Четверг , 27 ноября 2025

ДУМАНҒА БАРЫП ҚАЙТТЫМ

Қызы­лор­даға барып, абақты­да оты­рған Думан Мұха­мед­кәрім­мен кез­десіп қайт­тым. Облы­стағы жігіт­тер дай­ын­дап бер­ген күздік соғым­нан сыбаға апар­дым. Коло­ния әкім­шілі­гіне рақ­мет: басқа да тәт­ті-мәт­ті сәлем-сауқат­ты тара­зы­ла­май өткізді.

Еке­уа­ра екі сағатқа жуық әңгі­ме­ле­стік. Сол баяғы Думан: бір­бет­кей, тік­мі­нез, тура­шыл. Сот үкі­мі­мен таңы­лған жаза­ны мойындамайды.

Бұдан бір жарым жыл бұрын Тал­ды­қорған «СИЗО»-сында кез­дескен кез­ге қараған­да, біраз жүдеу тар­тқан. Мен келер­ден бір күн бұрын (20.11.25) кезек­ті ашты­қтан шығып­ты. «Сухой аштық па?» – десем: «Жоғ‑ә, сұй­ық ішпе­сең, үш-төрт күн­нен кей­ін кры­шаң кетіп қала­ды», – деп күледі. Бостан­ды­қта жүр­ген кезін­дей, әзіл­ден кен­де емес.

Өр мінезі­нен айны­маған. Ұнжы­рға­сы түс­пе­ген. Басты айна­дай қылып, ұста­ра­мен қырып тастаған. «Неге қыр­дың?» – десем, – «Гиги­е­на, кича­да душ жоқ қой…» – деп тағы да әзілдейді.

Кича­сы – кар­цер, Қызы­лор­даға этап­пен кел­ген­нен бер­гі жалғыз адам­дық мекені. Коло­ния тәр­тібіне бағын­баған­ды­қтан, режим­нің тала­бы бой­ын­ша осын­дай ішкі жаза­ға кесіл­ген. Себебі – меке­менің жал­пы­ға ортақ киі­мін кию­ден бас тартқан.

«Киі­мін кие сал­ма­дың ба?» – деймін.

«Егер жазы­қ­сыз сот­та­лып, үкім­ді мой­ын­да­ма­сам, неге түр­менің киі­мін киюім керек?!» – деп, өзі­ме қар­сы сұрақ қояды.

«Қай­дам? Қапа­с­та отыр­сың, жиі-жиі аштық жари­я­лай­сың, ден­са­улы­ғы­ң­ды құр­тып алмай­сың ба?» – дегенім-дағы.

Аны­ғын­да ден­са­улы­ғы біраз сыр бер­гені рас екен. «Еттің қашуы­нан екі бүй­ре­гім төмен түсіп кет­ті. Белім ол сырқы­рай­ды. Асқа­за­ным да ауы­ра­ды…» – дей­ді Думан.

«ДУИС-тегілер бәріне өзі кінәлі, ашты­ққа бар­ма­са, бұлай бол­мас еді деп отыр ғой…» – дей­мін мен Думанға.

«Мен­де нара­зы­лық біл­дірудің басқа қан­дай ама­лы бар? Өзім­нің қар­сы­лы­ғым­ды осы­лай аштық жари­я­ла­у­мен ғана біл­ді­ре ала­мын», – дей­ді Думан.

«Біз­ге сот үкі­мі­мен мұн­да қамалған­дар­дың бәрі бір­дей. Жеке Мұха­мед­кәрім­ге жеңіл­дік жасап, «біз­ге неге спорт­тық киім­мен жүру­ге рұқ­сат етіл­мей­ді?» – дей­тін басқа сот­талған­дар­дың нара­зы­лы­ғын туды­руға бол­май­ды. Тәр­тіп бәріне бір­дей», – дей­ді меке­ме әкім­шілі­гінің жетекшісі.

«Думан­ның маған жазған өтіні­шін­де өзінің тұрғы­лы­қты жері –Алма­ты­ның төңіре­гіне неме­се тая­у­дағы Тал­ды­қорғанға ауы­сты­ру­ды сұрай­ды. Түр­ме­ден – түр­менің жорға­сы жоқ, Алма­ты­ға ауы­сты­ру жөнін­де­гі өтіні­шін өтеу қан­ша­лы­қты қиын?» – деген сұрағы­ма ДУИС-тен: «Мұха­мед­кәрім­нің 13 ішкі жаза­сы (взыс­ка­ние) бар, сон­ды­қтан меке­ме­ге сәй­кес, тәр­тіп­ті бұзған сот­та­лушы­лар­дың мұн­дай өтіні­ші орын­да­луға жат­пай­ды», – дей­ді меке­ме басшылығы.

«Думан­ның бұл өтіні­ші орын­дал­са, біраз даб­ы­ра­ның дауы басы­лар ма еді…» – деген сұрағы­ма ДУИС-тен: «Ондай­да жаза­сын өтеу оры­нын ауы­сты­ру­ды сұраған, ішкі тәр­тіп­ті бұз­баған басқа­лар­дың құқы­ғы­на әділет­сіздік жасаған бола­мыз. Ондай өтініш аз емес», – деген жау­ап алдым.

«Сен оты­рған кичаға жары­лғыш зат лақты­рыл­ды деген хабар­дың жөн-жосы­ғы не бол­ды?» – деп сұра­дым Думан­нан. «Оның жай-жап­са­рын менен емес, осы жағ­дай­ды тек­сер­ген­дер­ден сұрау керек!» – дей­ді Думан.

«Сот­талған адам оты­рған каме­ра­ның есік­те­гі тесі­гі­нен әлдебір бел­гісіз жары­лғыш зат лақты­рыл­ды деген адво­кат­тың мәлім­де­месіне бай­ла­ны­сты не айта­сыз?» – деген сау­а­лы­ма түр­ме бас­шы­сы: «Бұл жағ­дай тек­серілу­де. Бірақ мұн­дай қара­бай­ыр әре­кет­ті Мұха­мед­кәрім­ге қаты­сты қастан­дық жасалған деп баға­ла­у­ға бол­май­ды. Егер шынын­да да түр­ме­де оты­рған әлдекім­ге (Думанға ғана емес) қастан­дық ұйым­да­сты­ры­ла­тын бол­са, әдет­те ондай іс даңға­за даб­ы­ра­мен жасал­май­ды ғой. Сон­ды­қтан бұл Думан­ның төңіре­гін­де­гі қоғам­дық у‑шуды қоз­ды­ру­дың әлдекім­дер сырт­тан ұйым­да­сты­рған про­во­ка­ци­я­лық әре­кеті», – деп жау­ап берді.

Басқа­лар не дерін қай­дам, ал мен бұл жау­а­пқа илан­дым. Шынын­да да, «сая­си тұтқын» сана­ла­тын, түр­ме­де қауқар­сыз оты­рған ада­мға жары­лғыш затпен қастық жасау қисы­нға сый­май­тын қылық бол­мақ. Думан­ның өзі де бұған аң-таң.

Қысқа­сы, Думан­мен кез­де­су­ден кей­ін, бұл менің қоға­мға айтар қысқа-нұсқа хаба­рым. Ал күні-түні жалғыз ұлын уай­ым­даған ана­сы мен бала­сы­ның ден­са­улы­ғы дім­кәс деген хабар есті­ген­нен бері қан қысы­мы басы­на шауып жүр­ген әкесіне мен айтар жағ­да­ят­тың жөні қоғам­шыл­дарға қаты­сты бол­ма­са керек…

Ермұрат БАПИ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн