Суббота , 10 мая 2025

Бұл сайлау сол – БАЯҒЫ АЛДАУ

Соңғы 30 жыл­да төрт­күл дүние гео­са­я­си аху­а­лы­нан бастап, қара­пай­ым тұр­мыста қол­да­на­тын құры­лғы­ла­ры­на дей­ін адам айт­са нан­ба­стай өзгерді. 

Біз кезін­де таң­да­нып, там­са­нып қарай­тын заттар мен ғима­рат­тар әдірәм қал­ды. Галак­ти­ка мен азон қаба­ты, алты құр­лық пен төрт мұхит, өсім­дік­тер мен жану­ар­лар әле­мі – түгел­дей өзгеріс үстін­де. Өзгер­ме­ген тек Қаза­қстан ғана, сол баяғы орыс­ша, сол баяғы «шал», сол баяғы өтірік сай­лау. ҚР пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев өз орны­на Қасым-Жомарт Тоқа­ев­ты тағай­ын­даған­нан соң, кезек­тен тыс сай­лау жари­я­ла­ды. Жарай­ды делік! Енді неге үміт­кер Тоқа­ев өңір­лер­ді пре­зи­дент ретін­де ара­лап, шетел­дер­ден кел­ген деле­га­ция өкіл­дерін пре­зи­дент ретін­де қабыл­дап жүр? Оның құқы басқа үміт­кер­лер­ден неге артық? 

Екін­ші­ден, жеті кан­ди­дат­тың сай­лау кам­па­ни­я­сы тең емес екен­ді­гін қазір жас бала да біледі. Ком­му­ни­стер аты­нан түс­кен Жам­был Ахмет­бе­ков кел­мес­ке кет­кен КСРО-ның басқа­ру жүй­есін наси­хат­тап, өз-өзі­мен әуре болып жүр. Төле­утай Рахым­бе­ков «Ауыл» пар­ти­я­сы­нан ұсы­ны­лған­ды­қтан, тек қана ауыл­дың маңын шиыр­лау үстін­де. 28 жыл­да тас-талқа­ны шыққан, қаңы­раған ауыл­дар­ды қал­пы­на кел­ті­ру оңай шаруа емес екенін өзі де жақ­сы біледі. «Ақ жол» пар­ти­я­сы­нан түс­кен депу­тат Дания Еспа­е­ва­ны, жоқ кәсі­по­дақтың жалаң туын «желбіретіп» жүр­ген Аман­гел­ді Тас­пи­хо­вты қалың бұқа­ра былай тұр­сын, ақпа­ратқа қанық жур­на­ли­стер қауы­мы таны­май­ды екен­біз. Сәді­бек Түгел аға­мы­здың «дүр­ме­гін» өзге түгілі, өзі де түсін­бей­тін сияқты. 

Ал осы сай­ла­у­ға қара­пай­ым халық бар­май қоюы мүм­кін деген билік пен оның сая­сат тех­но­лог­та­ры Әмір­жан Қоса­нов­пен астыр­тын ымы­ра жасасқан сыңай­лы. «Сен осы жолы пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на түсіп, аңқау қаза­қты уақыт­ша алдай тұр­саң, келесі жолы депу­тат­тар тізі­міне қосып жібе­ре­міз» деп, Ақор­да­ның «атжал­ман­да­ры» уәде еткенін көкірек көзі ашық қауым біліп отыр. 

Содан «Жаңа Қаза­қстан» құрам деп жүр­ген Әмір­жан Қоса­нов өзінің ымы­ра­ла­ста­ры Айдос Сарым мен Расул Жұма­лы үше­уі аяқ асты­нан екі күн­де «жақ­та­ста­ры­ның» 120 000 қолын «жинап алды». Бұл коман­да­ның кам­па­ни­я­сы­на Хасен Қожа-Ахмет, Жаса­рал Қуа­ны­ша­лин, Бал­таш Тұр­сын­ба­ев сияқты сараб­дал сая­сат­кер­лер күдік кел­тіріп отыр. 

Сон­ды­қтан бұның бәрі әдейі ұйым­да­сты­ры­лған сая­си ойын, пре­зи­дент сай­ла­у­ын сай­қы­ма­за­ққа айнал­ды­ру. Бүй­рек­тен сирақ шыға­ру­дың қажеті шама­лы. Сая­сат пен оппо­зи­ци­я­ның ақсақа­лы Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің «Назар­ба­ев­тың айла­кер­лі­гіне құрық бай­лан­бай­ды» дегені шын­ды­ққа жана­са­ды. Әмір­жан Қоса­нов бұл сай­ла­уды қызды­ру үшін ғана кел­ген «тамы­зық» іспет­тес үміт­кер. Бәрібір ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев бола­ты­ны бесе­не­ден бел­гілі. Сон­ды­қтан ақ тер, көк тер болу­дың қажеті жоқ.

Жұма­мұрат ШӘМШІ

тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты

Республиканский еженедельник онлайн