- Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде Т4,2 трлн немесе 25%-ға өсті, деп мәлімдеді ҚР сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы күн санап артып келеді. «Бір жылдың ішінде ол Т4,2 трлн немесе 25%-ға өсті», – деп хабарлады ҚазТАГ Перепечинаның сенатта «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауда айтқан сөзіне сілтеме жасап.
Борышқа қызмет көрсету шығыстары өсуде, олар 2021 жылы шамамен Т1 трлн-ға жетті. «Болжамға сәйкес, үкіметтік борышты өтеу шыңы 2023 жылға келеді. Біз Т1,5 трлн табуға мәжбүр боламыз», – деді сенатор.
Жергілікті атқарушы органдардың борышы, оның деректері бойынша, бір жылда екі есе өсті және бұл төрт донор-өңірді қоспағанда, барлық өңірлер субвенциялық болып табылатындығына қарамастан. Олардың міндеттемелерін республикалық бюджетке жүктеу тәуекелдері туындауы мүмкін.
Перепечинаның айтуынша, республикалық бюджет шығыстарының өсуі дәстүрлі түрде Ұлттық қордан Т850 млрд-қа трансферт және тапшылық көлемін Т2,76 трлн-ға дейін немесе ЖІӨ-ге 3,3%-ға дейін ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Тапшылықты қаржыландыру үшін мемлекеттік міндеттемелердің өсу үрдісі қалыптасқан халықаралық қарыздарды пайдалану жалғасуда. Осы мақсатта 2020 жылы 1,5 млрд еуро көлемінде сыртқы қарыз тартылды.
Бұл екі арада, 25 мамыр күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021–2023 жылдарға арналған республика бюджетіне өзгеріс енгізу жөніндегі тиісті заңға қол қойды. Бұл заң бойынша, Қазақстан үкіметінің шығындарын жабу үшін Ұлттық қордың есебінен алынатын трансферттің көлемі 6 триллион теңгеге дейін өскен. Яғни, егер арамтамақ үкімет жылдық бюджеттің кіріс жағын толықтыра алмайтын болса, болашақ ұрпаққа арналған Ұлттық қор жыл сайын тақырлана түседі.
ДАТ-ақпарат
Бұл екі арада
«НҰР ОТАННЫҢ» УӘДЕСІ халықтың есебінен ОРЫНДАЛАТЫН БОЛДЫ
- «Нұр Отан» партиясының сайлауалды уәделерін орындауға бюджеттен қосымша 884 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
«2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, Стратегиялық бастамалар мен мемлекет басшысының тапсырмаларына, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі шараларға бағытталған. (…) Т1,3 трлн сомада қосымша шығындар қарастырылған, оның ішінде «Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға – Т884 млрд бөлінеді», – деді Жамаубаев өткен бейсенбі күні сенаттың жалпы отырысында.
ҚазТАГ
НАЗАРБАЕВҚА тағы бір ескерткіш ҚОЙЫЛАДЫ
- Түркістанда Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсыныс айтылды. Мемлекеттік БАҚ-тың жазуынша, мұндай ұсынысты 24 мамырда «ТҮРКСОЙ» бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджи айтқан.
«Түркістан – түрік әлемінің рухани астанасы: интеграция және ынтымақтастықтың болашағы» атты онлайн-конференция кезінде ол Назарбаевтың түркі халықтарының бірлігін арттыруға қосқан үлесін атап өтіп, Түркістанда оған ескерткіш қоюға болатынын айтқан.
«Түркі әлемінің рухани орталығы – Түркістанда осы қаланың жаңғыруына ықпал еткен, сонымен бірге түркі халықтарының интеграциясына өлшеусіз үлес қосқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынамын. Бұған негіз де көп. Мұндай идея түркі әлеміндегі дана ақсақалға деген ерекше құрметтен туындады, ол мемлекет басшысы бола отырып, түркі халықтарының бірлігін қолдады, қазақ халқын гүлдендіруге ұмтылып, тәуелсіздігін сақтап қалуға күш салды», – деді Билал Чакыджи.
Мемлекеттік БАҚ-тың жазуынша, конференцияға қатысушылар «шетел ғалымының ұсынысын қолдаған».