Четверг , 22 октября 2026

Халық санының өсуі НЕГЕ ТӨМЕН?

300 үйлі ауыл­да 40-тан аса бой­дақ жігіт бар, алды 50-ге тақап қалған. 300 үйдің 19‑ы бос тұр. 40 үйлі ауыл­да – 17 бойдақ.

Оқы­ған қыз қала­дан ауы­лға қайт­пай­ды, сол жақтан күй­е­у­ге шыға­ды. Ауыл­дағы жігіт­ке жұмыс жоқ, вах­таға бар­са да кілең еркек. Ауыл­да да қала­дан кем түс­пей­тін, жағ­дай жасалған үйлер бар, бірақ жастар қал­май­ды. Есесіне қала­да тұра­тын жалғыз басты, ажы­рас­қан әйел көп, оларға ипо­те­ка­мен үй береміз!

Қан­ша «жұмыс­шы маман­ды­қта­ры жылын», «еңбек ада­мы жылын» жари­я­ла­сақ та, жемқор­лық жай­лаған қоғам­да ештеңе өндіріп те жарыт­пай­тын сияқты­мыз. Урбан­да­ну мен қазір­гі мем­ле­кет­тік сая­сат ауыл­ды ғана емес, қаза­қтың саны өсуіне де зиян тигі­зу­де. Сон­ды­қтан нақты жағ­дай­да батыл ұсы­ны­стар мен нақты шешім­дер қажет-ақ. Жас жігіт­тер­дің үйлен­бе­уі, кеш үйле­нуі тек эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­ден бол­мауы мүм­кін, оған тесто­сте­рон дең­гейі, жал­пы үлкен зерт­те­улер жаса­луы қажет.

Мысалға, кеше ғана Ресей­де әйел­дер­де кли­макс 36 жастан бастап болып жатыр деген ақпа­рат жария бол­ды (комент­те). Бірақ ауыл­дағы халы­қтың жағ­дай­ы­на қарай­тын адам­дар Құры­л­тай­да да, Халық Кеңесін­де де жоқ сияқты…

Бұл өзек­ті мәсе­лені қалай шешу­ге болады?

1) Менің­ше, әр ауыл әкі­міне ауыл­дың шикі­зат, табиғи қоры, басқа да мүм­кін­дік­теріне бай­ла­ны­сты стра­те­ги­я­лық даму жос­па­рын жаса­ту қажет, оның жұмысы соның орын­да­луы­мен баға­ла­нуы, ал қар­жы­лан­ды­ру сол жос­пар­дағы жоба­ларға сай болуы тиіс. Ауыл­да жұмыс орнын құру, еңбек­пен қам­ту­дың бір­ден-бір жолы сол.

2) Ауыл­да туы­лған балаға берілетін бар­лық жәр­де­мақы отба­сы­ның табысын ескер­мей берілуі қажет. Шалғай ауыл­дағы бала­лар­дың жазғы дема­лы­сын жасыл аумақтар­дағы сана­то­рий­лер­де өткі­зуді қам­та­ма­сыз ету қажет.

3) Ауыл бала­ла­ры үшін бала­бақ­ша мен мек­теп­те­гі білім дең­гейі қала­дан кем бол­мауы тиіс. Сапа­лы білім бер­гені үшін ауыл мұғалім­деріне қосым­ша ақы төле­нуі, бірақ білім сапа­сы шынайы тек­серілуі қажет.

4) Ауыл­да тұрақты тұрған әйел­дер­дің зей­нет­ке шығу жасын төмен­дет­кен жөн, бірақ ауыл адам­да­ры үшін бел­гі­лен­ген жеңіл­дік­тер­ді алғы­сы келіп, онда тір­келіп, несі­бесін жымқы­ра­тын пысы­қай­лар­дың жолын кесіп, ымы­рас­ыз жаза­лау қажет.

 PS. Есеп­теп көріңіз, 300 үйдің 40 бой­дағы үйлен­бе­се – ең кем деген­де 80 бала, оған тағы 40 әйел­ді қосқан­да, орта­ша есеп­пен әр ауыл­да 120 адам кеми­ді деген сөз. Ал олар­дың алды 50-ге кел­се, бала­ла­ры үйленіп, неме­релі бола­тын кезі. Елі­міз­де 6 мың­нан аса ауыл бар екенін ескер­сек, тек осы­ның өзі­нен Қаза­қстан­ның демо­гра­фи­я­лық өсі­міне қан­ша­ма зиян келіп жатқа­нын есеп­тей беріңіз! Осы­дан-ақ халық саны­ның өсуі неге төмен екенін шама­ла­у­ға болады!..

Болат НҰРҚОЖАЕВ, қоғам қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн