Четверг , 4 июня 2026

ТАЗАБЕКТІҢ пиғыл-ниеті ТАЗА МА?

Қан­ды Қаңтар­да Қай­рат аға­сы­мен бір­ге түс­кен суретін өшіріп, шетел асқан адам халы­ққа қай­та ақыл айта бастаған ба? Елдің басы­на күн туған­да елден қаша­тын екі­жүзділер­ден қорқу керек!

Мұха­меджан Таза­бек аға­мы­здың «Мен кешім­ді өткіздім, ал не істей­сің­дер?» деп жазған жаз­ба­сын оқы­дым. Елдің аты­нан емес, өзім­нің атым­нан жау­ап бере салайын.

«Ел Мар­сқа ұшып, әлем ғары­шқа кетіп жатыр» деп дәл сіз ақыл айт­пай-ақ қой­ы­ңыз­шы, Мұха­меджан аға! Әлем­нің ғары­шқа кет­кенін сіз енді көріп отыр­сыз ба? Мен оны осы­дан жиыр­ма жыл бұрын көргенмін.

Жаста­ры­мы­здың миы ула­нып Сири­яға кетіп, қызда­ры­мыз бес еркек­тен талақ алып, қараңғы­лы­ққа кетіп жатқан­да, сол жастар­дың көзін ашу үшін аян­бай күре­сетін кез­де сіз қай­да бол­ды­ңыз, Мұха­меджан аға?

Осы­дан жиыр­ма жыл бұрын миы уланған жастар Сири­яға кетіп жатқан­да, осы ақыл­ды неге айт­па­ды­ңыз, оу ақыл-ойы көп кемең­гер аға?

«8 науры­зды той­ла­у­ға бол­май­ды» деп әйел­дер­дің шүбе­ре­гі­мен, мере­кесі­мен алы­сып, әр үйде той­ып алып, кекіріп оты­рып уағыз айтып, енді қай бетіңіз­бен біз­ге ақыл айтып отырсыз?

Тек­тілік жай­лы сіз айт­пай-ақ қой­ы­ңыз, аға!

Тек­тілер өз ұлты­ның ұлда­рын Сири­яға өлім­ге жіберіп, қарап отыр­май­ды. Олар­ды қараңғы­лы­ққа шақырмайды!

Осы­дан жиыр­ма жыл бұрын Сіз бастаған топ­тың уағы­зда­ры­на той­ған еркек қауы­мы жаһан­да­ну мен цифр­лан­ды­ру­ды емес, әйел­мен алы­су­ды, төрт қатын алу­ды ғана ойла­ды. Сол кез­де­гі әңгі­ме­леріңіз «Жұмаққа бару­ды ойла» деген наси­хат­пен өтті. Соның кесірі­нен біраз мисыздар бұл өмір­ден тезірек кетіп, жұмаққа барып, хор қызда­ры­мен «дема­лу­ды» арман­да­ды. Әлем­мен бір­ге дами­тын кез­де сіз­дер­дің кекіріп оты­рып айтқан уағы­зда­ры­ңы­зды тың­даған еркек­тер әйел­дер­мен арпа­лы­сып жүрді.

Енді келіп елге рен­жисіз. Не деп рен­жисіз, айты­ңыз­шы? Бұл өзіңіз қол­дан жасаған қоғам! Осы­дан жиыр­ма жыл бұрын ел алды­на шығып, халы­қтың несі­бесін жеп жатқан жемқор­лар­мен күрес­кен­деріңіз­де, әйеліне қол көте­ретін­дер­мен күрес­кен­деріңіз­де – біз қазір әлем­ді өзіне қара­та­тын ел болар едік.

«Медиа­да бай­ба­лам сала берің­дер, бәрібір біз жеңдік, мен уағы­зым­ды айта бере­мін» деп отыр­сыз ба?

Кешіресіз, халық бұры­нғы­дай қараңғы емес! Өзіңіз айт­пақ­шы, әлем цифр­ла­нып жатыр. Халық сіздің ақы­лы­ңы­зға мұқтаж емес!

Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы, ҚР Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы күрес қыз­меті – қан­ды Қаңтар­да шетел асып, кофе ішіп кет­кен­дер неге қай­та елге келіп, лек­ция оқи бастаған?

Қай­рат Саты­бал­ды аға­сы кол­ле­дж­де, Мұха­меджан інісі Орал­да лек­ция оқуы­на кім рұқ­сат берді?!

Шұғыл тек­серің­дер!

Ертең Ақор­да­дан Дикий Арман лек­ция оқып тұрмасын!

Айгүл ОРЫНБЕК

Республиканский еженедельник онлайн