Четверг , 18 сентября 2025

Жасанды интеллект САНАНЫ ӨЗГЕРТЕДІ

Жаңа­ны жаты­рқа­удың қажеті жоқ. Түбін­де жасан­ды интел­лект қоғам­ның бар­лық сала­сы­на ден­деп кіретіні сөз­сіз. Пай­да­сы көл-көсір бол­ма­са, бүкіл әлем осы бағы­тқа қыру­ар қар­жы жұм­сап, бәсе­ке­ге түсер ме еді?

Осы­ған орай ағар­ту­шы­лық сипаттағы іс-шара­ларға зәру жұрт­шы­лық ара­сын­да әртүр­лі сұрақтар­дың туын­дап жатуы да заңдылық.

Мұның алдын­да бастау алған цифр­лан­ды­ру ісі қай дең­гей­ге жет­ті? Эко­но­ми­ка­ның бар­лық сала­ла­рын қам­ты­ды ма? Тиісті бағ­дар­ла­ма­сы қалай орын­да­лып жатыр? Оның қоғам­дық санаға ықпа­лы қандай?

Айта­лық, мем­ле­кет­тік сатып алу, тен­дер өткі­зу, жеңім­па­зын аны­қтау мәсе­лесінің басы даудан арыл­май келе жатқа­ны­на бір­не­ше жыл­дың жүзі бол­ды. Қан­ша­ма лау­а­зым иелері жаза­ға тар­тыл­са да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі жеке­ле­ген адам­дар айы­лын жияр емес. Баяғы жар­тас – сол жар­тас күй­ін­де қалып тұр. Тіп­ті кәсіп­кер­лер мен биз­нес өкіл­дерін дәнік­тіру­ге көш­кен­дері де бар. Әрине, бір­ден бәрін жасан­ды интел­лект көме­гі­мен басқа­ру мүм­кін емес болар. Мұн­да адам фак­то­рын кемітіп, тіп­ті жой­ып, басым­дық беретін бағыт­тар айқын­далға­ны абзал деп санай­мыз. Мыса­лы, бірін­ші кезек­те жоға­ры­да айты­лған жемқор­лық тәу­е­келі көбірек сала­лар­ды көшір­се, тиім­ділі­гін көр­ген жұрт­тың көзі ашы­лып, сана­сы өзге­ре бастар еді. Сон­да жаңа тәсіл жал­пы­ха­лы­қтық қол­да­уға ие бола­ды. Сон­дай-ақ жер телі­мін бөлу­де, әле­умет­тік жәр­де­мақы­лар мен төлем­дер­ді бел­гіле­уде жасан­ды интел­лек­тінің тиім­ді жұмысы­на көз жет­кі­зу қиы­нға соқпайды.

Әрине, мін­дет­ті түр­де еске­ретін жайт бар – цифр­лан­ды­ру­ды енгі­зу бары­сын­да жіберіл­ген қателік­тер­дің, одан өзге де түйт­кіл­дер­дің алдын алуға мән беру керек. Аза­мат­тар­дың жеке деректері база­сы­ның қол­ды болып кету оқиға­сы көп­шілік­тің ойын сан-саққа жүгір­тіп қой­ға­ны жасы­рын емес. Осы сияқты түр­лі келеңсіз жағ­дай­дың алдын алма­са, оны бол­дыр­мауды қатаң бақы­ла­ма­са, көп­шілік біліксізді­гі­нен көп зардап шегуі де ықтимал.

Ал жаңа­дан құры­ла­тын мини­стр­лік­тің жұмысы елі­міздің бола­шағы үшін өте маңы­зды деп санай­мыз. Оны неден бастай­ды, қан­дай мақ­сат­ты көр­сет­кі­ш­тер бел­гілей­ді? Абы­ройы мен беделі соған бай­ла­ны­сты болмақ.

Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн