Бүгін экономист ағайдың үйіне барып шәй іштім. Екі сағат әңгіме айттық. Сауда-саттық туралы бірнеше сұрақ қойдым.
-Ұлы Жібек жолы аман болса қазақтың қазынасы ортаймайды. Қапталдағы көршілермен көңілді отырсақ көп жетістікке жетеміз деп сөз бастады.
Қытайдың тауар шығаруда қарқыны қатты. Ал оны алыстағы Еуропаға жеткізу олар үшін өте өзекті. Мұхит арқылы тасымалдауға көп уақыт кетеді. Ең тиімді және жылдам жолы-Қазақстан арқылы тасымалдау. Осы тұста қазақтың ұтар ұпайы көп.
Сол себепті де Бейжің бірнеше жыл бұрын «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» бағытын ашуға мол қаржы құйды.
Бүгін Қазақстанға Қытай басшысы Си Цзинпинь келеді. Екеуара әңгімеде дәл осы
логистика мәселесі кеңінен талқыланады деп ойлаймын.
Қазақтың Қоғас деп аталатын құрғақ порты бар. Екі жақ осы портты бірлесіп дамытуға мүдделі. Осы дәліздің жүк тасымалдау жүктемесі жылына 10 миллион тоннаға дейін жетеді. Яғни, 200 мың контейнерді Қытайдың Ляньюньган портынан алып шығып, Қорғастан өтіп, Ақтау мен Құрық порттары арқылы Еуропаға тасымалданады.
Былтыр Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы аясында, Сиань портынан Будапештке дейін жүк пойызы жолға шықты.
Контейнерлер 25 күнде Венгрияға жетті. Екі елдің арасындағы ортақ логистикалық жобалары мұнымен тоқтап қалмайды. Қазіргі таңда оны дамытудың мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Сондай-ақ өнеркәсіп өндірісі саласында да екіжақты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, былтыр ҚазАзот Prime компаниясы CNCEC-пен бірге аммиак‑карбамид зауытын салу туралы келісімге келді. Қостанайда шойын құю зауыты іске қосылады. Ақмола облысында жел электр станциясы жобасы бар.
Айта берсеңіз, мұндай мысалдар жетерлік.
Бүгін Ақордада өтетін екіжақты кездесуде логистикалық жобалар талқыланатыны сөзсіз. Бәлкім, жаңа келісімдерге қол қойылуы мүмкін. Қысқасы, логистика мен өндіріс саласында Қытайдан үйренеріміз де, аларымыз да, ұтарымыз да көп.