Четверг , 19 июня 2025

ТАҒЫ ДА МҰРАЖАЙ-МУЗЕЙ ТУРАЛЫ

Мен ақын-жазу­шы­ларға үш қай­на­сам сор­пам қосыл­май­тын адам­мын. Басқа сала­ның мама­ны­мын. Дей тұр­сақ та, қыз­мет­тен қалт етіп, қолы­мыз босай қалған кез­де бәрі­міз­бен «ажы­ра­ма­стай» болып, «біте қай­на­сып» кет­кен қал­та теле­фон­ды бір уақыт жай­ы­на қал­ды­рып, өзім­нің сүй­ік­ті ақын-жазу­шы­ла­рым­ның бала күнім­де, жас кезім­де бас алмай жата-жаста­на оқы­ған әде­би көр­кем шығар­ма кітап­та­рын қазір­гі уақыт­та да қай­та­лап оқып қоя­тын бір әдетім бар…

Біз сол сүй­ік­ті ақын-жазу­шы­ла­ры­мы­здың бірін атап, бірін ата­май, бөліп жар­май-ақ қояй­ық! Кезін­де­гі алды­ңғы буын ата­лар мен аға­лар! Халқы­мы­здың кере­мет клас­сик жазу­шы­ла­ры мен ақын­да­ры! Қан­дай жауһар, алтын қазы­на, тари­хи роман­да­ры мен три­ло­гия, пове­стері мен поэ­ма­ла­рын, том-том кітап­та­рын жазып, өздері о дүни­елік бол­са да, арт­та­ры­на өлме­стей, өмірі өшпе­стей мұра, ізтаң­ба қал­ды­рып кет­кен десеңіз­ші!.. «Жақ­сы­ның аты өлмей­ді, ғалым­ның хаты өлмей­ді» деген қағи­дат­ты тіке­лей айғақтап тұрған тура дәлелі осы емес пе!..

Сол марқұм ата-аға­ла­ры­мы­здың жатқан жер­лері жай­лы да жұм­сақ, жан­да­ры жән­нәт­та болсын!

«Ат тұяғын тай басар» деген­дей, кей­ін­гі орта буын жазу­шы­лар­дан жет­кілік­ті түр­де жар­на­ма­ла­нып жүр­ген жур­на­лист-жазу­шы Сан­жар Керім­бай бауы­ры­мы­здың «Қаныш және ғылы­ми май­дан» мен «Өзбекәлі және мәде­ни май­дан» атты кітап­та­ры қолы­ма тиді. Бас алмай оқып шықтым. Сан­жар бауы­ры­мыз ұрпақтар сабақ­та­сты­ғын жалға­сты­рып, «тың­нан түрен салып», жазу­дың жаңа­ша бір түрін шығарған. Ерін­бей-жалы­қ­пай, жат­пай-тұр­май ізденіп, қат­ты еңбек­теніп, кезін­де айтыл­маған, жазыл­маған шын­ды­қтар­ды, айты­лып-жазыл­са да, еске­русіз қалған қан­ша­ма естелік­тер­ді, жаңа тың деректер­ді тапқан.

Жазу­шы бауы­ры­мыз өз кітап­та­рын­да Қаныш Сәт­ба­ев ата­мы­здың ғылым май­да­нын­да, ал Жәні­бе­ков Өзбекәлі ата­мы­здың мәде­ни­ет май­да­нын­да қан­дай жан­түр­ші­гер­лік жағ­дай­да жүріп, қалай жетістік­тер­ге және жеңістер­ге жет­кенін жақ­сы жазған. Сол кез­де­гі «іштеріне шын­тақ айнал­май­тын», өздері бола алмай­тын іштері тар қызған­шақтар көре алмай, олар­дың атқарған қыз­мет­теріне, жасаған жұмыста­ры­на, ұйым­да­сты­рған шара­ла­ры­на көп­те­ген кедер­гілер кел­тір­ген. Алай­да еке­уі де солар­дың бөгет болып, қия­нат жасаған­да­ры­на аса сабыр­лы­қ­пен төтеп бер­ген. Өздері­мен алы­сқан­дарға есе­лерін жібер­мес үшін қан­дай ерен ерлік­тер­ге барған­да­рын, баста­рын бәй­ге­ге қалай тік­кен­дерін, жат­пай-тұр­май ізден­ген­дерін, қан­ша­ма қинал­са да, қажып-тал­май, қол­да­рын бір-ақ сіл­тей сал­май, оң нәти­желі істер­ді тын­ды­рған­да­рын жазу­шы өте әсер­лі, әрі аса тар­тым­ды баяндаған.

Қаныш ата­мыз сонау Ресей­дің сол кез­де­гі таны­мал оқу орын­да­ры­нан білім алып, бостан-босқа оқы­май, ғылым-білім­ге сүй­еніп, үне­мі ізденіп, ақыр соңын­да атақты оқы­мысты ғалым, ака­де­мик болып шыққан. Қазір­гі елі­міз­де­гі «талан-тара­жға, тала­у­ға, тона­уға» түсіп жатқан жер асты мен жер үсті шексіз бай­лы­ғы­мы­зды, асыл қазы­на­мы­зды, түр­лі-түсті метал­да­ры­мы­зды «ине­мен құдық қазған­дай», үй бетін көр­ме­стен, иен дала мен тау-тасты кезіп жүріп, қан­дай бей­нет­пен іздеп тапқа­ны­на тән­ті бола­сың! Қай­ран қала­сың! Қалай сол мол қор­ды игеріп, елі­міздің, халқы­мы­здың, мұқым Кеңес Одағы­ның игілі­гіне жаратқан?.. Сол ізденіс, бар­лау, зерт­теу кезін­де Мәс­ке­удің оқы­мысты ғалым­да­рын қалай аузы­на қаратқан?

«Қылы­шы­нан қан тамып тұрған» Мәс­ке­у­ге тәу­ел­ді бола тұрып, қалай солар­дың тілін тапқан? Сол жағ­дай­лар­дың бар­лы­ғын кітап авто­ры өте жатық тіл­мен, боя­ма­сыз баян­дап жазып шыққан.

Ал Өзбекәлі ата­мы­зға кел­сек, ол «Оңтүстік­тің ғана ұлы болып қал­май», жал­пы «халы­қтың ұлы»бола біл­ген. Руха­ни­ят пен мәде­ни­ет жана­шы­ры­ретін­де қазақ халқы­ның ежел­гі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тый­ым­да­ры­ның, ән-жыр, күй-би, тер­ме­лерінің ұмыт қал­мауы үшін тер төк­кен. Бары­на иелік жасап, жоғын жоқтап, ізде­стіріп-сұра­с­ты­рып, олар­ды жан­дан­ды­руға бой­ын­дағы бар күш-қуа­тын, қажыр-қай­ра­тын сарқа жұм­саған. Біздің салт-дәстүр­лері­міздің өзге ұлт өкіл­дерінің салт-дәстүр­лерінің көлең­кесін­де қалып қой­мауын, керісін­ше, озық тұруын қай­да жүр­се де басты наза­рда ұстаған. Үне­мі бақы­лап, қадаға­лап отырған. 

Жазу­шы өз кей­іп­кері Өзбекәлі ата­мы­здың жоға­ры үлкен қыз­мет­тер­де жүріп, қалай қара­пай­ым­ды­лық таны­тып, қол астын­дағы қыз­мет­кер­лерінің жағ­дай­ла­рын жасай оты­рып, түсінісіп, басқа да жер­гілік­ті адам­дар­мен қоян-қол­тық ара­ла­сып, ұғы­ны­сып, етене жақын­да­сып, тіл табысып, адал қыз­мет атқарға­нын көр­сет­кен. Торғай облы­сын қалай түлетіп, жан­дан­ды­рып көтер­генін, жүр­ген жерін­де әле­умет­тік нысан­дар сал­дыр­тып, мәде­ни­ет ошақта­рын, театр мен мұра­жай ашты­рып, оған қажет­ті экс­по­нат­та­ры мен жәді­гер­лерін ел ара­лап жүріп өзі жинаға­нын, қажет болған жағ­дай­да сатып та алға­нын сәт­ті сурет­те­ген. Бір сөз­бен айтқан­да, өте қызы­ғу­шы­лы­қ­пен оқи­тын­дай кітап жазып шығарған екен. 

Кітап авто­ры Сан­жар бауы­ры­мы­зға Алла разы бол­сын! Әлі де айта­ры мен жаза­ры көп болсын!

Сөзі­міз жалаң бол­мас үшін, фак­тілер­ге жүгіне оты­рып, жазу­шы Сан­жар бауы­ры­мы­здың «Өзбекәлі және мәде­ни май­дан» атты кіта­бы­ның «Музей мәде­ни­еті» деген мақа­ла­сы­нан үзін­ді кел­ті­ре кетей­ік: 112–117-беттері.

…«Өзбекәлі ұлт­тың сана­сын ояту үшін жаңа жыл мере­кесін де шебер қол­дан­ды. Оның бір қаси­еті – әлем­нің қай қала­сы­на бар­са да, халы­ққа қуа­ныш сый­лай­тын мәде­ни эле­мент­ті іле­стіріп ала келетін. Шама­сы, «Мұз қала­шық» деген кере­мет­ті Мәс­ке­уден көр­се керек-ті. Мұн­дай қала­шық Алма­ты­да жоқ-тын.

Ол 1971 жылы Арқа­лы­қтың қақ орта­сын­да мұз­дан кір­піш ойды­рып, кіші­гірім қала тұрғы­зды. Оның ішіне сырға­нақ, хок­кей алаңын сал­дыр­ды. Қаза­қтың аңыз кей­іп­кер­лерін мұз­дан мүсін­деді. Сол арқы­лы Алдар Көсе, Қожа­на­сыр, Жирен­ше шешен, Қара­шаш ана, Тазша бала, Қаң­бақ шал обра­зын халы­қтың бей­са­на­сы­на сіңіріп жібер­ді. Қала­шы­қтың ара­сы­на неон электр тіз­бе­гі­нен түр­лі жары­қты түр­лен­ді­ре төгіп қой­ды. Бұл кіш­кен­тай­лар­ды ерте­гілер әле­міне енгізіп жібе­ретін мұғ­жи­за­ның нағыз өзі еді. Осы­дан соң бала­лар­дың бәрі сол кей­іп­кер­лер­ді іздеп жүріп оқи­тын кіта­пқұ­мар балаға айналды.

Мұн­дай жасам­паз­дық Өзбекәлінің беделін аспанға бір-ақ шығар­ды. Оның абы­рой­ын көре алмаған біре­улер түн­де қала­шы­қтың бір шетін қира­тып кетіп­ті. Өзбекәлі жаны­на жігіт­терін ертіп, құлаған қабы­рға­ны сол түні қал­пы­на келтірді.

Жаңа жыл мере­кесі Арқа­лы­қта бұрын да өтетін. Бірақ қаза­қтар құлы­қ­сыз қаты­са­тын. Себебі ол жер­ден өздерінің төл мәде­ни­етін көре алмай­тын. Қаза­қы образ­дар оралған соң, олар кез кел­ген мере­кені құл­шы­ны­спен қар­сы алды. Арқа­лы­қта бұрын­нан бас­шы болып жүр­ген Голу­бен­ко осын­дай өзгерісті бай­қап, Өзбекәлі­ге жылы пікір білдірген.

Үш жыл ішін­де Арқа­лы­қта әуе­жай, авто­вок­зал, темір­жол вок­за­лы, пошта, ауру­ха­на, қонақүй салын­ды. Пед­ин­сти­тут, екі арна­у­лы оқу оры­ны, жоба­лау инсти­ту­ты, филар­мо­ния, дра­ма теат­ры, музей ашыл­ды. Халы­қтың өмір­ге деген құштар­лы­ғы күн­нен-күн­ге арта берді.

1970 жыл­да­ры Көк­ше­та­удан музей ашуға бюд­жет­тен қар­жы бөлін­ген. Бірақ музей жаб­ды­қта­ры дай­ын емес еді. Өзбекәлі шебер дипло­ма­ти­я­ның арқа­сын­да сол музей­дің қар­жы­сын Арқа­лы­ққа бөл­гізді. Қар­жы табы­лып, ұзын жіп күр­ме­у­ге кел­ген соң, еркін қимыл­да­ды. Бұры­нғы аудан­дық пар­тия коми­тетінің ғима­ра­ты­нан музей жаса­мақ бол­ды. Әрине, музей ашу оңай емес. Өзбекәлінің тәжіри­бесі де жоқ. «Нар тәу­е­кел – ердің ісі» деп кірісіп кет­ті. Мәс­ке­уде­гі шене­унік доста­ры­на шығып, Ресей­де­гі музей ісінің май­тал­ман маман­да­рын Арқа­лы­ққа алдыр­ды. Олар­дың жағ­дай­ын жаса­ды да, мұра­жай­ға жек­ті. Өзі екі күн­нің бірін­де қаза­қтар тығыз қоны­станған аудан­дарға ісса­парға шығып, экс­по­нат іздеді. Жүр­ген жерін­де жәді­гер­ді түй­сік­пен сезетін руха­ни дерт­ке шал­ды­қты. Оны мына оқиға­дан білу­ге болады:

«Бір­де Өзбекәлі ауыл ара­лап жүріп, бір шопан­ның үйіне тоқта­ды. Қой­шы оны қонақ етіп, ас бер­ді. Астан соң ескінің салтымен:

– Не бұй­ым­тай­ың бар? –деп сұрады.

– Есік­тің алдын­да жатқан не ыдыс? – деді Өзбекәлі.

– Итке тамақ құй­ып жүр­ген ита­яғы­мыз! – деді шопан­ның әйелі.

– Ита­яқ бол­са, иттің егесі сіз ғой. Маған сол ита­яқты беріңіз. Арқа­лы­ққа ала кетей­ін, – деді өтініп.

Бұған шопан да, әйелі де, Өзбекәлінің жанын­да жүр­ген шабар­ман­да­ры да таңқал­ды. «Обком­ның хат­шы­сы ита­яқ сұраға­ны несі?» – деп сұрап жатты…

Сөйт­се, әлгі ита­яқ ХІХ ғасыр­да аға­штан ойып жасалған құн­ды астау екен. Оны ешкім біл­ме­ген. Өзбекәлі ғана айна­ла­сын бағып жүр­ген­де, ита­яққа көзі түсіп, жәді­гер­ді тани кет­кен. Осы­лай­ша қадір­сіз ита­яқ бір апта­дан соң музей­де­гі ең қым­бат жәді­гер­ге айна­лып шыға келді».

Торғай­дағы музей­дің тағы бір қадір­лі жәді­гері – ХІХ ғасыр аяғын­да жасалған аса­дал мен ағаш төсек. Оны жасаған шебер­дің аты бел­гісіз. Бірақ нағыз өнер туындысы дер­сің. Ою-өрне­гі фило­со­фи­яға тұнып тұр. Бұл еке­уін де музей­ге алды­ру қиы­нға соқты. Мүлік­тің иесі жесір әйел екен. Сұрап кел­ген­дер­ге ауыр сөз айтып, бос қай­та­рып­ты. Бол­маған соң, Өзбекәлінің өзі бар­ды. Әйел жылап тұрып: «Айы­пқа бұй­ыр­маңыз. Қадір­лі шалым бұл төсек­те қырық жеті жыл жатқан еді. Бес жыл бұрын дүние сал­ды. Оның көзін­дей болған төсек­ті қалай қиып бере­мін? Бірақ сен «ел үшін» деген аза­мат­сың. Қолы­ң­ды қай­та­руға ұялып отыр­мын. Төсек­ті берей­ін, орны­на дүкен­нен шкаф пен төсек алып берің­дер», – деді.

Өзбекәлі бір­ден келісті. Келіс­кені сол, әйел айнып кете ме деп, үйден шық­пай тұрып, қала­дан су жаңа төсек пен шкаф алдыр­ды. Оны әкел­ген көлік­ке аса­дал мен ескі төсек­ті тиеп, музей­ге жөнел­ді. Содан кей­ін әлгі әйел жылы­на екі рет музей­ге келіп, аса­дал мен шалы­ның төсе­гіне тел­мі­ре көз салып, сағы­ны­шын басып тұра­ды екен.

Бір күні Өзбекәлі күміспен күп­теліп, алты­н­мен апталған кісе бел­беу жай­лы ақпа­рат естіді. Ол бұй­ым­ды бір мол­да марқұ­мға Құран қатым түсіріп беріп, ақы­сы­на алып кет­кен екен. Хабар жет­кен бой­да мол­да­ны іздеу опе­ра­ци­я­сы баста­ла­ды. Үш жыл­дан кей­ін ғана оның «Қай­ы­ң­ды» сов­хо­зын­да тұра­ты­ны аны­қтал­ды. Бел­бе­уді айыр­ба­стау үшін мол­да мен музей ара­сын­да сауда жүр­ді. Кісе бел­бе­удің құны­на ақша, құлын­ды бие, мото­цикл, тіп­ті сол заман­ның үлкен бай­лы­ғы «Моск­вич» көлі­гін де ұсын­ды. Мол­да келіс­пе­ді. Бірақ музей қыз­мет­кер­лері де әккі болып қалған еді. Олар әкесі жоқта бала­сын көн­діріп, кісе бел­бе­уді сауда­лап әке­те­ді. «Жәді­гер қолға түсті» деген қуа­ны­шты хабар жетісі­мен Өзбекәлі: «Енді сақ болы­ң­дар! Бел­беу қол­дан шығып кет­пе­сін!» – деп қатаң тапсырады.

Мол­да да алған беті­нен қайт­пай­тын қай­сар кісі екен. Бел­бе­уді іздеп, Арқа­лы­ққа келеді. Аузы­ның дуа­сы бар ма, әлде ару­ағы үстем түсті ме, «марқұм­ның көзі еді, ең бол­ма­са ел-жұр­ты­на бір көр­сетіп, қошта­сты­рып келей­ін», – деп музей бас­шы­сын сен­дір­ді де, бел­бе­уді алып тай­ып тұр­ды. Мол­де­кең сол кет­кен­нен мол кет­ті. Осы­лай­ша Өзбекәлі сол жәді­гер­ден айы­ры­лып қалды.

Дани­я­лық ойшыл Серон Киер­ке­гард­тың мына пікірін оқы­саңыз, бұл текетіре­сті тез түсі­несіз: «Тір­шілік­ті қалай терең һәм дұрыс бағам­дай­мыз? Ол үшін өткен тарихқа үңі­лу керек. Сосын барып келе­шек­ке батыл қадам жаса».

Совет зама­нын­да «Қаза­қты адам қылған – орыс. Ленин келіп көзін ашқан. Оған дей­ін бетал­ды көшіп жүр­ген сау­ат­сыз, жабайы тай­па болған» дей­тін идео­ло­ги­ядан құлақ тұна­тын. Ал ескі қаза­қтың соңғы тұяғын көріп, сөзін тың­даған мол­да­лар қара жаяу біреу емес. Олар да өткен­нің өси­етін, ескінің кіта­бын, Ыбы­рай оқы­тқан шәкірт­тер­ді көз­бен көр­ген біреу бол­са – таңқал­маңыз. Алаш ары­ста­ры осы­дан отыз бес-ақ жыл бұрын аты­лып кет­кен. 1970 жылы өмір сүр­ген қарт­тар сол тарих­тың бәрін бастан өткер­ген. Сон­ды­қтан совет­тің сөзіне ила­на қой­ма­ды. Олар үшін қазақ руха­ни­я­тын еске сала­тын кез кел­ген жәді­гер киелі әлем­нің қай­нағын­дай көрінеді.

Сон­ды­қтан да әлгі мол­да Өзбекәліні авто­ри­тет сана­ма­са керек-ті. Дәл осын­дай пси­хо­ло­ги­я­лық аху­ал Өзбекәлінің де бол­мысын­да қай­нап жатыр. Өзі тарих­шы. Көшпе­лі өрке­ни­ет­тің ұңғыл-шұңғы­лын терең біледі. Этно­гра­фи­я­мен айна­лы­сып, ұсақ-түй­ек ою-өрнек­тің сим­вол­дық мәнін ұғы­нуға барын салып жүр. Қазақ мәде­ни­етін терең түсін­ген сай­ын, оны әлем­ге таныт­сам деген «дер­ті» тыныш отырғызбайды.

Халы­қтың тари­хи таны­мын оңай оята­тын құрал­дың бірі – ол музей! Музей­ге барған қаза­қтар тари­хи жадын тез тіріл­тіп, орыс көр­се төмен­шік­теп тұра­тын бей­ша­ра пси­хо­ло­ги­ядан ары­ла­ты­нын Өзбекәлі жақ­сы түсін­ді. Сол үшін де оймақтай жәді­гер­ді қалаған баға­сы­на сатып алуға дай­ын еді. Мыса­лы, оның мол­даға ұсы­нған «Моск­вич» көлі­гі – 1970 жыл­да­ры совет ада­мы үшін өңі түгіл, түсіне кір­мес бай­лық. Ақшаң бол­са да, оны сатып ала алмай­сың. Көлік­ті соғыс арда­гер­леріне ғана кезек­пен сата­ды. Сол кезек­тің өзін кемі бес жыл күтесің. Қазір­гі заманға шақ­сақ, әлгі күміс бұй­ым­ды «Lexus»-тің ең соңғы мар­ка­сы­на айыр­ба­стаған сияқты нәрсе.

Ал мол­да­ны дүни­еқоңыз деп тағы айып­тай алмай­сың. Себебі совет зама­нын­да кез кел­ген жәді­гер­ді «қара» база­рға да шыға­ру мүм­кін емес. Сатуға тырыс­саң, спе­ку­лянт деп сот­тап жібе­реді. Сон­ды­қтан мол­да да ол бел­дік­ті басқа жер­де сата алмайды.

Өзбекәлі басы­на қатер төн­діретін бір істі қолға алды. Ол – музей. Және музей­ді совет­тік Қаза­қстан­нан бастаған жоқ. Экс­по­зи­ци­я­ның бірін­ші бөлі­мін «Қазақ мәде­ни­етінің түп баста­уы» деп ата­ды. Оған 2 700 жыл­дық тарихы бар сақ дәуірі ұста­сы­ның құрал-сай­ма­нын жайғастырды»…

Міне, бұл «мәде­ни­ет май­да­ны­ның май­тал­ма­ны» Өзбекәлі ата­мы­здың «теңіз­ге құй­ған там­шы­дай» 2–3 еңбе­гі ғана… Бола­шақты болжай білетін, келе­шек­ті көре біл­ген сұңғы­ла Өзбекәлі ата­мыз мұра­жай ашу­ды «ескілік­тің сарқын­шағын жинау» деп қана қара­ма­са керек!.. Ағар­ту­шы­лық функ­ци­я­сы да бар екенін қат­ты ескер­ген сияқты!          Ал Өзбекәлі ата­мы­здың қалған еңбек­тері мен ерлік­терін толық біліп, қаны­ғып таны­сқы­ңыз кел­се, «Өзбекәлі және мәде­ни май­дан» атты кітап­ты сәті­мен қолы­ңы­зға түсіріп, басы­нан аяғы­на дей­ін оқып шығуы­ңыз керек!..

Жазу­шы Сан­жар бауы­ры­мы­здың кіта­бы­нан үзін­ді ретін­де бұл музей тура­лы мақа­ла­ны неге ерекше­леп жазып отыр­мыз?! Оның да өзін­дік айту­лы сыры, үлкен себебі бар!

Біздің өңір­де, Барқыт­бел­дің бау­рай­ын­да, киелі жері­міз­де Қара­ке­рей Қабан­бай батыр, Саты Дәу­лет­бай батыр баба­ла­ры­мы­здың ауы­зды­қта­ры­мен алы­сқан тұл­пар­ла­ры­ның тұяқ іздері қалған. Сар­ба­з­да­ры толар­сақтан саз кеш­кен, аста­рын­дағы арғы­мақта­ры шаша­ла­ры­нан қан кеш­кен. Әйгілі, аты­шу­лы, тарих­та жазы­лып қалған ата жауы­мыз жоңғар­мен жан­ке­шті-қан­ке­шті, қырғын соғыс, қан май­дан, атақты 80 күн­дік шешу­ші «Шорға шай­қа­сы» болып өткен!.. Осын­дай ұлы тарихы бар, қаси­ет­ті де киелі Тар­баға­тай ауда­нын­да мұра­жай-музей бол­мауы – аудан тұрғын­да­ры­на үлкен сын! Мұра­жай салу мәсе­лесі аудан­да ғана емес, облы­стық дең­гей­де көтеріл­гелі де біраз уақыт өтті. Әлі де күн тақы­ры­бы­нан түс­кен емес. Толғағы да әбден жет­кен сияқты.

Бұры­нғы аймақ бас­шы­сы Д.Ахметов қол­дап, келісі­мін беріп еді. Өкініш­ке қарай, аудан тұрғын­да­ры сенім артқан Д.Ахметов ақы­ры қыз­меті­нен кетіп, бер­ген уәдесін орын­да­ма­ды. Мұра­жай мәсе­лесі «жабу­лы қазан жабу­лы күй­ін­де» нәти­же­сіз, аяқ­сыз қал­ды. Одан кей­ін­гі кел­ген облыс бас­шы­сы Е.Көшербаев та бұл жағ­дай­дан хабар­дар бол­ды деп ойлай­мын. Қуа­ны­шқа қарай, Е.Көшербаевтың қыз­меті жоға­ры­лап, елі­міздің жүре­гі Аста­наға – Ақор­даға ауы­сып кет­ті. Қажет­тілік болып жат­са, әлі де көме­гі тиіп қалар! Қол ұшын берер! Көмек қолын созар деген үміттеміз!..

Енді су жаңа аймақ бас­шы­сы Н.Сақтағанов ауда­ны­мы­зға келіп жат­са, құлаққағыс қылып айтар­мыз. «Үміт­сіз – шай­тан» деген. Мүм­кін, осы мақа­ла арқы­лы да құлақта­нып қалар.

Әрине, мұра­жай мәсе­лесін көтеріп, қау­зай­тын бол­сақ, жер­гілік­ті аудан бас­шы­лы­ғы­на, біз­ге, яғни аудан­ның қара­пай­ым тұрғын­да­ры­на да көп нәр­се бай­ла­ны­сты болар. Біз­де олай айтуға себеп те, негіз де бар. Өйт­кені бұры­нғы Тар­баға­тай ауда­ны, қазір­гі ірге көр­ші­міз Ақсу­ат ауда­нын­да, орта­лы­ғы Ақсу­ат ауы­лын­да, Көк­жы­ра ауы­лын­да, атақты Әулие Ырғы­з­бай Дос­ха­наұ­лы ата­мы­здың кесе­несі алаңын­да –соны­мен жиы­ны үш бір­дей мұра­жай бар. Бір ауданға көп­тік етіп тұр­маған сияқты!.. Бұл жағ­дай Ақсу­ат өңірі тұрғын­да­ры­ның бере­ке-бір­лік­пен, бар­ды баға­лап, жоқты жинақтап түген­деп, руха­ни­ят пен мәде­ни­ет­ті аса құр­мет тұтып, ерекше дара­лап тұрған­да­ры­ның айғақ дәлелі емес пе?! 

Соған қараған­да, «ізден­ген жетер мұратқа» деп, 25 жыл – ширек ғасыр­дан соң әрең қай­та­дан қал­пы­на кел­тіріл­ген, әрі «тари­хи аудан» ретін­де бір мұра­жай біз­ге де ауа­дай қажет! Біз кім­нен кем­біз? Біз де сол сияқты елміз! Жұрт­пыз! Ақсу­ат­тық ағай­ын­дар­дың сол мұра­жай­ға бай­ла­ны­сты жасаған тір­лі­гі мен ірілі­гі біз­ге де «жұғы­сты бол­сын» деп тілейік!

Мақа­ла­мы­зды көңілі­мізді жай­лан­ды­рып, жаны­мы­зды тыны­штан­ды­ра­тын­дай, ауда­ны­мы­здың бас­шы­сы Дар­хан Шом­пай­ұ­лы бауы­ры­мы­здың: «Біз ауда­ны­мы­здың орта­лы­ғы – Ақжар ауы­лын­да жаңа Мәде­ни­ет үйін сал­дыр­туы­мыз керек. Егер жаңа­дан Мәде­ни­ет үйі салы­на­тын бол­са, ескі Мәде­ни­ет үйін мұра­жай-музей­ге айнал­ды­ра­тын бола­мыз», – деген жылы лебізі­мен аяқтағы­мыз келеді.

Несі бар? Өте жақ­сы идея! Мәде­ни­ет үйі қос қабат­ты. Кезін­де өте сапа­лы салы­нған. Мұра­жай-музей­ге әбден лай­ы­қты. Жақ­сы, еңселі ғима­рат. Ұрым­тал, жақ­сы жер­де, ауы­лы­мы­здың тура орта­сын­да орна­ласқан. Сырт­тан кел­ген сый­лы қонақтар­ды, сон­дай-ақ үйіңе кел­ген қонақта­ры­ң­ды да қыдыр­тып, ертіп апа­рып, ара­ла­тып, көр­сет­кен­ге де өте ыңғай­лы. Иә, ылай­ым солай болғай!

Енді келе­шек­те ауда­ны­мы­здың руха­ни­я­тын көтеріп, мәде­ни­етін арт­ты­руға аудан тұрғын­да­ры да атса­лы­сып, жұмған жұды­ры­қтай болып, мұра­жай үшін экс­по­нат­тар мен жәді­гер­лер жина­уға бір кісі­дей кірісіп, көмек қол­да­рын соза­ды деп үміттенеміз…

Ардақты ағай­ын! Алла біз­ге сол мұра­жай-музей­і­міздің лен­та­сын қияр күн­ді тез­детіп, сол күн­ге аман-сау жетуді нәсіп етсін!

Сер­жан ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ,ШҚО, Тар­баға­тай ауда­ны, Ақжар ауылы

Республиканский еженедельник онлайн