Воскресенье , 4 мая 2025

Думан РАМАЗАН, жазушы-драматург:

ӘДЕБИЕТТЕГІ АРАМЗА

мен арамзалыққа жол бермейміз

  • Осы орай­да Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның иегері, Қаза­қстан Жастар одағы мен Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Думан Рама­зан Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­лы­ғы­на өзін үміт­кер ретін­де бағ­дар­ла­ма­лық мақа­ла­сын ұсы­нып отыр (қаз-қал­пын­да).

Жаңа Қаза­қстан құра­мыз деп жатыр­мыз. Енде­ше Қаза­қстан жазу­шы­лар одағы­ның жұмысы­на тың сер­пін, жаңа леп, сіл­кініс, өзгеріс керек-ақ. Бұры­нғы Кеңес дәуірін­де­гі әбден ескір­ген, іске алғы­сыз тәсіл­мен жұмыс істе­у­ге, ілініп-салы­нып жүре беру­ге бол­май­ды. Ескі сүр­леу-соқ­пақтың бәрі­нен ары­лып, жаңа, тың­нан жол салуы­мыз керек. Жаңа заманға сай жаңа­рып, жаңғы­руы­мыз керек! Батыл рефор­ма­лар жасау керек!

Жазу­шы­лар одағы­ның ғима­ра­ты бар, ондағы жалға берілетін бөл­ме­лер бар, жиын өткі­зетін кең залы бар, Шығар­ма­шы­лық үйі бар, мем­ле­кет­тік тен­дер­лер­ден түсетін қар­жы-қара­жат бар – егер істің ебін тап­са, өзін-өзі ақтай­ды деп ойлай­мын. Одаққа түс­кен әр тиын­ның орны­мен жұм­са­луын қатаң қадаға­лап, ерекше бақы­ла­уда ұста­са, оңды-сол­ды шаша бер­ме­се, көп нәр­се тын­ды­руға бола­ды. Жыл сай­ын одақтың кіріс-шығы­сын есеп­теп, есеп беріп отыр­са, жұрт­шы­лы­қта да ешқан­дай күдік-күмән тумай­ды. Заманға сай бәрі ашық болуы керек. Түк­ке қажеті жоқ жиын­дар­дың бар­лы­ғын қысқар­тып, неме­се басқа­ша, жаңа­ша фор­мат­та өткі­зуді ойла­сты­рып, жаңа­ша жұмыс істе­у­ге көшу керек. Бұл жағы­нан алған­да да, істей­мін деген ада­мға Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағын­да мүм­кін­дік мол.

Өзім қыз­мет істей­тін «Жұл­дыз» жур­на­лын­да іске жарай­тын дені дұрыс бір ком­пью­тер, бір прин­тер жоқ. Жазу­шы­лар одағы­ның қазір­гі жал­пы жағ­дайы осын­дай. Бәрін жаңа­ла­у­ға, жарақтан­ды­руға, дәл соған қар­жы табуға бола­ды. Жур­на­ли­стер­дің, «Қазақ әде­би­еті» мен «Жұл­дыз» жур­на­лы қыз­мет­кер­лерінің алаң­сыз жұмыс істе­уіне бар­лық жағ­дай жаса­уға, мол мүм­кін­дік­тер туды­руға толық жағ­дай бар. Ол үшін тын­бай, жат­пай-тұр­май жұмыс істеу керек. 

Шетел Жазу­шы­лар одақта­ры мен қалам­гер­лері­мен тығыз бай­ла­ныс орна­ту керек. Ол жасан­ды емес, табиғи жол­мен өріл­се, нәти­желі бол­мақ. Мәсе­лен, Жазу­шы­лар одағы­ның жаны­нан «Әлем әде­би­еті» жур­на­лын неме­се «Әлем» аль­ма­нағын қай­та шыға­ру­ды қолға алу керек. Соның төңіре­гін­де көп­те­ген іс-шара­лар­ды жүзе­ге асыр­са, өз жемісін бере­ріне еш күмәнім жоқ. Шетел­дік әде­би басы­лым­дар­мен де қарым-қаты­на­сты жан­дан­ды­ру керек. Өзі­міздің және шетел­дік аудар­ма­шы­лар­мен жүй­елі жұмысты қолға ала­тын мез­гіл жетті.

