Вторник , 17 июня 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫТАЙДАН АЛАРЫ КӨП

Бүгін эко­но­мист ағай­дың үйіне барып шәй іштім. Екі сағат әңгі­ме айт­тық. Сауда-сат­тық тура­лы бір­не­ше сұрақ қойдым.

-Ұлы Жібек жолы аман бол­са қаза­қтың қазы­на­сы ортай­май­ды. Қап­тал­дағы көр­шілер­мен көңіл­ді отыр­сақ көп жетістік­ке жете­міз деп сөз бастады.

Қытай­дың тау­ар шыға­ру­да қарқы­ны қат­ты. Ал оны алы­стағы Еуро­паға жет­кі­зу олар үшін өте өзек­ті. Мұхит арқы­лы тасы­мал­да­уға көп уақыт кете­ді. Ең тиім­ді және жыл­дам жолы-Қаза­қстан арқы­лы тасы­мал­дау. Осы тұста қаза­қтың ұтар ұпайы көп.

Сол себеп­ті де Бей­жің бір­не­ше жыл бұрын «Батыс Қытай – Батыс Еуро­па» бағы­тын ашуға мол қар­жы құйды.

Бүгін Қаза­қстанға Қытай бас­шы­сы Си Цзин­пинь келеді. Еке­уа­ра әңгі­ме­де дәл осы

логи­сти­ка мәсе­лесі кеңі­нен талқы­ла­на­ды деп ойлаймын.

Қаза­қтың Қоғас деп ата­ла­тын құрғақ пор­ты бар. Екі жақ осы порт­ты бір­лесіп дамы­туға мүд­делі. Осы дәліздің жүк тасы­мал­дау жүк­те­месі жылы­на 10 мил­ли­он тон­наға дей­ін жете­ді. Яғни, 200 мың кон­тей­нер­ді Қытай­дың Ляньюнь­ган пор­ты­нан алып шығып, Қорғастан өтіп, Ақтау мен Құрық порт­та­ры арқы­лы Еуро­паға тасымалданады.

Был­тыр Қаза­қстан мен Қытай­дың бір­лес­кен жоба­сы аясын­да, Сиань пор­ты­нан Буда­пешт­ке дей­ін жүк пой­ы­зы жолға шықты.

Кон­тей­нер­лер 25 күн­де Вен­гри­яға жет­ті. Екі елдің ара­сын­дағы ортақ логи­сти­ка­лық жоба­ла­ры мұны­мен тоқтап қал­май­ды. Қазір­гі таң­да оны дамы­ту­дың мүм­кін­дік­тері қарас­ты­ры­лып жатыр.

Сон­дай-ақ өнер­кәсіп өндірісі сала­сын­да да екі­жақты жоба­лар жүзе­ге асы­ры­лып жатыр. Мәсе­лен, был­тыр ҚазА­зот Prime ком­па­ни­я­сы CNCEC-пен бір­ге аммиак‑карбамид зауы­тын салу тура­лы келісім­ге кел­ді. Қоста­най­да шой­ын құю зауы­ты іске қосы­ла­ды. Ақмо­ла облы­сын­да жел электр стан­ци­я­сы жоба­сы бар.

Айта бер­сеңіз, мұн­дай мысал­дар жетерлік.

Бүгін Ақор­да­да өтетін екі­жақты кез­де­су­де логи­сти­ка­лық жоба­лар талқы­ла­на­ты­ны сөз­сіз. Бәл­кім, жаңа келісім­дер­ге қол қой­ы­луы мүм­кін. Қысқа­сы, логи­сти­ка мен өндіріс сала­сын­да Қытай­дан үйре­нері­міз де, ала­ры­мыз да, ұта­ры­мыз да көп.

#Ербол_Мәндібек

Республиканский еженедельник онлайн