лы­мға қосым­ша сал­мақ түсіреді. Бұл фак­тор­ды ұмыт­па­уы­мыз керек, попу­лизм­ге ұрын­баған жөн…» – деп, өзінің алаң­да­у­шы­лы­ғын білдіріпті. 

Прези­дент өте дұрыс айтып отыр. Шым­кент қала­сы мен мұнай­лы өлке­де­гі халық саны­ның шек­тес тыс артуы, Үкі­мет­тің ондағы халы­қты өзге өңір­лер­ге көшіріп қоны­стан­ды­руға дәр­мен­сіздік таны­тып келе жатқа­ны – осы көші-қон сая­са­ты­мен ұзақ жыл­дан бері тынбай,белсенді түр­де айна­лы­сып келе жатқан мені де қат­ты алаңдатады.

Оның үстіне қара алтын­ның үстін­де оты­рып, кедей­лік пен жұмыс­сызды­қтың қамы­тын киіп келе жатқан бұл өлкенің халқы­ның мінезінің де өзге­ше, ескі билік­ке деген кегінің де басым екенін ескер­сек, түн ұйқы­мыз төрт бөлі­нетін болды.

Енді Пре­зи­дент­тің жоға­ры­дағы сөзіне қаты­сты өзім­нің бір ауыз сөзім­ді ортаға сала кетейін.

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы 11 сәуір­де Шым­кент қала­сы­на жасаған сапа­рын­да: «Мега­по­ли­стің демо­гра­фи­я­лық өсі­мі де жоға­ры. Табиғи өсім­мен бір­ге, мұн­да көшіп келіп жатқан­дар көп. Осы­ның өзі қала­ның тір­шілік­ке қолай­лы, бола­шағы зор екенін көр­се­те­ді. Бірақ бақы­лау­сыз көші-қон, яғни мигра­ция тиісті тех­ни­ка­лық және әле­умет­тік инфрақұры­лы­мға әсер ете­ді. Мұны да ұмыт­па­уы­мыз керек», – деген болатын.

Міне, Мем­ле­кет бас­шы­сы сол сөзін Маңғы­ста­уға барған сапа­рын­да тағы қай­та­лап отыр. Дау жоқ, осы­дан кей­ін атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган күй­бең­дей бастай­ты­ны белгілі.

Жасы­ра­ты­ны жоқ, Пре­зи­дент­тің аузы­нан шыққан «көші-қон», «көшіп келіп жатқан­дар» деген тір­кестер­ді іліп алып, атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган баяғы Кәрім Мәсі­мо­втың әдетіне басып, бар бәле-жала­ны шет­тен көшіп келетін қаза­қтарға жауып, Ұлы көштің жолын одан ары қиын­да­тып жібе­ре ме деп қауіп­теніп отырмын.

Негізі, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы бұл сөзді ішкі көші-қон­ды мең­зеп айтып отыр деп ойлай­мын. Иә, бұл – шыны­мен де баса назар ауда­ра­тын, шешу жол­да­рын жедел қара­уға тиіс қауіп­ті әрі күр­делі мәселе!

Сенат төраға­сы Мәу­лен Әшім­ба­ев­тың «Сол­түстік Қаза­қстан (-22,43%), Пав­ло­дар (-5,76%) және Қоста­най (-8,3%) облы­ста­рын­да халық саны азай­ған. Бұл рет­те оңтүстік­тен сол­түстік­ке ерік­ті түр­де қоныс ауда­ру бағ­дар­ла­ма­сы күтіл­ген нәти­жені бер­ме­генін мой­ын­да­уы­мыз керек!»дегеніне де, міне, бір жыл­дан екі ай асты. Содан бері атқа­ру­шы билік те, заң шыға­ру­шы орган да сау­сақ үшін қимыл­датқан жоқ! Шама­сы, бұл сөзін Сенат төраға­сы­ның өзі де ұмы­тып қалған бол­са керек!

Осы жер­де мәсе­ленің басын ашып алай­ық, Пре­зи­дент алаң­да­у­шы­лы­ғын біл­дір­ген Шым­кент қала­сы мен Маңғы­стау облы­сы демо­гра­фи­я­сы­ның шек­тен тыс артуы­на шет­тен оралған ағай­ын­дар­дың тит­тей де қаты­сы жоқ! Сөзі­міз нақты әрі дәлел­ді болуы үшін, Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның шет­тен оралған қан­даста­ры­мыз тура­лы жари­я­лаған соңғы үш жыл­дық мәлі­метіне жүгінейік.

2022 жылғы мәлі­мет бой­ын­ша, Ата­жұр­ты­на көшіп кел­ген­дер саны 17 293 адам. Ал елден кет­кен­дер саны 24 239 адам. Көші-қон саль­до­сы – ‑6946 адам­ды құрады.

Соның ішін­де Маңғы­стау облы­сы­на ТМД және басқа елдер­ден тұрақты тұруға 3391 адам келіп­ті. Нақты­лап айт­сақ, ТМД елдері­нен кел­гені – 3266 адам, өзге мем­ле­кет­тер­ден – 125 адам.

Сол жылы Маңғы­стау облы­сы­нан 29 892 адам көшіп кет­кен, оның 9521‑і Ақтау қала­сы­нан, 7951‑і Мұнай­лы ауда­ны­нан, 5384‑і Жаңаө­зен қала­сы­нан. Бұл Маңғы­стау облы­стық Ста­ти­сти­ка депар­та­мен­тінің бас­шы­сы Рим­ма Утю­ше­ва­ның kaz.inform.kz сай­ты­на бер­ген мәліметі.

2023 жылғы мәлі­мет­ке сүй­ен­сек, бір жыл­да Қаза­қстанға шет­тен көшіп кел­ген­дер саны 25 399 адам. Ал елден көшіп кет­кен­дер саны 16 055 адам екен. Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша көші-қон саль­до­сы – +9344 адам­ды құрапты.

2023 жылғы қаңтар-жел­тоқ­сан­дағы демо­гра­фи­я­лық жағ­дай­ға көз сал­сақ, өңіра­ра­лық көші-қон бой­ын­ша оң саль­до елі­міздің 3 өңірін­де қалып­та­сып­ты. Ол – Алма­ты (38,1 мың адам), Аста­на (50 мың адам) және Шым­кент (3,4 мың адам) қалаларында.

Бұл жер­де қоныс ауда­ру­шы­лар мен көшіп келу­шілер қатар қам­ты­лға­нын ескер­те кет­кім келеді. Демек, бұл үштік­тің ішін­де Маңғы­стау облы­сы жоқ! 

2024 жылы Қаза­қстанға тұрақты тұруға 29 282 адам кел­се, 12 732 адам шетел­ге қоныс аударған. Көші-қон саль­до­сы – +16 550 адам­ды құра­ды. Соның 3 680‑і ғана Маңғы­стау облы­сын таңдаған.

Ал сыр­тқа кет­кен­дер­дің ең көп саны Сол­түстік Қаза­қстан (2133 адам), Қараған­ды (1588) және Шығыс Қаза­қстан (1195) облы­ста­рын­да тіркелген…

Жоға­ры­дағы нақты мәлі­мет­тер­ден көріп отыр­сыздар, Пре­зи­дент алаң­дап оты­рған Маңғы­стау облы­сы­ның шек­тен тыс демо­гра­фи­я­лық өсу қарқы­ны­на сырт­тан оралған қан­дастар ықпал етіп жатқан жоқ! Шым­кент қала­сы тура­лы да осы­ны айтуға болады!

Тіп­ті соңғы үш жыл­да шет­тен ең көп көшіп кел­ген­дер саны­ның жылы­на отыз мыңға жет­пей­тінін және елден шетел­ге көшіп кетіп жатқан­дар­дың саны­ның да аз емес екенін ескер­сек, бұл – он жеті облыс пен үш үлкен қала үшін сон­ша­лы­қты адам шошыр­лық сан емес. Тіп­ті шет­ке кет­кен­дер мен өлген­дер­дің орнын тол­ты­руға да жетпейді!

Мен мұның бәрін неге тәп­те­ш­теп жазып отырмын?!

«Қан­ды қаңтар» көтерілісі­нен бер­гі атқа­ру­шы билік пен заң шыға­ру­шы орган тара­пы­нан Қасе­кеңнің: «Шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­зды елге қай­та­ру ісі ешқа­шан наза­рдан тыс қалған емес, қал­май­ды да. Дүние жүзін­де­гі қан­даста­ры­мы­здың басын туған жер­де бірік­ті­ру – біздің қаси­ет­ті пары­зы­мыз!» – деген Ұлы мұра­ты­на қасақа­на қар­сы жүр­гізіліп жатқан анти-қан­дас сая­сат мені ғана емес, бүкіл Ұлы көш­ке мүд­делі қауым­ды қат­ты алаңдатуда!

Мен Пре­зи­дент­ке Ұлы көш жай­лы мүл­де бір­жақты ақпа­рат барып жатқа­ны­на сенім­ді­мін. Өйт­кені Пре­зи­дент сүй­іп оқи­тын «Egemen Qazaqstan», «Ana Tili» басы­лым­да­ры көші-қон сая­са­ты­мен тын­бай бел­сен­ді айна­лы­сып келе жатқан тәжіри­белі маман­дар­дың пікірін бас­пай­ды. Бұл – бір!

Екін­ші­ден, Пре­зи­дент­тің айна­ла­сын­да оты­рған­дар­дың ішін­де Тимур Құлы­ба­ев­тың 2011 жылғы «Жаңаө­зен оқиға­сы» кезін­де айтқан: «Егер ере­уіл­шілер­дің жетек­шілері тура­лы айта­тын бол­сақ, ол жақта Алма­ты­дан барған­дар жетек­шілік етіп жүр­ген жоқ. Олар­да өздерінің Қарақал­пақстан­нан бір­ге кел­ген ресми емес жетек­шілері бар…» – деген сан­ды­рағы­на әлі күн­ге дей­ін иман­дай сеніп жүр­ген бас­шы­лар мен қос­шы­лар жетерлік. 

Біздің Үкі­мет­тің кем­шілік­ті өзі­нен емес, өзге­ден іздей­тін Кәрім Мәсі­мо­втан қалған сол ескі әдеті 2022 жыл­дан бері тағы қайталануда. 

Жал­пы, Шым­кент қала­сы мен Аты­рау облы­сын­дағы халық саны­ның шек­тен тыс тығы­зды­ғы­на Пре­зи­дент­тің алаң­дай­тын жөні бар. Оған кінәлі, тағы қай­та­лап айтам, қан­дастар емес, айла таба алмай оты­рған Үкі­мет­тің өзі!

Сон­ды­қтан Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің маңай­ын­дағы жетесіз сарап­шы­лар көші-қон сая­са­ты жөнін­де­гі сапа­сыз «сарап­та­ма­сы­мен» шет­тен ора­лып жатқан азған­тай ғана қаза­ққа бар­лық пәле мен жала­ны үйіп-төгіп, Пре­зи­дент­ті алаң­да­ту­дан аулақ болсын!!!

Ауыт МҰҚИБЕК

Республиканский еженедельник онлайн