Четверг , 5 июня 2025

БЕСЕУДІҢ ХАТЫ

Қаза­қстан халқы­на, ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.К.Тоқаевқа!

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біз Қаза­қстан­ның кең бай­тақ әр жерінің, халқы­ның пер­зент­тері ретін­де үндеу жасаймыз!

Сіздің алды­ңы­здағы 30 жыл­да бюро­кра­ти­я­лық, авто­кра­ти­я­лық, дик­та­тор­лық, сыбай­лас жемқор­лық жүйе Қаза­қстан халқын тығы­ры­ққа тіреді. Соңы қай­ғы­лы «Қаңтар оқиға­сы­мен» ұла­сты. Қан­ша­ма аза­мат­тар­дан айы­рыл­дық, оның ішін­де біліп-біл­мей кет­кен қыр­шын жаста­ры­мыз, бала­ла­ры­мыз да, неме­ре­лері­міз де бар. Халық бір сәт­те ойла­маған күй­зеліс­ке душар болды.

Сіз дер кезін­де тіз­гін­ді қолға алып, келеңсіздік­тер­ді рет­те­у­ге, Жаңа Қаза­қстан құруға атса­лы­су­да­сыз. Бұған халық түсіністік­пен қара­уда, үміт­те­ну­де. Сая­си рефор­ма, әле­умет­тік қол­дау, заң­дар шыға­ру, әділет­сіздік­пен күрес, тағы басқа іс-шара­лар жүргізілуде.

Біз ғалым ретін­де білетіні­міз – әлем қазір күй­зелі­сте, ертең не бола­ры бел­гісіз. Дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің өздері дағ­да­ры­ста, кри­зи­стен шығу жол­да­рын ізде­уде. Білетіні өздері қару­ла­ну­да, қару беру­де, соғы­сты тоқта­ту үшін ара­шаға түсу әзір­ше тиім­сіз. Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы бол­са да дәр­мен­сіздік көр­се­ту­де. Әлем­дік қоғам, қауым­да­стық сенім­сіздік білдіруде.

Қаза­қстанға кел­сек, біз өз-өзі­мізді қол­дап, осы жағ­дай­да іс-әре­кет жаса­ма­сақ, бір Жаратқан­нан басқа көмек беретін ешкім жоқ. Айна­ла­мы­здағы алпа­уыт елдер­ге жал­тақта­май, олар­дың ықпа­лы­на бағын­бай, өз ұста­ны­мы­м­ы­зда тұру керек. Бұл жағы­нан Сіздің халы­қа­ра­лық тәжіри­беңіз жеткілікті.

Елі­міз­де­гі жағ­дай­ды қысқа­ша айт­сақ, халық кемең­гер, біледі. Қазір­гі жағ­дай нашар, қым­бат­шы­лық өсу­де, халы­қтың күн­көріс дең­гейі күн­нен-күн­ге төмен­де­уде, жұмыс­сыздық, 3 мил­ли­он­нан астам адам өзін-өзі қам­та­ма­сыз ете­ді дей­ді (халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­де мұн­дай нор­ма жоқ), ол жұмыс­сыз деген сөз. Үкі­мет 5 % жұмыс­сыздық дей­ді, ал негізін­де 20 %-дан асып түсуі мүм­кін. Сыбай­лас жемқор­лық жалға­су­да, тіп­ті бола­шақ ұрпақ даяр­лай­тын мек­теп­тер­ге дей­ін түсті (мыса­лы, Жеті­су облы­сы, т.б.). Заң­сыз кет­кен қыру­ар қар­жы­лар­ды, мен­шік­тер­ді қай­та­ру дәр­мен­сіз жүру­де, аку­ла­лар еркін жүзу­де, айта бер­се, жетіп жатыр. Эко­но­ми­ка әрта­рап­тан­ды­рыл­май, әлі де шикі­зат пен қаз­ба бай­лы­қты сату­дан түс­кен қар­жы­ға тәу­ел­ді. Сіз айтқан эко­но­ми­ка­ның жаңа моделі және оның алго­рит­мі жасал­ма­ды, бюд­жет Ұлт­тық қорға қол салу­да. Басқа­ру жүй­есін­де әлі бюро­кра­тия жалғасуда.

Осын­дай және тағы басқа келеңсіздік­тер­дің бәрі халы­қтың ашу-ыза­сын туды­ру­да, тағы да бір жер­де ши шығып кет­пе­сіне кім кепіл? Біз, ғалым­дар, көп ойла­нып, Сіз­ге жана­шыр­лы­қ­пен осы хат­ты жазуға мәж­бүр болдық.

Енді не істеу керек деген сұраққа қысқа­ша ойы­мыз – өзіңіз айтқан «Әділет­ті Қаза­қстан­ды» батыл құру керек. Ол үшін:

– Ең басты­сы халы­қтың сені­мін қай­та­ру! Біз 1,5 млрд Қытай, Индия емес­піз, халқы­мы­здың саны бар болға­ны 20-ақ млн. Сол үшін әр ада­мға, әр жанұяға жағ­дай жасау керек, отба­сы­ның кере­гін цифр­лан­ды­ру, код­тау арқы­лы мүм­кін­ді­гін ашу керек. Әр адам­ды эко­но­ми­ка­мен бай­лау керек, эко­но­ми­ка өссе, оның да күн­көрісі өсетінін нақты білуі керек. Өзіңіз айтқан еңбек ада­мы­на айнал­ды­ру қажет;

– Бұры­нғы жүй­енің жалғасқан бюро­кра­ти­я­сы­нан ары­лу үшін, бар­лық дең­гей­де басқа­ру аппа­ра­тын кем деген­де 20–30 % қысқар­ту керек. Рефор­ма жасау қажет, акцент­ті цифр­лан­ды­руға, элек­трон­ды басқа­руға беру керек. Ақыл­ды бол­са, биз­не­сті көтерсін;

– Пар­ла­мент­ті тара­тып, таза сай­лау жүй­есін жасау қажет, халы­қтың сені­мін қай­та­ру керек;

– Сот жүй­есіне рефор­ма қажет, халық сенбейді;

– Қаза­қстанға екі нәр­се өте қажет. Ол Қаза­қстан­ды руха­ни және эко­но­ми­ка­лық дамы­ту жоба­ла­рын іске асы­ру. Әрине, бұл мәсе­ле­де сыбай­лас жемқор­лы­ққа бал­та шап­пай болмайды;

– Қазір шынайы өмір­де қай мәсе­ле­ге кел­сек те, санаға келіп тіре­ле­міз: бюро­кра­тия, фор­ма­лизм, көкірек, сыбай­лас жемқор­лық, ары қарай жыл­жу жоқ. Сана­ны өзгерт, өзің өзгер деген – уақыт тала­бы болып тұр.

Әділет­ті Қаза­қстан құру үшін, айта бер­се тағы да ұсы­ны­стар жетерлік…

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Жоға­ры­да айты­лған­дар­ды ескеріп, Әділет­ті Қаза­қстан­ның сара жолын жасау үшін, түбе­гей­лі, батыл өзгерістер­ге бару керек. Біздің ойы­мыз­ша, алдағы 2025 жыл Қаза­қстан­ның сара жолы­ның, түбе­гей­лі рефор­ма­ның басы болуы керек. Ары қарай­ғы 2 бесжыл­ды­қта (2030, 2035 жж.) Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма іске асуы қажет. Халқы­ңыз қол­дай­ды деп сене­міз. Егер қажет деп тап­саңыз, біз­бен ақыл­да­суы­ңы­зға болар еді.

Құр­мет­пен, ака­де­мик ғалым­дар : М. Мыр­за­хме­тов – ф.ғ.д., про­фес­сор Б. Раки­шев – т.ғ.д., про­фес­сор Н. Бли­ев – ф.-м.ғ.д., про­фес­сор Б. Көме­ков – т.ғ.д., про­фес­сор О. Сәб­ден – э.ғ.д., профессор
Республиканский еженедельник онлайн