«Әде­би­ет­ті қол­дау қорын» ашу керек. Мүм­кін­ді­гін­ше қалам­гер­лер­дің мате­ри­ал­дық жағ­дай­ын жақ­сар­туға күш салған дұрыс. Жазу­шы­лар одағы­на мүшелік­ке өту­ге кем деген­де екі-үш жылға мора­то­рий жари­я­лан­са, дұрыс бола­ды. Мүшелік билет­ті топ­тап үле­сті­ре бер­ген­ді мүл­де тию керек. Жазу­шы­лар одағы­на өту жол­да­рын арнайы жасақталған комис­сия қабыл­да­уы керек. Басқа­ша болуы мүм­кін емес. Одаққа мүше болу үлкен абы­рой болуы керек қой!

Ал қазір мүшелік­ті қой­ы­ңыз­шы, халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғын «хал­тур­щик­тер» ала­тын бол­ды. Не сұм­дық?! Бұл тек сый­лы­қтың ғана емес, әде­би­ет­тің де құнын түсіріп, қадір-қаси­етін қашы­рып жібе­реді ғой! Соны неге ойла­май­ды екен?! Жал­пы, «Алаш» сый­лы­ғын топ­тап бер­ген­ді, бір жыл­да 20, 30, 40 ада­мға шүлен­дей үле­стіруді мүл­де тоқта­ту керек. Оның ішін­де үлкен әде­би­ет­те орны жоқ «хал­тур­щик­тер­ге» берілуі мүл­де дұрыс емес. Атал­мыш сый­лы­қты жылы­на бір-екі, әрі кет­се үш ада­мға беру­ге болар. Әйт­пе­се сый­лы­қта не құн қала­ды?! Есесіне ақша­сын жоқ деген­де бір-екі мил­ли­онға жет­кі­зу керек. Лау­ре­ат­тар қомақты қар­жы­ға ие бол­са, сый­лы­қтың да құны артады.

Әрине, аға буын ақын-жазу­шы­лар­ды сый­лай­мыз, құр­мет­тей­міз. Еңбек­тері еле­нуіне мей­лін­ше мүд­делі­міз. Өйт­кені сол кісілер­ден көп нәр­се үйрен­дік, жазған-сызған­да­ры­нан тәлім алдық, тәжіри­бе жина­дық, шебер­лі­гі­мізді шың­да­дық. Соны­мен қатар талант­ты жастар­дың да Пре­зи­дент­тік һәм Мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­ларға көп­теп ие болуы­на мүд­делілік таны­та­мыз. Өйт­кені өмірі­міздің де, әде­би­еті­міздің де бола­шағы сол жастар­дың қолын­да. Әде­би­ет­ті тек талант­тар ғана жасай­ды. Үздік туын­ды­лар­ды тек дарын­ды­лар ғана туды­ра ала­ды. Енде­ше талант­ты жастарға көбірек көңіл бөлі­нуі керек деп ойлай­мыз. Сон­да әде­би­еті­міз де көр­кей­іп, өсіп-өніп, өз жемісін бермек. 

Деген­мен, әде­би­ет­тің қаси­ет­ті табал­ды­ры­ғын аттаған әр жас талап­кер алды­ңғы­лар­дың бәрін ман­сұқ қылып, әде­би­ет­ті өзі­нен бастай­тын жаман әдет­тен ары­луын қалай­мыз. Толқын­дар­дың ара-жігі ажы­ра­мауы, жұлын-жүл­гесі үзіл­ме­уі керек. Сон­да ғана түсіністік орнап, жарас­тық сал­та­нат құрады.

Жазу­шы­лар одағы­ның ең басты мін­деті – қалам­гер­лер­ді қол­дау, қорғау. Қысы­лған­да қол­ты­ғы­нан демеп, басы­на іс түс­кен­де – жаны­нан табы­лу. Аты­шу­лы Қаңтар оқиға­сы кезін­де қуда­ла­у­ға ұшы­рап, қыл­мыстық іс қозғалған ақын бауыр­ла­ры­мы­зға шырыл­дап неге ара түстік? Ақын бауыр­ла­рым мұң-зар­ла­рын айтып, қай­та-қай­та неге маған хабар­ла­сты?.. Әріп­те­стерің, қалам­даста­рың, бауыр­ла­рың істі болып жат­са, қашып-пысып жүр­се, қалай қарап оты­ра аласың?! 

Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин­ге рах­мет! Сөзі­мізді естіді, түсін­ді. Алмас Темір­бай, Қуа­ныш Оспан сын­ды талант­ты ақын­дар­ды қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен ара­ша­лап алып қалып, үлкен жақ­сы­лық жаса­ды. Тіп­ті облыс әкім­шілі­гі орны­нан алып тастаған Қуа­ныш Оспан­ды қыз­метіне қай­та қой­ғы­зды. Ерлан Қарин мыр­за бол­ма­са, бауыр­ла­рым сот­та­лып кетер ме еді, кім біл­сін?! Онда таза масқа­ра болар едік.

Егер ақын-жазу­шы­ларға осын­дай кез­де қорған бола алма­са, Жазу­шы­лар одағы­ның не кере­гі бар?! Одақ қалам­гер­лер­ге тек қысыл-таяң кез­де ғана емес, бей­біт күн­де де қорған бола білуі тиіс. Мәсе­лен, көп­те­ген ақын­дар мен дра­ма­тург­тер төрт-бес жыл­дан бері Автор­лар қоға­мы­нан өздеріне тиесілі ақша­ла­рын ала алмай жүр. Мен Жазу­шы­лар одағын­дағы Дра­ма­тур­гия кеңесі төраға­сы­ның орын­ба­са­ры ретін­де бұл іске біраз ара­ла­стым. Қалам­даста­рым­ның мүд­де­лерін қорғадым.

Ал негізі­нен бұған Жазу­шы­лар одағы­ның бас­шы­ла­ры мүд­делілік таны­туы керек қой! Өйт­кені ақын­дар мен дра­ма­тург­тер­дің басым көп­шілі­гі – осы одақтың мүше­лері. Одақ мүше­лерінің мүд­де­лерін қорға­ма­са, күр­ме­улі мәсе­ле­лер­дің шешілуіне атса­лы­спа­са, олар­дың про­бле­ма­ла­рын жоға­ры жаққа жет­кі­зе алма­са, Жазу­шы­лар одағы­нан не үміт, не қайыр?! 

Төраға болып сай­лан­сақ, ең бірін­ші кезек­те қолға ала­тын шару­ам­ның бірі осы бол­мақ. Шеше­міз деп сенім­мен айта ала­мын. Өйт­кені бұл мәсе­ленің шешіл­ме­уі, шеші­мін тап­па­уы тіп­тен мүм­кін емес. Егер Автор­лар қоға­мы өздері шешпе­се, сот алды­на шақыр­тып, шеш­кізу­ге мәж­бүр бола­мыз. Бұған жау­ап­ты адам­дар мін­дет­ті түр­де жаза­ла­на­ды. Басқа­ша болуы мүм­кін емес. «Бер­сең – қолы­ң­нан, бер­ме­сең – жолы­ң­нан» деген прин­цип­ке бара­мыз. Ақын­дар мен дра­ма­тург­тер­дің тиісті ақша­сын мін­дет­ті түр­де алып бере­міз. Оған кепіл­де­ме бере­міз! Жал­пақ­ше­шей­лік­ке, немқұрай­ды­лы­ққа жол бер­мей­міз. Қалам­гер­лер­дің мүд­де­лерін кез кел­ген уақыт­та, кез кел­ген жер­де қорға­уға дайынбыз.

Қаңтар оқиға­сы кезін­де тек ақын­дарға ғана ара түс­кені­міз жоқ. Жазы­қ­сыз жан­дар­дың жаза­лан­ба­уын өтініп, ол сөзі­мізді мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­на жет­кіздік. Көп­те­ген ұсы­ны­ста­ры­мы­зды қабыл алып, одан қор­тын­ды шығарға­нын біреу біл­се, біреу біл­мес. Оны да айту­дың реті келер. Әрине, таза қыл­мыс жаса­са, ақын-жазу­шы бол­мақ түгілі, кім бол­са да, ешкім ара түсе де, құтқа­ра да алмай­ды. Ал нақақтан-нақақ күй­іп бара жатқан қалам­гер­лер­ді қол­дау мен қорға­уға тиіс­піз. Ол біздің адам­дық, аза­мат­тық, әріп­те­стік, қалам­да­стық, тіп­ті аға-інілік боры­шы­мыз. Ешқан­дай қалам­гер­ді жауға да, дауға да бермейміз!

Өйт­кені елі­міз­де мың­ның үстін­де қалам­гер бар. Бұл дегеніңіз – үлкен күш. Әскер­дің қолын­да қару бол­са, қалам­гер­лер­дің қолын­да қалам бар. Ал бей­біт заман­да қалам­нан асқан құдірет­ті қару жоқ. 

Жақын­да бір бай­ші­кеш арқа­лы ақы­ны­мыз Марал­тай Рай­ым­бекұлын әлдекім сотқа беріп­ті деп естідім. Оны Марал­тай досым­ның өзі де арнайы іздеп келіп айт­ты. Мен оған кез кел­ген уақыт­та қол­дау мен қорға­уға дай­ын екенім­ді ашық айт­тым. «Марал­тай, сені қорға­маған­да, саған ара түс­пе­ген­де, кім­ге ара түсе­міз, сені қол­да­маған­да, кім­ді қол­дай­мыз!» деп уәде бер­дім, яғни сөзім­де тұра­мын. Бұны Пре­зи­дент­тің қапе­ріне дей­ін жет­кі­зе­мін. Марал­тай сын­ды айту­лы ақы­ны­мы­зды оттан да, сот­тан да ара­ша­лап алуға бар күш-жігері­мізді сала­мыз! Кәкір-шүкір­ге бола қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен жарық жұл­ды­зы – Марал­тай­ды сот­та­тып қой­ып, қарап отыр­сақ, не болға­ны?! Биші­ке­ш­тер мен бай­шы­ке­ш­тер ақын­дар­дан аулақ жүр­сін! Әйт­пе­се өздерінің артын қаз­ба­лап, абы­рой­ла­рын айран­дай етеміз! 

«Фейс­бук­тен» атақты жазу­шы­мыз, қадір­лі ақсақа­лы­мыз Софы Сма­та­ев аға­мыз халінің мүш­кіл екенін айтып, жари­яға жар салып оты­ра­ды. Соған құлақ асқан тірі пен­дені көрмедім.

Әй, ол Софы Сма­та­ев қой, ең алды­мен аға­мы­здың сөзін Жазу­шы­лар одағы естуі керек қой! Көр­нек­ті қалам­гер­дің кіта­бы­ның саты­луы­на ең алды­мен Жазу­шы­лар одағы мүд­делілік таны­туы керек қой! «Маған атақ үкі­мет ауру­ха­на­сы­на тір­келіп, ем қабыл­дау үшін ғана керек!» деп шырыл­дап оты­ра­ды қадір­лі ақсақа­лы­мыз. Атақ әпе­ре алма­са да, Алма­ты­дағы үкі­мет ауру­ха­на­сы­на тір­кетіп, сон­да емде­луіне жағ­дай жаса­са бола­ды ғой! Егер осын­дай ұсақ-түй­ек шару­а­лар­ды шеше алма­са, Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­сы болып оты­ру­дың не кере­гі бар?! Ниет-пей­іл бол­са, бәрін істе­у­ге, шешу­ге бола­ды ғой деп ойлаймын. 

Менің ойым­ша, Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­сы қалам­гер­лер­дің бере­ке-бір­лі­гіне, ынты­мағы­на жұмыс істе­уі керек. Бәрінің басын қосып, жұмы­ла жұмыс істей­міз. Топқа қосыл­май­мыз, топ құр­май­мыз. Руға, жүз­ге, жер­ге бөлі­нуді мей­лін­ше тоқта­та­мыз. Бұн­дай ауру­мен ауы­ра­тын­дар­ды қатаң айып­тай­мыз. Бәрі­міз бір қаза­қтың бала­сы­мыз. «Әр қазақ – менің жалғы­зым» деген ұста­ным­ды берік ұста­на­мыз. Тіп­ті жаман­дық істе­ген адам­дар­мен де кешірім­десіп, ел-жұр­ты­мыз бен одақтың мүд­десі үшін тізе қосып жұмыс істе­у­ге дай­ын­быз. Бөліп-жара­тын ештеңе­міз жоқ. Бөлі­ну­шілік пен ала­лы­ққа жол бер­мей­міз. Бәріне тең қараймыз.

Мәсе­лен, бір жыл­да­ры қазақ ақын-жазу­шы­ла­ры­ның анто­ло­ги­я­сы бес-алты тіл­ге ауда­рыл­ды. Осы­ны ұйым­да­сты­ру­шы­лар кей­бір қалам­гер­лер­ді ала­лап, өзінің жақын­да­рын тық­па­лап жіберіп­ті. Мыса­лы, про­за­дан Тыным­бай Нұр­мағам­бе­тов пен Асқар Алтай­ға дей­ін­гі қан­ша­ма талант­ты про­за­шы­лар жоқ, ұмы­ты­лып, бол­ма­са сызы­лып қалған, поэ­зи­ядан да солай. Ал мұн­дай­ға мүл­де жол беру­ге бол­май­ды деп есеп­тей­міз. Мұн­дай ірік­те­улер өте әділ сұрып­та­удан өтіп, лай­ы­қты­лар­дың ешқай­сысы шет қал­мауы тиіс. Жеке басын жек көр­сең де, кім­нің де бол­са талан­тын мой­ын­дау, дары­нын сый­лау, құр­мет­теу керек! Кім сай­лан­са да, одақ төраға­сы­на ең басты әрі қажет­ті қаси­ет осы деп ойлай­мын. Жал­пы адам­дар­ды, оның ішін­де қалам­гер­лер­ді еш ала­ла­у­ға болмайды. 

Жылы­на кем деген­де талант­ты екі қалам­гер­дің шығар­ма­шы­лы­қ­пен алаң­сыз айна­лы­суы­на жағ­дай жасай­мыз. Жыл бойы ай сай­ын беріліп оты­ра­тын 200–300 мың тең­ге көле­мін­де сти­пен­дия тағай­ын­дай­мыз. Оған қар­жы­ны мін­дет­ті түр­де таба­мыз. Таба ала­тын­ды­қтан айтып отырмын. 

Сон­дай-ақ жас қалам­гер­лер­дің бас­па­на мен тұрғын үй тұрғы­зуы үшін жер телім­дерін алуы­на бар күш-жігері­мізді сала­мыз. Әрине, бұл біздің қолы­мы­зда тұрған нәр­се емес, деген­мен тыры­сып көре­міз, осы бағыт­та да табан­ды жұмыстар жүргіземіз.

Төраға­ның орын­ба­сар­лы­ғы­на қар­жы таба ала­тын қабілет­ті қалам­гер­лер­ді тар­та­мыз. Табыс табу­мен айна­лы­са­тын атқа­ру­шы дирек­тор, мене­джер­лер­ді жұмысқа ала­мыз. Олар­дың жазу­шы болуы мін­дет­ті емес. Одақтың шару­а­шы­лық жұмыста­рын дөң­ге­летіп отыр­са бол­ды. Одаққа қарас­ты басы­лым­дарға бас­шы­лы­ққа қосым­ша қар­жы таба ала­тын, қолы­нан іс келетін, автор­лар­дың қала­мақы­сын шеше ала­тын талант­ты қалам­гер­лер­ді тағай­ын­дай­мыз. Сон­дай талап­тар қоя­мыз. Басы­лым­дар­дағы қала­мақы мәсе­лесін мін­дет­ті түр­де шешеміз.

Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­лы­ғы үшін битім­ді сығып жүгір­мей­мін. Ешкім­мен айты­сып-тар­ты­спай­мын, жаға жыр­ты­спай­мын. Дәл қазір­гі жағ­дай­да Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­лы­ғы­на осын­дай нақты бағ­дар­ла­ма­лар ұсы­на ала­тын және оны орын­дай ала­тын, Жазу­шы­лар одағын қар­жы­лық қиын­ды­қтар­дан алып шыға ала­тын іскер қалам­гер­лер керек. Бұл мәр­те­белі қыз­мет­ке кең каби­нет­те шіреніп оты­ру неме­се қыз­мет­тік көлік міну үшін емес, ел-жұр­тқа, қалам­гер­лер қауы­мы­на қыз­мет қыла ала­тын ақын-жазу­шы­лар келуі керек. Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның жұмысын жан­дан­ды­ру үшін, ең алды­мен қар­жы-қара­жат керек. Онсыз бәрі «баяғы жар­тас – бір жар­тас» болып қала бер­мек. Ал біз қар­жы-қара­жат таба­мыз, Жазу­шы­лар одағын қар­жы­лық қиын­ды­қтар­дан, яғни тығы­ры­қтан алып шығамыз.

Кітап шыға­ру мен кітап нары­ғы­на да мей­лін­ше ықпал етіп, қатаң бақы­ла­уда ұстау керек. Мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен шыға­ры­ла­тын кітап­тар­дың сапа­сы­на да Жазу­шы­лар одағы жау­ап беруі тиіс. Әйт­пе­се кім-көрін­ген­нің кіта­бын шыға­ра беру мүл­де дұрыс емес. Бұл ұсы­ныс-тіле­гі­міз­ге Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің бас­шы­ла­ры да түсіністік­пен қарар деген ойдамыз. 

Егер менің осы айтқан­да­рым­нан да асы­рып істей­мін, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның бой­ы­на қан жүгір­тіп, жан бітіре­мін, өзгеріс һәм рефор­ма жасай­мын дей­тін қалам­гер бол­са, ата жауым бол­са да, дәл сол үміт­кер­ге дауыс бере­мін. Себебі мен де Жазу­шы­лар одағы­ның өзгер­генін, жаңарға­нын, жаңа­ша жұмыс істеу тәсіліне көш­кенін жан жүре­гім­мен қалаймын. 

Ескі­ше жұмыс істе­удің зама­ны өтті. Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­сын сай­ла­уда осы одаққа мүше қалам­гер­лер­дің бар­лы­ғы бір­дей дауыс беруі керек. Төраға бол­сақ, Жарғы­ны осы­лай өзгер­те­міз. Кім­нің бағы жана­ды, кім­нің бағ­дар­ла­ма­сы мықты – сол қалам­гер сай­ла­нуы керек. Ал Одақ төраға­сын сай­ла­у­ға басқар­ма мүше­лері ғана дауыс бере ала­ды деген қитұрқы­лы­қтар­дың түп-тамы­ры­на бал­та шабы­луы тиіс. Кей­бір жыл­пос, қулы­қта­ры­на құрық бой­ла­май­тын арам­за қалам­гер­лер өзіне дауыс беретін ақын-жазу­шы­лар­дан басқар­ма мүше­лерін жасақтап ала­ды да, сай­ла­нып кете бара­ды. Бұл мүл­де дұрыс емес. Бұдан былай мұн­дай арам­за­лар мен арам­за­лы­қтарға жол бер­меу керек.

Әде­би бай­қа­у­лар­дың, мүшай­ра мен кон­кур­стар­дың өте әділ өтуіне күш сала­мыз. Тамыр-таны­сты­қтың жолын кесе­міз. Қай қалам­гер­дің шығар­ма­сы сый­лы­ққа лай­ық, мықты, үздік – сол бәй­ге ала­ды. Сон­да ешкім­нің өкпе-рені­ші бол­май­ды деп ойлай­мын. Жүл­де алған шығар­ма мықты бол­са, өкініш те бол­май­ды. Ал біз­де хал­ту­ра­лық шығар­ма­лар да тамыр-таны­сты­қ­пен, көз қысты, бар­мақ басты­лы­қ­пен жүл­де алып жата­ды. Оған өздері ұял­май­ды да. Ондай бол­са, Құла­гер­дің басын шапқан Баты­раш-Қоты­ра­штар­дан қай жері­міз артық?! Мұн­дай келеңсіздік­тер­ді де рет­ке кел­тіре­міз ғой деп ойлаймыз. 

Есімі елге әйгілі Арман Шора­ев мыр­за «Қаза­қстан бары­сы» бәй­гесін ұйым­да­сты­рып, бас бәй­ге алған балу­анға 150 000 дол­лар көле­мін­де ақша алып беріп жүр­ді ғой! Сон­дай бәй­гені қалам­гер­лер ара­сын­да неге ұйым­да­стыр­масқа?! Бұл кез кел­ген қалам­гер­ге үлкен демеу болар еді. Осын­дай да ой-жос­пар, арман бар. Енде­ше неге іске асыр­масқа?! Өйт­кені талант – мем­ле­кет­тің бай­лы­ғы, ұлт­тың қазы­на­сы ғой! Одан қар­жы аяуға бола ма?! Әрине, бұл біздің қол­да тұрған нәр­се емес, деген­мен осы­ны ел бас­шы­ла­ры­ның наза­ры­на жет­кізіп, шешілуіне күш саламыз. 

Егер қалам­гер­лер қауы­мы маған сенім арт­са, бар күш-жігерім­ді сала­мын, ұятқа қал­дыр­май­мын. Үміт­теріңізді де, сенім­деріңізді де ақтай­мын. Қашан да «арық сөй­леп, семіз шық» деген, бұдан басқа да ой-жос­пар­лар жетер­лік. Оның бәрін тіз­бе­леп, тәп­ті­ш­теп жату­ды артық сана­дым. «Біз­ге өзгерістің кере­гі жоқ, осы күні­міз­ге де шүкір, бұры­нғы­дай өлме­стің күнін көріп, ілде­бай­лап жүре бере­міз» дей­тін­дер бол­са, өздері білер. Егер олай дей­тін­дер бол­са, мар­ха­бат! Еш өкініш болмайды.

Ал егер тек қара басым­ды ғана ойла­май­мын, қалам­гер­лер қауы­мы­на бір жақ­сы­лық болға­нын қалай­мын десеңіз­дер, біз­ге жол беріңіз­дер, жұмыс істе­уі­міз­ге мүм­кін­дік туды­ры­ңы­здар! Сон­дай-ақ Жазу­шы­лар одағы­ның төраға­лы­ғы­на түскісі келетін әр қалам­гер менен де асы­рып жұмыстар атқа­ра­мын, қар­жы таба ала­мын десе, неме­се менікі­нен де мықты бағ­дар­ла­ма жасай­тын­дар бол­са, мар­ха­бат! Әйте­уір сөз­дерін­де тұрып, айтқан­да­рын істе­се болды.

Сай­ла­нып алып, Жазу­шы­лар одағын­да қыз­мет істей­тін қыз­мет­кер­лер­дің айлы­ғын тауып бере алмай жат­са, неме­се қар­жы­лық шығын­да­рын өте­у­ге қар­жы тап­пай жат­са, ұят­тың көкесі сон­да бола­ды. Сон­ды­қтан да қалам­даста­ры мен әріп­те­стері үшін ар-ұят­та­ры бол­са, өз ерік­тері­мен бас тар­тып, жол беру­лерін сұраймын!

Мен айтқа­ным­ды орын­дай­мын, уәдем­де тұра­мын! Енде­ше, құр­мет­ті қалам­дастар, шешім өздеріңіз­де! Біз бәріне дайынбыз!

  • ·          

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн