Понедельник , 12 мая 2025

ЖАҢАӨЗЕНДІ КІМ АТТЫРДЫ?

Софы СМАТАЕВ

  • Ардақты ағай­ын! Қадір­мен­ді қаза­қстан­ды­қтар, бауыр­лар, қан­дастар! Мен бүгін­де сіз­дер­ді «сыр­ла­ста­рым, мұң­даста­рым, мүд­де­ле­стерім!» деп атағым келіп тұр. Мен де сіз­дер тәрізді тәу­ел­сіз ел аталға­ны­мы­зға 28 жыл бол­са да, соның әлі күн­ге дей­ін жемісі мен жеңісін көре алмай, биік­те­гі билік­тің ерік-ырқы­мен ғана бас көтеріп, кеуде тік­те­ме­стен қыбыр­лай­тын ащы өзек, аш қарын қаза­қтың бірімін.

Мен де еге­мен­ді­гі­міз­бен егі­ле жылап, еркін­ді­гі­міз­бен еңірей қоштас­пай­ық деген зар тіле­гін мынау мылқау Жалғанға жари­я­лай жет­кізіп, Ресей­мен Еура­зи­я­лық одаққа мүше болып кір­сек, бұры­нғы үш жүз жыл бойы төбе­міз­ден тоқ­пақтатқан отар­шыл­ды­қтың темір бұға­уы­на қай­та­дан бодан болып кіре­міз-ау деген қорқы­ны­шым­ды кеудем­нен сығып шыға­рып, кеше­гі елба­сы­ға құлаққағыс етіп, ашық хат жазып, дал­ба­са­лаған­ның бірімін.

Жоға­ры жақтан сон­да жау­ап бере­рдей тырс еткен үн, шылп еткен ерін болған жоқ. Қай­та «Еуро­одаққа кір­ген бой­да қаға­нағы­мыз қарқ, саға­нағы­мыз сарқ болып, пай­да­ның астын­да қалып, үлде мен бүл­де­ге ора­нар тұр­мыс-тір­лік­ке күмп етіп еніп кетер­міз» дей­тін өрек­пу­лерін БАҚ-тың бар­лық түрі­нен бақыл­дап, тақыл­дап беріп жатқан бас­шы­лар­ды да, сол бас­шы­лар­дың тақыл­да­у­ла­рын бар­шаға тақым­дап оты­рып жет­кізіп жатқан, ұятын ұрла­тып алған жазу­шы­лар мен жур­нал­шы­лар­ды да тың­да­удан құлақ сарсылған-ды.

Мені біра­зы­ңыз қалам­гер ретін­де тану­ла­ры­ңыз мүм­кін. Көп­шілі­гіңіз таны­май­сыз да. Бірақ мен бүгін сіз­дер­ге өте жақы­н­мын. Сіз­дер­мен бір­мін. Себебі мен де дәл сіз­дер сияқты әр сай­ла­уда өз дау­сын ұрлатқы­за­тын шара­сыз мұң­дас пен­де­мін. Мен де сіз­дер тәрізді сонау Жаңаө­зен­де­гі бей­күнә қыры­лған қыр­шын­дар­дың қаза­сын аза тұтқан, жүре­гі қан жылаған қаза­қтың бірі­мін. Сон­ды­қтан да мен сіз­дер­дің сыр­лас, мұң­дас, мүдделесіңізбін.

Жаңаө­зен оқиға­сы­на сегіз жыл тол­ды. Осы­нау сегіз жыл­да 8 күн­дік теңдік тап­паған қаза­ғы­ң­ның, осы 8 жыл­да еркін­ді­гінің аясын барын­ша тары­л­тып алып, жоға­ры­дағы­лар­дың заң-низам­ды белі­нен басып, бай­ы­ған үстіне бай­ып жатқа­ны­на аш-жалаңаш тір­лі­гінің өзе­гіне ас, жыр­ты­ғы­на жамау таба алмай жүр­ген төмен­де­гі қан­даста­рым мен сырт­тан кел­ген әріп­те­стерім, сіз­дер­дің естеріңіз­ге билік­те­гілер­дің сол қыл­мысты әре­кетін қай­та­лап жет­кіз­гім бар.

Өйт­кені Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын – бүкіл қаза­қтың кеудесіне қадалған қан­ды жебе болатын;

Өйт­кені Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын – бүкіл қаза­қтың жүре­гін қақ тіл­ген жазыл­мас жара салған;

Өйт­кені Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын – бүкіл қаза­қты билік­те­гі, биік­те­гі басы­нған шағын топ пен төмен­де­гі өксі­ген, ашы­нған қалың көп­ті екі бөл­ген қан­ды меже еді;

Өйт­кені Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын – мүл­гіп, шұлғып мәң­гүрт­тен­ген қаза­қты жұлқып оятып, шар­пып ойлан­тып, есін жиғы­зып, ерік-ырқын боса­тып алуға итер­ме­лей жаз­даған ғала­мат оқиға еді;

Өйт­кені Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын – «Қаза­ққа қазақ неге оқ атты? Қаза­қты қазақ неге қырып сал­ды? Қаза­қты қазақ атуға кім бұй­рық бер­ді?» деген қан­жар­дай тіл­гілей­тін сұрақтар­ды әрқай­сы­мы­здың кеуде­міз­ден айтқы­за бастап еді-ау!

Қадір­мен­ді мұң­дастар! Биік­те­гі билік­тің жау­ап­сыз немқұрай­лы­ғы барын­ша асқы­нған­ды­қтан, ел ішін­де­гі төмен­гі мен жоғарғы­ның бірін-бірі түсі­нуі мүл­де жой­ыл­ды. Бар­лық өңір­де жұмыс­сыздық белең алып, ауыл­дық жер­лер­де қай­ыр­шы­лы­ққа жақын жұрт­шы­лық тір­шілі­гі бастал­ды. Жоға­ры­ның төмен­ді мен­сін­бе­уі, төбесі­нен төніп дікіл­де­уі, өтірік ақпар­ды көрі­неу көз­ге алға шыға­руы, сай­лау біт­кен­ді бір­де-бір рет дұрыс өткіз­бе­уі, дауыс ұрла­уы, оппо­зи­ци­я­ны шет­те­туі, қуда­ла­уы, аза­мат­тарға өтірік пәле-жала жабуы көбей­ді. Осын­дай келеңсіз, қитұрқы әре­кет­тер­дің себеп-сал­да­ры­нан тұтанған нара­зы­лық көріністері ел ішін­де сол шақта-ақ бас көте­ре бастаған-ды.

Оларға бүкіл қоға­мы­м­ы­здың тіре­гінің сықыр­лап сызат түсір­генін бай­қа­та­тын жастар­дың өзіне-өзі қол жұм­са­у­ла­ры айғақ.

Оларға шара­сыз үлес­кер­лер­дің сан­дал­тқан күрес­кер­лі­гі­нен еш нәти­же шыға­ра алмай, еріксіздік бұға­уын­да қылғы­нып, өзін-өзі өрте­удің көбе­юі куә.

Оларға ота­ны­мы­здың түк­пір-түк­пірі­нен діни экс­тре­ми­стер­дің оқты қар­дай бора­тып, қызыл қан­ды судай ағы­зуы дәлел.

Ол аздай-ақ, сегіз жыл бұрын халы­қтың келісі­мін­сіз Кеден одағы­на күмп етіп қой­ып кет­тік те, қомағай Ресей­ді тесік-жыр­тық қал­та­мы­зға бір түсіріп едік. Еура­зия одағы­на сүмең­деп кіріп, жиыр­ма сегізін­ші жыл­ды­ғын той­лай­тын тәу­ел­сізді­гі­мізді, қыл мой­ны­мы­зға қылбұрау боп түсетін ортақ валю­та­шыл Путин­нің қан­ды қан­жы­ға­сы­на мықтап бай­лап беріп, баты­стың Ресей­ге жасаған санк­ци­я­сы­ның құр­ба­ны­на біз де еріксіз айна­лып, қай­ыр­шы­лық пен жоқ­шы­лы­қтың таз кепе­шін қай­та кидік.

Тір­шілі­гі­міздің бады­рай­ып тұрған осы­нау сұрқи­я­ла­рын көп­сініп жүр­гені­міз­де, Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын ұлт тра­ге­ди­я­сы, халық қасіреті болып тағы қосы­лып еді ғой.

Оған не себеп?

Ол – орта­лы­қтың, сол кез­де­гі аста­на­лық билік­тің Маңғы­стау өлкесінің аса қиын әле­умет­тік жағ­дай­ы­на, тұр­мыс-тір­шілі­гінің күр­делі мәсе­ле­леріне нем­кет­тілік­пен атүсті қара­удан туын­даған ұлт­тық тра­ге­дия болатын.

Ол – жеті ай бойы аптап пен аяз­да өз мұң-мұқта­жын жоға­ры­ға айтып жет­кі­зе алмаған мұнай­шы­лар­ды алы­стан ызбар шаша қорқы­тып, үркітіп оты­рып, бұға­лы­ққа басын сұғар үйіріне қай­та қосам дей­тін өктем­шіл билік­тің ұр да жық әре­кеті­нен өрбі­ген халық қасіреті еді.

Төр­де­гілер­ден әділет­тік күт­кен, ақиқат­ты аңсаған маңғы­ста­улы­қтарға кеше­гі пре­зи­дент түгілі, пре­мьер-министр де, сала­лық мини­стр­лер де барған жоқ еді. Бару қай­да, әлгілер­дің талап-тілек­терін ескер­мек тұр­мақ, еле­ме­ген де.

16 жел­тоқ­сан 2011 жыл. Бүкіл елдің тәу­ел­сізді­гі­мізді мере­ке­лей­тін қаси­ет­ті де, киелі той күні еді. Ал сол айту­лы мей­рам күні­міз қасірет­ті күн­ге, қай­ғы­лы күн­ге айнал­ды. Халық қара жамыл­ды. Ұлт­ты үрей биледі. Ұлт кеудесін кек жай­ла­ды. Қаза­ққа қазақ оқ атты!.. Неге? Не үшін? Кім үшін? Кім атқы­зды? Кім бұйырды?

Халы­қтың жүре­гіне сон­да оқ қадал­ды. Бүкіл ұлт болып өкіні­штің жолы­на өксіп түстік. Өкіріп көр құштық. Бұры­нғы бір арма­ны­мыз, бір тіле­гі­міз, бір тала­бы­мыз бір-ақ сәт­те быт-шыт боп ыды­ра­ды. Төбе – бір бөлек. Төмен­де­гі – бір бөлек. Бір дін­де­гі, бір діл­де­гі, бір тіл­де­гі ұлт – екіұ­дай. Әке­ге – бала, іні­ге – аға қар­сы болға­ны­мыз ба шыны­мен?.. Неге?

Өйткені зия­лы­мыз дей­тін жазу­шы­ла­ры­мыз тозды да азды. Олар­дағы жағым­паз­дық, жал­тақта­у­шы­лық, сыбаға күтіп қол жаю­шы­лық, аза­мат­тық парыз бен қары­зды, ар мен ұят­ты, қай­ы­рым мен мей­ірім­ді ұмыт­тыр­ды. Күштінің әлсізді пісір­мей-ақ жей­тіні, мықты­ның нашар­ды ойын­шық қып ойна­уы, құр­бан­ды­ққа шалуы – біздің әбден әдет­ке айналған тір­шілі­гі­міз ғана.

Құл­дық күй­де­гі қоғам­ның, мүл­гі­ген, шұлғы­ған қоғам­ның әр тұсы­нан билік­тің қия­на­ты­на қар­сы сол кез­де қадау-қадау дауыс көтер­ген бес-алты қалам­гер бол­ма­са, тұтас зия­лы қауым зиян­ды қауы­мға айна­лып кет­кен­дей-ақ. Абыз ақсақал­да­ры­мыз, ұлағат­ты дей­тін үлкен­дері­міз үнсіз қал­са, билік­тің маңай­ын­да жүр­ген қалам­гер­лер мұнай­шы­лар­ды «Бұза­қы! Нар­ко­ман! Басбұ­зар!» деп кінәлап, қара қарғы­сын құя салған-ды.

Ал елі­міз­де­гі басқа ұлт өкіл­дері, сон­дай-ақ пра­во­сла­вие, иуда­изм төңіре­гін­де­гілер­дің бір­де-бірі тіс жарған жоқ-тын. Соған қараған­да, оларға қаза­қтың бірін-бірі қырға­ны қызық бола­тын сияқты-ау!

«Сияқты-ау!» деуім бер жағы ғана. Ресей­дің тұтас елді тулақтай сіл­кіп, шүбе­ректей жыр­тып, Укра­и­на­дан Қырым­ды бас-көз­ге қара­май тар­тып алға­нын көр­мей оты­рған жоқ. Көр­ген соң, өз елі­міз­де­гі, өз іші­міз­де­гі біраз орыс жұр­ты­ның деле­бесі неге қоз­ба­сын. Күні ертең ел басы­на «Ұлтым!» дей­тін ұлт­жан­ды аза­мат­тар кел­се (мүм­кін, кел­ген де шығар), қаза­ғы­мы­здың қаси­еті мен киесі өгей қал­пы­нан озып, биік мәр­те­бесін иелен­се, ана тілі­міз босаға­дан сыға­лаған орнын төр­ге шығар­са, ұлт­тық тілі­міз бен қадір-қаси­еті­мізді еле­мей, мұрын шүй­іретін шүл­дір­ле­гіш жер­ле­стері­міз (оған оры­стіл­ді өзі­міздікі де қосы­ла­ры сөз­сіз) рефе­рен­дум деген­ді әлден-ақ сыл­та­у­ра­тып, сол­түстік облы­ста­ры­мы­зды бөліп әке­ту­ге жанын сала­ры­на еш күмәніңіз бол­ма­сын, ағайын!

Өйт­кені дәл осы жымысқы әре­кет Кремль­ден бастау алып, айтақтап қосар Про­ха­нов, Лимо­нов тәрізді жан­дай­шап­та­ры­ның дүбір­ле­туі­мен ірге­міздің берік­ті­гіне сына қағып, шаңы­рағы­мы­зды шай­қалт­пақ болып, ақ тер, көк тер­ге бөгіп, әлек­ке түсу­де. Ал осын­дай қас­көй тілек­ті, жауы­здық ниет­ті тыю үшін ой тер­беп, сау­сақ қимыл­датқан билік­те­гілер­дің біре­уі бол­ды ма? Болған жоқ.

Сон­дай-ақ тарих­тың көк­ше­шек жеті­ме­гін­дей, ленин­дік-ста­лин­дік сая­сат­тың мұра­герін­дей болып, тіп­ті заң шыға­руға да икем­дел­ген халы­қтар ассам­бле­я­сы да тырс етіп үнде­у­ге жара­маған. Өйт­кені ол ұлта­ра­лық достық, тату­ла­сты­ққа емес, билік­ке қыз­мет етіп, солар­дың шаш­ба­уын көте­ретінін сол кез­де де, бүгін де дәлел­де­умен келеді.

Төрде­гі топқа ойлы, милы бастың, зер­делі зерек кеуденің, интел­лек­тінің түк­ке де қажеті жоқ. Мықты болуың үшін, өсуің мен бөсуің үшін, төбе­де оты­рған төре клан­ның өкілі бол­саң, жетіп жатыр. Мек­теп мұғалі­мі­нен тізім арқы­лы-ақ мәжіліс­ке – депу­тат, кол­хоз агро­но­мы­нан – облы­сқа әкім, гине­ко­лог­тан – гене­рал, сле­сарь-сан­тех­ник­тен – зауыт дирек­то­ры, һәм қожа­сы болып шыға келу – түкіріп таста­удан да оңай.

Халқы­мы­здың кемең­гер­лі­гі, жаны­ның кеңді­гі, көнім­паз көн­терілі­гі – жоға­ры­дағы­лар үшін нашар­лық, сор­лы­лық, әлсіздік һәм биша­ра­лық болып сана­ла­ды. Сол себеп­ті де олар өздерін Құдай неме­се құдай­дан былай еме­стей көреді. Сол себеп­ті де мем­ле­кеті­міз бүгін ғана туа салған­дай, ұлты­мыз әлгін­де ғана жара­ты­лған­дай сезі­нуі­міз керек екен. Өйт­кені соның бәрін жаса­у­шы мем­ле­кет­тің іргесін қалап, шека­ра­сын бекіт­кен, «Кет­тім!» деп айтып, тағын­да мызғы­май оты­рған жалғыз ғана Құдірет иесі біз­ге ғана нұрын шашып оты­рған­дай ғажай­ып мақта­ныш сезім­ге бөле­ну­ге тиіс екенбіз.

Бірақ сезіне алмай­мын. Мен де дәл сіз­дер­дей осын­ша­ма жер асты, жер үсті бай­лы­ғы­мы­здың тап орта­сын­да оты­рып, қай­ыр­шы­ның күй­ін кешетіні­ме қат­ты қина­лам. Мен де сіз­дер сияқты осын­ша ырыс-дәу­лет­тің бар­ша­мы­зға түгел адал­ды­қ­пен бөлін­бей, төр­де­гі обыр тобыр­дың бір тол­мас құр­дым­дай өңе­шіне құй­ы­ла бере ме деп, өкіні­шім­ді өкпем­нен төгем.

Ал өз кені­мізді өзге­лер қазып алып, бай­ып жатқа­нын­да, бас қала­мы­зды басқа­лар­дың ала­ба­жақ етіп салып жатқа­нын­да мүл­де жұмысы­мыз жоқ. Дуыл­дап, шуыл­дап дали­я­мыз, далақтай­мыз кеп. Ал Жаңаө­зен­де­гі­дей қан­ды оқиға­лар болған­да ғана есі­міз шыға алақтай­мыз кеп.

Өйт­кені біз «Хабар­ды» көріп, «Еге­мен­ді» оқып, бай­лы­қты бел­ше­сі­нен кешіп жүр­ген, «біз­дер­де мынан­дай бар, мынан­дай бар!» деген билік­те­гілер­дің уағызна­ма­сы­на күдік­пен қарау түгілі, кіл­ти­пан кел­тіруді біл­мей­тін, «жүн­де­у­ге жақ­сы жуас түй­е­ге» айналған көн­тері жұрт болып бара­мыз. Бұры­нғы тегін білім алу, тегін меди­ци­на­лық емді пай­да­ла­ну, тегін пәтер­ге ие болып, ота­ны­мы­здың шын мағы­на­сын­дағы толық құқы­лы аза­ма­ты деген ардақты атағы­мы­зды қал­пы­на кел­тіруді жоға­ры­дағы­лар­дан өңе­шін жұлып алар­дай қай­сар табан­ды­лы­қ­пен талап етуді әлдеқа­шан ұмытқанбыз.

Құдай-ау дей­ік­ші: «Қан не үшін төгіл­ді? Қыр­шын ұлдар­дың қаны! Елді жаудан, ерді даудан қорға­уда төгіл­ді ме? Жоқ! Ақша үшін. Өзге­лер­дің ертең қор­жы­ны­на мил­ли­ард­тап құй­ы­лар оңай олжа үшін!

Анау «Қаза­қ­мыстың» жар­ты­сы өзгенікі. Анау «Қара­жан­бас­мұ­най­дың» тоқ­сан пай­ы­зы өзгенікі. Жеті жыл бұрын соның он пай­ы­зын өзі­міз­ге қай­та­рып алдық деп, үкі­мет шәп­кісін аспанға атып қуан­ды ғой. «Қара­жан­бас­мұ­най­дың» неге тоқ­сан пай­ы­зын қай­та­рып алмай­ды? Сөй­тіп бүкіл елді, бар­ша­мы­зды неге қуантпайды?

 «Бәріне, бар келеңсіздік­ке орал­ман­дар кінәлі» – деген-ді Ахме­тов (Дани­ал) те, Шүке­ев те, Мәсі­мов те. Орал­ман­дар ота­ны­на оралға­ны үшін кінәлі ме? Жұмыс­сыз, үйсіз, күй­сіз болға­ны үшін кінәлі ме? Ондай жоқтар­ды үкі­мет неге бар қылмайды?

Оу, жаран­дар! Кін­дік жұр­ты­нан кеңе­стік кезеңнің ұр да жыққа бағы­шталған зор­лы­ғы­нан бас сауға­лап, ауып кет­кен міскін­дер­ді неге кінәлай­мыз? Туған жер­дің түтінін аңсап, сүй­е­гі­міз бай­ы­рғы ата­ме­кен­нің топы­рағын­да қал­сын деп, жүре­гін қолы­на ұстап, елін, жерін сағы­нып жет­кен бауыр­ла­ры­мы­зды неге күста­на­лай­мыз? Ота­ны­мы­здың ары мен барын жоқтар төл­ту­ма­ла­ры­мыз көбей­се, көз алар­та­тын қос көр­ші­міз­ге кәдім­гі­дей сес емес пе?! Сырт­тағы 6 мил­ли­он қан­да­сы­мы­зды түгел көшіріп әкеліп, сонау «құри­ды, өшеді, қирай­ды!» дей­тін Арқа­лық, Жаңа­тас, Ақсүй­ек сияқты босап қалған қала­ларға неге орна­ла­стыр­май­мыз? Сон­да олар жұмыс­сыз, үйсіз, күй­сіз бол­май, өздері-ақ өндіріс орын­да­рын ашып, ауыл шару­а­шы­лық ұжым­да­рын көбей­тіп, тасқын­даған еңбек­тің үлгісін таны­тар еді-ау! Олар­ды «орал­ман» деп кеуде­ден түй­рер оқша­у­ла­уды жой­ып, «өзім, өзек­тесім!» деп, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «қан­дастар!» деген ата­уын қабыл­дап, қағаз-құжат­та­рын еш созба­стан кел­ген бой­да қол­да­ры­на ұста­тып, Ала­штың ақжүрек адал­ды­ғын неге таныт­пай­мыз? Әйт­пе­се билік­ті өңкей өгей ұл басқа­рып оты­рған­да, өз қан­да­сы­мы­зды өңмені­нен ите­рер кісә­пір­лік­тен құты­луы­мыз қиын.

Қымбат­ты мүд­де­ле­стерім! Мен де сіз­дер сияқты «Сай­лау неге дұрыс өтпей­ді? Дау­сы­мыз неге ұрла­на­ды? Оппо­зи­ция сер­ке­лері тізім­нен неге түсіп қала­ды?» дей­тін көп сұрақтың қамауын­да қал­дым. Оларға жау­ап жоқ. Бол­май­ды да. Өйт­кені бұл билік­ке, бұры­нғы­дан келе жатқан билік­ке өзіне қар­сы сөй­лер ауыз қажет емес. Одаға, мақтау-мадақта­уға үйрен­ген құлақ сын мен мін­ді тыңдамайды.

Ал зия­лы қауым, яғни қалам­гер­лер – зиян­ды қауы­мға айна­лып бара­ды деуі­міз жалған емес. Өйт­кені біз жоға­ры­дағы­ларға баты­рып айта алмай­мыз. Жал­тақтап күн көріп, жал­пақтап етек сүй­іп, жал­пыл­дап ода жазып, тір­лік кеше­міз. Құны­мыз – пре­зи­дент Назар­ба­ев сти­пен­ди­я­сы дей­тін құн­сыз тең­генің төңіре­гі ғана. Өзі­міз­ге тиесі жүз­де­ген мил­ли­он дол­ларға тати­тын қала­мақы­мы­зды – қалам­гер­лік еңбе­гі­міздің өте­уін жиыр­ма сегіз жыл­дан бері ала алмай жүр­гені­міз­бен мүл­де ісі­міз жоқ. Сол қала­мақы­мы­зды ұрлап, тығып оты­рған билік­ке қар­сы мыңқ етіп те көр­ген емес­піз. Зия­лы деп атан­сақ та, өзі­мізді-өзі­міз кемітіп, өзі­мізді-өзі­міз қорғай алмай, өзі­міз­ге-өзі­міз зиян­дық жасап жүрміз.

Көздің қара­шы­ғын­дай сақта­луға тиісті ұлт­тық һәм Зей­нет­кер­лік қор­ла­ры­мы­здан сауыл­да­тып құй­ып ала баста­уы­мыз – шара­сызды­қтың анық бел­гісі емес пе.?!

Қым­бат­ты мұң­даста­рым, үзең­гіле­стерім менің! Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын билік­ке ғала­мат қорқы­ныш туғы­зға­нын менен артық білесіз­дер. Билік­тің ой-бой­ын құр­са­у­лап, үлкен үрей­дің билеп алға­нын сол билік­тің сол кез­де­гі солақай әре­кеті­нен-ақ көре баста­ды­ңы­здар ғой.

Ол қан­дай әрекет?

Күн­діз күл­кісін ұрлап, түн­де ұйқы­сын бұзып, қара­дай қал­шыл­да­тып бара жатқан өз кеудесін­де­гі сұм­дық үрей­ді билік көп­ке, халы­ққа ауда­ра сал­мақ болып, жан­та­ла­са дал­ба­са­лай баста­ды. Билік бар­ша­мы­зды үркіт­пек боп әлек. Бәрі­мізді қорқы­ны­штың қор­ша­уы­на түсір­мек боп әбі­гер. Жалған айып­та­у­лар­ды жабу­дай қылып жап­сы­рып, жазы­қ­сыз жаза­ла­у­лар­ды өздерінің мызғы­мас тәсіл-құра­лы­на айнал­ды­рып алды.

Өйт­кені үрей биле­ген кеуде­де өжет­тік түне­мей­тінін, қорқақ жан­нан күрес­кер шық­пай­ты­нын төр­де­гілер де, түй­сіксіз емес, сезеді. Сон­ды­қтан да олар әділет іздеп, шырыл­даған батыл да қайт­пас, жеріне жет­кізіп айта­тын­дар­ды темір тор­дың арғы жағы­нан бір-ақ шығарады.

Осын­дай заң­сызды­ққа қар­сы бас көтер­ген укра­ин­ды­қтар өз елін­де демо­кра­ти­я­ның сал­та­нат құруы­на жол ашты. Ресей­лік БАҚ-тар­дың Укра­и­на­ны жер­ден алып, жер­ге салып жаман­да­уы – өз қыл­мысын бүр­ке­удің жалған әре­кеті. Ал бір пұшпағын­да соғыс өрті тұтанған Укри­на­ның жағ­дайы көп қиын­ды­ққа қара­ма­стан жақ­са­рып келе жатқа­ны­нан хабардармыз.

Ал біз ше?.. Аузы­мы­зға құлып салып, көзі­міз­ге шүбе­рек бай­ла­у­ы­мыз ғана қалға­нын бай­қай­мыз ба, ақыл­дас, мақұлдастарым?!

Бір, он, жүз, тіп­ті мың адам­ды үркітіп, қорқы­туға болар. Бірақ мил­ли­он­дар­ды сес­кен­ту мүм­кін емес қой. Енде­ше бүгін­гі тік­те­лер еңсе­мізді, жазы­лар белі­мізді, көтерілер иіні­мізді, жаңғы­рар жігері­мізді кеуде­міз­де сақтай білей­ік. Сон­да ғана Карл шал­дың (Маркс): «Бүкіл бай­лы­ғын аздаған топ ием­ден­ген мем­ле­кет­ті ота­ным деп ата­уға бол­май­ды!» деген пай­ым­да­уы­на сүй­еніп, өз ота­ны­мы­здың бар игілі­гін, әділетін, шын­ды­ғын, бар­лық заңын пай­да­мы­зға асы­ра ала­тын аза­ма­ты ата­на­ры­мыз хақ.

Сол күн­ге қол ұста­сып, қата­ры­мы­зды түзеп, тезірек жетей­ік, мүд­де­ле­стерім менің!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн