Четверг , 4 июня 2026

АҚҚА ҚҰДАЙ ЖАҚ

Әле­умет­тік желі­де елге керек ескір­мей­тін сөз­бен қатар жел сөз де (өсек-аяң, қау­е­сет) өріп жүретіні мәлім. Бұған оны қол­да­ну­шы­лар­дың көзі үйрен­ді. Ал көзі ашық, сау­ат­ты оқыр­ман қазір бәріне сер­гек қарай­тын дәре­же­ге жетті.

Әйт­пе­се әр жер­де шала-пұла есті­генін, дере­гі мен дәлелі жоқ әңгі­месін халы­ққа ұсы­нып, сол арқы­лы жұрт ішін­де таны­мал болуға тыры­са­тын дерт пай­да бол­ды. Жастар жағы «хайп неме­се трол­линг» деп атай­тын амал­сы­мақты атам қазақ «Атың шық­па­са, жер өрте» деп қысқа қайырған.

Ең сорақы­сы – жар­на­ма­шыл тоғы­шар­лар кезін­де халы­қтан бата­сын, тарих­тан баға­сын алған, ұлт бостан­ды­ғы мен теңді­гі жолын­да құр­бан болған бірқа­тар тұлға­ларға да «ауыз сала» бастады.

Соның бір пара­сы – көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Тұрар Рысқұ­ло­втың еңбе­гі мен тағ­ды­ры­на қаты­сты қисық пікір­лер. 20-жыл­да­ры-ақ Түр­кі дүни­есі, оянған Шығыс, бай­сал­ды Батыс мой­ын­даған осы тұлға­ның ұлты­мы­зға, қазақ мем­ле­кет­тілі­гіне, білі­мі мен эко­но­ми­ка­сы­на сіңір­ген еңбе­гін қай­біре­улер көпе-көрі­неу еле­ме­гені былай тұр­сын, бүй­рек­тен сирақ шыға­рып, халқы­мы­зды қына­дай қырған ашты­ққа кінәлі етіп көр­сет­пек болып жүр.

Біз бәрі­міз «Аққа Құдай жақ» екенін біле­міз. 90-жыл­да­ры қай­та жари­я­ланған мұра­лар­дан да хабар­дар­мыз. Марқұм Шер­хан МҰРТАЗАНЫҢ том-том рома­ны мен пье­са­ла­ры да жадымызда.

Тарихқа реви­зия жасағы­сы кел­ген­дер Т.Рысқұловтың КСРО

бас­шы­лы­ғы­на жол­даған жаз­ба­сын үзіп-жұлып, бұр­ма­лап, дәлел­сіз, теріс ақпа­рат тара­тып, әлек болып жүр. Олар осы қай­рат­кер­дің Ста­лин­ге жазған хаты кеңе­стік билік­тің екі­жүзділі­гін әлем­ге әшке­ре еткені­нен бей­ха­бар деп ойла­май­мыз. Мәсе­ленің арғы себебі – миын­дағы теріс аунап түс­кен боль­ше­вик­тік «жау іздеу» науқа­ны­ның сарқын­шағын­да. Мұны пси­хо­лог­тар да дәлел­деп отыр. 26 жасын­да Түрік мем­ле­кетін жаңғыр­ту иде­я­сын көтеріп, Алаш пен боль­ше­вик­тер ара­сын­да елдік дамуға дәне­кер болған, рес­пуб­ли­ка мәсе­ле­лері тура­лы А.Байтұрсынұлымен бірі­гіп хат жазған, кеше­гі Алаш Орда көсе­мі Ә.Бөкейханға Мәс­ке­уде үнде­мей жағ­дай жасаған Тұрар­ды күста­на­лаған адам – не надан, не дым­біл­мес. Күр­делі сая­сат дәуірін­де бар­лық сая­си іс-қимыл бүгін­гі­дей «хайп­пен» жасал­май­ды. Бас­пасөз­де, ресми жаз­ба­лар­да «бұл – менің жауым» деп, шынайы өмір­де барын­ша қол­да­уы мүм­кін. Солай болған да!

Осы боль­ше­визм дәуірі­нен амал­сыз сыты­лып шығып, эми­гра­ци­яға кет­кен (1970 жылы Түр­ки­яда қай­тқан) Башқұрт­тың бір мез­гіл­де Әле­кеңі әрі Ақаңы – Ахмет­зәки Вали­до­втың (А.З.Тоған) «Естелі­гін» оқы­ңы­здар. Тәу­ел­сіз қай­рат­кер, азат тұлға. Әр сөзін­де Тұрар Рысқұ­ло­вты ілти­патпен атай­ды. Бұл естелік қазақ қай­рат­кері қай­тқан соң 32 жыл­дан кей­ін Ыстам­бұл­да жари­я­ланған. Ста­лин­ді қас дұшпан санаған Зәки Уәли­ди Т.Рысқұловқа осы­лай ескерт­кіш орнатты…

Өткен­ге тас ату, өкініш­ке қарай, ұлты­мы­здың бір­ту­ар пер­зен­ті, Қаза­қстан Халық комис­сар­ла­ры кеңесінің төраға­сы (қазір­гі­ше пре­мьер-министр) болған қай­рат­кер, көр­нек­ті ақын Сәкен Сей­фул­лин рухы­на да бағыт­та­лып жүр­генін бай­қай­мыз. Халы­ққа қадір­лі осы бір­ту­ар аза­мат ата-баба­сын өлтір­ген­дей кіжініп сөй­лей­тін­дер шықты.

Ұлты­на, зия­лы­ларға қан­ша­ма жақ­сы­лық жасаған, А.Байтұрсынұлының мерей­той­ын өткіз­ген, қан­ша­ма мәде­ни­ет, білім ошақта­рын ашқан, ел мұра­сын жинаған Сәкен еңбе­гі тек құр­мет­те­лу­ге лай­ы­қты. Ол 20-жыл­дар­дағы ашты­қты да, Голо­ще­кин лаңын да сына­ды. Күр­делі жыл­дар­дағы бір­лі-жарым сая­си өлеңі бұл ақын­ның ешқа­шан кредо­сы болған емес. Кеше­гі кеңес зама­нын­да қай ақын Ленин­ді, октябрь­ді, тың­ды жырламады?..

Әле­умет­тік желі­де дау-дамай өрбітіп, халық жадын­да адал еңбе­гі­мен қалған қай­рат­кер­лер­ді «қара­лап» жүр­ген екі-үш құма­лақ, сөз жоқ, ешқа­шан тұтас зия­лы­ның көзқа­ра­сын білдірмейді.

Рас, осын­дай «жау ізде­ген­нің» кей­бірі күнәсін арқа­лап дүни­е­ден озды…

Біздің қау­пі­міз – салиқа­лы кітап, газет-жур­нал оқыл­май­тын мына заман­ның жас буы­ны әле­умет­тік желінің «хай­пы­на» улан­ба­сын деген алаңдаушылық.

Біздің­ше, мұн­дай­да елі­міз­де­гі Ғылым ака­де­ми­я­сы, Тарих және этно­ло­гия инсти­ту­ты үнсіз қал­мауға тиіс. Дер кезін­де өз ұста­ны­мын біл­дір­гені жөн. Сол арқы­лы оның беделі арта­ды деп санай­мыз. Тари­хи тұлға­лар мен өз есі­мін қатар қоюға тыры­сқан­дар­дың анай­ы­лы­ғы, маман еме­сті­гі, қоғам­дық санаға зардап­ты екенін ашық жари­я­лаған жөн. Әйт­пе­се ел ішін­де көп­шілік­тің ашу-ыза­сын туды­ру­ды кәсіп қыла­тын­дар­дың саны өсе бер­мек. Әрине, бұл әдіс олар­ды ұза­ққа апар­май­ды. Әле­умет­тік желі­де өздері сияқты қол­паш жина­удан (қай­сы­біре­улер шоқ­пар жинай­тын еді) әрі аспай­ды. Оның кесірі өсіп келе жатқан жас буы­нға тиюі мүмкін.

Жал­пы, тарихы­мы­здағы ірі тұлға­ларға қазір­гі заман тұрғы­сы­нан баға беру – тари­хи, әле­умет­тік маңы­зы бар іс. Ал оны­мен кәсі­би маман­дар, зерт­те­уші ғалым­дар айна­лы­суы керек.

Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн