Пятница , 2 мая 2025

ЖАҢАӨЗЕН ЖАНАЙҚАЙЫ

ОНЫ АСТАНА ЕСТІДІ МЕ?

  • Бүкіл елді «кезек­ті Қаңтарға» қай­ы­рып әке­ле жаз­даған Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры­ның Аста­на­дағы ере­уілі сой­қан «спец­на­здың» қамауы­мен баста­лып, соңы абақты­ға жет­кіз­бе­ген ымы­ра­мен тарқа­ды. Осы нара­зы­лы­қтың нақты нұсқа­сы қан­дай, оған түрт­кі болған не жәйт? Бұл сұрақтың біраз жау­а­бын табу үшін, Мәжіліс депу­та­ты Еділ Жаң­быр­шин ҚР Пар­ла­мен­тінің сәр­сен­бі күн­гі пле­нар­лық оты­ры­сын­да пре­мьер-министр Әли­хан Смай­ы­ло­вқа жол­даған депу­тат­тық сау­а­лын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Соңғы жыл­да­ры елі­міздің батыс өңір­лерін­де мұнай-газ кәсі­по­рын­да­рын­да қыз­мет көр­се­тетін сер­ви­стік ком­па­ни­я­лар­дың жұмыс­шы­ла­ры­ның ере­уіл­дері жиі орын алу­да. Күні кеше бір топ маңғы­ста­улық мұнай­шы­лар, өңір­де өз мәсе­ле­ле­лері шешіл­ме­ген соң, Аста­наға кел­ді. Өткен жылы да осын­дай оқиға бас қала­мы­зда орын алған болатын.

Соны­мен қатар кеше­гі сай­ла­у­ал­ды үгіт-наси­хат кезін­де бір­не­ше сер­ви­стік ком­па­ни­я­лар «Самұрық-Қазы­на» әл-ауқат қоры Ере­же­лерінің талап­та­ры ескір­генін және қазір­гі жағ­дай­ға сәй­кес кел­мей­тінін айтып,шағымданған бола­тын. Мыса­лы, Маңғы­ста­уда бір жау­ап­кер­шілі­гі шек­тел­ген серік­те­стік жұмыс­сыздық белең алған Жаңаө­зен қала­сын­да, Жеті­бай кен­тін­де, Мұнай­лы ауда­нын­да цех­тар ашып, негізі­нен жер­гілік­ті әйел аза­мат­тар­ды тұрақты жұмыспен қам­тып, мұнай ком­па­ни­я­ла­ры­на арнайы киім тігуді қолға алған бола­тын. Алай­да жыл сай­ын өтетін тен­дер­лер­дің кесірі­нен кон­тракт ала алмай қал­са неме­се баға дем­пин­гісі­нен кон­тракт сома­сы едәуір төмен­десе, жұмыс­шы­ла­ры­ның 90 %-ы жұмыс­сыз қалай­ын деп отыр. Мұн­дай мысал­дар­ды көп­теп кел­тіру­ге болады.

Мәжілістің өткен жетін­ші шақы­ры­лы­мын­да Маңғы­ста­удағы жұмыс­сызды­ққа және еңбек дау­ла­ры­на қаты­сты мәсе­ле­лер­ді көтер­ген­біз. Бірақ Үкі­мет, «Самұрық-Қазы­на», «Қаз­Мұ­най­Газ» және жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік тара­пы­нан жүй­елі жұмыстар жаса­лын­ба­ды, тиісті нәти­же бол­ма­ды. Ал Маңғы­ста­уда жары­лай­ын деп тұрған «жара» көп. Олар­ды кешен­ді түр­де «емде­умен» айна­лы­спа­са, дау-дамай әрі қарай жалға­сып, ушы­ға береді. Үкі­мет комис­си­я­сын құру жөнін­де Сіз­ге хат та жол­да­дық. Оған әлі жау­ап бер­медіңіз. Қашанғы көзді жұмып, құлақты бітеп, ауы­зды буып оты­ра бересіз­дер. Мәсе­лені шешетін уақыт өтіп бара жатыр. Ертең «қолы­мы­зды мез­гілі­нен кеш сер­медік» деп жүрмеңіздер.

Сер­ви­стік және басқа да мер­ді­гер ком­па­ни­я­лар бюд­жет­ке салы­ғын төлеп, өздеріне инве­сти­ция құй­ып, халы­қты тұрақты жұмыспен қам­та­ма­сыз ету­ге мүд­делі, бірақ келесі фак­тор­лар: тен­дер­лер­дің әділет­сіз өтуі, жемқор­лық, тариф­тер­дің төмен­ді­гі, баға дем­пин­гісі және басқа да мәсе­ле­лер оған мүм­кін­дік бер­мей отыр. Бұл өз кезе­гін­де ком­па­ни­я­лар­дағы жалақы дең­гей­інің төмен болуы­на, әле­умет­тік пакет­тер­дің төлен­бе­уіне, еңбек қауіп­сізді­гінің сақтал­мауы­на, тех­ни­ка­лар­дың жаңа­лан­ба­уы­на себеп болып отыр. 

Айта кететін жайт – өткен сен­бі күні Ақтау қала­сын­да ере­уіл­ге шыққан «БерА­ли Маңғы­стау Company» меке­месінің бас­шы­ла­ры­мен кез­де­стім, жоға­ры­да кел­тіріл­ген кем­шілік­тер­ді олар да айт­ты. Ком­па­ни­я­ның ресми өтіні­ші бой­ын­ша жұмыстар жаса­лы­нып, құзыр­лы орган­дарға хат жолданды. 

Құрмет­ті Әли­хан Асханұлы! 

Көтеріліп оты­рған мәсе­ле­де жүй­елік қателік­тер бар екені анық. Сон­ды­қтан «Самұрық-Қазы­на» әл-ауқат қоры өзінің Ере­же­леріне келесі өзгерістер­ді шұғыл түр­де енгі­зуі қажет деп есептейміз:

Бірін­ші, баға дем­пин­гісіне шек­теу қою. Мыса­лы, тен­дер кезін­де баға­ны 10 пай­ы­здан төмен түсір­меу керек.

Екін­ші, сер­ви­стік ком­па­ни­я­лар­мен көп­жыл­дық келісім-шар­ттарға оты­ру сұрағы шешіл­сін, яғни ком­па­ни­я­лар­дың жұмысы­ның тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету қажет.

Үшін­ші, тен­дер­ге шыға­ры­ла­тын жұмыстар мен қыз­мет­тер­дің қар­жы көле­мін­де еңбек ақы қоры және әле­умет­тік пакет бөлек көр­сетіліпол баға ойы­ны­на түс­пе­уі керек. Бұл жұмыс­шы­лар­дың дұрыс жалақы алуы­на, әле­умет­тік жағы­нан қорға­луы­на кепіл­дік бола­ды және тен­дер­ді ұтып алған ком­па­ни­я­лар­дағы жағ­дай­ды мем­ле­кет­тік орган­дар мен тап­сы­рыс беру­ші тара­пы­нан бақы­лап оты­руға мүм­кін­дік туады.

Бұдан басқа, кеше­гі дау туғы­зған тен­дер­лік про­це­ду­ра­лар­ды жан-жақты зерт­теп, егер кем­шілік­тер аны­қтал­са, тиісті шешім қабыл­да­маған ква­зи­мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің лау­а­зым­ды тұлға­ла­ры­ның жау­ап­кер­шілі­гі қаралсын.

Сөз соңын­да айт­пағы­мыз – Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес елі­міздің бай­лы­ғы халы­ққа тиесілі, яғни қаз­ба бай­лық тұрғын­дар­дың әл-ауқа­тын арт­ты­руға қыз­мет етуі керек. Сон­ды­қтан «Самұрық-Қазы­на» әл-ауқат қоры және оның порт­фель­дік ком­па­ни­я­ла­ры жаңа­ша, ашық, әділ жұмыс жасап, халы­қтың тұр­мыс-тір­шілі­гін жақ­сар­туға нақты қадам­дар жасасын.

Мәжіліс депу­тат­та­ры, 

«AMANAT» фрак­ци­я­сы­ның мүшелері

Еділ Жаң­быр­шин,

Самат Муса­ба­ев

Бір қазақ екінші қазақтың

ЖҰМЫСЫН ТАРТЫП АЛДЫ

  • Жаңаө­зен­дік­тер­дің Аста­наға келіп, орын­ды талап қой­ып, енді бәрін авто­зак­ка қой­дай тиеп әкет­кенінің себебі – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Тимур Құлы­ба­ев­тың елге жасаған қиянатында.

Басын­да бұлар «Ақтө­бе­мұ­най­га­з­дың» иесі – қытай­ларға рұқ­сат бер­ді: қаза­қтар жұмыс істеп оты­рған сер­ви­стік ком­па­ни­я­ла­рын жауып, аут­сор­синг­ке тен­дер­ге шығар­ды. Ол тен­дер­лер­ді қытай­лар­дың өздері ұтып алып отырды.

Содан кей­ін, 2004–2007 жыл­дар­да Құлы­ба­ев «Қаз­мұ­най­га­з­дың» енші (дочер­ний) сер­ви­стік ком­па­ни­я­ла­рын арза­нға сатып алды. Мыса­лы, 1 млрд дол­лар тұра­тын «Каз­строй­сер­вис» ком­па­ни­я­сын 10 мил­ли­он дол­ларға сатып алды. 

Осы әре­кет­тер­дің бәрі бүгін­гі жағ­дай­ға алып кел­ді: кон­ку­рен­ция бол­май­тын жер­де бір қаза­қтың жұмысын екін­ші қазақ тар­тып алуға мәж­бүр етті. 

Назар­ба­ев пен Құлы­ба­ев­тың істе­ген қыл­мыста­ры­ның түбіне бал­та шап­пай, халы­қтың жағ­дайы өзгер­мей­ді! «Elge Qaitaru» қоры осы мәсе­ле­лер тура­лы мем­ле­кет орган­да­ры­на жазған, бірақ билік былқ етпейді.

Ора­за­лы ЕРЖАНОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн