Понедельник , 30 июня 2025

Семейдің сиқы КЕТІП ҚАЛДЫ

  • Ақын Олжас Сүлей­ме­нов Семей­ді қал­пы­на кел­тіріп, тари­хи ста­тус мәр­те­бесін бекіту керекті­гін айт­ты деп хабар­лай­ды Dalanews.kz.  Сүлей­ме­нов Семей­ге қазір­ден бастап қол ұшын созба­са, бір кез­дері облыс орта­лы­ғы болған қала уақыт өте қаңы­рап қала ма деп қауіптенеді.

«Рево­лю­ци­яға дей­ін Семей қазақ дала­сы­ның бас қала­сы бол­ды. Сол кез­де­гі интел­ли­ген­ция өкіл­дері осы шаһарға жинал­ды. Алып­тар туған өлке қазақ ақыл-ойы­ның орда­сы еді. Ала­шор­да­ның өкіл­дерінің Семей шаһа­ры бола­шақта Қаза­қстан­ның аста­на­сы бол­са екен деген арма­ны болға­нын жасы­ра алмай­мыз. Алай­да уақыт өте келе Семей жері адам сен­гісіз қиын­ды­қтарға тап бол­ды», – дей­ді ақын.

Семей­дің бүгін­гі аху­а­лы­на алаң­даған ақын қаза­қтың руха­ни аста­на­сы 40 жыл бойы ядро­лық сынақ алаңы­на айна­лып, астаң-кестеңі шыққа­нын тіл­ге тиек етті. Оның пікірін­ше, мұның зардаб­ын бір сөз­бен айтып жет­кі­зу өте қиын. «Сынақтар­дың адам өміріне, қор­шаған ортаға тигіз­ген орас­ан зор зардаб­ын айта келе, Лев Тол­стой өмір сүр­ген «Ясная Поля­на» орыс халқы үшін қан­дай қым­бат бол­са, қазақ үшін алып­тар дүни­е­ге кел­ген Семей де руха­ни­ят­тың орда­сы екенін Мәс­кеу қала­сын­да тіл­ге тиек еттім. Міне, осын­дай жер­де ядро­лық қару­ды сынау, поли­гон жасау бұл ұлтқа, мәде­ни­еті­міз­ге, тарихы­мы­зға деген құр­мет­сіздік деп жет­кіздім», – дей­ді Сүлейменов.

Ақын Семей­дің сиқы кетіп, қатар­дағы аудан дең­гей­іне түсіп қалға­ны­на қын­жы­лыс біл­дір­ді. «Иә, Семей ядро­лық поли­го­ны жабы­лған­да, қала облыс орта­лы­ғы бола­тын. Қазір аудан сияқты. Бұл қан­дай про­гресс? Екі жыл бұрын Семей­де бол­дым. Жай­қа­лып тұрған шаһар­ды көр­медім. Халы­қтың көңіл-күйі де түс­кен. Семей біздің руха­ни аста­на­мыз емес пе? Қала­ның маңы­зды­лы­ғын жоғалт­пай, қал­пы­на кел­тіріп, тари­хи ста­тус мәр­те­бесін бекіту керек. Тари­хи әділ­дік орнап, Семей­дей шаһар­дың қадірін білей­ік. Кеш қалып жүр­мей­ік!» – дей­ді Олжас Сүлейменов.

Dalanews.kz

 

ӘЙЕЛДЕРМЕН арнайы жасақ АЛЫСЫП ЖҮР

  • Әле­умет­тік мәсе­ле­леріне шағым­да­нып, Қызы­лор­да­дан кел­ген оннан астам әйел 27 сәуір­де Ақор­даға бар­мақ болған еді. Алай­да арнайы жасақ олар­дың жолын бөгеп, ары қарай өткіз­беді. Нара­зы­лар­дың ара­сын­да бала жетек­те­ген, аяғы ауыр әйел­дер де болды.

«Біз бас­па­на, жәр­де­мақы, бала күті­мі және ден­са­улық мәсе­лесі бой­ын­ша келіп тұр­мыз. Жер­гілік­ті билік­тің бер­ген уәдесі­нен шар­ша­дық, әле­умет­тік көмек­ті күте-күте төзі­мі­міз тау­сыл­ды, амал­сыздан осын­да кел­дік», – деді олар «Азаттық» тілшісіне.

«Бес балам бар. Бұған дей­ін Қызы­лор­да билі­гіне мәсе­ле­лері­мізді шешіп беруді талап етіп, талай рет бар­дық. Бірақ нәти­же жоқ. Ата­у­лы әле­умет­тік көмек алмай­мын. Біре­удің үйіне тұрақты тір­ке­у­ге тір­кел­ген едім, ол жалған болып шықты, сөй­тіп ата­у­лы көмек алты айға артқа кетіп қал­ды. Бас­па­на кезе­гін­де 2012 жыл­дан бері тұрып келе­міз. Осы уақы­тқа дей­ін не ата­у­лы көмек алмай, ештеңе алмай күн көріп келе жатыр­мыз. Қашан біз­ге көмек беріледі, бас­па­на мәсе­ле­міз қашан шешіледі?» – деді әйел­дер­дің бірі Жанар Нұркенова.

Үш бала­ның ана­сы Пери­зат Әбу­ова да әле­умет­тік көмек­тің мар­дым­сызды­ғы­на шағым­да­нып, «билік­ке үнін жет­кі­зу үшін амал­сыздан жол жүріп кел­генін» айтты.

Алай­да Ақор­даға бара жатқан әйел­дер­дің жолын арнайы жасақ бөгеді. Ашы­нған ана­лар «Сен­дер Тоқа­ев­ты қорғай­сы­ң­дар ма, әлде халы­қты қорғай­сы­ң­дар ма?! Ана мен бала­ны қорғаң­дар!» деп айқай­ла­ды. Ақы­ры Ақор­даға өте алмаған әйел­дер Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гінің алды­на барып, қабыл­дау бөл­месіне жазы­луға тырысты.

Azattyq.org

 

2020 ЖЫЛДЫҢ «ЖЕМІСІ»:

11 әкім, бес сот, бір елші жазаға тартылды

  • 2020 жылы сыбай­лас жемқор­лық үшін 11 әкім, бес сот пен бір елші жаза­ға тар­тыл­ды, делін­ген Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл ұлт­тық баяндамасында.

«Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет тір­ке­ген деректер бой­ын­ша 722 адам сот­ты болған, оны ішін­де 144 бас­шы (оның ішін­де бір облыс әкі­мі, облыс әкім­дерінің төрт орын­ба­са­ры, мини­стр­лік­тің екі жау­ап­ты хат­шы­сы, екі коми­тет төраға­сы, бір елші, бес сот, 10 аудан­дық және қала­лық әкім­дер) бар. 25 аса ауыр, 1368 ауыр қыл­мыстың және 112 жүй­елі түр­де­гі сыбай­лас жемқор­лы­қтың алды алын­ды», – делін­ген баяндамада.

Қаз­ТАГ

Құлаққағыс

Моңғол болып ШЫҚТЫҚ ПА?!

«Қазақ әде­би­еті» гәзеті­нен «Қазақ-қал­мақ – бір туы­сқан» деген мақа­ла­ны оқып (Ораз Қауға­бай. 23.04.2021 ж.), таң­дан­дым да, өкін­дім де.

Таң­данға­ным – тари­хи зерт­те­улер­де қал­мақ (хальмг )– Моңғо­ли­я­ның Шығыс бөлі­гін­де­гі ойрат тобы­ның моңғо­лы. Шыңғыс­хан­ның тұсын­да «жоңғар» (зюн гар) деп аталған. «Сол қанат» деген сөз, яғни әскер­дің сол жақ қана­ты (батыс қана­ты – «барун гар»). Мал өсіру­ші болған соң, жер үшін Қазақ жеріне, Орта Ази­яға, Ресей­ге шабуыл­ды бастаған – солар.

Көп сан­ды қал­мақтар тари­хи оқиға-жағ­да­ят­тарға бай­ла­ны­сты бөл­шек­теніп, әуелі «шажн тән­гр­ге», одан соң «шаманға», содан кей­ін «буд­даға» табы­нған. Бер­тін­де пра­во­сла­вие, мұсыл­ман дін­деріне енген­дері болған. Мақа­ла авто­ры қаза­қты сол мұсыл­ман қал­мақтар­мен «бір туы­сқан», демек, аға­лы-інілі етіп, қаза­қты моңғолға теліп, «зама­на жаңа­лы­ғын» ашқан болды.

Өкін­генім – орыс шови­низ­мін жек­көр­гені баяғы­дан мәлім В.Лениннің әже­сі қал­мақ екені де айты­лып, жазы­лға­лы қашан?! Бірақ арты­қты­ғы жоқ, біл­мей­тін­дер­ге керек болар. Ал қаза­қ­пен құда екенін қай­ран Ленин біл­мей кете барды!..

Бұл өкініш­ке жана­ма­лап қоса­рым – автор Ленин марқұм­ды мадақтап оты­рып, оның «…адам­ды қына­дай қырған Гит­лер, Ста­лин, Мао Цзе Дун» сияқты жауыз бол­маға­ны­на сүй­ініп­ті, алай­да тізіп аталған үше­уді бір қалып­тың кір­пі­шін­дей еткені – тарих­тың «бетін қалқып» жүргендігі.

Жақып БАЙҒАЗЫ,

Семей қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн