Воскресенье , 19 июля 2026

ЖОШЫ ХАННАН ШОШЫҒАН

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев 1920 мамыр күн­дері өткен «Алтын Орда – дала өрке­ни­етінің үлгісі: тарих, архео­ло­гия, мәде­ни­ет, біре­гей­лік» атты халы­қа­ра­лық сим­по­зи­у­м­да сөй­ле­ген сөзін­де «Жошы ұлы­сы­ның дәуір­леп тұрған кез­де­гі аумағы 6 000 000 (алты мил­ли­он) шар­шы шақы­рым болға­нын» тіл­ге тиек етті.

Сол Алтын Орда­ның тіке­лей мұра­гері – бүгін­гі Қаза­қстан­ның қазір­гі аумағы 2 727 902 шар­шы шақы­рым екен. Ғасыр­лар бойы тар жол тай­ғақ кешу­лер­де ата-баба­ла­ры­мыз Пре­зи­дент айтқан әлгі аумақтың жар­ты­сы­на жуы­ғын ғана аман сақтай алып­ты. Бұл деректер Ресей ұлт­шыл­да­ры­на шан­шу­дай қада­ла­ты­ны анық. Жиын­да оларға жақ­пай­тын бұдан да басқа ойлар айтыл­ды. Қазір­дің өзін­де Мәс­кеу жақтың бай­ба­лам салған дауы­ста­ры естіліп жатыр.

Ресей шови­ни­стерінің сасық пиғы­лы бел­гілі ғой, олар сөй­тіп жатқан­да, кей­бір қаза­қтың кер­тарт­па­лы­ғы­на не деу­ге бола­ды? Мәсе­лен, Пре­зи­дент­тің: «Менің баста­мам­мен Қаза­қстан­да Жошы Ұлы­сын зер­де­леу инсти­ту­ты құрыл­ды», – деген сөзі­нен шошы­нып, әлден-ақ «…Жошы­ға ескерт­кіш қой­дыр­мақ­шы, көше­лер­ге, т.тағыларға Жошы­ның атын берей­ік деген сөзді қоз­дат­пақ­шы» деп, бай­ба­ла­мға басып жатыр.

Пре­зи­дент соны­мен бір­ге осы­ған дей­ін көшпе­лі халы­қтар­ды жабайы, «мем­ле­кет дең­гей­іне жете алмаған» деп төмен­де­тетін ескі дог­ма­лар мен қасаң көзқа­рас­тар­ды қай­та қарау кере­гіне тоқтал­ды. Бұл да ресей­лік қара­ни­ет­тілер­ге ұна­май­ты­ны анық. Өйт­кені «жабайы, мем­ле­кет дең­гей­іне жете алмаған деп төмен­де­тетін» нақ солар емес пе! Пре­зи­дент олар­ды ««жұм­сақ күш» пен ғылы­ми дипло­ма­ти­я­ның өкіл­дері» деп сыпай­ы­лай салды.

Иә-иә, орыс шови­ни­стерінің пиғы­лы бел­гілі ғой, олар­мен бір­ге бұн­дай бұра­тар­ту­шы­лық өз қаза­ғы­мы­здың іші­нен де табы­лып жатқа­ны ойлан­дыр­май қой­май­ды. Олар Жошы мен Шыңғыс­хан­ның аты атал­са, қара­шұ­бар жылан көр­ген­дей шор­шып түсетіні бар. Неге десең, одан әрі терең­де­се, Күл­те­гін, Тоны­көк және т.б. ұлы­лар легі құрған, жалғыз Тәңіріне табы­нған Түр­кі дүни­есі тұрға­нын жақ­сы біледі. Сол себеп­ті олар осы­нау кең далаға ислам кел­мей тұрған дәуір­де­гі түр­кі баба­ла­ры­мы­здың жасам­паз тұр­мыс-салт­та­рын «тәңір­шіл­дік­тің жабайы дәстүр­лері» деп жоққа шыға­руға, ыла­ста­уға, күй­е­ле­у­ге бей­ім. Олар­дың сөзіне құлақ түр­сең, кең дала­да өмір сүр­ген халық шөл­ден кел­ген ислам­ның арқа­сын­да ғана жабай­ы­лы­ғы­нан ары­лып, жөн­дем ел бола алды деуден тай­ын­бай­ды. Жошы­ны айтқан­да, «…Жошы­ға ескерт­кіш қой­дыр­мақ­шы, көше­лер­ге, т.тағыларға Жошы­ның атын берей­ік деген сөзді қоз­дат­пақ­шы» деп, бай­ба­ла­мға баса­ты­ны содан. Ал сыр біл­дір­ме­стері өза­ра сұқ­бат құрған­сып-ақ сылап-сипап, сол заман­нан сана­да сақталған халы­қтық дәстүр­лер­ді жоққа шыға­рып баға­ды. Ал дәстүр деген көбі­не­се Жара­ту­шы­ға деген наным-сенім­ге бай­ла­ны­сты өрбиді емес пе!

Пре­зи­дент айтқан «ескі дог­ма­лар мен қасаң көзқа­рас­тар­ды қай­та қараған­да», осы жағын да ескер­ген абзал.

Нұр­лы­бек САМАТҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн