Четверг , 3 сентября 2026

АЛТЫН ОРДА МҰРАГЕРІАҚОРДАЛЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ!

• Алтын Орда­дан Ақ Ордаға дейін:

Алмас қылы­штан – Ақыл-ой жетістігіне!

• Алтын Ордаға жаңа­ша көзқа­рас­тағы Тоқа­ев­тың тари­хи тамы­ры терең трак­та­ты – ғылы­ми және гео­са­я­си әлем­ге жасалған месседж.

ҰЛЫҚ ҰЛЫСАЛТЫН ОРДА АТЫ АСҚАҚТАЙ БЕРЕДІ

Әлем­де­гі жер көле­мі жағы­нан ең үлкен, қуа­ты жағы­нан ең күшті және ең ұзақ жасаған алып импе­рия Алтын Орда­ның нағыз мұра­гері – Ақ Орда­лы Қазақ Елі!

Бұл тура­лы Алтын Ордаға арналған ірі халы­қа­ра­лық сим­по­зи­у­м­да ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Біз – Алтын Орда­ның тіке­лей мұра­гері­міз!» деп мәлімдеді.

– Жошы ұлы­сы­ның дәуір­леп тұрған кез­де­гі аумағы 6 мил­ли­он шар­шы шақы­рым­ды алып жат­ты. Тіп­ті Рим импе­ри­я­сы­ның ең айбын­ды кезеңін­де мұн­дай жер көле­мі болмаған.

Кей­бір тарих­шы­лар­дың пікірі бой­ын­ша, Алтын Орда­ның Дала Римі деп ата­луы да – осы­дан. Бірақ алып импе­ри­я­ның қуа­ты жерінің көле­мін­де емес, оның инсти­ту­ци­о­нал­дық негізі, яғни мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есінің мықты болуын­да еді.

Жошы ұрпақта­ры Хань неме­се Габс­бург дина­сти­я­ла­ры секіл­ді ғасыр­лар бойы, яғни 600 жыл­дан астам уақыт Ұлы Дала төсін­де­гі түр­лі мем­ле­кет­тік құры­лым­дарға билік жүр­гізді. Бұл Жошы хан­ның ұрпақта­ры құрған мем­ле­кет жүй­есі тұрақты әрі өмір­шең болға­нын көр­се­те­ді. Соның арқа­сын­да әртүр­лі этнос пен дін өкіл­дері тату-тәт­ті өмір сүрді.

Алтын Орда дәуірін­де Дала заңы мен ислам құқы­ғы­ның үйлесім­ді жүй­есі қалып­та­сты. Ал қоғам­дық тәр­тіп қағи­да­ты­ның баста­уын­да Түрік қаға­на­ты­ның құқы­қтық мәде­ни­еті мен Шыңғыс хан­ның «Ұлы жасақ» заңы тұр­ды. Заң үстем­дік құрған алып импе­ри­я­ның әр түк­пірін­де адам­ның және оның мал-мүл­кінің қауіп­сізді­гі толық қам­та­ма­сыз етіл­ді. Бұл – қоғам­дық тәр­тіп бол­ды деген сөз, – деді мем­ле­кет басшысы.

Ұлы Дала­дағы асқар Алтай­дан атта­нып, баты­ста Дунай­дан атын суарған Қазақ халқы әлем­ді биле­ген қаһар­лы қаған­ның құр­метіне ұлда­ры­на Шыңғыс деп ат қой­ып, Алтын Орда­ның ата­сы, Қазақ ханда­ры­ның баба­сы – Жошы хан кесе­несіне зия­рат етіп, алып­тар жай­лы аңы­здар мен күй­лер­ді тың­дап өскен алып ел.

Әлем тарихын­да орны орас­ан, Еура­зи­я­ның қуат­ты да, алып импе­ри­я­сы Ұлы Дала­ның Ұлық Ұлы­сы – Алтын Орда­ның атын асқақта­ту­ды Қазақ елі тарихын­да тұңғыш рет осы­дан 7 жыл бұрын, 2019 жылы ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев мем­ле­кет тіз­гінін қолы­на ала салып көтерді.

Бұған дей­ін­гі отыз жыл­да Алтын Орда­ның да, Алаш Орда­ның да атын билік аузы­на алмайтын…

2024 жылы Алтын Орда­ның аста­на­сы болған Сарай­шық жатқан Аты­ра­удағы Ұлт­тық құры­л­тай­да мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев айтқан­дай, Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тілік дәстүрін­де айры­қ­ша орын ала­тын, 6 ғасыр бойы Орта­лық Еура­зи­я­ның тағ­ды­ры­на тіке­лей ықпал етіп, ұлан-ғай­ыр аумақта бір­тұ­тас өрке­ни­ет құрып, жер жүзіне Алтын Орда деген атпен таны­лған ең қуат­ты мем­ле­кет – Жошы ұлы­сы­ның негізі қаланға­ны­на 800 жыл толуы той­ла­на­ты­ны ел рухын көтеруде.

Біз де бұл баға­лы баста­ма­ны жалға­сты­рып, 2019 жылы 6 қыр­күй­ек­те Пре­зи­дент жанын­дағы Ұлт­тық кеңе­стің бірін­ші оты­ры­сын­да Алтын Орда­мен қатар Алтын Орда­ның ата­сы Жошы хан­ның Ұлық Ұлыс тағы­на оты­руы­ның 800 жыл­ды­ғын атап өту­ге жалға­суы керекті­гі жай­лы ұсы­ныс жасаған едік. Осы баян­да­ма­мы­зда қазақ тарихын қай­та жазу керекті­гін де қозға­дық. Құдай­ға шүкір, Қазақ тарихы­ның 7 том­ды­ғы жазы­лу­да. Оның бір томы Жошы ханға, Ұлық Ұлыс пен Алтын Ордаға арналған.

Біз бұл руха­ни маңы­зы зор мәсе­лені Пар­ла­мент­те де жалға­стыр­дық. 2024 жылы Мәжілістің жал­пы оты­ры­сын­да Үкі­мет бас­шы­сы Олжас Бек­те­нов­ке Жошы ұлы­сы­ның 800 жыл­ды­ғын атап өту – Алтын Орда атын асқақта­ту­дың руха­ни маңы­зы тура­лы «АЛТЫН ОРДА МҰРАГЕРІАҚОРДАЛЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ!» атты «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­тық сау­а­лын жарияладық.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Жошы ұлы­сы­ның мерей­лі белесін лай­ы­қты атап өтіп, елі­мізді әлем­ге таны­ту үшін Алтын Орда брен­дін толық пай­да­ла­ну қажет­ті­гіне баса назар аударды.

Иә, елі­міздің әлем­дік ими­джін нығай­ту үшін Алтын Орда брен­ді – кез кел­ген ел қызы­ғар тап­тыр­мас алтын қазы­на. Қазақ жерін­де жатқан Ұлық Ұлы­стың негізін қалаған ұлы хан Жошы­ға да, алып импе­ри­я­ның аста­на­ла­ры болған Ұлы­тау мен Сарай­шы­ққа да әлем наза­рын ауда­рар кезең басталды.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның баста­ма­сы­мен Жошы ұлы­сын зерт­теу ғылы­ми инсти­ту­ты құрылды.

1. Осын­дай әлем тарихын­дағы сал­мағы орас­ан саңлақ тұлға­лар мен маңы­зы зор тари­хи қала­лар өзге бір елдің еншісін­де бол­са, не болар еді… Шағын ғана Моңғо­лия Шыңғыс хан арқы­лы дүние жүзіне дүбірін таны­тып жатыр… Біз де Шыңғыс хан­ның алып ескерт­кі­ші­нен кем емес кемел ескерт­кіш кешенін тұрғы­зар­мыз. Ол кешен­де Жошы хан­ның да, әкесі Шыңғыс хан­ның да, ұлы Бату хан­ның да, шеше­сі, Шыңғыс хан­ның ең жақын кеңес­шісі бола біл­ген, төрт­күл дүниені биле­ген төрт ұлын туған қазақ қызы Бөр­те ана­ның да ескерт­кі­ші тұруы керек. Ұлы­стың ұлы биле­ушілерінің, батыр­лар­дың, билер­дің, ақын­дар­дың, асыл­дар­дың мүсін­дерін қою керек.

Алтын Ордаға арналған мұн­дай алып мемо­ри­ал­дық кешен тұрғы­зып жат­сақ, ұлт рухы дүр сіл­кі­нер дүбір­лі дүние болар еді…

2. Жошы ұлы­сы­ның 800 жыл­ды­ғын мере­ке­леу – елдік маңы­зы ерекше зор руха­ни сер­піліс болуы тиіс. Алаш рухын көте­рер алып импе­рия Алтын Орда­мы­здың тарихын күн­делік­ті нәр берер руха­ни айна­лы­мға қосу үшін мем­ле­кет­тік ұлт­тық сая­сат керек. Алтын Орда­дан Алаш Ордаға дей­ін­гі отан­шыл­дық өр рух Азаттық алға­ны­мы­зға отыз жыл­дан асса да, әлі жолға қой­ыл­маған Ұлт­тық идео­ло­ги­я­мы­здың алтын өзе­гіне айна­луы тиіс!

Алтын Орда­ның ата­сы Жошы хан құрған Ұлық Ұлы­стың 800 жыл­дық той­ы­на мем­ле­кет болуы­на «осы ортаға­сыр­лық дер­жа­ва­ның гео­са­я­си мұра­сы негіз болған, кезін­де Алтын Ордаға салық төле­ген бірқа­тар Еура­зия мем­ле­кет­терінің» бас­шы­ла­рын шақы­ру керек. Сон­да «Қазақ елі бол­маған» деп жүр­ген­дер­дің тари­хи сау­а­тын ашар тағы­лым­ды сабақ болар еді…

Алтын Орда импе­ри­я­сы жаһан­ды алмас қылы­шпен жау­ла­са, мұра­гері – Қазақ мем­ле­кеті әлем­ді ақыл-ойы­мен, білім-ғылы­мы­м­ен, әде­би­еті­мен, өнері­мен жау­ла­уы тиіс!

2024 жылы Пар­ла­мент­те жасаған депу­тат­тық сау­а­лы­мы­здағы нақты ұсы­ны­ста­ры­мы­зды еске сала кетейік:

1. Алтын Орда тарихы, Жошы хан­ның ерекше тұлға­сы тура­лы деректі және көр­кем фильм­дер, сери­ал­дар мен ани­ма­ци­я­лық туын­ды­лар түсі­ру керек.

2. Алтын Орда дәуірінің тари­хи ескерт­кі­ш­тері Жошы хан кесе­несі, Сарай­шық қала­шы­ғы және «Қызыл оба» қоры­мын тури­стік орта­лы­қтарға айнал­ды­ру керек. Тури­стік инфрақұры­лым­ды заман тала­бы­на лай­ы­қтау қажет.

3. Аста­на­да Алтын Орда дәуірінің ұлы мұра­сын айшы­қтай­тын асқақтаған алып мону­мент тұрғы­зу керек.

4. Әде­би­еті­міз бен мәде­ни­еті­міз­де, бей­не­леу өнерін­де де Жошы хан мен Алтын Орда тарихы Тәу­ел­сіз елдің ұста­ны­мы­м­ен бей­не­ле­нуі керек.

5. Мек­теп пен жоға­ры оқу орын­да­рын­да Алтын Орда дәуірі бүгін­гі күн тала­бы­мен оқы­луы тиіс.

Пар­ла­мент­те көтер­ген бұл маңы­зы зор Жошы ұлы­сы – Алтын Орда мәсе­лесі тура­лы депу­тат­тық сау­а­лы­мы­зға Үкі­мет бас­шы­сы О.Бектенов жау­ап беріп, Үкі­мет­тің атқа­рып жатқан және атқа­ра­тын маңы­зды шара­ла­рын атап көр­сет­ті. Олар­дың бар­лы­ғы орын­да­лып келеді. Деректі фильм­дер түсіріліп, шығар­ма­лар жазылды.

Енді, міне, мем­ле­кет бас­шы­сы бастаған Ұлық Ұлы­сты ұлы­қтау ісі әлем ғалым­да­ры арнайы ат ары­тып кел­ген зор халы­қа­ра­лық сим­по­зи­у­мға ұласты.

2026 жылы 19 мамыр­да Аста­на­дағы Тәу­ел­сіздік сарай­ын­да «Алтын Орда – дала өрке­ни­етінің үлгісі ретін­де: тарих, архео­ло­гия, мәде­ни­ет, біре­гей­лік» атты халы­қа­ра­лық сим­по­зи­ум екі күн дүріл­деп өтті. Әлем­нің 20-дан аса елінің ғалым­да­ры бас қосқан халы­қа­ра­лық үлкен сим­по­зи­у­м­да Алтын Орда­ның мұра­гері – Ақор­да­лы Қазақ мем­ле­кетінің бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев Алтын Орда­ның әлем тарихын­дағы ерекше маңы­зы тура­лы терең­нен тар­тып, толғам­ды сөз сөйледі.

ЮНЕСКО Бас дирек­то­ры­ның мәде­ни­ет жөнін­де­гі орын­ба­са­ры мін­детін атқа­ру­шы, ЮНЕСКО дүни­е­жүзілік мұра орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры Элун­ду Ассо­мо Лазар, ЮНЕ­СКО-ның бұры­нғы Бас дирек­то­ры, қазір “La Franse sengage” қоры­ның пре­зи­ден­ті, Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Арслан Қой­ши­ев, Татар­стан Рес­пу­би­ка­сы мәде­ни­ет мини­стрі Ира­да Аюпо­ва, Моңғо­лия Ғылым ака­де­ми­я­сы пре­зи­ден­ті Сод­но­сам­буу Дэм­б­э­р­эл, Өзбек­стан Ғылым ака­де­ми­я­сы пре­зи­ден­ті Шав­кат Аюпо­втар баян­да­ма жасады.

Келелі жиын­ды ҚР Ғылым және жоға­ры білім мини­стрі Сая­сат Нұр­бек жүргізді.

ТОҚЕТЕРІН АЙТҚАН ТОҚАЕВ –

БІЗ АЛТЫН ОРДАНЫҢ ТІКЕЛЕЙ МҰРАГЕРІМІЗ!

Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Алтын Ордаға арналған халы­қа­ра­лық сим­по­зи­у­м­дағы сөзі – жай тари­хи баян­да­ма емес, Қаза­қстан­ның жаңа заман тала­бы­на сай идео­ло­ги­я­лық, ғылы­ми және гео­са­я­си бағы­тын көр­сет­кен маңы­зы зор сая­си-өрке­ни­ет­тік мәлім­де­ме бол­ды. Ешкім ешнәр­се деп дау айта алмай­тын­дай терең тамыр, темір­дей дәлел­дер­мен шеге­леп, сүбелі сөз­бен сурет­те­ген баға­лы баян­да­ма. Алтын Орда тура­лы трак­тат­тың алтын қазы­ғы – «БІЗ АЛТЫН ОРДАНЫҢ ТІКЕЛЕЙ МҰРАГЕРІМІЗ!».

1. Руха­ни-қоғам­дық маңы­зы – Ұлт­тық тари­хи сана­ны күшейту

Тоқа­ев Алтын Орда­ны «қуат­ты алып импе­рия», «Еура­зия өрке­ни­етіне ықпал еткен мем­ле­кет», қазақ мем­ле­кет­тілі­гінің тари­хи сабақ­та­сты­ғы­ның бір бөлі­гі ретін­де нақты бей­не­леп берді.

Бұл мың­жыл­дық заман кел­бетіне бүгін­гі күн биі­гі­нен бедер­лі бей­не­ле­удің руха­ни қоғам­дық-сая­си әсері зор:

а) Қазақ тарихын «көшпен­ді ғана» деген тар түсінік­тен шығару.

Алтын Орда импе­ри­я­сы тек қуа­ты зор әске­ри құры­лым ғана емес:

• дипло­ма­ти­я­сы,

• сауда­сы,

• дала поштасы,

• құқы­қтық жүйесі,

• мәде­ни ықпа­лы бар өрке­ни­ет­тік мем­ле­кет ретін­де көрсетілді.

Бұл: «қаза­қтар­да мем­ле­кет бол­маған», «көшпен­ділер арт­та қалған» деген ескі отар­лық сте­рео­тип­тер­ді күй­ретіп түсір­ген күшті идео­ло­ги­я­лық маңы­зы зор жау­ап болды.

ә) Ұлт­тық мақта­ныш пен біре­гей­лік­ті күшейту.

Алтын Орда­ны қазақ тарихы­ның құрам­дас бөлі­гі ретін­де ресми дең­гей­де мойындау:

• отан­сүй­гі­штік рух пен тари­хи қызы­ғу­шы­лы­қты арттырады;

• ұлт­тық біре­гей­лік­ті күшейтеді;

• мем­ле­кет­тілік тарихын тереңдетеді.

Бұл әсіре­се Тәу­ел­сіздік идео­ло­ги­я­сы үшін өте маңы­зды. Тоқа­ев­тың сөзі мем­ле­кет­тік дең­гей­де тари­хи жад­тың маңы­зын, ұлт­тық тамыр­дың құн­ды­лы­ғын, мәде­ни сабақ­та­сты­қтың қажет­ті­гін қай­та бекітті.

2. Ғылы­ми орта­дағы маңызы

Тарих ғылы­мы­на жаңа мем­ле­кет­тік импульс бер­ді. Сим­по­зи­у­мға түр­ко­лог­тар, архео­лог­тар, моңғол­та­ну­шы­лар сияқты әлем­нің 20-дан астам елі­нен маман­дар қатысты.

Бұл бір­не­ше ғылы­ми бағыт­ты күшейтеді:

а) Алтын Орда тақы­ры­бын ресми мем­ле­кет­тік қолдау.

Қаза­қстан­да ұзақ уақыт Алтын Орда, Жошы ұлы­сы, түр­кі-моңғол кезеңі жет­кілік­ті дең­гей­де зерттелмеді.

Пре­зи­дент­тің арнайы сөз сөй­ле­уі – Алтын Орда, Жошы ұлы­сы тақы­ры­бы­ның енді стра­те­ги­я­лық ғылы­ми бағы­тқа айналға­нын көрсетеді.

ә) Ескі кеңе­стік тари­хи модель, тар шең­бер­ден шығу.

Кеңес дәуірін­де Алтын Орда көбіне: «моңғол-татар езгісі», «басқын­шы­лық жүйе» ретін­де ғана түсіндірілді.

Тоқа­ев бол­са әлем тарихын­дағы күр­делі, көпқыр­лы, өрке­ни­ет­тік құбы­лыс ретін­де қарау керекті­гін көр­сетіп берді.

Бұл – тарих­на­ма­лық пара­диг­ма­ның өзгеруі.

б) Архео­ло­гия мен дерекна­ма­ның дамуы­на серпін.

Мұн­дай мәлім­де­ме­ден кей­ін Жошы хан кешені, Сарай­шық, Ұлы­тау, Алтын Орда қала­ла­ры сияқты бағыт­тарға баса назар ауда­ры­ла­ды, халы­қа­ра­лық жоба­лар, грант­тар, экс­пе­ди­ци­я­лар, цифр­лық архив­тер­ге көбірек көңіл бөлі­нуі ықтимал.

3. Халы­қа­ра­лық маңызы

а) Қаза­қстан­ның тари­хи-өрке­ни­ет­тік брен­дін күшейту.

Тоқа­ев Тәу­ел­сіз Қазақ елін:

• тек пост­кеңе­стік мем­ле­кет емес,

• Ұлы Дала өрке­ни­етінің мұрагері

ретін­де көр­се­туді әлем ғалым­да­ры мен зия­лы­ла­ры бас қосқан биік мін­бер­ден бастап берді.

Бұл халы­қа­ра­лық имидж үшін аса маңы­зды. Яғни, Қаза­қстан­ды Шығыс пен Баты­сты жалғаған, Еура­зи­я­лық кеңістік­тің тари­хи орта­лы­ғы ретін­де қабыл­дау керек.

ә) Түр­кі әле­мін­де­гі идео­ло­ги­я­лық ықпалы.

Алтын Орда – қазақ, татар, башқұрт, ноғай, қырым татар­ла­ры, өзбек, қырғыз сияқты халы­қтар­дың ортақ тари­хи кеңісті­гі ретін­де­гі рөлі айқын көрі­неді. Сон­ды­қтан бұл сөз Түр­кі мем­ле­кет­тері ұйы­мы аясын­дағы мәде­ни-интел­лек­ту­ал­дық инте­гра­ци­я­ны да күшейтеді.

б) Ресей­лік тари­хи дис­кур­сқа жана­ма жау­ап берілді.

Ресей тарих­на­ма­сын­да Алтын Орда мәсе­лесі өте сезім­тал. Себебі Ресей­дің мем­ле­кет­тілі­гі де бел­гілі дәре­же­де Алтын Орда дәуірі­мен бай­ла­ны­сты. Сон­ды­қтан Тоқа­ев бек­гра­ун­ды әлем­дік дең­гей­де бекем­дел­ген кәні­гі кәсі­би дипло­мат ретін­де агрес­сив­ті рито­ри­ка қол­дан­бай, бірақ Алтын Орда мен Ұлы Дала тарихы­ның бөлін­бес сүй­ек­те­стік рухы мен ерекше рөлін нақты атап өтіп, Қазақ мем­ле­кетінің өз тари­хи субъ­ек­тілі­гін көр­сетіп бер­ді. Бұны Тоқа­ев өз сөзін­де кел­тір­ген «жұм­сақ тари­хи дипло­ма­ти­я­ның» жарқын көрінісі деу­ге болады.

в) Гео­са­я­си мағына.

Қазір­гі әлем­де тарих жай ғылым емес, «soft power» (жұм­сақ күш) құралы.

Тоқа­ев­тың сөзінің тоқетері:

• Қаза­қстан­ның өрке­ни­ет­тік субъ­ект екенін,

• өз тари­хи нар­ра­тивін өзі қалыптастыратынын,

• ұлт­тық тарих­ты халы­қа­ра­лық дең­гей­ге шыға­руға дай­ын екенін көр­сет­ті. Яғни, Тоқа­ев­тың сөзі үш дең­гей­де маңы­зды болды:

• Қоғам­да Ұлт­тық тари­хи сана­ны күшейтті.

• Ғылым­да Ұлық Ұлыс – Алтын Орда тақы­ры­бы зерт­те­улеріне жаңа импульс берді.

• Халы­қа­ра­лық аре­на­да Қаза­қстан­ның өрке­ни­ет­тік және гео­са­я­си пози­ци­я­сын нығайтты.

Ең маңы­здысы – Алтын Орда тақы­ры­бы енді:

• тек ака­де­ми­я­лық мәсе­ле емес,

• мем­ле­кет­тік идеология,

• ұлт­тық бірегейлік,

• халы­қа­ра­лық мәде­ни дипло­ма­тия дең­гей­іне көтерілді.

• Алтын Ордаға жаңа­ша көзқа­рас­тағы тари­хи тамы­ры терең трак­тат – сая­си және ғылы­ми әлем­ге жасалған месседж.

Ақ Орда иесінің Алтын Орда тура­лы қиядан сер­меп, қиюын тапқан қисы­ны тура толға­уын тың­дап оты­рып, «Кет­бұқа­дай билер­ден кеңес сұрар күн қай­да» деп, «Ақсақ құлан­ды» аңы­ра­туға дом­бы­ра­ны қолға алғың келіп кете­ді екен…

Кесе­несі Ұлы Дала­ның Ұлы­та­уын­да жатқан, Қазақ ханда­ры­ның баба­сы, Алтын Орда­ның ата­сы – Жошы хан тұлға­сы асқақтай береді!

Ұлы Дала­ның Ұлық Ұлы­сы, Алтын Орда мұра­гері – Ақор­да­лы Қазақ мем­ле­кетінің Көк туы көк­те мәң­гі желбірей берсін!

АСТАНА ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ АЙТАРЫ АЙҚЫН

Тәу­ел­сіз Қазақ елін­де Алтын Орда­дан Ақ Ордаға дей­ін­гі сабақ­та­стық сақта­лып келе жатыр. Бұған Алтын Орда мұра­сы­на арналған Аста­на­дағы халы­қа­ра­лық сим­по­зи­у­мға қаты­су­шы­лар­дың көзі айқын жет­ті. Бұл ірі ғылы­ми шара Қаза­қстан­ның тари­хи ғылым­ды дамы­туға және елдің өрке­ни­ет­тік мұра­сын халы­қа­ра­лық дең­гей­де ілгеріле­ту­ге бағыт­талған стра­те­ги­я­лық бағы­тын айқын­дай­ды. Бүгін­де Қазақ елі Жошы ұлы­сы­ның тарихын зерт­тей­тін жетек­ші халы­қа­ра­лық орта­лы­қтар­дың біріне айна­лып, Алтын Орда­ның әлем тарихын­дағы рөлін жан-жақты зер­де­леу үшін отан­дық және шетел­дік ғалым­дар­ды бірік­тіріп отыр.

Халы­қа­ра­лық сим­по­зи­ум жұмысы­на 20-дан астам елден 300-ден аса жетек­ші ғалым­дар, дипло­мат­тар, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың және мәде­ни қауым­да­сты­қтар­дың өкіл­дері қаты­сты. Бағ­дар­ла­ма аясын­да ЮНЕСКО өкіл­дерінің, сая­си қай­рат­кер­лер­дің және ака­де­ми­я­лық орта өкіл­дерінің қаты­суы­мен пле­нар­лық оты­рыс пен жеті тақы­рып­тық сек­ци­я­ның жұмысы ұйымдастырылды.

Сим­по­зи­у­мға қаты­су­шы­лар Алтын Орда мұра­сы­на арналған тақы­рып­тық көр­ме­де Ұлық Ұлыс тарихы­на қаты­сты архео­ло­ги­я­лық, жаз­ба және мәде­ни жәді­гер­лер қой­ы­лған экс­по­зи­ци­я­ны ара­лап көрді.

Негіз­гі назар Жошы ұлы­сы­ның сая­си, эко­но­ми­ка­лық, мәде­ни және руха­ни мұра­сы­на, сон­дай-ақ оның қазір­гі Еура­зи­я­ның дамуы­на ықпа­лы­на ауда­рыл­ды. 70 архео­ло­ги­я­лық және сәу­лет­тік ескерт­кі­шті қам­ти­тын интер­ак­тив­ті кар­та, соның ішін­де 17 нысанға кеңей­тіл­ген сипатта­ма, әуеден түсіріл­ген фото­су­рет­тер мен 3D-визу­а­ли­за­ция көрсетілді.

Көр­ме­де­гі негіз­гі жәді­гер­лер­дің бірі – дәуір биле­ушілері мен тари­хи тұлға­лар тура­лы гене­а­ло­ги­я­лық мәлі­мет­тер­ді қам­ти­тын «Хандар шежіресі» атты қолжазба.

Соны­мен қатар Ката­лон атла­сы, жаз­ба деректер, тең­ге­лер және тұр­мыстық бұй­ым­дар бар. Жаз­ба мұра­лар ара­сын­да 3 жар­лық, 4 дипло­ма­ти­я­лық хат пен 21 қол­жа­з­ба түп­нұсқа және элек­трон­ды фор­мат­та ұсы­ны­лған. Көр­менің мақ­са­ты – Алтын Орда­ның тари­хи-мәде­ни мұра­сын жан-жақты наси­хат­тау және оның ғылы­ми зерт­теу аясын кеңейту.

Алтын Орда мұра­сын зер­де­леу бой­ын­ша жүй­елі жұмыс мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес жүр­гізілу­де. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев бұған дей­ін Алтын Орда мұра­сы­ның тари­хи сана­ны нығай­ту мен ұлт­тық біре­гей­лік­ті қалып­та­сты­ру­дағы ерекше маңы­зын бір­не­ше рет атап өткен. Жошы ұлы­сын зерт­теу ғылы­ми инсти­ту­ты­ның құры­луы отан­дық тарих ғылы­мын инсти­ту­ци­о­нал­дық дамы­ту­дағы маңы­зды қада­мға айналды.

Алтын Орда мұра­сы – Қаза­қстан­ның тари­хи біре­гей­лі­гінің маңы­зды бөлі­гі. Алтын Орда Қазақ ханды­ғы­ның тари­хи негізін қалаған және қазақ халқы­ның қалып­та­суын­да шешу­ші рөл атқарған мем­ле­кет ретін­де Қаза­қстан тарихын­да ерекше орын ала­ды. Дәл осы кезең­де түр­кі-мұсыл­ман өрке­ни­ет­тік кеңісті­гі қалып­та­сып, мем­ле­кет­тілік, сауда, мәде­ни­ет және дипло­ма­тия қарқын­ды дамыды.

Мем­ле­кет бас­шы­сы тари­хи жады­ны сақта­удың және ұлт­тық тарих­ты терең зер­де­ле­удің маңы­зын бір­не­ше рет атап өтті. Алтын Орда­ның рәміз­дері мен дәстүр­лері қазір­гі Қаза­қстан мем­ле­кет­тілі­гін­де де көрініс табуда.

Пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы­ның «Ақ Орда» ата­уы тари­хи тұрғы­дан Жошы ұлы­сы биле­ушілерінің орда­сы­мен бай­ла­ны­сты бол­са, ұлт­тық валю­та – «тең­ге» ата­уы Алтын Орда дәуірін­де­гі ақша айна­лы­мы­нан бастау ала­ды. Бұл тура­лы сим­по­зи­у­м­да сөй­ле­ген сөзін­де Қ.-Ж.Тоқаев:

– Көп­те­ген бедел­ді ғалым­дар­дың пікірін­ше, қазір Алтын Орда­ның ақша жүй­есін­де мән-маңы­зы айры­қ­ша жаңа­лы­қтар ашы­лып жатыр. Архео­лог­тар осы кез­ге дей­ін бей­мәлім болып кел­ген ондаған тиын сарай­ын тапты.

Маман­дар­дың айтуын­ша, нағыз өрлеу кезеңін­де Алтын Орда­да шама­мен 28 мил­ли­он күміс тиын соғы­лған. Қазір­гі таң­да мем­ле­кет­тік және жеке қор­дағы сол дәуір­ге тиесілі тиын­дар­дың жал­пы саны бір мил­ли­онға жетеді.

Қаза­қстан­ның ұлт­тық валю­та­сы – тең­ге ата­уы ұлы­стың «данг» сөзі­нен тамыр тар­та­ды. «День­ги» сөзінің түбірі де осы ұғым­нан тараған болуы мүмкін.

Бұған жай ғана линг­ви­сти­ка­лық сәй­кест­ік ретін­де қара­уға бол­май­ды. Бұл – кең бай­тақ аймағы­мы­зда пай­да болған ақша жүй­есінің Алтын Орда зама­нын­да жасалға­нын көр­се­тетін нақты дәлел», – деп ерекше атап өтті.

Халы­қа­ра­лық сим­по­зи­ум – ғылы­ми және гума­ни­тар­лық диа­лог алаңы­на айнал­ды. Маңы­зды бағыт­тар­дың бірі – Алтын Орда дәуірінің ескерт­кі­ш­терін ЮНЕ­СКО-ның Бүкіләлем­дік мұра­лар тізі­міне енгі­зу баста­ма­сын ілгеріле­ту. Бұл қатар­да Жошы хан кесе­несі, Сарай­шық, Сыға­нақ, Сау­ран және Жан­кент секіл­ді біре­гей тари­хи нысан­дар бар.

Сим­по­зи­ум­ның маңы­зды нәти­же­лерінің бірі – Алтын Орда мұра­сы жөнін­де­гі Аста­на декла­ра­ци­я­сы­ның қабыл­да­нуы бол­ды. Құжат тари­хи жады­ны сақта­уға, мәде­ни­е­та­ра­лық диа­лог­ты нығай­туға және Орта­лық Еура­зия халы­қта­ры­ның ортақ мұра­сын ілгеріле­ту­ге бағытталған.

Аста­на декла­ра­ци­я­сы – халы­қа­ра­лық өза­ра іс-қимыл­дың негізі

Сим­по­зи­ум қоры­тындысы бой­ын­ша қаты­су­шы­лар Алтын Орда мұра­сы Еура­зия халы­қта­ры­ның тари­хи және мәде­ни дамуы­ның ажы­ра­мас бөлі­гі екенін рас­та­ды. Қаза­қстан Жошы ұлы­сы мұра­сын зерт­теу, сақтау және наси­хат­тау бағы­тын­дағы жетек­ші халы­қа­ра­лық орта­лы­қтар­дың біре­гейі ретін­де танылды.

2026 жылы Алтын Орда тарихы­мен бай­ла­ны­сты үш маңы­зды дата атап өтіледі:

• «Ақсақ құлан» күй­інің 800 жылдығы;

• Бату хан­ның Алтын Орда тағы­на оты­рға­ны­на 800 жыл;

• Жошы ұлы­сы биле­ушілерінің рези­ден­ци­я­сы – Ақ Орда­ның 800 жылдығы.

АЛТЫН ОРДАНЫҢ МҰРАГЕРІАҚОРДАЛЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ МӘҢГІЛІК ЕЛ РЕТІНДЕ ЖАСАЙ БЕРСІН!

Қазы­бек ИСА, ақын, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн