Суббота , 11 октября 2025

Қандастарымыз – қазақ қоғамына дер кезінде егілген екпе тәрізді

Бура­хан ДАҚАНОВ,«Тәуекел» ұйы­мы­ның жетекшісі:

– Бура­хан мыр­за, «Күн арты­нан күн туар, бір күн дамыл еткіз­бес. Ой арты­нан ой қуар, жел­ге мін­сең жет­кіз­бес» деп даны­шпан Абай айтқан­дай, тағы бір жыл тарих жыл­на­ма­сы­на жазыл­ды. Біз қан­ша жер­ден түр­кі, мұсыл­ман халы­қта­ры үшін Жаңа жыл науры­зда кіреді десек те, дүни­е­жүзілік қоғам­да­сты­қтың ортақ ұста­ным­да­ры­нан шет қала алмаймыз.

Халы­қа­ра­лық күн­тіз­бе бой­ын­ша ХХІ ғасыр­дың алға­шқы шире­гін қоры­тын­ды­лай­тын жаңа – 2025 жыл бастал­ды. Рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев ұлт газеті – «Ана тіліне» көлем­ді сұх­бат беріп, өткен жыл­дың нәти­же­лерін қоры­тын­ды­ла­ды, алда атқа­ры­ла­тын мін­дет­тер­ді айқын­да­ды. Қара­пай­ым аза­мат ретін­де сіздің пікіріңіз қалай? Өткен жыл несі­мен есте қал­ды, тағы қан­дай істер атқа­ры­луы керек еді? Егер атқа­рыл­ма­са, оған не кедер­гі бол­ды деп ойлайсыз?

– Иә, мен Пре­зи­ден­ті­міздің бұл сұх­ба­тын толық оқып шықтым. Эко­но­ми­ка, демо­кра­тия, қоғам­дық даму, мем­ле­кеті­міздің бола­шағы тура­лы, тағы басқа да қазір­гі болып жатқан сая­си жағ­дай­лар жай­ын­да біраз дүни­е­лер айты­лған екен.

Менің ойым­ша, 2024 жылы біраз нәр­се бол­ды. Жал­пы, бола­тын нәр­се қай кез­де де бола­ды, есі­міз­де тек біз сол кез­де қалай әре­кет еттік, жағым­сыз жағ­дай­лар­дың сал­да­ры­мен қалай күре­стік – сол ғана қала­ды. Мыса­лы, был­тыр болған ала­пат су тасқы­ны көп­те­ген мем­ле­кет­тік құры­лым­дар мен меке­ме­лер­дің мұн­дай ауқым­ды апат­тарға дай­ын еме­сті­гін көр­сет­ті. Бірақ шама-шарқы­мыз кел­ген­ше ел болып, мем­ле­кет болып, үкі­мет болып, әйте­уір қиын­ды­қты еңсер­дік. Қалай десек те, бұл апат Қаза­қстан халқы­ның бір­лі­гін, қиын кез­де жұмы­лған жұды­ры­қтай ерекше бірі­ге ала­ты­нын көрсетті.

Біздің Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын да су басты, сол кез­де мен басқа жақтар­дан, оңтүстік өңір­лер­ден қан­ша­ма ерік­тілер, қан­ша­ма жігіт­тер келіп, тасқын­нан зардап шек­кен халы­ққа шын пей­іл­дері­мен көмек­тес­кенін өз көзім­мен көр­дім. Түр­кістан, Қызы­лор­да, Алма­ты жақтағы көп­те­ген ағай­ын үлкен жүк көлік­терін жал­дап, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәр­мек – бәрін жібер­ді. Мен өзім де 5–6 КамАЗ-дың келуіне себеп­кер бол­дым, жүк­ті де өзім түсірдім.

Ал үкі­мет­ке кел­сек, Пет­ро­павл маңын­да бір-екі үлкен елді мекен­ді, қала­ның өзін­де кей­бір шағын аудан­дар­ды су басып кет­ті, соның орны­на бір жаңа ықшам аудан салып бер­ді. Қысқа­сы, қолы­нан кел­ген­ше Үкі­мет те, халық та бір­ша­ма жақ­сы жұмыс істеді.

2024 жыл тағы несі­мен есте қал­ды деген­де, мен Дүни­е­жүзілік көшпен­ділер ойы­нын айтар едім. Шыны керек, осы ойын қазақ халқы­ның тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, этнос ретін­де­гі ұлт­тық ерекшелік­тері­мізді бүкіл әлем­нің тануы­на үлкен сеп­ті­гін тигізді деп ойлай­мын. Бұл біздің қан­дай мем­ле­кет екені­мізді, қай­дан шыққа­ны­мыз, өзі­міздің ұлт­тық ойын­да­ры­мыз, идео­ло­ги­я­мыз, мәде­ни­еті­міз болға­ны жай­ын­да бүкіл әлем халы­қта­ры­на кере­мет бір мес­седж бере алды, өзі­мізді таныт­тық деп ойлаймын.

Айта бер­сек, көп­те­ген оқиға­лар орын алды, соның бірі Талғар­да болған қай­ғы­лы жағ­дай. Келе­шек­те Құдай ондай қасірет­тер­ден аулақ қылғай! 2025 жыл елі­міз үшін, ұлты­мыз, мем­ле­кеті­міз, Ота­ны­мыз үшін жақ­сы мүм­кін­дік­тер жылы бола­ды деп сенемін.

– Пре­зи­дент өз сұх­ба­тын­да Талғар қала­сын­да орын алған қыл­мыстық оқиғаға бай­ла­ны­сты айта келіп: «Қазақ халқы шетел­ден кел­ген отан­даста­рын «қан­да­сым» деп, құшақ жая қар­сы алды. Тари­хи Ота­ны­на оралған­дар Қаза­қстан­ның заң­да­ры­на қатаң бағы­нып, қоғам­дық тәр­тіп­ті сақтап, заң­сыз әре­кет­тер­ден аулақ болуы керек. Олар бұрын өздері тұрған елде билік­тің тала­бын сақтап, ондай әре­кет жасаған жоқ қой?!» – деп, құд­ды біздің елі­міз­де қоғам­дық тәр­тіп­ті тек сырт­тан көшіп кел­ген қан­даста­ры­мыз ғана бұзып, заң­сыз әре­кет­тер­ді де солар жасап жатқан­дай айтып қал­ды. Бұл 2011 жылы Маңғы­ста­уда мұнай­шы­лар жеті ай бойы ере­уіл­деп жатқан кез­де бұры­нғы пре­зи­дент жағ­дай­ды рет­теп қай­ту­ды тап­сы­рған Тимур Құлы­ба­ев­тың «Бәрі орал­ман­дар екен» деп, қол­ды бір сіл­теп қай­тқа­нын­дай және бүкіл қан­дастар­дың, соны­мен бір­ге дұрыс ойлай­тын бар­лық отан­даста­ры­мы­здың көңілін қал­ды­ра­тын­дай жағ­дай бол­ды. Аны­ғын айт­сақ, 16 жасын­да шей­іт кет­кен Шер­зат – Қаза­қстан­да туып-өскен жет­кін­шек. Оның ата-ана­сы КСРО тара­май тұрған­да-ақ көшіп кел­ген. Бір сөз­бен айт­сақ, билік бұрын да қан­ша жер­ден көші-қон сая­са­тын жүр­гізді десек те, қан­даста­ры­мы­здың көбірек кел­генін қалаған жоқ. Бүгін де солай сияқты. Сіз көші-қон­мен, соның ішін­де сол­түстік­ті қаза­қтан­ды­ру­мен айна­лы­сып жүр­ген аза­мат­сыз. Бұған не дейсіз?

– Пре­зи­дент Талғар­дағы қай­ғы­лы оқиға, Шер­зат мәсе­лесі жай­лы айта келе, одан кей­ін қан­дастар­ды тіл­ге тиек етіп, заң­сыз әре­кет­тер, заң бұзу­шы­лық деген сөз тір­кестерін бір­ге қол­данға­ны өте өрес­кел қателік деп түсі­не­мін. Шыны керек, қара­пай­ым халы­қтың ара­сын­да жал­пы шет­тен кел­ген аза­мат­тар­ды шет­те­ту, бөлу деген сияқты бірен-саран әңгі­ме болға­ны­мен, бірақ мына­дай үлкен мем­ле­кет­тік билік дең­гей­ін­де Пре­зи­дент­тің аузы­нан айты­ла­тын сөз емес еді бұл!

Көші-қон мәсе­лесі, соның ішін­де қаза­қтар­ды сол­түстік­ке көп­теп қоны­стан­ды­ру­ды наси­хат­тап, осы жақтағы қан­дастар­мен ара­лас-құра­лас жүр­ген­дік­тен, олар тура­лы қалып­тасқан біраз ой-пікір­лерім бар. Менің ойым­ша, дәл қазір­гі ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның әлсізді­гі­нен өзге тіл­мен ауы­рып, созыл­ма­лы сырқатқа шал­ды­ққан Қаза­қстан халқы­на, қазақ қоға­мы­на осы қан­даста­ры­мыз дер кезін­де егіл­ген екпе тәрізді. Мен өзім солай түсі­не­мін. Өйт­кені шетел­де тұра­тын қаза­қтар – кеңе­стік езгіні көр­ме­ген, арқа­сы­на кеңес үкі­метінің қам­шы­сы тиме­ген, орыс тілін біл­мей­тін, қысқа­сы оры­стың идео­ло­ги­я­сы­мен ауыр­маған жан­дар. Сол бауыр­ла­ры­мыз дәл қазір елге ауа­дай қажет! Біз осы­ны терең түсі­нуі­міз керек.

Негізі біз­де мына­дай: сол­түстік­ке көшіп кел­ген бауыр­ларға, қан­дастарға көмек берей­ік, қина­лып кел­ген оларға көмек керек деген сияқты қасаң пікір қалып­та­сып қалған. Шын­ту­ай­тқа кел­ген­де, мен көп жер­де айтып жүре­мін, керісін­ше, олар біз­ге көмек­ке келіп жатыр. Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­да қиын­ды­қтар өте көп, орыс тілінің дәу­рені жүріп тұр, оны өздеріңіз жақ­сы біліп отыр­сыздар, дәл осын­дай жағ­дай­да қан­дастар біз­ге ауа­дай қажет. Оларға – біз мұқтаж­быз. Біле біл­ген адам дәл қазір­гі гео­са­я­си жағ­дай­да елі­міз­де болып жатқан басқа да дүни­е­лер­ді сара­лап, біліп оты­рған түй­сі­гі бар аза­мат­тар бұл мәсе­лені жетік түсі­неді деп ойлай­мын. Әйт­пе­се біздің қоғам­да шет­тен кел­ген ағай­ын­дар тура­лы: олар зама­нын­да қашып кет­кен, ашар­шы­лық кезін­де кетіп қалған деген сияқты небір өсек айта­тын, олар­ды бөліп-жара­тын­дар адам­дар бар. Сол адам­дар сәл-пәл ізденіп, білі­сетін бол­са, ойла­ры өзге­рер еді. Мыса­лы, Қытай­дағы қан­дастар біздің бұры­нғы ата қоны­сы­мы­здан көшіп келіп жатыр. Сол сияқты Өзбек­стан, Қарақал­пақстан­нан, тіп­ті мына Ресей­дің Орын­бор, Аст­ра­хань облы­ста­ры­нан келіп жатқан қаза­қтар да – баяғы­дан біздің ата-баба­ла­ры­мыз қоны­станған аймақтар­дан келіп жатқан ағайындар.

Тағы бір айта­рым – халы­қтың ара­сын­да: ойбай, олар орал­ман­дар деген сияқты түсінік­пен қарай­тын­дар да кез­де­седі. Енді осын­дай қара­пай­ым, ауыл­да жүр­ген аза­мат­тар­дың пікірін осы­лай­ша үлкен билік­тің, мем­ле­кет­тің дең­гей­ін­де айту маған өте қат­ты тиді, шыны керек. Мен сияқты қан­ша­ма адам­ның көңіліне қаяу түс­кенін Құдай білсін!

«Аңда­май сөй­ле­ген ауыр­май өледі» дей­ді халық дана­лы­ғы. Сон­ды­қтан бола­шақта қан­дастар жай­ды ой айтқан­да, сөз тір­кестерін қол­данған­да, сәл-пәл ойла­нып, басқа­ша айту керек дер едім. Мәсе­лен, Шер­заттың әкесі Қаржау­бай елден кетем деген әңгі­ме айтқан кез­де мен әле­умет­тік желілер­ге өз ойым­ды жаз­дым. Дәл қазір­гі уақыт­та Қаржау­бай­дың мәсе­лесін бүкіл әлем қаза­қта­ры бақы­лап отыр. Мен өзім де «Ват­сап­тағы» Дүние жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы және басқа да чат­тар­да оты­ра­мын. Олар­да Өзбек­стан, Түр­кия, Монғо­лия қаза­қта­ры, қысқа­сы, біраз жер­дің қаза­қта­ры бар. Солар­дың бәрі жіті қадаға­лап, тек­серіп отыр. Сон­ды­қтан Шер­заттың қай­ғы­лы қаза­сы­на бай­ла­ны­сты тер­геу, сот аса бір әділет­тілік­пен өтуі керек. Егер кіш­кене бір әділет­сіздік орын алса, ол көш­ке қат­ты әсер ете­ді деп ойлай­мын. Сол себеп­ті Пре­зи­дент тара­пы­нан, билік тара­пы­нан осы қыл­мыстық іске қат­ты назар ауда­ры­лып, кінәлілер­дің бәрі заң негізін­де әділет­ті жаза­сын алуы тиіс!

– Көші-қон­ның қазір­гі жағ­дайы көңіліңіз­ден шыға ма? Жал­пы, алыс-жақын шетел­дер­де тұра­тын 7 мил­ли­он­дай қан­да­сы­мы­зды Жер бетін­де­гі жалғыз да ортақ Ота­ны­мы­зға мей­лін­ше көбірек орал­ту үшін не істеу керек? Өйт­кені, менің­ше, Жаңа Қаза­қстан­ды құруға олар да өз үле­стерін қосуы тиіс! 

– Шетел­де­гі ағай­ын­ның Ата­жұр­тқа көшіп-қоны­ста­нуы­на кел­сек, негізі көш ақы­рын­дап бол­са да жүріп жатыр. Өзбек­стан­нан келетін ағай­ын­дар көп жағ­дай­да оңтүстік­ті мекен­дей­ді. Қытай­дан кел­ген қан­дастар­дың көбі Жеті­су­да, Түрк­мен­стан­нан келетін­дер Маңғы­ста­уда тұрақтап жатыр. Бірақ сол­түстік өңір­лер­ге көшіп келіп жатқан­дар салы­стыр­ма­лы түр­де аз. Ол бір жағы­нан кли­мат­тық ерекшелік­тер­ге, басқа да жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты болуы мүмкін.

Бір қызық жағ­дай бол­ды, Қытай­дан үш аға­мыз келіп, Қаза­қстанға көшіп кел­сек, қан­дай жағ­дай­лар жаса­ла­ды, жер бере ала ма деген сияқты сұрақтар қой­ды. Олар 1,5 млрд халы­қтың ішін­де оты­рып, мал баққан, қыста – қыста­уы, жаз­да – жай­ла­уы, күз­де – күзе­уі, көк­тем­де – көк­те­уі болып, төрт түлік­ті түлет­кен аза­мат­тар екен. Солар­ды Қаза­қстанға шақы­рып, әлем­де жер көле­мі бой­ын­ша тоғы­зын­шы орын­да тұра­тын елде «жер жоқ!» деп қар­сы алдық.

Менің­ше, Ата­ме­кен­ге көшіп кел­гісі келетін аза­мат­тар­ды осы Сол­түстік Қаза­қстанға қарай бағыт­тап, оларға жер беру жүй­есін бір рет­ке кел­ті­ру керек. Өйт­кені Қытай­дағы, Өзбек­стан­дағы, Монғо­ли­ядағы қан­даста­ры­мы­здың көбі жер, мал шару­а­шы­лы­ғы­на өте бей­ім. Соны­мен бір­ге олар­дың ара­сын­да басқа да мықты маман­дар, мұғалім­дер, әйгілі спорт­шы­лар, табысты кәсіп­кер­лер де бар. Қазір­гі кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­те де шет­тен кел­ген қазақ ағай­ын­дар­дың бірен-саран өкіл­дері отыр.

Осы жағ­дай­лар­дың бәрін еске­ре оты­рып, шет­тен кел­ген қаза­қтар Қазақ мем­ле­кетінің, жаңа қаза­қи мәде­ни­ет­тің, ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның дамуы­на өз үле­стерін қосып жатыр деп есеп­тей­мін. Сон­дай-ақ шет­тен кел­ген қан­дастар­дың үлкен әле­умет­тік топ, сая­си күш екенін біздің билік те, халық та мой­ын­да­уы керек. Өйт­кені тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да бір жарым мил­ли­он­нан астам ағай­ын көшіп кел­ді, оның табиғи өсі­мі төрт мил­ли­он­нан асты. Бұл – Қаза­қстан халқы­ның төрт­тен бір бөлі­гін құрай­ды, үлкен бір қауым. Енді сол үлкен қауым­ды елі­міздің дамуы­на тиім­ді пай­да­ла­на білуі­міз керек. Яғни, олар­ды жер­гілік­ті мәс­ли­хат­тарға сай­лап, мем­ле­кет­тік жау­ап­ты қыз­мет­тер­ге тағай­ын­дап, бел­сен­ділі­гін, жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­рып, ел игілі­гі жолын­да еселі еңбек ету­леріне жол ашуы­мыз керек.

Олай дей­тін себебім, біздің Сол­түстік Қаза­қстан облы­стық мәс­ли­ха­тын­да көшіп кел­ген ағай­ын­дар­дан сай­ланған бір ғана депу­тат бар. Ол – кезін­де Монғо­ли­ядан көшіп кел­ген Ербақыт Аман­тай­ұ­лы деген аза­мат. Қазір кезін­де Мағ­жан Жұма­ба­ев іргесін қалаған «Сол­түстік Қаза­қстан» газетін басқа­рып оты­рған мықты жігіт. Әрбір аудан, облы­ста осын­дай аза­мат­тар­дың қата­рын көбей­туі­міз керек.

Қазір этни­ка­лық қаза­қтар­ды тари­хи Ота­ны­на тар­ту саябыр­сып қал­ды. Оған басты себеп­тер­дің бірі кезін­де Н.Назарбаев құрып бер­ген Дүние жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы мен «Отан­дастар» қоры­ның бір-бірі­мен жау­ла­суы болып тұр. Бұл еке­уі бір құры­лым болға­ны­мен, бөлек жұмыс істей­ді. Тіп­ті «Отан­дастар» қоры биыл­дан бастап елге сырт­тағы бауыр­ла­ры­мы­зды шақы­ру­дан өздерінің жау­ап­кер­шілі­гін алып тастап жатыр. Дүние жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы басты­ғы­ның аты бар да, заты жоқ. Нақты жұмыс атқа­ра алмай, мар­дым­сыз күй кешу­де. Сол себеп­ті дәл қазір­гі уақыт­та әлем­де­гі қаза­қтар­дың Ата­жұр­тқа қарай ат басын бұруы­на түрт­кі бола­тын­дай үгіт-наси­хат, түсін­ді­ру, ұйым­да­сты­ру жұмыста­рын жүр­гі­зу мақ­са­тын­да бір дер­бес меке­ме құры­луы керек деп ойлаймын.

Сол­түстік­ке көшу – ол негізі бір бағыт, сала ғой, бірақ жал­пы ішкі, сыр­тқы көші-қонға жау­ап беретін жеке бір құры­лым болуы тиіс! Кезін­де бол­ды, қазір ол жабы­лып қал­ды. Сөй­тіп көші-қон­мен айна­лы­са­тын дүни­е­лер­ді Еңбек мини­стр­лі­гінің ішіне әкеп тығып қой­ды. Тағы бір өкілет­ті­гін Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне, Көші-қон поли­ци­я­сы­на беріп қой­ды. Сөй­тіп, сан-саққа бөліп таста­ды. Егер біз­де көші-қон­ды тым бол­ма­са кіш­кене түзей­ік деген ниет бол­са, онда біз­ге жеке бір құры­лым, яғни бюро­кра­ти­я­ны азай­та­тын шара­лар керек. Мыса­лы, шет­те­гі қаза­қтар­дың елге келуі үшін құжат жаса­уда про­бле­ма­лар өте көп. Ата­ме­кеніне бірін­ші рет келіп тұрған адам қай қала­да не барын біл­мей­ді, шека­ра­да шешіп тастай­тын мәсе­ле­лер­ді ықти­яр­хат алу, тағы басқа толып жатқан мәсе­ле­мен естерін шыға­ра­ды. Тіп­ті кей­біре­улер бері қарай келеді де, аза­мат­тық ала алмай, жүріп-жүріп, кері қай­тып жатқан жағ­дай­лар бар. Монғо­ли­яға бір­не­ше аза­мат қай­тып та кет­ті. Халық та, билік те ең алды­мен біз­ге қан­дастар не үшін қажет екенін түсі­нуі­міз керек! Идео­ло­ги­я­лық тұрғы­дан да, эко­но­ми­ка­лық, демо­кра­ти­я­лық, демо­гра­фи­я­лық тұрғы­дан да олар біз­ге ауа­дай қажет!

 «Елге ел қосыл­са – құт» деген­дей, көшті көбей­ту үшін не амал, қан­дай тетік жасау керек деген­де, ең бірін­ші осы болып тұр. Қазір мем­ле­кет­тік емес, халы­қа­ра­лық дең­гей­де осы көшпен айна­лы­са­тын бір меке­ме керек. Қан­дастар­дың құжат­та­рын жаса­уға, кво­та алуы­на сеп бола­тын, қан­дас ста­ту­сын алу мәсе­лесін оңтай­лы шешу үшін ол аса қажет.

Көшіп келіп жатқан ағай­ын қан­дас мәр­те­бесін неге алуы керек, оны көп адам түсін­бе­уі мүм­кін. Мыса­лы, бауыр­ла­ры­мыз шетел­ден жай еңбек эми­гран­ты болып көшіп келетін бол­са, құжат мәсе­лесін­де оларға көп мүм­кін­дік беріл­мей­ді. Егер қан­дас мәр­те­бесін алса, одан кей­ін кво­та, құжат жөн­деу, жеңіл­дік­тер мәсе­лесін­де жақ­сы көмек­тер көр­сетіледі. Өкініш­ке қарай, сол көмек саябыр­сып тұр. Сон­ды­қтан «Сен де бір кір­піш дүни­е­ге, кеті­гін тап та, бар, қалан!» деп Ұлы Абай айтқан­дай, көші-қон­ды үдетіп, әр қан­да­сы­мы­зды өз кеті­гіне орна­ла­сты­рып, әлем­де­гі жалғыз да ортақ Ота­ны­мы­здың кәдесіне жара­туға мүм­кін­дік­тер жасап беретін үлкен бір жау­ап­ты халы­қа­ра­лық, мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі ұйым керек. Қазір «Отан­дастар» қоры да, Дүние жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы да бар­лық ресур­ста­рын бітір­ді. Енді Жаңа Қаза­қстанға тән осы көш мәсе­лесін ілгері және үде­мелі дамы­та­тын жаңа ұйым керек болып тұр.

– Оған қан­дай негіз, нен­дей себеп­тер бар?

– Өйт­кені жаңа көшіп кел­ген қан­дас бел­гілі бір жағ­дай­да қай­да бара­рын біл­мей­ді. Мыса­лы, үйінің сапа­сы дұрыс емес, ол қай­да бара­ды? Барып әкім­дік­ті шула­та­ды, құжа­ты дұрыс бол­ма­са да, қай­та­дан әкім­дік­ке бара­ды. Олар көші-қон поли­ци­я­сы­на жібе­реді. Қысқа­сы, есін шыға­ра­ды. Дәл қазір облыс орта­лы­қта­рын­да соған қаты­сты бір жер­ден шаруа­сын, үкі­мет­тен беретін көме­гін, басқа­сын шешетін депар­та­мент сияқты бір офис, фили­ал­да­ры ашы­ла­тын бол­са, қан­дастар жер шару­а­шы­лы­ғы, мал шару­а­шы­лы­ғы бола ма, әйте­уір өз ісі­мен айна­лы­сып, тастай батып, судай сіңіп кетер еді. Менің айтар басты дүни­ем – осы.

Одан басқа аза­мат­тық қоғам­ның ара­сы­нан да бір ұйым бол­са. Мыса­лы, мен Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­на келіп, «Тәу­е­кел» деген ұйым құр­дым. Осы уақы­тқа дей­ін шетел­ден кел­ген қан­дастар­дың, оңтүстік­тен көшіп кел­ген аза­мат­тар­дың да жоғын жоқтай­тын, арқа сүй­ей­тін ештеңе жоқ. Сол үшін құр­дым. Мен шет­тен, оңтүстік­тен көшіп келіп тұрақтап жатқан аза­мат­тар­ды үзең­гіле­стер деп айтқан­ды жақ­сы көре­мін. Сол үзең­гіле­стер­дің арқа сүй­ей­тін, бара­тын жері – осы «Тәу­е­кел» ұйы­мы болуы керек деп ойлай­мын. Әрбір облы­ста осын­дай ұйым­дар құры­луы керек. Өйт­кені Үкі­мет те, билік те – бәрі ойлай­ды, сырт­тан кел­ген қан­дасқа аз-мұз кво­та­сын бер­сек, ақша­сын, үйін, жұмысын бер­сек бол­ды, про­бле­ма шешіл­ді деп. Жоқ, мүл­де олай емес. Бірін­ші­ден, оңтүстік­тен сол­түстік­ке көшіп кел­ген неме­се Қытай­дан, Монғо­лия, Өзбек­стан­нан көшіп кел­ген аза­мат­тар­дың мен­та­ли­тетін­де жер мен көк­тей айыр­ма­шы­лық бар. Оған кли­мат­тық, эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­лар­ды қосы­ңыз. Айта­лық, Қытай­дағы Шәу­е­шек, Үрім­ші­ден кел­ген­дер Сол­түстік Қаза­қстанға келіп, кей­де айда­лаға кел­ген­дей күй кешеді. Сон­ды­қтан Үкі­мет­тің «үйін бер­сек, басқа­сын бер­сек бол­ды» деген көзқа­ра­сын өзгер­туі­міз керек. Көшіп келу­шілер­ге қаты­сты инте­гра­ция, соци­а­ли­за­ция, адап­та­ция деген мәсе­ле­лер бар. Кей­бір көшіп кел­ген­дер­дің ара­сын­да қан­дас бол­сын, басқа бол­сын – кел­ген­деріне бір-екі жыл бол­са да, жер­гілік­ті аза­мат­тар­дың үйіне бір рет те қонаққа бар­маған­дар бар. Бұл – өте бір ыңғай­сыз дүние деп білем. Осын­дай мәсе­ле­лер­ді шешу­де Үкі­мет­ке көмек­ші ретін­де біздің «Тәу­е­кел» сияқты қоғам­дық ұйым­дар жұмыс істе­уі керек. Жер­гілік­ті аза­мат­тар мен көшіп келу­шілер­дің баста­рын қоса­тын, бірік­тіретін, бел­гілі бір шара­лар ұйым­да­сты­ра­тын, ара­ла­сып-құра­ла­сып, тіп­ті қыз алы­сып, қыз берісіп, құдан­да­сты­руға да ықпал ететін әле­умет­тік қара­пай­ым шар­ттар­ды жасай­тын орын­дар болуы керек.

– Ал үгіт-наси­хат, ынта­лан­ды­ру, ұйым­да­сты­ру жөнін­де не айтасыз?

– Иә, әлем­нің 40-тан аса еліне тары­дай шашы­рап кет­кен қаза­қтар­ды Ата­жұр­тқа көшу­ге ынта­лан­ды­ра­тын пиар жағы да жетіс­пей­тін сияқты. Мыса­лы, «Отан­дастар» қоры, Дүние жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы­ның өкіл­дері Монғо­ли­яға, Қытай­ға, тағы басқа елдер­ге бара­тын бол­са, ойбай елге көшің­дер дей­ді. Бірақ нақты қай жер­ге, қалай көшу­ге бола­ты­нан айт­пай­ды. Өйт­кені өздері бұл мәсе­лені жақ­сы біл­мей­ді. Сол себеп­ті бел­гілі бір жер­лер­ге бағыт­та­май­ды. Сон­ды­қтан әр облыс өздері бір жеке қор қалып­та­сты­рып, орта­лы­ққа бағы­ныш­сыз, тіке­лей қол­дау көр­се­туі керек деп ойлай­мын. Себебі қан­дастар­дың ара­сын­да эко­но­мист, бух­гал­тер, инже­нер, қар­жы­гер, дәрі­гер, вете­ри­нар, зоо­тех­ник, тағы басқа да маман­дық иелері мен қара­пай­ым жұмыс­шы аза­мат­тар бар. Солар­ды ретіне қарай орна­ла­сты­рып, табыс тауып, бала-шаға­сы­на нәпақа­сын алып бере ала­тын­дай жағ­дай­лар­ды қалып­та­сты­руы­мыз керек.

Сөз басын­да айтып кет­кенім­дей, Қытай­дан, Өзбек­стан­нан кел­ген аза­мат­тар­дың көбі оңтүстік шека­ра­ларға қарай, Алма­ты, Шым­кент сияқты үлкен мега­по­ли­стер­ге көшіп жатыр. Ол жақта жер жоқ. Мыса­лы, Түр­кістан облы­сын­да бір ғана Сай­рам ауда­нын­дағы кіші­гірім аумақта 270 мың адам тұра­ды, Мақта­арал­да – 300 мың. Өздері сый­май оты­рған жер­ге тағы да қан­дастар көшіп келіп жатыр. Ал Сол­түстік Қаза­қстан өңірін­де жал­пы заң­ды түр­де жер жоқ деп айты­ла­ды, бірақ заң­сыз алы­нып қой­ған жер­лер өте көп. Біз­де 100 мың, 200 мың гек­тар жер алып алған адам­дар бар. Оны пай­да­ла­нып отыр. Ол жер заң­ды ма, жоқ па – ешкім тек­серіп жатқан жоқ. Қан­ша­ма ауыл­дар жоға­лып кетіп жатыр. Ауыл­дар­ды құтқа­ру керек деп айта­мыз, ал ауыл­дар қалай жой­ы­лып жатқа­нын түсін­бей­міз. Сол­түстік­те кей­бір ауыл­дар бар, мек­теп­терін­де 10–15 бала ғана оқи­ды. Ал Білім мини­стр­лі­гі тара­пы­нан 15 балаға 10 шақты жұмыс­шы ұстай­ды, мек­теп дирек­то­ры бар, мұғалім­дер, тіп­ті еден жуу­шы ұстау деген өте тиім­сіз, сол себеп­ті білім мини­стрі ол мек­теп­ті жаба­ды. Ол жабы­лған­нан кей­ін мек­теп­те бала­ла­рын оқы­тып, нанын тауып, малын бағып, сол мекен­де оты­рған адам­дар амал­сыз көр­ші елді мекен­дер­ге көшу­ге мәж­бүр. Осы жер­де малын бағай­ын десе, оған мүм­кін­дік жоқ. Оның әйелі жабы­лған мек­теп­те мұғалім бол­ды, мына жер­де­гі мек­теп­те орын жоқ. Үй сатып алай­ын десе, ақша­сы жоқ, өйт­кені жабы­лған ауыл­дағы үй құн­сыз. Сөй­тіп, бір ауыл­ды жабу кесірі­нен бір­не­ше отба­сы үйсіз, күй­сіз қалып отыр.

Қан­даста­ры­мыз сол ауыл­дар­дың азып-тозба­уы­на да өзін­дік ықпал етер еді ғой!

– Негізі, бұл ауыл­дар­ды сақтап қалу оңай, дәл қазір қан­дастар­ды қауым­да­тып, шоғыр­лан­ды­рып көшіріп, он шақты отба­сын бір ауы­лға әкеліп, мыса­лы, Монғо­ли­ядан кел­ген 10 отба­сын бір жер­ге қоны­стан­ды­рып, Қытай­дан, Алтай аймағы­нан кел­ген 20 шақты отба­сын бір ауы­лға қоны­стан­дыр­сақ, жаңағы ауыл­ды жабы­лу­дан сақтап қаламыз.

Ауыл – қазақ тілінің жетілетін жері ғой, қазір біз ауыл­дар­дың жабы­луы арқы­лы қазақ тілінің қол­да­ну аясын тары­л­тып отыр­мыз. Егер қан­дастар­ды көшіріп, ауыл-ауы­лға шоғыр­лан­ды­ра­тын бол­сақ, онда біз бір оқпен бір­не­ше қоян ала­мыз. Одан кей­ін Пет­ро­павл қала­сы­ның маңы­на қоны­стан­дыр­сақ. Қазір бұл қала­да халы­қтың жар­ты­сы­нан көбісі өзге ұлт өкіл­дері. Шаһар­дың Пет­ро­павл аты да осы­ны айтып тұр. Сол қала­ның маңай­ы­на шағын мик­ро­аудан­дар салып, кей­ін қала ішіне де қан­дастар­ды орна­ла­стыр­сақ, біз ұта­мыз. Сол­түстік­те ауыл емес, Тими­ря­зев деген тұтас бір аудан жабы­лай­ын деп тұр. Осын­дай бір аудан­ды алып, оның атын Қорған деп қой­ып, мыса­лы, Қорған деген елді мекен Ауған­стан­да да бар, Иран­да бар, біздің мына Ресей­де де бар. Қысқа­сы, осын­дай атпен бір аудан ашып, көшіп кел­ген­дер­ді шоғыр­лан­дыр­сақ, бел­гілі бір қаза­қи бел­деу қалып­та­стыр­сақ, қан­дай кере­мет. Тағы да айтам, осы дүни­е­лер­ді жасау үшін, біз­ге ең бірін­ші көшіп келу­шілер­ге нақты жау­ап беретін бір құры­лым қажет.

Алды­ңғы жылы Пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы­мен бір­не­ше мини­стр­лік құрыл­ды. Қаза­қстан үшін ұлт­тық даму тұрғы­сы­нан көші-қон мәсе­лесі өте өзек­ті. Осы­ған мән беріліп, тиісті көңіл бөлін­се, Пре­зи­дент­ке тіке­лей есеп беретін Көші-қон агент­ті­гі неме­се Үкі­мет құра­мы­нан жеке мини­стр­лік ашыл­са – нұр үстіне нұр болар еді!

Әңгі­меңіз­ге рах­мет! «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет» бағлар­ла­ма­сын жари­я­лаған Пре­зи­ден­ті­міз бұл ұсы­ны­сы­ңы­зды наза­рдан тыс қал­дыр­май­ды деп үміттенейік!

Сұх­бат­тасқан Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн