Воскресенье , 8 ноября 2026

Ұлы даланың тәуелсіздік дастаны

Руха­ни құн­ды­лы­қтар мен ел біре­гей­лі­гінің сабақтастығы

«Өткенін ұлы­қтаған елдің ғана бола­шағы жарық» деген­дей өткені­мізді ұмыт­пай, одан сабақ алып бола­шаққа бағ­дар таба білуі­міз қажет. Қиын қыстау заман­нан­да қай­та түлеп, дер­бес­ті­гін өз тіз­гініне қай­тарған Қазақ елі үшін биы­лғы жыл ерекше белес. Елі­міз үшін азатты­қтың ақ таңы атқа­ны­на, көк бай­рағы­мы­здың көк­те желбіре­геніне биыл тура 35 жыл бол­мақ. Бұл тарих­тың кең ауқым­ды өлше­мі­мен қараған­да қас қағым­дай уақыт болға­ны­мен, қаза­қт ұлты үшін ұлы белес, ұлы той әрі есею мен жоға­ры­ға өрле­удің кезеңі. 35 жыл­дық мерей­той жай жыл сай­ын той­ла­на­тын мере­ке емес, ол баба­ла­ры­мы­здың қан­ша жыл бойы аңсап, қан мен терін төгіп, жанын пида еткен күн. Бұл күн баба­лар аңсаған азатты­қтың сал­та­нат құруы, ұлт­тық біре­гей­лі­гі­міз бен руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­мы­здың қай­та түлеп, әлем­дік сахна­да бой көте­руінің айғағы.

 

Тарихтың Алтын Парақтары: Еркіндікке Ұмтылған Рух

Қазақ халқының тарихы күреске, қайғы-қасіретке толы болғанымен жеңіс пен қасиеттің символы. Сонау замандағы Сақтар мен ғұндардан бастау алып, Қазақ хандығының керегесін керген,  сонау Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлы даланы бізге мұра еткен бабалар аманаты арқасында тәуелсәз әрі бейбіт елміз. Біздің еркіндігіміз Ақтабан шұбырындының азабынан өткен, Желтоқсанның ызғарына қарсы тұрған, егемендік үшін жанын пида еткен Алаш арыстарының арманынан өрілген қастерлі құндылық.

Тарих біз­ге тек өткен­ді еске алу ұшін емес, одан сабақ алып, ұлты­мы­зды ұмыт­пау үшін ауа­дай қажет. Еге­мен­ді­гі­міздің 35 жылы ішін­де Қаза­қстан өз тарихын түген­деп, ұмы­ты­ла бастаған есім­дерін қай­та жаңғырт­ты. Бүгін­де біз  өткені­мен мақта­на ала­тын, бола­шағы­на сенім­мен қарай­тын, іргесі берік, шека­ра­сы шеген­дел­ген қай­сар­лы әрі қай­рат­ты мемлекетпіз.

Ұлт айнасы мен тірегі

Ұлт­тың біре­гей­лі­гі айқын­дай­тын ол оның салт дәстүрі мен әдет-ғұр­пы. Ғасыр­лар бойы қалып­та­сып келе жатқан дәстүр­лері­міз жәй ғана жол доралғы емес, ол мәде­ни­еті­міздің ажы­ра­мас бөлі­гі және ұлт­тық тәр­би­енің, фило­со­фи­я­ның, мораль­дық құн­ды­лы­қтар­дың жиынтығы.

  • Қонақ­жай­лы­лық пен Үлкен­ге құр­мет: «Қонақ кел­се — құт келер» деп есі­гін айқа­ра ашқан қазақ елі әрқа­шан ашы­қты­қтың, мей­ірім­ділік­тің үлгісі бол­ды. Төр­ден орын алған ақсақал­дар­дың бата­сы, ана­лар­дың ақ сүті­мен дары­ған тағы­лым — ұрпақтар сабақ­та­сты­ғы­ның алтын көпірі.
  • Жеті ата шежіресі: Әрбір қазақ бала­сы­ның өз тегін, жеті ата­сын білуі — қан таза­лы­ғын ғана емес, ұлт­тық тұта­сты­қты сақта­удың біре­гей теті­гі. бұл дәстүр бізді бауыр­ла­сты­ққа, бір-бірі­міз­ге деген жау­ап­кер­шілік­ке тәрбиелейді.
  • Наурыз мей­ра­мы мен Шаңы­рақ ұғы­мы: Сәуір туа, табиғат­пен бір­ге жаңғы­ра­тын Ұлы­стың ұлы күні — бір­лік пен татулы­қтың сим­во­лы. Ал қаза­қтың қара шаңы­рағы — мем­ле­кет­тілік­тің, отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­дың қаси­ет­ті бесігі.

Қазіргі тоқтамай өзгеріп, жаһанданып жатқан заманда салт-дәстүрімізді ұмытпай, керісінше заман талабына сай жаңғыртып отырып сақтау, ұлтымыздың жұтылмай, ерекше болып қала беруіне кепіл береді.

 

 Ұлы Дала Философиясы

Азат елдің ең үлкен бай­лы­қта­ры­ның бірі ол оның ұста­ным­да­ры мен руха­ни қазы­на­сы. Қаазқ елінің руха­ния қазы­на­сы Абай­дың терең ойы­нан, Шәкәрім­нің шапаға­ты­нан, Мағ­жан­ның жалын­ды жыр­ла­рын­да нәр ала­ды. «Толық адам» тұжы­рым­да­ма­сы, иман­ды­лық, ар-ұят, қанағат пен еңбекқор­лық, баба­ла­ры­мыз қал­ды­рған руха­ни бағыт беруші.

Еге­мен­дік жыл­да­рын­да біз ұмыт қалып бара жатқан руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды қай­та жан­дан­дыр­дық. Тілі­міз мем­ле­кет­тік мәр­те­бе алып кең құлаш жайды;әдебиетіміз бен өнері­міз әлем­дік сахна­да мйын­да­ла баста­ды; дом­бы­ра­ның күм­бірі мен қобы­здың үні, айтыс өнері мен дәстүр­лі әні­міз ЮНЕ­СКО-ның адам­заттық мәде­ни мұра­лар тізі­міне еніп сал­ты­мыз жаһан­дық мәр­те­бе­ге ие болды.

Жаңа ғасыр жастары

Еге­мен­ді­гі­міздің 35 жылы ішін­де ұрпақтар ауы­сып, еге­мен­дік­тен кей­ін­гі жас ұрпақ кемел­ден­ді. Бәсе­ке­ге қабілет­ті, білім­ді жаста­ры­мы­здың арқа­сын­да ұлты­мыз жаңа дең­гей­де дамы­м­ақ. Қазір­гі жастар ұлы дала рухы мен заман талап­та­рын бой­ы­на сіңір­ген біре­гей ұрпақ. Жастар­дың бой­ын­дағы пат­ри­о­тизм мен намыс, олар­дың бой­ы­на сіңір­ген ғылы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық даму­дың сабақ­та­сты­ғы еге­мен­ді­гі­міздің мәң­гі бола­ты­ны­на кепіл береді. Олар баба­лар салған сара жол­ды жалға­сты­ра оты­рып, Қаза­қстан­ды бұдан да биік шың­дарға шыға­ра­ты­ны­на кәміл сенеміз.

Қорытынды

Тәу­ел­сіздік­тің 35 жыл­дық мерей­тойы өткен­ге сала­у­ат айтып, бола­шаққа сенім­мен қадам баса­тын, ұлт­тық рухы­мы­зды асқақта­та­тын ұлы күн. Біздің мақ­са­ты­мыз  баба­лар аңсаған Қазақ елін «Мәң­гілік Ел» ету. Руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды қастер­леп, салт-дәстүрі­мізді ардақтап, ұлт­тық біре­гей­лі­гі­мізді сақтай біл­сек, біздің алар асу­ла­ры­мыз мен бағын­ды­рар биік­тер әлі де көп болмақ.

Тәу­ел­сізді­гі­міз тұғыр­лы, еге­мен­ді­гі­міз мәң­гілік бол­сын, қаси­ет­ті Қазақ елі!

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн