Четверг , 4 июня 2026

КӨКПАРКӨКДАУЫЛ тобырға айналып барады

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры – Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ваға!

Ұлты­мы­здың ғасыр­лар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалға­сып келе жатқан көк­пар ойы­ны – ұлт­тық рух пен бол­мыстың, ұлт­тық сана­ның ажы­ра­мас коды.

Бүгін­де жап­пай көк­пар­дың ауқы­мы кеңей­іп, халық қызы­ғу­шы­лы­ғы жоға­ры мәде­ни-спорт­тық шара­ның біріне айнал­ды. Әсіре­се Жам­был, Түр­кістан, Қызы­лор­да және Алма­ты облы­сын­да жап­пай көк­пар кең таралған. Осы өңір­лер­де өткен жыл­дың қара­ша-жел­тоқ­сан айын­да 130-ға жуық, биы­лғы наурыз-сәуір­де 80-нен астам ресми ойын тір­кел­ді. Бұл – есеп­ке алы­нған жары­стар қана. Бұдан бөлек, ас пен той аясын­да өткізіл­ген бақы­лау­сыз көк­пар да аз емес.

2025 жыл­дан бастап бұл сала­ны рет­теу бағы­тын­да бірқа­тар шара қабыл­да­нып, «Жап­пай көк­пар» феде­ра­ци­я­сы­ның қыз­меті жан­дан­ды. Алай­да іс жүзін­де ортақ ере­же сақтал­май келеді. Көп жағ­дай­да ойын бары­сын­да күш көр­се­ту алды­ңғы оры­нға шығып, феде­ра­ци­я­ның үйле­сті­ру жұмысы­ның әлсізді­гін бай­қа­та­ды. Соны­мен қатар қаты­су­шы­лар­дың жас ерекшелі­гі ескеріл­мей­ді, олар­дың саны да шек­тел­мей­ді. Кей жағ­дай­да 400–500 адам­нан бастап, 1500–2000 көк­пар­шы­ға дей­ін қаты­са­тын ойын өте­ді. Мұн­дай жағ­дай­да спорт­тық тәр­тіп пен қауіп­сіздік тала­бын сақтау қиын.

Көк­пар жылқы­сын бап­тау мен пай­да­ла­ну тәр­тібі де нақты рет­тел­ме­ген. Атқа күш қол­да­ну, допинг пай­да­ла­ну, әдейі соқты­ғы­су дере­гі жиі кез­де­седі. Соңғы оқиға­лар жап­пай көк­пар өткі­зу кезін­де қауіп­сіздік, ұйым­да­сты­ру және бақы­лау мәсе­лесінің өзек­тілі­гін көр­сет­ті. Қаты­су­шы­лар ден­са­улы­ғы­на қауіп төнуі мен жылқы­ның жарақат алуы ықти­мал болға­ны­на қара­ма­стан, меди­ци­на­лық көмек көр­се­ту тәр­тібі толық реттелмеген.

2026 жылғы 26 мамыр күні Ақмо­ла облы­сы Цели­но­град ауда­нын­да көк­пар жат­ты­ғуы кезін­де 14 жастағы жасөс­пірім аттан құлап, ауыр жарақат сал­да­ры­нан көз жұм­ды. Алдын ала мәлі­мет бой­ын­ша, бұл шара жер­гілік­ті тұрғын­ның баста­ма­сы­мен ресми келісім­сіз ұйым­да­сты­ры­лған, қаты­су­шы спорт сек­ци­я­сын­да тір­кел­ме­ген, қауіп­сіздік пен жау­ап­кер­шілік мәсе­лесі ашық қалған. Қазір­гі уақыт­та осы фак­ті бой­ын­ша тер­геу жүргізілуде.

Бұл жағ­дай ұйым­да­сты­ру­шы жау­ап­кер­шілі­гін нақты­ла­удың, меди­ци­на­лық және вете­ри­нар­лық сүй­е­мел­де­удің біры­ңғай стан­дар­тын енгі­зудің, рұқ­сат­сыз өткізілетін ойы­нға бақы­ла­уды күшей­тудің маңы­зын көрсетеді.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Үкі­мет­тен төмен­де­гі мәсе­лені қарас­ты­ру­ды сұраймыз:

1. Жап­пай көк­парға арналған қауіп­сіздік стан­дар­тын заң­на­ма­лық дең­гей­де бекітіп, қаты­су­шы саны­на, меди­ци­на­лық және вете­ри­нар­лық бақы­ла­у­ға мін­дет­ті талап енгізу.

2. Туризм және спорт мини­стр­лі­гі, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі, Ішкі істер мини­стр­лі­гі, Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі, жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган және феде­ра­ция ара­сын­дағы құзы­рет­ті нақтылау.

3. Қауіп­сіздік тала­бын сақта­май неме­се рұқ­сат­сыз көк­пар өткіз­ген ұйым­да­сты­ру­шы­ның жау­ап­кер­шілі­гін күшейту.

Болат КЕРІМБЕК, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн