Воскресенье , 19 июля 2026

ҚАЙРАТ «ХИЛТОНДЫ» меншік иелерінен ҚАЛАЙ ТАРТЫП АЛДЫ?

ҚР Бас прокуроры

Берік АСЫЛОВ мырзаға!

  • Дәл осы – мен депу­тат­тық сау­ал жол­дап оты­рған кез­де қала­лық Әділет басқар­ма­сы­ның шеші­мі­мен Алма­ты қала­сын­да орна­ласқан «Хил­тон» қонақ үйін заң­ды мен­шік иесі­нен тар­тып алу, отель қыз­мет­кер­лерін сыр­тқа шыға­ру және ғима­рат­ты күш­теп боса­ту әре­кеті жүріп жатыр. Мұн­да 250-ге жуық қыз­мет­ші жұмыс істей­ді, енді олар жұмыс­сыз қалады.

Алма­ты­ның қақ орта­сын­да болып жатқан бұл оқиға қонақ үй толған шетел­дік қонақтар­дың көз алдын­да жүріп жатыр. Әрі бұл заң­сыздық «ескі Қаза­қстан­ның» мүд­десіне жасалған әділет­сіз және заң­сыз әре­кет­тер деп білем. «Хил­тон» мей­ман­ха­на­сы тура­лы, оны осы­дан төрт жыл бұрын Н.Назарбаевтың неме­ре інісі Қай­рат Саты­бал­ды­ның сақал­ды нөкер­лері басып алға­ны тура­сын­да депу­тат­тық сау­ал жол­даған едім. Енді әбден көзім жет­кен­дей, оған құзірет­ті мем­ле­кет­тік орган­дар­дан әдет­те­гі­дей жал­тар­ма жау­ап алдым.

Содан бер­гі үш жыл бойы «Хил­тон­ның» мәсе­лесі менің депу­тат­тық бақы­ла­у­ым­да бол­ды. Мұн­дағы менің мүд­дем – «ескі Қаза­қстан» өкіл­дері қара­пай­ым халық пен биз­неске қаты­сты жасаған адам айтқы­сыз қия­нат пен кеса­патқа ара­ша түсу, мүм­кін­дік бол­са – қар­сы тұру еді.

Осы төрт жыл­дың ішін­де Қай­рат Саты­бал­ды қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­ды, аздаған уақыт түр­ме­де «оты­рып», одан аман-есен босап шығып үлгер­ді. Осы ара­лы­қта ол біраз активін мем­ле­кет­ке қай­тар­ды. Қай­та­ры­лған актив­тер­дің ішін­де аме­ри­ка­лық талап­пен салы­нып, аме­ри­ка­лық фран­ши­за­мен жұмыс істей­тін «Хил­тон» қонақ үйі болды.

Бірақ кей­ін­нен аны­қталған­дай, оли­гарх­тың нөкер­лері әртүр­лі қитұрқы схе­ма-амал­дар­мен атал­мыш қонақ үйді Саты­бал­ды­ға астыр­тын бағы­ны­шты ком­па­ни­я­ның есебіне рәсім­деді. Егер «Хил­тон» ҚР Үкі­меті жанын­дағы Заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі комис­си­я­ның тір­ке­уіне кір­гізіл­ме­ген, экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың неме­ре інісінің активі ретін­де рәсім­дел­ме­ген жағ­дай­да бұл отель Саты­бал­ды Үкі­мет­ке қай­тарған актив­тер есебін­де бол­мас еді.

Енді тағы да әртүр­лі айла-әре­кет­пен Саты­бал­ды­ның мен­шік есебіне жазы­лған «Хил­тон» отелі Мем­ле­кет­тік мүлік­тер коми­теті арқы­лы аук­ци­онға шыға­ры­лып, оны тағы да Қ.Сатыбалдының астыр­тын ком­па­ни­я­ла­ры арзан бағаға сатып алу әре­кетін жаса­уда. Актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі үкі­мет­тік комис­сия арқы­лы «Хил­тон» қонақ үйі 4 (төрт) мил­ли­ард тең­ге­ге баға­ла­нып, мем­ле­кет­ке арза­нға өткізіл­ді. Бірақ тәу­ел­сіз қар­жы сарап­шы­ла­ры­ның есебі бой­ын­ша, бұл отель­дің нары­қтық баға­сы 11 млрд тең­ге­ден астам еді.

Алма­ты қала­сы­ның қақ орта­сын­да орна­ласқан әлем­дік тала­пқа сай қонақ үй неге арза­нға баға­лан­ды? Айла­ның аста­ры анық: Саты­бал­ды­ның анга­жир­лен­ген ком­па­ни­я­сы арқы­лы Мем­ле­кет­тік мүлік коми­тетінің аук­ци­о­ны­нан «Хил­тон­ды» мей­ілін­ше арзан бағаға кері қарай сатып алу!

Құрмет­ті Берік Ноғайұлы!

Міне, менің депу­тат­тық сау­а­лы­ма арқау болған оқиға­ның қысқа­ша мән-жайы осы. Экс-пре­зи­дент­тің неме­ре інісі қара­пай­ым биз­не­смен­ге қаты­сты жасаған бұл әділет­сіздік­тің жай-жап­са­ры Сіз­ге бұрын­нан бері егжей-тег­жей­лі мәлім деп ойлай­мын. Бұл жөнін­де бұрын­да­ры сіз­бен бет­пе-бет сөй­лес­кен кезі­міз болған.

Енді Сіздің бас­шы­лы­ғы­ңы­здағы ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы осы қыл­мысты қия­нат­ты жағ­дай­дың жай-жап­са­рын толық тек­се­ру үшін арнайы қыл­мыстық іс қозғап, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев баста­ма­шы­сы болған әділет­тілік прин­циптері негізін­де «Хил­тон» қонақ үйінің тиісті мен­шік иелеріне қаты­сты заң­ды­лы­қты қал­пы­на кел­тіруді сұраймын!

Егер Бас про­ку­ра­ту­ра мен Әділет мини­стр­лі­гінің көз алдын­да (бәл­кім, олар­дың қаты­суы­мен) «Хил­тон» қонақ үйі басқа біре­удің мен­ші­гіне өтіп кететін бол­са, бұл барып тұрған әділет­сіздік бола­ды! Мен депу­тат ретін­де бұл мәсе­лені заң­ды және әділет­ті шегіне жет­кіз­бей, тыным тап­пай­тын боламын!

Ескер­те кетей­ін, «Хил­тон» қонақ үйін басқа­ның мүд­десіне алып беру­ге мүд­делі ведом­ство­лар баға­лы актив­ті тар­тып алып қана қой­май, оның заң­ды мен­шік иелерінің мой­ны­на 4,5 мил­ли­ард тең­ге салық бере­ше­гін қосым­ша іліп бер­ген! Бұл жөнін­де мен ҚР Қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гінің төрай­ы­мы Мәди­на Әбілқа­сы­мо­ваға депу­тат­тық сау­ал жол­даға­ным­да, агент­тік тара­пы­нан бұл істі сот орган­да­ры арқы­лы әділ шешу­ге бола­ты­нын және талап қою­шы­ларға сот бары­сын­да агент­тік тара­пы­нан көмек жаса­ла­ты­ны жөнін­де жау­ап алған едім.

Енді, міне, әлдебір күш­тер­дің қысы­мы­м­ен қонақ үй ісін сол сотқа жет­кіз­бей, күш­теп тар­тып алу айла­сы шұғыл жүзе­ге аса баста­ды. Қысқа­сы, бұл әпер­бақан әре­кет­тің мәсе­лесі ел Пре­зи­ден­тінің құлағы­на жете­ді деп ойлай­мын. Егер жет­пей жат­са, мен оны қалай да жет­кізу­ге тырысам…

Құр­мет­пен,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Ермұрат БАПИ

Редак­ци­ядан:

  • Газет қат­та­лып жатқан­да, «Хил­тон­ды» мен­шік иелері­нен алып алу әре­кетіне бас­шы­лық жүр­гізіп жатқан Алма­ты қала­лық Әділет басқар­ма­сы қонақ үй әкім­шілі­гіне ғима­рат­ты 31 мамы­рға дей­ін боса­туға мұр­сат бер­ген. Оның өзі қала­ның тури­стік ими­джіне нұқ­сан келеріне алаң­даған Алма­ты әкі­мі Дар­хан Саты­бал­ды­ның ара­ла­суы­нан кей­ін ғана мүм­кін болған.

Бірақ «Хил­тон» әкім­шілі­гінің айтуы­на қараған­да, «мұр­сат беріл­ген» осы он күн­нің өзі аздық ететін түрі бар. Себебі халы­қа­ра­лық дең­гей­де таны­мал бренд сана­ла­тын «Хил­тон» отеліне тұрақта­уды жос­пар­лаған шетел­дік деле­га­ци­я­лар мен мей­ман­дар айлар бұрын бронь жасап, күнібұрын резерв жасап қойған.

Әлбет­те, шетел­дік мәр­те­белі мей­ман­дар тұрақтай­тын отель­ге билік орган­да­ры тара­пы­нан қысым жаса­лып, қонақтарға «отказ» беріліп жатқа­ны Алма­ты қала­сы­ның ғана емес, Қаза­қстан­ның тури­стік ими­джіне кері әсерін тигі­зері кәдік. Қалай болған­да да, Ақор­да саба­сы­на түсір­ген «ескі Қаза­қстан­ның» қай­та­дан бас көте­ре баста­уы тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар­дың аты­на үлкен сын бол­са керек… 

Республиканский еженедельник онлайн