Четверг , 26 ноября 2026

Халықтық құрылыстың қаржысы ТАЛАН-ТАРАЖ БОЛМАСЫН !!!

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Халы­қтық құры­лыс» инфрақұры­лым­дық жаңғыр­ту бағ­дар­ла­ма­сын іске асы­руға бөлін­ген қара­жат­тың жұм­са­луын бақы­лау жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік комис­сия тура­лы» Жар­лы­ққа қол қой­ды, соны­мен бір­ге комис­сия құра­мын бекіт­ті деп хабар­ла­ды Ақор­да­ның бас­пасөз қызметі.

Мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның мін­деті – бағ­дар­ла­ма жоба­ла­ры­ның уақы­ты­лы әрі сапа­лы іске асы­ры­луын қам­та­ма­сыз ету, сон­дай-ақ бюд­жет­тік тәу­е­кел­дер­ге, бөлін­ген қара­жат­тың тиім­сіз жұм­са­луы­на жол бермеу.

Бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­ру­дың жос­пар­лау мен қара­жат­ты бөлу­ден бастап, нысан­дар­ды нақты пай­да­ла­нуға беру­ге дей­ін­гі бар­лық кезеңі бақы­ла­у­ға алы­на­ды. Мем­ле­кет­тік комис­сия мем­ле­кет­тік сатып алу­лар­дың мерзі­міне, құны­на және заң­ды­лы­ғы­на мони­то­ринг жүр­гізіп, тәу­е­кел дең­гейі жоға­ры жоба­лар­ды аны­қтай­ды және кем­шілік­тер­ді жою жөнін­де шара­лар әзірлейді.

Бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­ру бары­сы­на жүр­гізіл­ген мони­то­ринг бой­ын­ша Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­тіне тоқ­сан­дық және жыл­дық есеп ұсынылады.

Мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның жұмыс орга­ны ретін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­сы бел­гі­лен­ді. Комис­сия құра­мы­на уәкілет­ті мем­ле­кет­тік орган­дар бас­шы­ла­ры, Құры­л­тай депу­тат­та­ры, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­лері, жур­на­ли­стер, қоғам қай­рат­кер­лері, сарап­шы­лар, өңір­лер­дің және биз­нес қауым­да­сты­қтың өкіл­дері енді.

Мем­ле­кет­тік комиссияның

құра­мы

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­сы­ның төраға­сы, Комис­сия төрағасы.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер жөнін­де­гі көмек­шісі, Комис­сия төраға­сы­ның орынбасары.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қауіп­сіздік Кеңесі аппа­ра­ты­ның басшысы.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-мини­стрінің бірін­ші орынбасары.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы­лық мони­то­ринг агент­ті­гінің төрағасы.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және рефор­ма­лар агент­ті­гінің төрағасы.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ро­ры­ның орынбасары.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті төраға­сы­ның орынбасары.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық бан­кі төраға­сы­ның орынбасары.

Аста­на, облы­стар және рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар мәс­ли­хат­та­ры­ның төрағалары.

Аймұр­зи­на Айнұр Жеңі­с­бекқы­зы, «Dos.co» жеке мен­шік қоры­ның директоры.

Айтуға­нов Қай­рат Қапарұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кұры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің мүшесі.

Анто­нен­ко Андрей Ива­но­вич, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет ардагері.

Бай­ра­му­ков Ислам Илья­со­вич, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, «Жам­был облы­сы қара­шай­лар мен балқар­лар­дың этно­мә­де­ни бір­ле­сті­гі» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің мүше­сі, еңбек сіңір­ген спорт шебері, XXVII жазғы Олим­пи­а­да ойын­да­ры­ның күміс жүлдегері.

Бат­ке­ев Бір­жан Бақыт­бекұ­лы, «Эко­но­ми­ка­лық зерт­те­улер инсти­ту­ты» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның басқар­ма төрағасы.

Бек­ба­у­ов Нұр­бек Серікұ­лы, «Qazaqstan» теле­ар­на­сын­дағы «Халы­қтық құры­лыс» бағ­дар­ла­ма­сы­ның журналисі.

Бер­кім­ба­ев Берік Серікұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кұры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­на­ма, сот жүй­есі және құқық қорғау орган­да­ры коми­тетінің мүшесі.

 Году­но­ва Ната­лья Нико­ла­ев­на, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кұры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Эко­но­ми­ка­лық сая­сат, өнер­кәсіп және энер­ге­ти­ка коми­тетінің төрағасы.

Есім­ха­нов Сұңғат Қуатұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кұры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Эко­но­ми­ка­лық сая­сат, өнер­кәсіп және энер­ге­ти­ка коми­теті төраға­сы­ның орынбасары.

Жүсі­пов Бек­мұрат Қыдыр­бай­ұ­лы, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, Маңғы­стау облы­сы Қоғам­дық кеңесінің төрағасы.

Захар­чук Вера Нико­ла­ев­на, «24.kz» теле­ар­на­сын­дағы «Народ­ная строй­ка» бағ­дар­ла­ма­сы­ның журналисі.

Зен­чен­ко Ген­на­дий Ген­на­дье­вич, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, Қаза­қстан­ның Еңбек Ері, «Зен­чен­ко және ком­па­ния» ком­ман­дит­тік серік­те­сті­гінің бас директоры.

Изюм­ни­ков Вла­ди­мир Нико­ла­е­вич, «Жаңа адам­дар» жастар қозға­лы­сы» жастар қоғам­дық бір­ле­сті­гінің көшбасшысы.

Исма­и­лов Акбар­жон Яхи­я­хо­жа­е­вич, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, «Тәжік­тер­дің рес­пуб­ли­ка­лық этно­мә­де­ни бір­ле­сті­гі» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төрағасы.

Кари­но­ва Шол­пан Таңатқы­зы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кұры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Әле­умет­тік-мәде­ни даму коми­тетінің мүшесі.

Ким Вера Алек­сан­дров­на, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, «Ұлт­тық волон­тер­лік желі» қауым­да­стық ныса­нын­дағы заң­ды тұлға­лар бір­ле­сті­гінің төрағасы.

Күнәді­лов Төле­ген Нығы­мет­жанұ­лы, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, Аста­на қала­сы Қоғам­дық кеңесінің мүше­сі, «Аста­на қала­сы­ның Кәсі­по­дақ орта­лы­ғы» аумақтық кәсі­по­дақтар бір­ле­сті­гінің төрағасы.

Кучин­ская Юлия Вла­ди­ми­ров­на, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің мүшесі.

Қажы­ба­е­ва Рау­шан Жаңа­бер­генқы­зы, жур­на­лист, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Іс басқар­ма­сы­ның «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің Теле­ра­дио­ке­шені» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кәсі­пор­ны­ның директоры.

Қал­та­е­ва Ләз­зат Мол­даб­екқы­зы, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, «Шырақ» мүге­дек­ті­гі бар әйел­дер қауым­да­сты­ғы» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның Мүге­дек­тер құқы­қта­ры жөнін­де­гі коми­тетінің мүшесі.

Қасым­ба­ев Мей­ір­хат Мей­рам­ханұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Өңір­лік және инфрақұры­лым­дық даму коми­тетінің мүшесі.

Қожа­ев Марат Шәдет­ханұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің төрағасы.

Лукин Андрей Ива­но­вич, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, қоғам қайраткері.

 Ман­жа­но­ва Ири­на Рихар­дов­на, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы «Ата­ме­кен» Ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы төралқа­сы­ның Құры­лыс және тұрғын үй-ком­му­нал­дық шару­а­шы­лық коми­тетінің мүшесі.

Мусин Манат Айт­бай­ұ­лы, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүшесі.

Нұрал­ди­нов Олжас Елтай­ұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Цифр­лан­ды­ру, инно­ва­ци­я­лар және ғылым коми­тетінің мүшесі.

Пере­пе­чи­на Оль­га Вален­ти­нов­на, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің төрағасы.

Поно­ма­рёв Сер­гей Михай­ло­вич, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Аграр­лық мәсе­ле­лер, эко­ло­гия және табиғи ресур­стар коми­тетінің мүшесі.

Сағы­нов Замир Сады­құ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Өңір­лік және инфрақұры­лым­дық даму коми­тетінің мүшесі.

Тама­бек Әбіл­хай­ыр Ғалы­мұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның депу­та­ты, Аграр­лық мәсе­ле­лер, эко­ло­гия және табиғи ресур­стар коми­тетінің мүшесі.

Ташқын­ба­ев Ренат Фари­тұ­лы, жур­на­лист, ақпа­рат шолу­шы­сы, YouTube арна­сын­дағы «Дру­гие места» жоба­сы­ның авто­ры және жүргізушісі.

Үлже­ко­ва Нұр­гүл Төленқы­зы, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, «Тең мүм­кін­дік­тер әле­мі» қоғам­дық қоры­ның басшысы.

Шин Андрей Анто­но­вич, кәсіп­кер, «Шин-Лайн» ком­па­ни­я­лар тобы­ның негізін қалаушы.

Шипов­ских Ген­на­дий Ген­на­ди­е­вич, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, «Жастар үні» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің мүшесі.

Шони Риат Жабай­ұ­лы, «24.kz» теле­ар­на­сын­дағы «Халы­қтық құры­лыс» бағ­дар­ла­ма­сы­ның журналисі.

Шөже­е­ва Ази­за Тимурқы­зы, «GovTech & AI Foundation» қоғам­дық қоры­ның бас­шы­сы, «TechnoWomen Non-profit Organisation» ком­мер­ци­я­лық емес ұйы­мы­ның басқар­ма төрағасы.

Шөне­ев Сәлім­бай Егем­бер­діұ­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің жанын­дағы Қоғам­дық кеңе­стер­ді үйле­сті­ру орта­лы­ғы­ның төрағасы.

Шыңғы­с­ба­е­ва Ләз­зат Алтын­бекқы­зы, Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі, «Қаза­қстан халқы­на» қоғам­дық қоры­ның басқар­ма төрағасы.

PS. Пре­зи­дент­тің бұл Жар­лы­ғы бұры­нғы­лар­дан өзге­рек екенін баса айтқым келеді. Өйт­кені тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да билік тара­пы­нан «Қаза­қстан-2030», «Қаза­қстан-2050», «Үде­мелі инду­стри­я­лық-инно­ва­ци­я­лық даму» сияқты талай ауқым­ды бағ­дар­ла­ма­лар қабыл­дан­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның жыл сай­ы­нғы Қаза­қстан халқы­на Жол­да­у­ла­рын­да қан­ша­ма мін­дет­тер жүк­тел­ді. «Қаза­қстан-2030» даму стра­те­ги­я­сын­да: «2030 жылғы Қаза­қстан ауа­сы таза, мөл­дір сулы, жасыл желек­ті елге айна­луға тиіс. Өндіріс қал­ды­қта­ры мен ради­а­ция бұдан былай біздің үйлері­міз бен бала­ла­ры­мы­здың бала­ла­ры кінәрат­сыз жағ­дай­да өмір сүретін бола­ды», – деп жазылды.

Үлкен өкініш­ке қарай, солар­дың бір­де-бірі толық түгілі, жар­ты­лай да жүзе­ге асы­ры­лған жоқ. Есесіне еңбек­кер халы­ққа тиесілі трил­ли­он­даған тең­ге талан-тараж бол­ды, ел тұрғын­да­ры­ның күн­көрісі жыл сай­ын жақ­са­ру­дың орны­на күн сай­ын төмен­дей бер­ді. Мил­ли­ард­таған дол­лар, тіп­ті олар­ды жымқы­рған талай лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың өзі шетел асты. Қазір отан­даста­ры­мыз салы­қтық ауырт­па­лы­қтың сал­да­ры, тұрақты жұмыс пен жет­кілік­ті табыст­ың жоқты­ғы­нан «шық­па жаным, шық­па» деп өмір сүріп жатыр!

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы жари­я­лаған «Халы­қтық құры­лыс» бағ­дар­ла­ма­сы, оның орын­да­луын Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­мен құры­лған мем­ле­кет­тік комис­сия бақы­лай­тын­ды­ғы – қалың жұрт­шы­лы­қтың билік­ке деген семіп бара жатқан сені­мін, сөніп бара жатқан үмітін оятқан соны шешім дер едім. Енді бұл бағ­дар­ла­маға бөлі­нетін 6,5 трил­ли­он тең­генің әр тиы­ны, орын­да­лу мерзі­мі мен сапа­сы күн­делік­ті бақы­ла­на­тын бол­са, сол сенім нығай­ып, үміт үкі­лене түсері анық!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн