Четверг , 16 октября 2025

ТЕҢГЕ НЕГЕ ТЕҢСЕЛІП ТҰР? Немесе доллар 600 теңгеге жете ме?

Қазақ қоға­мы­м­ен бір­ге қазан айы­ның орта­сы­на кетіп бара­мыз. Біре­улер ажы­рас­ып, еңіреп жыла­уда, біре­улер форум өткі­зу­де, бірақ бәрі­міз­ге қаты­сы бар басты жаңа­лық – тең­ге кур­сы­ның өткен қыр­күй­ек­те құл­ды­рау бой­ын­ша тари­хи рекорд қоюы. Біре­удің ажы­рас­қа­ны сіз­ге әсерін тигіз­бе­се де, тең­генің кур­сы сіз­ге бар­лық жағы­нан, алды­ңы­здан да, арты­ңы­здан да, асты­нан да, үсті­нен де ұмы­тыл­мас әсер бере ала­ды. Жал­пы, тең­ге сіздің өміріңізді жақ­сы жағы­на да, жаман жағы­на да өзгер­те ала­тын қаси­ет­ке ие киелі қағаз.

Қыр­күй­ек­тің қоры­тындысы бой­ын­ша тең­ге баға­мы 1 АҚШ дол­ла­ры үшін 549,07 тең­ге­ге дей­ін әлсіреді. Яғни, бір айда тең­генің құлау көр­сет­кі­ші 1,9% пай­ыз бол­ды. 2025 жыл­дың басын­да тең­ге баға­мы дол­ларға шаққан­да 526,11 тең­ге болға­ны есі­міз­де. Ал бүгін Қаза­қстан қор бир­жа­сын­да курс 541,45 тең­гені көр­сетіп тұр. Сон­да жыл басы­нан бері тең­ге шама­мен 2,9 пай­ы­зға әлсіреген.

Бәрі­мізді бір сұрақ маза­лай­ды. Неге біздің тең­генің кур­сы қай­та-қай­та құбы­ла береді? Және неге тең­ге күшей­ген­нен гөрі көбірек әлсірей­ді? Бұл кур­сты кім бекі­те­ді? Ол жал­пы қай­дан пай­да бол­ды? Мыса­лы, бүгін тең­генің баға­мы 541,45 тең­ге бола­ды деп кім шешті? Мұн­дай кур­сты біз қай­дан алдық? Неге көр­ші Қырғыз­стан, Әзір­бай­жан сияқты елдер­дің валю­та­сы өте тұрақты, ал біздің тең­ге тұрақ­сыз? Міне, егер асы­қ­пай жөн сұра­сақ, халы­қты осын­дай сұрақтар толғандырады.

Тең­генің бізді қор­шап тұрған көр­ші елдер­дің валю­та­сы­нан басты айыр­ма­шы­лы­ғы – тең­ге еркін айна­лым­дағы толық кон­верт­те­летін халы­қа­ра­лық валю­та. Біз сана­лы түр­де осын­дай шешім қабыл­даған­быз. Соның арқа­сын­да көп­те­ген ішкі және сыр­тқы инве­стор­лар біздің бир­жаға келу­де, жұмыс істе­уде. Яғни, тең­генің өз өмірі бар, ал оның баға­мын нарық бекі­те­ді. Мыса­лы, Әзір­бай­жан мен Қырғыз­стан­ның валю­та­ла­ры тар­гет­тел­ген курс режи­мін­де, яғни еркін валю­та емес, олар­дың билі­гі манат пен сом баға­мын бекітіп отырады.

Енді мен әр валю­та­ның сипатта­ма­сы мен қазір­гі жағ­дай­ын түсін­дірей­ін. Тең­ге дәл қазір – ТМД аумағы­ның басты валю­та­сы. Себебі ол еркін кон­верт­те­леді. Сон­ды­қтан тең­генің кур­сын ешкім арнайы бекіт­пей­ді. Бағам Қаза­қстан қор бир­жа­сын­дағы (KASE) алып-сату нәти­же­сін­де бел­гілі бола­ды. Қаза­қстан қор бир­жа­сын­да валю­та­лық сауда-сат­тық алаң­ша­сы деген бар. Тең­генің дол­ларға шаққан­дағы баға­мы сол алаң­ша­дағы USD/KZT жұбы сауда­сы­ның қоры­тындысы бой­ын­ша аны­қта­ла­ды. Таңғы сауда сес­си­я­сы Аста­на уақы­ты­мен сағат 10:15-те баста­лып, 11:00-де аяқта­ла­ды. Соны­мен бір­ге түскі және кеш­кі сес­си­я­ла­ры бар. Демек, сағат 11:00-ден кей­ін сол күн­гі тең­генің алға­шқы нары­қтық баға­мы аны­қта­ла­ды. Ал сол күн­нің қоры­тын­ды кур­сы кеш­кі сес­сия аяқталған 17:00 сағат­тан кей­ін бел­гілі бола­ды. Осы сауда-сат­ты­ққа банк­тер, шетел валю­та­сы­мен опе­ра­ция жасай­тын түр­лі ком­па­ни­я­лар­дың тап­сыр­ма­сын орын­дай­тын бро­кер­лер, валю­та айыр­ба­стау фир­ма­ла­ры­ның өкіл­дері қаты­са­ды. Орта есеп­пен қазір­гі таң­да валю­та бир­жа­сын­да 33 бел­сен­ді ойын­шы бар. Банк­тер де осы тізім­ге кіреді. Осы нары­қтық қаты­су­шы­лар тара­пы­нан жаса­ла­тын сұра­ныс пен ұсы­ныс көле­мі тең­генің күн сай­ы­нғы құбы­луы­на әсер етіп, оның баға­мын аны­қтап оты­ра­ды. Биыл орта есеп­пен USD/KZT жұбын­да бір күн­де 220 мил­ли­он дол­ларға сауда-сат­тық опе­ра­ци­я­сы жаса­лып жүр. Бір айда шама­мен 20 жұмыс күні бар деп есеп­те­сек, биы­лғы алға­шқы 9 айда тең­генің дол­лар­мен алыс-беріс айна­лы­мы 39–40 мил­ли­ард дол­ларға жет­кен­ді­гін есеп­теп шыға­руға болады.

Тең­генің кур­сы дол­лар­ды сатып алу/сатудың Қаза­қстан қор бир­жа­сын­дағы сауда-сат­ты­қта тір­кел­ген ең төмен­гі баға­сы мен ең жоғарғы баға­сы­ның ортақ мәні­нен құра­ла­ды. Мыса­лы, ең төмен­гі мәмі­ле бір дол­ларға 545,86 тең­ге, ал жоғарғы мәмі­ле дол­ла­ры­на 549,07 бол­са, осы еке­уін қосы­ңыз да, екі­ге бөліңіз. Сон­да тең­ге құны сол сес­сия нәти­же­сін­де 547,46 болып бел­гі­ле­неді. Бир­жа­лық ста­кан деген ұғым бар. Егер бир­жа­да ойын­шы­лар дол­лар­ды көбірек алып жат­са, онда дол­ларға сұра­ныс көп болып, оның кур­сы өседі. Керісін­ше, тең­ге­ге сұра­ныс көп бол­са, демек тең­ге күшей­еді деген сөз. Бәрі таза нарық.

Ал осы тең­гені басып шыға­ра­тын Ұлт­тық банк оның баға­мын тар­гет­теу, яғни кур­сты рет­теу режи­мі­нен 10 жыл бұрын кетіп қалған. Қазір Ұлт­тық банк инфля­ци­я­ны тар­гет­теу режи­мін­де жұмыс істей­ді. Яғни, басты бағы­ты – инфля­ци­я­ны бел­гілі бір шек аясын­да ұстап тұру. Бір сөз­бен айтқан­да, тең­ге тағ­ды­ры нары­қтың жеке қолы­на беріл­ді. Ал мем­ле­кет бар күшін тек инфля­ци­яға салады.

Бұл өте жақ­сы. Себебі бұған дей­ін бір­не­ше рет орын алған күт­пе­ген деваль­ва­ци­я­лар­дан кей­ін халы­қтың тең­ге­ге деген сені­мі жоға­лып кет­кен бола­тын. Ал деваль­ва­ци­я­лар әу баста тең­гені нарық емес, мем­ле­кет өзі рет­теп оты­рған­ды­қтан бол­ды. Яғни, оның кур­сы жасан­ды түр­де, түр­лі сая­си науқан­дарға, мыса­лы, Назар­ба­ев­тың сай­ла­уы қар­саңын­да соған қаты­сты қол­дан ұста­лып отыр­ды. Тең­гені қол­дан ұстап тұру өте қым­бат. Оған бір айда 2–3 мил­ли­ард дол­лар керек. Ашы­ғын айту керек, мыса­лы, 2014–2015 жыл­да­ры біз­де мем­ле­кет­тің алтын-қор резерві, шама­мен 20 мил­ли­ард дол­лар босқа жағы­лып кетті.

Енді нарық жағ­дай­ын­да мем­ле­кет тең­ге баға­мы­на резерв­терін құрт­пай­тын бола­ды. Бірақ бұл мем­ле­кет қор нары­ғын­да валю­та­лық опе­ра­ци­я­лар­мен айна­лы­спай­ды деген сөз емес. Мыса­лы, Ұлт­тық қор­дан рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке қар­жы аударған­да, бир­жа­да қор­дан кел­ген дол­лар­ды тең­ге­ге ауы­сты­ру қажет бола­ды. Оның іс-қимыл кестесі алдын ала жари­я­ла­на­ды. Нарық қаты­су­шы­ла­ры бәрін көріп, бақы­лап жүреді. Яғни, мем­ле­кет валю­та нары­ғын­да күт­пе­ген іс-қимыл­дар жасамайды.

Одан бөлек, Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры, керісін­ше, халы­қтан тең­ге­лей жиналған зей­не­тақы салым­да­рын бекітіл­ген гра­фик бой­ын­ша дол­ларға ауы­сты­рып оты­ра­ды. Оны­мен бір­ге Ұлт­тық банк алтын опе­ра­ци­я­ла­рын айна­лай­ды. Ол не деген сөз? Елі­міз­де­гі алтын өндіру­ші ком­па­ни­я­лар сол алтын­да­рын Ұлт­тық банк­ке өткізу­ге мін­дет­ті. Ұлт­тық банк олар­мен тең­ге­мен есеп­те­седі. Сол уақыт­та нары­қта басы артық тең­ге мас­са­сы көбей­іп, инфля­ция күшей­ме­уі үшін, Ұлт­тық банк сол алтын­ның нары­қтық құнын дол­лар­мен бир­жаға шыға­ра­ды, яғни алған алты­ны­на пара-пар дол­лар­ды бир­жа­да сата­ды. Сон­да мем­ле­кет те күн­делік­ті режим­де осы бир­жа­ның қаты­су­шы­сы болып табы­ла­ды. Мем­ле­кет екі жағ­дай­да: Ұлт­тық қор ақша­сын бюд­жет­ке аударған кез­де және алтын опе­ра­ци­я­ла­рын айна­лау кезін­де дол­лар­ды сата­ды. Ал Жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры­на дол­лар керек кез­де, керісін­ше, дол­лар­ды сатып ала­ды. Күн­делік­ті режим­де мем­ле­кет­тің бир­жа опе­ра­ци­я­ла­рын­дағы үлесі шама­мен 12–13 пай­ыз бола­ды. Қалға­ны нарықтікі.

Бірақ мем­ле­кет­тің «интер­вен­ция» деп ата­ла­тын теті­гі бар. Ол өте сирек қол­да­ны­ла­ды. Егер бир­жа­да пани­ка туын­дап, инве­стор­лар қашып, тең­ге шок ұстап, баға­сы төмен құл­ды­рай­тын бол­са, Ұлт­тық банк бір­ден өзінің резервін­де­гі дол­лар­ды көп көлем­де сатып, интер­вен­ция жасай­ды. Соны­сы­мен тең­ге баға­сын тұрақтан­ды­ра­ды. Бұл – уақы­ты шек­те­улі, бір рет­тік амал болып сана­ла­ды. Себебі интер­вен­ция жасай бер­сек, онда біз тең­ге құнын қолы­мен ұстап тұра­тын режим­ге қай­та орал­дық деген сөз. Ал күніне 200 мил­ли­он дол­лар жағып оты­ру – ақы­лға сый­май­тын нәр­се ғой.

Тең­ге биыл неге әлсіреуде?

Егер елге импорт көп келетін бол­са, онда біз­де­гі бир­жа­да дол­ларға сұра­ныс көп бола­ды. Себебі импор­тер­лер­ге сырт­тан тау­ар сатып алу үшін дол­лар керек. Ал экс­порт­тық түсім импорт­тан артық бола­тын бол­са, тиісін­ше тең­генің пози­ци­я­сы жақ­сы бола­ды. Біздің негіз­гі экс­порт­тық түсім мұнай баға­сы­нан келеді. Егер мұнай баға­сы арзан­да­са, біз­ге экс­порт­тан келетін мұнай дол­лар­ла­ры аза­яды. Мұнай ком­па­ни­я­ла­ры­ның салық пен жалақы төлеу үшін бир­жа­да дол­лар сата­тын опе­ра­ци­я­ла­ры­ның көле­мі қысқа­рып қала­ды. Онда бир­жа­да тең­ге­ге деген сұра­ныс азай­ып, бир­жа­лық ста­кан дол­лар­дың қүнын көтеріп, тең­гені, керісін­ше, түсі­ре бастайды.

Мұнай­дан кей­ін­гі фак­тор – рубль. Тең­ге мен рубль­ді бір­не­ше мил­ли­ард дол­лар­лық экс­порт пен импорт бай­ла­ны­сы ұстап тұр. Сон­ды­қтан рубль құла­са, бир­жа­дағы ойын­шы­лар пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­да тең­генің де құла­у­ын күте­ді де, тең­генің бар­лы­ғы­нан құты­лу үшін асы­ғып, бир­жа­да сата бастайды.

Үшін­ші фак­тор – мау­сым­дық құбы­лы­стар. Жыл сай­ын 4 рет жүретін салық апта­сы кезін­де ком­па­ни­я­лар салық төлеу үшін дол­лар­ла­рын тең­ге­ге айыр­ба­стай бастай­ды. Ол кез­де тең­ге күшей­еді. Және жазғы дема­лыс пен қысқы жаңа жыл­дық дема­лыс мау­сы­мы алдын­да халық шетел­ге шығу үшін дол­лар­ды айыр­ба­стау бекетін­де көп­теп ала бастай­ды. Сол кез­де тең­ге әлсіреп, дол­лар күшейеді.

Осы жер­де бір сұрақ туа­ды. Егер тең­ге баға­мын нарық сауда­сы аны­қтап рет­те­се, біз естіп жүр­ген­дей, Ұлт­тық банк неге әр күн­нің өзінің ресми кур­сын бекі­те­ді? Оның нақты себебі бар. Ұлт­тық банк­тің валю­та баға­мы бир­жа­дағы нары­қтық баға­мға сәй­кес бекітіледі. Біз­де­гі ішкі опе­ра­ци­я­лар, төлем­дер тең­ге­мен жүретін­дік­тен, ресми курс шетел валю­та­сы­мен кел­ген табысқа тең­ге­лей салық төле­ген­де, басқа да төлем­дер жүр­гіз­ген­де қажет бола­ды. Бар­лық есеп-айы­ры­су­лар осы ресми бағам­ды есеп­ке ала оты­рып жүр­гізіледі. Мыса­лы, сіз 18 қара­ша­да дол­лар­мен пай­да тап­ты­ңыз. Одан тең­ге­лей салық төле­уіңіз керек. Сіз­ге осы­ны есеп­теу үшін нақты бекітіл­ген ресми курс керек.

Неге Қырғыз­стан мен Әзір­бай­жан­да сом мен манат­тың кур­сы өзгермейді?

Дәл қазір Қырғыз­стан­да сом­ның дол­ларға шаққан­дағы кур­сы 87,45. 2010 жылы сом баға­мы дол­ла­ры­на 44,7 болған. 15 жыл­да сом да дол­ларға шаққан­да 95 пай­ы­зға құн­сыздан­ды. Ал тең­ге дол­ларға соңғы 15 жыл­да 370 пай­ы­зға құн­сызданған. Сом мен тең­ге баға­мы­ның құн­сызда­нуы ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық екі елдің эко­но­ми­ка­лық құры­лы­мы мен соған сәй­кес таң­далған валю­та­лық режи­міне бай­ла­ны­сты. Мұны да тереңірек түсін­ді­ре кетейін.

Қаза­қстан мен Қырғыз­стан­ның эко­но­ми­ка­сын абсо­лют­ты цифр­лар­мен салы­сты­руға бол­май­ды. 2024 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша біз­де ішкі жал­пы өнім 295 мил­ли­ард дол­лар, ал Қырғыз­стан­да 17,5 мил­ли­ард дол­лар бол­ды. Біздің эко­но­ми­ка­мыз көр­ші елден 27 есе үлкен. Сон­ды­қтан бар­лық салы­сты­ру­лар­ды про­пор­ци­о­нал­ды тұрғы­да қараған дұрыс. Қырғыз­стан импор­тер ел. Яғни, оның сыр­тқа экс­пор­тқа сатып, ақша алға­ны­нан сырт­тан импорт қабыл­дап, ақша жара­туы көп. Сон­ды­қтан Қырғыз­стан­да сыр­тқы сауда балан­сы мину­ста. Қаза­қстан, керісін­ше, экс­пор­тер ел. Біз­де­гі экс­порт импорт­тан артық.

Қырғыз­стан­ның әлем­мен тау­ар айна­лы­мы­ның шама­мен 76 пай­ы­зын импорт құрай­ды. Демек, сом құл­ды­раса, Қырғыз­стан­да бәрі авто­мат­ты түр­де қым­бат­та­мақ. Мұн­дай жағ­дай­да халы­қтың кем деген­де орта­ша жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету үшін, сом­ның кур­сын қатаң ұстап тұру керек. Қырғыз­станға сом­ның айна­лы­мы шек­те­улі, импор­ты көп, халқы азған­тай болған­ды­қтан, сомды қол­дан ұстап тұрған дұрыс. Себебі олар­дың импор­ты 12,2 мил­ли­ард дол­лар, ал экс­пор­ты 3,8 мил­ли­ард дол­лар. Қырғыз­стан­да сом біз­де­гі тең­ге сияқты ашық бир­жа­да саты­лып, айыр­ба­стал­май­ды. Олар, мыса­лы, сомды дол­ларға валют­ты своп опе­ра­ци­я­ла­ры арқы­лы кон­верт­тей­ді. Олар­да бір жыл­да осы своп опе­ра­ци­я­ла­ры­ның көле­мі шама­мен 40 мил­ли­он доллар.

Ал Қаза­қстан­да тең­ге-дол­лар сауда-сат­ты­ғы­ның көле­мі бір күн­де 220 мил­ли­он дол­лар, неме­се жылы­на 53 мил­ли­ард дол­лар. Мас­штаб айыр­ма­шы­лы­ғын сезген болар­сыздар. Қырғыз­стан үшін сом­ның кур­сын өзгерт­пей ұстап тұру үшін, бір жыл­да 25 мил­ли­он дол­лар жетіп жатыр. Ал біз, мыса­лы, тең­гені еркін айна­лым­нан шыға­рып алып, кур­сын мем­ле­кет өзі тырп еткіз­бей ұстап тұра­мыз деп шеш­сек, онда біз­ге жылы­на тек қана тең­ге баға­мын ұстап тұру үшін 30 мил­ли­ард дол­лар керек. Сон­ды­қтан Қаза­қстанға тең­генің еркін нары­қта, ашық валю­та болға­ны тиім­ді. Ал Қырғыз­стан­ның қазір­гі жаң­дай­ын­да оларға сом баға­мын қол­дан ұстап тұрған дұрыс. Себебі қырғыз эко­но­ми­ка­сы еркін кон­верт­те­летін сом режи­міне шыдай алмайды.

Қырғыз­стан мен Әзір­бай­жан «курс тар­геті» режи­мін­де, ал Қаза­қстан «инфля­ция тар­геті» режи­мін­де жұмыс істей­ді. Яғни, моне­тар­лы билік­тері, бір сөз­бен айтқан­да, Орта­лық банк­тері әртүр­лі, бірақ өздеріне қолай­лы және қисын­ды бағыт таңдаған.

Әзір­бай­жан мана­ты тура­лы айта кет­сем. Бір рет деваль­ва­ция жасап алған 2014 жыл­дан бері манат баға­мын Әзір­бай­жан Орта­лық бан­кі бел­гілі бір нақты кори­дор­да ұстап оты­ра­ды. Қазір ол бір дол­ларға 1,7 манат. Сонғы жыл­да­ры бағам­ды осы кори­дор­да ұстап оты­ру үшін, Орта­лық банк шама­мен жылы­на 2 мил­ли­ард дол­лар шығын­дап келеді. Бірақ егер мұнай баға­сы бар­реліне 60 дол­лар­дан арзан­дап кет­се, онда төлем балан­сы­ның про­фи­ци­ті нашар­лап, интер­вен­ци­яға қажет қар­жы 3 мил­ли­ард дол­ларға дей­ін артуы мүм­кін. Менің болжа­уым­ша, биыл мұнай бар­реліне 69 дол­лар дең­гей­ін­де болған­ды­қтан, Әзір­бай­жан Орта­лық бан­кі манат кур­сын ұстап тұру үшін осы жылы 2,5 мил­ли­ард дол­лар жағуы тиіс. Бұл оларға кур­сты еркін айна­лы­мға жібер­ген­нен гөрі тиімді.

Енді қараңы­здар. Тең­ге – халы­қа­ра­лық, аймақтық ашық валю­та. Оны ТМД-ның дол­ла­ры десе де бола­ды. Ал сом мен манат жабық ішкі валю­та деп сана­ла­ды. Қаза­қстан өзінің бир­жа­сын, қар­жы­лық архи­тек­ту­ра­сын экс­тен­сив­ті фор­матқа, яғни ашық, сырт­тан кез кел­ген инве­стор қаты­са ала­тын қылып, халы­қа­ра­лық инте­гра­ция прин­циптеріне негіз­деп жасаған. Осы арқы­лы тең­гелік опе­ра­ци­я­лар мас­шта­бын үлкен қыл­дық. Біздің қар­жы­лық құрал­дар­ды шетел­дік инве­стор­лар қуа­на ала­ды. Бұның бәрінің бел­гілі бір мину­сы – тең­ге сыр­тқы шок­тарға өте сезім­тал. Бірақ біз өз таң­да­уы­мы­зды дұрыс жаса­дық. Енді ішкі эко­но­ми­ка­мыз бен өндірісі­мізді күшей­тіп алсақ, тең­генің қуа­ты есе­лене түседі.

Дәл қазір Қаза­қстанға тең­генің дол­ларға шаққан­да тым күшті болуы керек емес. Әсіре­се үкі­мет­ке. Біз жыл сай­ын зей­не­тақы төле­у­ге керек 2 трил­ли­он тең­гені Ұлт­тық қор­дан, яғни мұнай­дан түс­кен дол­лар­дан ала­мыз. Сон­да қазір­гі кур­спен 3,6 мил­ли­ард дол­лар жұм­сай­мыз. Егер дол­лар 120 тең­ге тұр­са, не болар еді? Біз­ге онда тек зей­не­тақы­ға жылы­на 16,6 мил­ли­ард дол­лар қажет бола­ды. Біздің бюд­жет те, Ұлт­тық қор да тез сарқы­лып, мем­ле­кет дефолт жари­я­лар еді.

Ашық мой­ын­дау керек, өз валю­та­мы­зға қия­нат көр­сет­кен кез­дері­міз аз бол­ма­ды. Сон­ды­қтан бар­лы­ғын әлем­дік нары­қтар мен сыр­тқы құбы­лы­старға ғана бай­ла­ны­сты­рып, жұрт­ты алдағым кел­мей­ді. Тең­генің тамы­ры­на жеке мүд­де жолын­да іштен бал­та шапқан­дар да кез­де­сті. «Кей­ін­гі Назар­ба­ев» дәуірін­де, яғни 2010–2015 жыл­да­ры біз үлкен қателік­тер жібер­дік. Қазір­гі тұрғы­дан алған­да, моне­тар­лы қателік деп айта­мыз ғой, бірақ ол кез­де Назар­ба­евқа жақын оли­гарх­тық топ­тар жоға­ры билік­ті тең­ге деваль­ва­ци­я­сы­на мәж­бүр­леп, содан үлкен диви­денд­тер алға­ны жасы­рын емес. Мұнай, газ, метал, көмір экс­порт­таған ірі қар­жы­лық топ­тар валю­та­лық түсім­ді өза­ра келісіп шоғыр­лан­ды­рып алды да, түн­де үлкен каби­нет­ке кіріп шығып, тең­гені қол­дан құл­ды­ра­тып, арты­нан бір­ша­ма дол­лар сатып, банк­тер­де­гі тең­гелік кре­дит­терін, кәсі­по­рын­дар қары­зда­рын, жұмыс­шы­лар айлы­ғы сын­ды бар­лық мәсе­ле­лерін шешіп таста­ды. Шама­мен 17 адам кере­мет диви­денд алды, ал Қаза­қстан­ның 19 мил­ли­он халқы бір сәт­те 80 пай­ы­зға кедей бола түсті. Бір жау­ап­ты тұлға­ның «деваль­ва­ция тура­лы өзім жаңа ғана біл­дім» деп қаты­ра­ты­ны да осы кез. Тең­ге 2014 жыл­дың басын­да 20 пай­ы­зға, одан еркін айна­лы­мға кет­кен­нен кей­ін тағы 30 пай­ы­зға құлдырады.

Осы кез­де эко­но­ми­ка­ны сая­сат бел­ден басып, тағы үлкен қателік жаса­дық. Тең­гені еркін айна­лы­мға жібер­ген­нен кей­ін, оның толық фун­да­мен­тал­ды нары­қтық дең­гей­іне құлап бітуін күту керек еді. Сол кез­де 400-ге құла­са да, қазан­ның түбіне жетіп, өзі тоқтап, ары қарай толық нары­қтың қолы­на өтіп кетер еді. Оған сая­си батыл­дық жет­пей, 2015 жыл­дың сәуірін­де өткен Назар­ба­ев­тың кезек­тен тыс сай­ла­у­ы­ның алдын­да халы­қты дүр­лік­тір­мес үшін, 2014 жыл­дың күзі­нен 2015 жыл­дың көк­те­мі ара­лы­ғын­да тең­гені ұстап тұру үшін резерв­тен 20 мил­ли­ард дол­лар­дан астам валю­та жағы­лып кет­ті. Сай­лау өткен­нен кей­ін бір ай бол­май жатып тең­ге бәрібір құла­ды. Біз бол­май­тын жер­де резерв­тен айы­рыл­дық. Қазір осы артық 20 мил­ли­ард дол­лар екі жыл­дың бюд­жет­тік дефи­ци­тін жабуға оңай жетер еді. Сон­ды­қтан тең­генің қазір­гі про­бле­ма­ла­ры­ның 30 пай­ы­зы – өткен дәуір­дің қателі­гі. Ол бүкіл эко­но­ми­ка­лық агент­тер­дің, яғни ком­па­ни­я­лар­дың, инве­стор­лар­дың, халы­қтың тең­ге­ден қорқып қалуы­на, оған сенім­сіздік­пен қара­уы­на алып кел­ді. Қит етсе валю­та айыр­ба­стау бекетіне жүгі­ру, ұзақ пози­ци­ядағы капи­тал­ды тең­ге­де ұста­мау, тең­гені тек қысқа­мерзім­ді опе­ра­ци­я­лар­да қол­да­ну әдеті осы­дан пай­да бол­ды. Біз мұның зардаб­ын ұзақ уақыт тар­тып келе жатыр­мыз. Тең­ге кур­сын­да тең­ге­ге деген пси­хо­ло­ги­я­лық сенім де үлкен рөл ойнайды.

Ал жал­пы енді тең­генің тұрақты болуы үшін, біз­ге тең­гені нары­қтық еркін айна­лым­да ұстай оты­рып, ішкі өндірісі­мізді күшей­ту­ге барын салу керек. Дәл қазір мұнай баға­сы құла­май тұра тұр­са, біз­де ішкі өндіріс көбей­се, онда тең­ге өзінің бір тұрақты кори­до­рын таба­ды да, соның ішін­де ұзақ жыл­дар бойы жүре береді. Және біз оған мем­ле­кет­тің ақша­сын, резервін құрт­пай­тын бола­мыз. Бұл ең дұрыс, ең тиім­ді жол. Басты­сы өткен­нің қателі­гін қай­та­ла­май­ық. Дәл қазір тең­генің бола­шағы күшті болып тұр. Себебі біз ұлт­тық валю­та­ны ауыр, шок жағ­дай­ын­дағы транс­фор­ма­ци­ядан өткізіп алдық. Көп елдер бұған тіп­ті дай­ын емес. Тең­ге ең ауыр жол­ды өтіп кет­ті де, оның еркін валю­та екеніне біз де, халы­қа­ра­лық қауым­да­стық та үйреніп алдық.

Осы­мен бар­лы­ғын түсін­дір­ген сияқты­мын. Ал 1 дол­лар 600 тең­ге­ге бара ма деген сұраққа биыл ондай сце­на­рий бол­май­тын сияқты деп жау­ап берер едім.

Айбар ОЛЖАЕВ Ғ

Республиканский еженедельник онлайн