Понедельник , 19 мая 2025

«ШАПЫРАШТЫ КЛАНЫ» – назарбаевтық режимнің тірегі

        Энцик­ло­пе­дия бой­ын­ша «клан» (clann – Батыс Еуро­па­дағы кельт халы­қта­рын­да тай­па­ның ата­уы) – бір ұрпақтан тараған рулық, тай­па­лық неме­се жер­шіл­дік бір­ле­стік­ті біл­діретін атау. Біз хариз­ма­сы басым лидер астыр­тын жетек­шілік ететін, туы­сқан неме­се жер­лес ұрпақтар­дан құралған, қан­дай да бір билік­ке ықпал ететін неме­се сол билік­ті алуға ұмты­лу­шы­лар тобын – клан  деп атап жүрміз. 

Ал қазақ қоға­мын­да клан ұғы­мы мем­ле­кет­тік билік басын­дағы құзыр­лы, лау­а­зым­ды тұлға­лар­мен бай­ла­ны­сты айты­ла­ды. Біздің зерт­те­улері­міз бой­ын­ша, Қаза­қстан­дағы клан­дар тобы­ның пай­да болуы экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың есі­мі­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Елде бір­не­ше клан­дар тобы билік­ке ықпал ету жолын­да бір-бірі­мен қырқы­сып, өза­ра қыры­қ­пы­шақ болып, мем­ле­кет­тік ең жоғарғы билік­ке тала­су мүм­кін­ді­гін клан­дық қақты­ғы­сқа айнал­ды­рып қою – Назар­ба­ев­тың басты мақ­са­ты болған. Бұл – «бөліп ал да, билей бер» иде­я­сы­ның бір тар­мағы сана­ла­тын сұрқия әдіс еді. Бас­пасөз­де жиі айты­ла­тын «Оңтүстік­тер», «Қараған­ды­лы­қтар», «Баты­сты­қтар» және басқа топ­тар­ды осы қитұрқы мақ­сат­та Назар­ба­ев­тың ықпа­лы­мен оның төңіре­гіне өте жақын адам­дар құрған. 

Кеңес уақы­тын­да мем­ле­кет­тік билік­те бір рудан неме­се жер­ле­стер­ден жасақталған мұн­дай ерекше, астыр­тын клан-топ­тар бол­маған. Қара­пай­ым көз­ге көрін­бей­тін бұл «әле­умет­тік жүйе» Назар­ба­ев Қаза­қстан­ның билі­гіне кел­ген­нен кей­ін ерекше қарқы­н­мен дамы­ды. Мақ­сат – клан­дар тобын бір-бірі­мен тала­сты­рып қой­ып, олар­дың елде­гі ең жоғарғы құзыр­лы билік­ке ұмты­лу мүм­кін­ді­гін жою.

Жұрт­шы­лық «клан» деген­де, ең алды­мен Назар­ба­ев жасақтаған Ұлы жүз бір­ле­сті­гіне жата­тын «Шапы­ра­шты» кла­нын атай­ды. «Шапы­ра­шты» кла­ны елде­гі бір адам­ның билі­гін қам­та­ма­сыз ететін және ол билік­ті басқа рулар мен «әле­умет­тік топ­тар­дың» қатері­нен сақтай­тын, пре­зим­дент­тің тіке­лей ықпа­лы­мен жасақталған жасан­ды құрылым.

Бұл клан­ның жасан­ды бола­тын себебі – зерт­те­ушілер­дің айтуы бой­ын­ша, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі шапы­ра­шты руы­на жат­пай­ды. Ол үш жасын­да шеше­сінің соңы­нан еріп кел­ген бала болған. Шеше­сі шапы­ра­шты Әбіш Назар­бай­ға әйел болып тиген. Бұл оқиға­ны өз көз­дері­мен көр­ген әлі өмір­де тірі адам­дар бар.

Отыз жыл бойы дара билік­ті ием­ден­ген кез­де, назар­ба­ев­тық шапы­ра­шты­лар тобы­на тең келетін, оны­мен билік­ке тала­сып, жаға­ла­са ала­тын клан болған емес. Себебі – мем­ле­кет­те­гі негіз­гі билік құры­лым­да­ры, әсіре­се құқық қорғау орган­да­ры шапы­ра­шты­лар­дың қолын­да бол­ды. Назар­ба­ев­тан әлдеқай­да білім­ді, ел басқар­дағы қабілет-қары­мы мен ел-жұрт алдын­дағы беделі одан да жоға­ры, Қаза­қстан­ның басқа өңір­лері­нен шыққан аза­мат­тар бол­ды. Бірақ Назар­ба­ев олар­ды әртүр­лі зыми­ян тәсіл­дер­мен мем­ле­кет­тік билік­тен ала­стап, көз­дерін жой­ып отырды. 

Жұрт айтып жүр­ген, бас­пасөз­де ауық-ауық жазы­лып тұра­тын «клан­дар соғы­сын» ұйым­да­сты­ра­тын — Назар­ба­ев тәр­би­е­леп өсір­ген, оның «шапа­ны­ны­нан шыққан» келе­шек­те­гі мем­ле­кет­тік билік­тен үміт­кер әртүр­лі топ­тар. Олар Назар­ба­ев­тың ықпа­лы­мен Қаза­қстан­ның өздері басқарған аймақта­рын мен­шік­теп алып, өз рула­ста­рын туы­ста­ры мен жер­ле­стерін билік­тің әртүр­лі тар­мақта­ры­на оты­рғы­зып, непо­тизм  жолы­мен күшейгендер.

Мәсе­лен, оңтүстік аймақта – Өмір­зақ Шөке­ев, Қырым­бек Көшер­ба­ев, Бер­ді­бек Сапар­ба­ев бастаған, шығы­ста – Дани­ял Ахме­тов, орта­лық қаза­қстан­да – Ерлан мен Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­дер бастаған клан­дық топ­тар бар. Соны­мен бір­ге, елде­гі негіз­гі құқық қорғау, сот-про­ку­ра­ту­ра орган­да­рын «жеке­ше­лен­діріп» алып, уысын­да ұстап оты­рған Жоғарғы сот­тың экс-төраға­сы, экс-бас про­ку­рор Қай­рат Мами астыр­тын жетек­шілік ететін клан бар. 

Ал Назар­ба­ев­тың үш қызы мен күй­еу бала­ла­ры, шетел­дік­тер – Маш­ке­е­вич, Шоди­ев, Ибра­ги­мов және Ким – Огай тобы пре­зи­дент­тік билік­ке тала­су­шы екі клан­дар­дың жақ­та­ста­ры­на айналған. Бұлар  келесі­дей  топ­тарға бірі­гіп, өза­ра сыбай­ласқан астыр­тын бір­ле­стік­тер  жасақтаған:

1. Дариға Назар­ба­е­ва, оның екін­ші күй­е­уі – Қай­рат Шәрі­п­ба­ев, ұлы – Нұрәлі, сіңілісі – Әлия Назар­ба­е­ва, туы­сқан аға­сы – Болат Назар­ба­ев, КНБ гене­рал­да­ры – Қай­рат Саты­бал­ды, Самат Әбіш, ішкі істер мини­стрі Ерлан Тұрғым­ба­ев, елдің бас про­ку­ро­ры Ғазиз Нұр­дау­ле­тов, Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің төраға­сы Қай­рат Мәми. Бұл топқа ықпал­дас тұлға­лар – Нұр­лан Нығ­ма­тул­лин мен Жоғарғы сот­тың төраға­сы Жақып Асанов.

2. Кұлы­ба­ев Тимур, оның биз­нес қауым­да­сты­ғы­ның жетек­шілері, туы­ста­ры, әйелі – Дина­ра Назар­ба­е­ва, «КНБ»-ның экс-бас­шы­сы Кәрім Мәсі­мов, шетел­дік оли­гарх­тар және т.б

Ал Нұр­сұл­тан әртүр­лі қитұрқы әдіспен дара билік­ті қолы­на алған соң, өзі Шапы­ра­шты рудың тума­сы бол­ма­са да, осы «шапы­ра­шты­лар» кла­нын қол­дан жасақтап, непо­тизм «ауруы­на» шал­ды­ққа­ны бүгін­де бар­ша жұр­тқа мәлім. (Непо­тизм – табысы мол және көр­нек­ті қыз­мет орын­да­ры­на өз туы­сқан­да­рын, жақын адам­да­рын, құда-жек­жат­та­рын жұмысқа орналастыру). 

Назар­ба­ев 30 жыл бойы мем­ле­кет­тік билік­тің жоғарғы саты­сын­дағы жау­ап­ты лау­а­зым­дарға аталған рудың тума­ла­рын оты­рғы­зып, солар­дың көме­гі­мен жеке дара билі­гін сақтап кел­ді. Ол клан­дық жағым­паз-жан­дай­шап­тар дара пре­зи­дент­тік билі­гінің тая­ны­шы болып, оның ең жоғарғы құзыр­лы билі­гінің өмірін ұзар­тып отыр­ды. Соңғы «Қаңтар қырғы­ны» да осы клан­ның билік­ті қол­дан бер­гісі кел­ме­ген, отан­ды сатқан опа­сыздық әре­кеті болып саналады.

Соңғы жыл­дар­ды осы клан­ның құра­мы төмен­де­гі­дей бол­ды (Ресей пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің ана­ли­ти­ка­лық хабар­ла­ма­сын­да «Қаза­қстан­ды Шапы­ра­шты­лар басқа­ра­ды» деген мәлі­мет көрсетілген): 

Есі­мов Ахмет­жан – Назар­ба­ев­тың жиені;

Тұрғым­ба­ев ЕрланҚР ішкі істер министрі;

Абы­қа­ев Нұр­тайҰҚК экс-төраға­сы, Сенат төрағасы;

Қасы­мов Қал­мұқан­бет – ІІМ-нің экс-мини­стрі, ҚР Қауіп­сіздік Кеңесінің хатшысы;

Нұр­дау­ле­тов ҒизатҚР Бас прокуроры;

Бай­жа­нов Ғабит – «Сыр­Бар» Сыр­тқы бар­лау қыз­меті директоры;

Бай­бек Бауы­р­жан – Алма­ты қала­сы­ның экс-әкі­мі, «НұрО­тан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орынбасары;

Бала­е­ва Айда – Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры, Ақпа­рат және қоғам­дық даму экс-министрі;

Аба­ев Дау­рен – Пре­зи­дент әкім­шілі­гі жетек­шісінің экс-бірін­ші орын­ба­са­ры, Мәде­ни­ет және спорт министрі;

Беке­та­ев МаратҚР Әділет министрі;

Сұл­та­нов Бақыт – үш мәр­те үш мини­стр­лік­тің экс-министрі;

Шпек­ба­ев Алик – Сыбай­лас жемқор­лық қар­сы күрес аген­ті­гінің экс-төрағасы;

Айдар­ба­ев Алик – «Қаз­Мұ­най Газ» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның президенті;

Мами Қай­рат – экс-Бас про­ку­рор, экс-Жоғарғы сот төраға­сы, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық Кеңесінің төрағасы;

Саудаб­а­ев Қанат – экс-сыр­тқы істер мини­стрі, экс-мем­ле­кет­тік хатшы;

Әбіш СаматҚР ҰҚК төраға­сы­ның төраға­сы­ның бірін­ші орынбасары;

Саты­бал­ды Қай­ратҚР ҰҚК генералы;

Ары­стан­бек Муха­ме­диұ­лы – экс-мәде­ни­ет және спорт министрі;

Мұх­тар Аюба­ев – ерекше құры­лған қару­лы бөлім­нің қолбасшысы;

Шахрат Нұры­шев – Сыр­тқы істер мини­стрінің  бірін­ші орынбасары;

Қай­рат Шәрі­п­ба­ев – «КазТранс­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның президенті.

Бұлар билік­ке сыбай­ла­стық жол­мен келіп, енді сол орын­дар­дан айрыл­мау үшін, тіп­ті бол­маған­да, айры­лып қала­тын­дай күн туғанға дей­ін елдің бай­лы­ғын сорып қалу үшін кел­ген, өздерін уақыт­ша отыр­мын деп есеп­тей­тін, бір­не­ше елдің пас­пор­тын қал­та­сы­на салып алып, басқа  күн туар мезет кел­ген­де қашуға дай­ын ниет­те­гілер. («Обще­ствен­ная пози­ция» — «DAT» жоба­сы, №21 (245) от 29 мая 2014 г.).

Есенға­зы ҚУАНДЫҚ, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн