Суббота , 11 октября 2025

Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН: ЖСДП ҚАТАРЫНДА АҚШАҒА ҚҰНЫҚҚАН жандайшаптар бар болып шықты…

Қаза­қстан­ның пре­мьер-мини­стрі (1994–1997) Әке­жан Қажы­гел­дин ЖСДП съезін­де­гі пар­ти­я­лық бүлік­тен кей­ін Exclusive.kz пор­та­лы­ның сұрақта­ры­на жау­ап бер­ген еді. Біз сол сұх­бат­тың қаза­қ­ша­ланған нұсқа­сын оқыр­ман наза­ры­на ықшам­дап ұсы­нып отырмыз.

– Көп­шілік халық ЖСДП съезін­де орын алған жағ­дай­ды жақын­дап қалған мерзім­нен бұры­нғы пар­ла­мент­тік сай­ла­удың бел­гісіне бала­ды. Сіздің ойы­ңыз қандай?

– Шама­сы, бұл бұры­нғы­ның адам­да­ры Қаза­қстан­ның сая­си бола­шағын басқа­руға ұмты­лып жатқан­ның бел­гісі. Назар­ба­ев­тың әкім­шілі­гі тәу­ел­сіз сая­си күш­тер­ді сатып алу арқы­лы бір-біріне айдап салу­ды өзінің сүй­ік­ті ісіне айнал­ды­рған. Егер бұл қолы­нан кел­ме­се, тый­ым сала­ды неме­се оты­рғы­за­ды. Ал бұдан қиын жағ­дай­да – өлтіреді.

Мерзі­мі­нен бұрын өтетін пар­ла­мент­тік неме­се пре­зи­дент­тік сай­лау – бұл ала­яқтық. Бір кез­дері сәті түс­кен мұн­дай әре­кет 25 жыл бойы Назар­ба­ев­тың «сүй­ік­ті әдісіне» айнал­ды. Қолы­на пышақ ұстаған билік әр кез­дері бұры­штан атып шығып, мерзі­мі­нен бұрын сай­лау тура­лы жар­лы­қ­пен қоғам­ды шошы­тып, демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің топ­та­суы­на мүм­кін­дік бер­мей­ді. Кетіп бара жатқан билік (Назар­ба­ев деп түсініңіз – Ред.) кенет­тен «пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка­ның» жақ­та­сы бола қалға­ны күл­кіңді кел­тіреді. Ал бұл уақыт­та жаңа пре­зи­дент кон­сти­ту­ци­я­лық мерзім­дер­ді сақтау керекті­гін табан­ды талап етуде.

Қаза­қстан­да «билік­тің бөлі­ну» жағ­дайы нақты пай­да бол­ды. Бірақ ол атқа­ру­шы және заң шыға­ру­шы билік­ке емес, «Ақор­да» мен «Кіта­п­ха­наға» (Назар­ба­ев­тың әкім­шілі­гі оты­рған ғима­рат – Ред.) бөлін­ді. Бұлар бір-бірі­мен тай­та­ласқан атқа­ру­шы билік институттары. 

«Кіта­п­ха­на­ның» арда­гері­нен асқан пар­ла­мен­та­риз­мнің жауын елден тап­пай­ты­ны­мыз анық. Назар­ба­ев бір­тін­деп және бір­бет­кей­лік­пен 90-жыл­дарғы толы­ққан­да бір пала­та­лы пар­ла­мент­ті және оның өкілет­ті­гін фран­цуз­дың қос пала­та­лы пар­ла­мен­тінің аяны­шты паро­ди­я­сы­на айнал­дыр­ды. Енді ол өзінің қызы еке­уі кор­руп­ци­я­лық-пар­ти­я­лық тізім­мен жинақталған мәжілісті бола­шақта «Нұр Отан­ның» көме­гі­мен отба­сы­лық бақы­ла­у­ға алғы­сы келеді. Бірақ әрбір қаза­қстан­дық пар­ла­мент­те тізім жаса­у­шы­лар­дың емес, өзі және жер­ле­стері сай­лаған өзінің депу­та­ты болға­нын қалайды.

Пре­зи­дент Тоқа­ев пен оның «ұлт­тық кеңесінің» алдын­да сай­лау заң­ды­лы­ғы меха­низ­мін іске қосу, ұсы­ны­стар­ды жинақтап, пост­на­зар­ба­ев­тық кезең­нен кей­ін­гі алға­шқы еркін және таза сай­лау өткі­зу мін­деті тұр. Мұн­дай мүм­кін­дік болған жағ­дай­да ЖСДП мүше­лері, пар­ти­я­ның арда­гер­лері мен жаңа кел­ген­дері маңы­зды рөл атқа­рып, сая­си алаң­нан өз орын­да­рын ала алар еді. Бірақ «Нұр Отан» мен «кіта­п­ха­на­шы­лар­ды» шошы­тып жіберді… 

Деген­мен, мұн­дай арнайы опе­ра­ция (сөз пар­тия ішін­де­гі төң­керіс тура­лы болып отыр) баста­ма­шы­ларға ешқан­дай пай­да әкел­мей­ді. Көп­те­ген елдер­дің тәжіри­бесі, бұры­нғы Одақтың бол­сын, Шығыс Еуро­па­ның бол­сын, ақпа­рат­танған қоғам жағ­дай­ын­да пар­тия – бұл «ЦК», сая­си кеңес неме­се облы­стық коми­тет­тен емес, бірін­ші кезек­те – адам­дар­дан, көш­бас­шы­лар мен бел­сен­ділер­ден құра­ла­ты­нын көр­сет­ті. Егер осы үш құрам­дас бөлік бол­са, сай­лау кезін­де халы­қты топ­та­сты­руға негіз болады…

Қоры­тып айтқан­да, ең басты­сы – адам­дар мен идея. Егер билік­тің кесірі­нен халы­қтың үміт­кер­лері пар­ла­мент­ке ілі­ге алма­са, онда сая­си күрес қала алаң­да­ры­на қарай ойы­са­ды. Ондай жағ­дай­да пре­зи­дент пен пре­мьер-министр митин­гі­ге шыққан­дар алдын­да есеп беру­ге мәж­бүр болады.

Жаңаө­зен­де мың­даған адам алаңға шығып еді, жағ­дай­ды түсін­ді­ру мен ақта­лу үшін бар­лық басты­қтар ағы­лып кел­ді. Егер заң­сыз мәжілісті құруға қар­сы­лық бел­гісі­мен Аты­рау, Аста­на және Алма­ты­да 50 мың­нан демон­странт­тар шыға­тын бол­са, билік­тің тран­зи­ті бір­не­ше күн­нің ішін­де шешілер еді. 

– Тоқа­ев ҰҚСК-інде­гі сөзін­де көп­пар­ти­я­лы­қты дамы­туға уәде бер­ді. Содан соң-ақ ЖСДП-ны өлтір­ді. Бұл екін­ші пре­зи­дент­тің қос стан­дарт­ты­ғы ма, жоқ әлде бірін­шінің төңіре­гі жасаған жұмыс па? 

– Көп­пар­ти­я­лық – уәденің емес, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­си өмір­шеңді­гі жағ­дай­ы­ның тақы­ры­бы. Ол жалғыз «Нұр Отан­ның» ғана емес, бар­лық қаза­қстан­ды­қтың пре­зи­ден­ті болған­да ғана орнын­да қала ала­ды. Назар­ба­ев бір кез­дері өзінің көп­те­ген кітап­та­ры­ның бірін «Сол­шыл­дар мен оңшыл­дар­сыз» деп ата­ды. Ал аны­ғын­да сол­шыл­дар мен оңшыл­дар­сыз бір­де-бір қоғам өмір сүре алмай­ды. Ондай­да қоғам қол-аяқ­сыз моқал болып қала­ды. Тоқа­ев оңшыл­дар­дың да, сол­шыл­дар­дың да және орта­дағы­лар­дың да пре­зи­ден­ті болуы тиіс. 

ЖСДП-ға қар­сы жасалған про­во­ка­ция – «Ақор­да­ның» тап­сы­ры­сы емес, «Кіта­п­ха­на­ның» арам­за­лы­ғы. Мүм­кін, бұл про­во­ка­ция «Ақор­да­ның» аты­мен ғана жасал­ды. Бұл дегеніңіз жаңа пре­зи­дент­тің аппа­ра­тын­да «Кіта­п­ха­на­ның» аңду мен бүл­діру­ге қой­ы­лған адам­да­ры көп деген сөз. 

Өкініш­ке қарай, ЖСДП-да ақшаға құны­ққан неме­се сая­си қызған­шақты­қтан демо­кра­тия жау­ла­ры­на қыз­мет қылған жан­дай­шап­тар бар болып шықты. Бірақ бұл сон­ша­лы­қты қай­ғы­лы жағ­дай емес. Нақты пар­тия жаңа сая­си цик­л­дің нәти­же­сін­де пай­да болады. 

– Бұдан бұрын біз­ге бер­ген сұх­ба­ты­ңы­зда (http://www.exclusive.kz/expertiza/politika/116151/) сіз Дариға Назар­ба­е­ва­ны «Тоқа­ев­тың аяғы­на асы­лған кір тасы» деп ата­ды­ңыз. Сіздің ойы­ңыз­ша, бұл «тас» қазір жеңіл­деді ме, әлде керісін­ше ме? Мүм­кін, бұған жаңа­ла­ры қосы­лған шығар? 

– Тоқа­ев­тың аяғын­да екі тас бар – қызы мен әкесі. Олар­дың қызған­шақты­ғы мен билік­ті асы­ра пай­да­ла­нуы елді қажы­тып біт­ті. Әкесі бол­ма­са, жалғыз Дариға Назар­ба­е­ва­ның өзі сон­ша­лы­қты про­бле­ма емес. Кор­руп­ци­яға қар­сы агент­тік тер­ге­ушісі­мен болған бір сұх­бат­та­су оның «ела­на­сы» болуға деген құштар­лы­ғын сап тияр еді. Анау әке­ден кей­ін, мына­дай ана­мыз болған­ша, жетім қалға­ны­мыз әлдеқай­да жақсы. 

Ливан­ның «ССС» ком­па­ни­я­сы­мен биз­нес-бай­ла­ныс Д.Назарбаеваға таңы­лған жаңа іс болар еді. Бұл ком­па­ния ондаған мың шетел­дік жұмыс­шы­лар­ды, әсіре­се ара­б­тар­ды Батыс Қаза­қстан­да мұнай өнді­ру жұмысы­на жал­да­у­мен айна­лы­сқан. Бұл бай­ла­ныс Рахат Әли­ев­тің (қарын­да­сы күні бүгін­ге дей­ін ливан­ды­қтың әйелі) кезі­нен бері сақта­лып қалған. Рахат бұл ком­па­ни­я­ны Қаза­қстанға әкеліп, елден ұрланған орас­ан зор қар­жы­ны сол арқы­лы айы­рып оты­рған. Ақша жоға­лып кет­кен жоқ, АҚШ-тағы жыл­жы­май­тын мүлік­ке, қонақ үйлеріне айна­лып кетті. 

Әли­ев­тің өлі­мі­нен кей­ін мем­ле­кет оның актив­терін тәр­кіле­уден бас тар­тып, оны бұры­нғы әйелі (Д.Назарбаева – Ред.) мен бала­ла­ры­на бер­ген. Банк­тер, газет­тер, теле­ра­дио ком­па­ни­я­ла­ры, құс фаб­ри­ка­ла­ры және дүние жүзін­де­гі сан­сыз жыл­жы­май­тын мүлік­пен бір­ге басқа да ондаған биз­нес солар­дың қолы­на өтті. Осын­ша­ма «өткен­нің мұра­сы­мен» жаңа пре­зи­дент­ке не істе­мек керек? Бүгін­де бел­гілі болған­дай, оның бұған ешқан­дай қаты­сы жоқ.

– Шағын биз­неске беріл­ген үш жыл­дық кани­кул (жеңіл­дік) – бюд­жет­тің жыр­ты­ғы­на айнал­мақ. Тоқа­ев тый­ым салған еді, енді тағы да Ұлт­тық қорға қол сала ма?

– «Салық кани­ку­лы», «тек­се­ру кани­ку­лы», «алым мен пара­ның кани­ку­лы» – бұның бәрі тап-таза попу­лизм. Егер шағын биз­неске кани­кул жари­я­лай­тын бол­са, бір апта­дан кей­ін «Кар­мет» пен «Қаза­қ­мыс» еке­уі жеке кәсіп­кер­лік­ке айна­лып шыға келеді. Пара беріп, кани­кулға шыға сала­ды. Бұл про­бле­ма­дан құты­лу­дың жолы емес. Біз­ге биз­не­сті бөл­шек­теу мен есеп­ті қитұрқы­лан­ды­ру­ды мән­сіз ететін салық керек. Оның кри­те­рий­лерін кәсіп­кер­лер­дің өзі ұсы­нып, шене­унік­тер­дің ырың-жырың түсінік­те­месіне жол бер­мей­тін болуы керек. Салық көп бол­мауы тиіс, аны­ғын­да, үшеу болуы керек: ҚҚС (НДС), табыс салы­ғы және әле­умет­тік салық. Салық төле­нуі тиіс, декла­ра­ция өткізілуі керек, есеп жүр­гі­зу қажет. Бірақ бар­лы­ғы мей­ілін­ше қара­пай­ым болға­ны керек. 

Мен Тоқа­ев­тың бұл баста­ма­сы бой­ын­ша эко­но­ми­стер жасаған есеп­ті көр­ген жоқ­пын. Менің­ше, ондай есеп аты­мен жоқ сияқты. Деген­мен жасап көр­сін. Тіп­ті салы­қтың уақыт­ша бол­сын жеңіл­ді­гі халық үшін жақсы…

– Назар­ба­ев­тың бұры­нғы кеңес­шісі Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев Тоқа­ев­тың пре­зи­дент­тік тақы­ры­бы 2024 жылға дей­ін жабыл­ды дей­ді. Бірақ эко­но­ми­ка­лық жағ­дай құл­ды­рап бара­ды. 2021 жылы мұнай­дың баға­сы түседі деген болжам бары­сын­да Тоқа­ев орнын сақтап қала ала ма? 

– Халы­қтың биы­лғы жаз­дағы нара­зы­лы­ғы – бұл болжам­ның жау­а­бы. Пре­зи­дент­тің нәй­қа­лып жүретін уақы­ты жоқ. Шыдам­ның шегін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев жеп бітірген.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­си бола­шағы мұнай­дың баға­сы­на бай­ла­ны­сты емес. Пай­да­лы қаз­ба­сы жоқ елдер бар, бірақ олар­дағы эко­но­ми­ка­лық жағ­дай қаза­қстан­ды­қтар­дың қызға­ны­шын тудырады. 

Пре­зи­дент дағ­да­ры­старға дай­ын болуы керек, қолын­да іс-әре­кет жос­па­ры және қасын­да жоға­ры дәре­желі батыл эко­но­ми­стер­ден құры­лған коман­да­сы болуы қажет. Қаза­қстан­ды дамы­та­тын капи­тал бар: жемқор­лар мен бюд­жет­ті тона­у­шы­лар­дың шетел­дік банк­тер­де­гі шот­та­рын­да 200 мил­ли­ард дол­ларға жуық қар­жы бар. Бұл ақша ешқан­дай қозға­лыс­сыз жатыр, себебі қожай­ын­да­ры оған қол тигізу­ге қорқа­ды: кез кел­ген күдік­ті тран­зак­ция жасалған жағ­дай­да банк­тер ол қар­жы­ны «қаты­рып» тастай­ды. Бұл қар­жы­ны қатал тәр­тіп­пен және мей­ірім­ді рақым­шы­лық жасау арқы­лы про­цес­ске топ­та­сты­ру керек. Мұн­дай рақым­шы­лық ақша­ның елге қай­тып келуіне әсер етеді. 

Мен бұдан бір­не­ше жыл бұрын бұл тақы­рып­ты бірін­ші болып Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың алды­на ұсы­нған едім, бірақ туы­ста­ры­ның (олар­дың бар­лы­ғы – мил­ли­ар­дер) төбе шашта­ры тік тұрды… 

Уақыт бәрін емдей­ді. Рахат Әли­ев өз орнын Вена түр­месі­нен тап­ты. Демо­кра­ти­я­ның басқа қас­көй­лерінің оры­ны да жуы­қта аны­қта­ла­ды. Мен нық сенім­ді­мін, менің орным – Ота­ным­да, Қаза­қстан­да. Мен елде халы­ққа керекпін, ол жер­де­гі үлкен өзгерістер кезін­де мен пай­дам­ды тигі­зе аламын.

Exclusive.kz пор­та­лы­нан

қаза­қ­ша­лаған –

Айсұ­лу ОСПАН, «DAT»

  • Сұх­бат­тың түп­нұсқа­дағы бас тақы­ры­бы – «На ногах Тока­е­ва две гири»
Республиканский еженедельник онлайн