Пятница , 25 апреля 2025

Қазалыда жылына 5 000 тонна күріш өңдейтін зауыт іске қосылды

Аудан орта­лы­ғы Әйте­ке би кен­тін­де­гі біре­гей жоба­ның жал­пы құны 501 млн тең­гені құрай­ды. Оның 155,2 млн тең­гесі «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ тара­пы­нан алын­са, қалған 345,8 млн тең­гені  серік­те­стік өз есебі­нен қар­жы­лан­ды­рған. Өндіріс орнын­да  10 адам тұрақты жұмыспен қам­ты­лған.  Қазір­гі таң­да ақталғаш күріш елі­міз­ден бөлек Ресей, Укра­и­на, Өзбек­стан елдеріне экспортталуда.

Серік­те­стік дирек­то­ры Әну­ар Абы­ха­но­втың айтуын­ша, негізі­нен «Жан­кент Агро» серік­те­сті­гі 2021 жылы құры­лған. Шару­а­шы­лық  күріш, жоңы­шқа дақыл­да­рын егу­мен айна­лы­са­ды.  Биыл­дың өзін­де 292 гек­тар жер­ге күріш дақы­лын егіп, суға басты­рып­ты. Шару­а­шы­лы­қта 35 адам еңбек етеді. 

Жал­пы, биы­лғы жылға Қаза­лы ауда­ны бой­ын­ша бар­лы­ғы 17 377 гек­тарға ауыл шару­а­шы­лы­ғы дақыл­да­рын орна­ла­сты­ру жос­пар­ланған. Соның ішін­де дән­ді дақыл­дар 6 637 гек­тар, май­лы дақыл­дар 65, кар­топ, көкөніс, бақ­ша 2384, мал азы­қтық дақыл­дар 8 291 гек­тар бол­са, сыр салы­сы 6 200 гек­тар­ды алып жатыр.

Көк­тем­гі егіс сыз­ба­сын даяр­лау бары­сын­да әрта­рап­тан­ды­ру бағы­тын­дағы жұмыстарға да ерекше мән беріліп отыр. Бұл тұрғы­да өткен жыл­мен салы­сты­рған­да жаз­дық бидай – 81, жаңа жоңы­шқа – 126, ескі жоңы­шқа 112 гек­тарға артық егіл­ген. Ал негіз­гі дақыл  – күрі­штің көле­мі 250 гек­тарға азайған.

Соны­мен қатар  азық-түлік қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да кар­топ, көкөніс, бақ­ша дақыл­да­рын қосым­ша егу үшін 146 гек­тар жер­ге бар­лы­ғы 281 адам бірі­гіп, дән себу жұмыста­рын жүр­гізді. Нәти­же­сін­де, 15 гек­тар кар­топ, 35 гек­тар көкөніс, 46 гек­тар бақ­ша дақыл­да­ры егілді.

Өз кезе­гін­де Қаза­лы ауда­ны­ның әкі­мі Мей­рам­бек Шер­маған­бет зауыт жұмысы­на оң баға беріп, алдағы жос­пар­ла­ры­на  қол­дау біл­діріп отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызы­лор­да облысы

aikyn.kz

Республиканский еженедельник онлайн