Четверг , 12 марта 2026

ҚАНДАСТАРДЫҢ ҚАЙТУЫН ҚИЫНДАТПАЙЫҚ !

Қаза­қстан Үкі­метінің назарына!

Міне, он күн­нен асты, АҚШ пен Изра­иль­дің қару­лы күш­тері Иранға тоқта­у­сыз шабыл жасап, қала­ла­ры мен ауыл­да­рын талқан­дап жатыр. Осын­дай­да Иран­ның Гор­ган, Бән­дәр Түрік­мен, Гом­бад және Қауыс қала­ла­ры мен олар­дың маңын қоныс еткен қан­даста­ры­мы­здың тағ­ды­ры қат­ты ойлан­та­ды. Нақты дәл саны бей­мәлім, шама­мен 7 мың­дай қазақ тұра­ды делініп жүр. Бұлар­дың көбі – Маңғы­стау өңірі­нен боль­ше­вик­тік билік сонау 1929–1932 жыл­да­ры жүр­гізіл­ген тәр­кілеу мен ұжым­да­сты­ру сал­да­ры­нан, аштық пен қуғын-сүр­гін сал­да­ры­нан босып кет­кен қаза­қтар­дың ұрпақта­ры. Жаңағы аты аталған үш қала Мазан­да­ран­нан 1996 жылы бөлін­ген Гүлістан про­вин­ци­я­сы­на қарай­ды. Кеңе­стік кезең­де гено­д­цид сал­да­ры­нан босқын­ды­ққа ұшы­раған қаза­қтар Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған соң ешқан­дай шартсыз елге қай­та­ры­лға­ны әділ­дік бол­май ма?! Солар­ды кезек­ті қырғы­нға ұшы­рат­пай, неге тез­детіп ата мекеніне алдырт­пасқа?! Қаза­қстан шақыр­са, қазір үде­ре көшіп келу­ге бәрі дайын.

Бұдан 20–30 жыл бұрын Изра­иль – этни­ка­лық еврей­лер­ді, Гер­ма­ния – этни­ка­лық немістер­ді, Қаза­қстан – этни­ка­лық қаза­қтар­ды қуа­ны­шпен қабыл­дай­тын үш елдің бірі деп мақта­на­тын­быз. Қазір ол елдер­де­гі жағ­дай қандай?

Немістер үшін тари­хи ота­ны­на көшу аса қиын емес екен. Ол Гер­ма­ни­яда «кей­ін­гі қоны­ста­ну­шы» (Spätaussiedler) мәр­те­бесін алу үшін Феде­раль­дық әкім­шілік басқар­ма­сы­ның (Bundesverwaltungsamt) офисіне Antrag S фор­ма­тын­да өтініш жол­дай­ды. Неміс ұрпақта­ры өзінің неміс халқы­на жата­ты­нын өздері дәлелдейді.

Офи­стен мақұл­дау кел­се бол­ды, елшілік неме­се кон­сул­дық арқы­лы виза­ға өтініш береді. Кел­ген бой­да Гер­ма­ния аза­ма­ты мәр­те­бесін алу Фрид­ланд қала­шы­ғын­дағы бөлу-тара­ту лагерін­де­гі тір­ке­уден баста­ла­ды. Тір­кел­дің бе – бол­ды, анке­та тол­ты­рас­ың, қабыл­да­уға жазы­ла­сың, жатақ­ха­на­дан жеке бөл­менің кіл­ті қолы­ңа тиеді. Асха­наға кіру­ге рұқ­сат беріледі. Түр­лі қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­нан киім-кешек, кітап­тар, сөздік­тер сый­ға тар­ты­ла­ды. Үш уақыт тамақ тегін, меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру жаса­ла­ды, жұмыс­сыздарға әле­умет­тік төлем төле­неді. Мигрант­пен сұх­бат­ты бір адам ғана жүр­гі­зеді. «Кей­ін­гі қоны­ста­ну­шы» мәр­те­бесін алдың ба – аза­мат­ты­ққа еш кедер­гі жоқ.

Изра­иль­дің әрбір еврей­ге құшағы ашық. Изра­иль­де тұрғы­сы кел­ген еврей «Сох­нут» еврей агент­ті­гіне хабар­ла­сып, кон­сул­мен кез­де­су­де өзінің еврей екен­ді­гін дәлел­де­се бол­ды, оған агент­тік Изра­иль еліне дей­ін тегін авиа­би­лет алып береді. Изра­иль­де жаңа репа­три­ант­тарға («олим хада­шим») қол­дау көр­се­тетін, тезірек сіңісіп кетуіне жағ­дай жасай­тын жан-жақты мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар көп екен. Репа­три­а­ци­яға тек еврей­лер­дің ғана, олар­дың бала­ла­ры, неме­ре­лері, жұбай­ы­ның ғана құқы­ғы бар. Оларға ең алды­мен жар­ты жылға қар­жы­лық төлем­дер көр­сетіледі. Кел­ген бой­да жедел иврит тілін (уль­пан) 18 ай бойы тегін үйре­несің. Үш жылға дей­ін бас­па­на жал­да­уға жеңіл­дік және салы­қтық жеңіл­дік­тер беріледі. Жұмысқа тұруы­на, маман­ды­ғын жаңа­ла­у­ға жәр­дем­дер жаса­ла­ды. Қолы­на репа­три­ант куәлі­гі тисе бол­ды – осы жеңіл­дік­тің бәріне ие.

Ал Қаза­қстан­да жағ­дай қандай?

Гер­ма­ния мен Изра­иль­де репа­три­ант­тарға қаты­сты сая­сат шынайы қол­дау бағы­тын­да бол­са, біз­де керісін­ше – кедер­гі жыл­дан-жылға көбей­іп бара­ды екен.

Тек биыл­дың өзін­де, мәсе­лен, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрінің 2026 жылғы 30 қаңтар­дағы № 41, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ішкі істер мини­стрінің 2026 жылғы 30 қаңтар­дағы № 60 және Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры – Жасан­ды интел­лект және цифр­лық даму мини­стрінің 2026 жылғы 30 қаңтар­дағы № 47 бір­лес­кен бұй­ры­ғы бой­ын­ша «Шетел­дік­тер мен аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дарға Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұрақты тұруға рұқ­сат беру» және «Қан­дас мәр­те­бесін беру неме­се ұзар­ту» жөнін­де көр­сетілетін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер бой­ын­ша пилот­тық жоба іске қосылды.

Осы пилот­тық жоба бой­ын­ша Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на тұрақты тұруға көшіп келу­шілер үшін тестілеу мен сау­ал­на­ма жүр­гі­зу, тек­се­ру­лер­ді жүзе­ге асы­ру және әңгі­ме­ле­су­ден өткі­зу жұмысын Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғылым және жоға­ры білім мини­стрінің 2024 жылғы 23 қыр­күй­ек­те­гі № 458 бұй­ры­ғы­мен бекітіл­ген «Қаз­Тест» қазақ тілін мең­ге­ру дең­гей­ін баға­лау жүй­есі бой­ын­ша қағи­да­ла­ры­на сәй­кес «Қаз­Тест» цифр­лық жүй­есі арқы­лы онлайн фор­мат­та өткізілетін болыпты.

2026 жыл­дың қаңтар айы­нан бастап «Қан­дастар­дың аза­мат­тық алу» тәр­тібіне жаңа талап­тар­дың қосы­луы­на бай­ла­ны­сты қазір­гі кез­де елі­міз­ге шетел­дер­ден көшіп кел­ген қан­даста­ры­мыз «Қан­дас» мәр­те­бесін, Ықти­яр­хат және Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуы қия­мет қай­ым­ның қыл көпірі­нен өту­ден де қиын болып кет­ті. Бірқа­та­ры амал­сыз, кел­ген еліне қай­та көшу­ге мәж­бүр болуда.

2026 жыл­дың қаңтар айы­нан бастап Ота­ны­мы­зға көшіп кел­ген қан­дастар Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алу үшін, бұрын қарас­ты­рыл­маған мына­дай мін­дет­ті талап­тар­ды орын­да­уы керек:

1. Шетел­ден кел­ген қан­дастар Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алу үшін Қазақ тілі, Қаза­қстан тарихы, Қаза­қстан Ата заңы­нан құралған 80 сұрақтан тұра­тын емти­хан тап­сы­руы керек, бірақ бұл талап Ресей, Бела­русь, Қырғыз­стан аза­мат­та­ры­на қойылмайды;

2. Өзі тұрған мем­ле­кет­тен «сот­ты­лы­ғы» тура­лы аны­қта­ма әке­луі керек;

3. Өзі тұрған мем­ле­кет­тің тір­ке­уі­нен шығып келуі керек.

Бұл талап­тар ТМД елдері­нен кел­ген қан­дастар үшін аса қиын­дық тудыр­мауы мүм­кін, бірақ Еуро­па, Түр­кия, Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы, Иран, Ауған­стан, Пәкістан сияқты мем­ле­кет­тер­ден келетін қан­даста­ры­мыз үшін мүл­де мүм­кін емес талаптар.

Бірін­ші талап бой­ын­ша, Еуро­па, Түр­кия, Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы, Иран, Ауған­стан, Пәкістан­нан келетін қан­дастар Қазақ тілі­нен, Қаза­қстан тарихы­нан, Қаза­қстан Ата заңы­нан алы­на­тын емти­хан­нан өте алмай­ды. Себебі Қытай­да 2000 жыл­дан бері көп­те­ген қазақ мек­теп­тері жабы­лып, мек­теп­тер­де тек қытай тілін­де оқы­та­тын жүй­е­ге көш­кен. Соның сал­да­ры­нан ондағы қан­даста­ры­мыз, әсіре­се қазақ жаста­ры қазақ тілін­де еркін сөй­лей алмай қал­ды. Жазу-сызуы да мүл­де бөлек. Ал Еуро­па, Түр­кия, Ауған­стан, Иран, Пәкістан елдерін­де қазақ мек­теп­тері мүл­дем болған емес. Бірқа­та­ры тіп­ті қазақ тілін­де сау­ат­ты сөй­лей де алмай­ды. Тағы бір ерекшелік – Қытай қаза­қта­ры Ахмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның төте жазу әлі­п­биін қол­да­на­ды, ал Еуро­па елдері мен Түр­кия – латын әлі­п­биін қол­дан­са, Иран, Ауған­стан, Пәкістан­да – пар­сы жазуын қол­да­на­ды, сон­ды­қтан олар Қаза­қстан­ның кирилл жазуын мүл­де оқи алмай­ды. Тағы бір қиын­дық – Еуро­па, Түр­кия, Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы, Иран, Ауған­стан, Пәкістан мек­теп­терін­де Қаза­қстан тарихы мен Қаза­қстан Ата заңы ешқа­шан оқы­ты­лған емес, оқы­тыл­май­ды да. Сон­ды­қтан олар­дың Қаза­қстан тарихы мен Қаза­қстан­ның Ата заңы­нан емти­хан тап­сы­ру мүм­кін­шілі­гі жоқ.

Екін­ші талап бой­ын­ша айтар бол­сақ, Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы бой­ын­ша «Сот­ты­лы­ғы» тура­лы аны­қта­ма беру ресми іс-қағаз­дар тізі­мін­де жоқ, ал қазір­гі соғыс жағ­дай­ын­дағы Иран, Ауған­стан, Пәкістан мем­ле­кет­терін­де бұл аны­қта­ма­ны алу іс жүзін­де мүм­кін емес.

Үшін­ші тала­пқа мына жағ­дай кедер­гі: Қытай­дың аза­мат­тық тура­лы заңын­да «Егер Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры басқа шетел­ге қоныс ауда­рып, сол елдің аза­мат­ты­ғын алған сәт­те ол Қытай аза­мат­ты­ғы мен тір­ке­уі­нен авто­мат­ты түр­де шыға­ры­ла­ды» деп жазы­лған. Сон­ды­қтан олар Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алмай тұрып, Қытай­дағы тір­ке­уі­нен шыға алмайды.

Қаза­қстан үкі­метінің қан­дастар­ды қай­та­руға бай­ла­ны­сты ұста­ным­да­рын­да ізгілік­ті ниет бар шығар. Алай­да талап етілетін қап­таған құжат, шене­унік­тік бюро­кра­тизм мұның бәрін қан­дастар­дың қай­туы­на қар­сы, мүл­де керісін­ше қадам­дарға айнал­ды­рып отыр. Сон­ды­қтан шетел­ден келетін қан­даста­ры­мы­здың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуы үшін бұл жаңа пилот­тық жоба­ның мүл­дем ақы­лға сый­ым­сызды­ғын атап өткім келеді.

Бұл пилот­тық жоба­ны жүзе­ге асы­ру бір­не­ше ведом­ствоға, бақы­лау ҰҚК-не тап­сы­ры­луы – бұл мәсе­лені тұра­ла­та­тын бюро­крат­тық қадам. Мұн­дай қадам қан­дастарға жол­ды аша­тын емес, жол­ды жаба­тын әре­кет. Бір ведом­ство аясын­да құзірет­ті үш неме­се бес адам­нан тұра­тын комис­сия жұмыс істе­се, әлдеқай­да оңай болмақ.

Жоға­ры­да кел­тіріл­ген дәлел­дер­ді еске­ре оты­рып, елі­міз үшін маңы­зды мәсе­ленің оңтай­лы арна­да шешілуін сұраймыз.

Марат БАЙДІЛДАҰЛЫ (Тоқаш­ба­ев), жазу­шы-пуб­ли­цист

Республиканский еженедельник онлайн