Четверг , 19 ноября 2026

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» САН СОҚТЫРДЫ

Өткен апта­да Қаза­қстан­ның сая­си-эко­но мика­лық кеңісті­гін­де бұрын-соң­ды бол­маған, ашық күн­де күн күр­кіре­ген оқиға орын алды. 11 қара­ша күні Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің (ҰҚК) Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қи мыл қыз­меті елдің ең ірі стра­те­ги­я­лық ак тив терін басқа­ра­тын «Самұрық-Қазы­на» Ұлт­тық әл-ауқат қоры­ның басқар­ма төраға­сы Нұр лан Жақы­пов пен «Қаза­қстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы Елжас Отын­ши­ев­ті сыбай­лас жемқор­лық қыл­мысын жаса­ды деген күдік­пен ұстады.

Аспан­нан ақша жауған күн…

 Қыл­мыстық-про цес тік ко дексінің 201- ба бына сәй кес, тер­геу құпия сы сақтал ға нымен, ресми мә лім­де ме лер мен ақпа­рат құ рал­да­ры ның деректері істің ауқы­мы қан дай екенін бір­ша ма аң ғар тады. Өйт­кені осы оқи ға ның аясын­да қор­дың са тып алу депар­та­мен­тінің өкіл­дері мен өзге де тұлға­лар ұстал ғаны хабарланды.

Бұл оқиғаға Аста­на­дағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің аула­сын­да түсіріл­ген бей­не­жа­з­ба ерекше сипат бер­ді. Тін­ту және ұстау шара­ла­ры кезін­де эли­та­лық пәтер­дің те резесі­нен лақты­ры­лған сөм ке лер­ден АҚШ дол­ла­ры­ның бума­ла­ры жел­ге ұшып, аула ға шашы­лған сәт әле­умет­тік желілер­ге лез­де тара­ды. Мұн дағы кей­бір деректер­ге қара ған­да, лақты­ры­лған шаба­да нның әрқай­сысы­на 7 млн АҚШ дол­ла­ры сыя­ды, олар­дың саны – 8. Қара­пай­ым ариф­ме­ти калық әдіспен көбейт­сек, 56 млн көк қағазға тең. Бұл де геніңіз, қазір­гі бағам­мен есеп­те­ген­де, шама­мен 25,65 млрд тең­ге деген сөз! Осын­дай қыру­ар қар­жы аула­да шашы­лып жат­са, 11 қара­ша – шыны­мен де аспан­нан ақша жау ған күн емес пе?!.

Бұл тек үйде сақталған ақ ша, сон­дай-ақ олар­дың ел ішін­де­гі, шетел­дер­де­гі есеп-шот­та­рын­да да қыру­ар қар жы болуы мүм­кін ғой! Оған жыл­жи­тын, жыл­жы­май­тын мү лік терін, басқа да актив­терін қос­саңыз қан­ша болады?!. 

Әрине, бұдан қара­пай­ым халы­ққа көк тиын пай­да жоқ! Есесіне бұл оқиға ква­зи­мем лекет­тік сек­тор­дағы көлең­келі қар­жы ағын­да­ры­ның айқын сим волы­на айнал­ды және қо ғам­ды жегі құрт­тай кеміріп бара жатқан сыбай­лас жем қор­лық тың жем­са­уы әлі те тол­маға­нын тағы бір рет анық көрсетті.

Енді «әр жаман­ды­қтың бір жақ­сы­лы­ғы бола­ды» демек­ші, ел бас­шы­лы­ғы, құқық қорғау ұйым­да­ры бұдан дұрыс қоры тын­ды шыға­рып, қазы­на­ны ти імді жұм­сау, ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны ұйым­да­сты­ру және бас қару жөнін­де көп­шілік­тің пікі рін еске­ре оты­рып, заң негі зін­де тиісті сая­си және құқық тық шешім қабыл­дай­тын бол­са, халық үшін оның пай­да­сы сол болмақ!

Аты­шу­лы оқиға­ның алғы­шар­ты неде?

Одан дәл бір апта бұрын, 4 қара­ша күні пре­мьер-министр Олжас Бек­те­нов «Самұ рық-Қазы­на» дирек­тор­лар ке ң есінің оты­ры­сын­да қор бас шылы­ғын ірі инве­сти­ци­я­лық жо балар­дың мерзі­мін созып алға­ны үшін қат­ты сынға алған еді. Сол сын­нан кей­ін Алма­ты дағы ЖЭО‑3 ныса­нын жаңғыр туды бақы­ла­маға­ны үшін «Са мұрық-Энер­го» бас­шы­сы Қай рат Мақсұтов қыз­меті­нен бо саты­лған болатын.

Десек те, БАҚ пен әле­умет тік желілер­ді жарған осын­дай аты­шу­лы қыл­мыстық оқиғаға қа рама­стан, «Самұрық-Қазы на» мен ҚТЖ бас­пасөз қыз­мет тері құқық қорғау ұйым­да­ры­на жан-жақты жәр­дем көр­сетіліп жатқа­нын, ал хол­динг пен ен шілес ком­па­ни­я­лар­дың штат тық режим­де жұмыс істеп, инве­стор­лар алдын­дағы бар­лық мін­дет­те­ме­лерін орын­дай беретінін мәлім­деді. Бұған да шүкір дейміз!

Ара­да екі күн өткен­де, 13 қара­ша күні Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жо март Тоқа­ев Қауіп­сіздік кеңе сінің шұғыл оты рысын өткізіп, бұл іске қа тысты қатаң сая­си баға­сын берді.

«Самұрық-Қазы­на» қан­дай мақ­сат­та құрылды?

Алды­мен 2006 жылы бұрын ғы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан На зар баев­тың баста­ма­сы­мен «Самұрық» хол­дин­гі, 2008 жылы син­га­пур­лық әйгілі Temasek ком­па­ни­я­сы­ның үлгісін­де «Са мұрық-Қазы­на» қоры пай­да бол­ды. Алай­да син­га­пур лық қор – дер­бес кор­по­ра­тив тік басқа­руы, айқын ере­же лері мен инве­сти­ция нәти­же лері бой­ын­ша жария есеп­тілі­гі бар кәсі­би инве­сти­ци­я­лық ком пания. Ал біз­де қалай?

Біз елі­міз­де­гі ең ірі ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­ды топ­та­сты­рып, бір қор­дың иеле­гіне бер­дік. Мұнай, газ, темір­жол, энер­ге­ти­ка, бай­ла­ныс және тағы бас қа сала­лар­дың бәрін бас қару­ды соған тап­сы­рып, тура­сын айт­сақ, ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны басқа­ра­тын алып орта­лық – мем­ле­кет ішін­де та ғы бір мем­ле­кет құр­дық. Мына сан дар­дың өзі оны дәлел дей ді.

Өткен жылы «Самұрық-Қа зына» тобы­ның шоғыр­лан ды рылған түсі­мі 19,1 трил­ли­он, ал рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің бар­лық кірісі 21,4 трил­ли­он тең­ге бол­ды! Қор актив­терінің жал­пы құны 46 трил­ли­он тең­ге. Бұл дегеніңіз – Қаза­қстан­да қар­жы көле­мі тұрғы­сы­нан мем лекет­тік бюд­жет­пен шама­лас, бірақ мүл­де бөлек ба қылау тетік­тері­мен жұмыс іс тей­тін орас­ан зор эко­но­ми калық орта­лық бар деген сөз!

Ең қиы­ны – біз ең ірі мем лекет­тік актив­тер­ді басқа­ру ісін сала­лық жау­ап­кер­шілік­тің үйрен­шік­ті жүй­есі­нен бөліп алып, жеке хол­динг­ке бер­дік. Қазір сала­лар­дағы негіз­гі кә сіпо­рын­дар басқа орта­лық тың басқа­руын­да болған дық тан, мини­стр­лер өздерінің жау апкер­шілі­гін сезін­бей­ді. Бұл елі­міздің дамуы­на кері әс ер етіп отыр!

Ұлт­тық хол­динг ұлтқа қыз­мет етті ме?

2008 жылғы әлем­дік қар­жы дағ­да­ры­сы кезін­де «Самұрық-Қазы­на­ны» құру­дың ресми мақ саты мін­сіз еді. Елдің стра теги­я­лық актив­терін бір жұды рыққа жинау, банк­тер мен жүйе құра­у­шы кәсі­по­рын дар ды жедел құтқа­ру, арзан ба тыстық кре­дит­тер­ді тар­ту жә не кор­по­ра­тив­тік басқа­ру­дың озық стан­дарт­та­рын енгі­зу қажет болды.

Алай­да бұл құры­лым­да тез ара­да көп­шілік үшін жасы­рын басқа бір функ­ция пай­да бол­ды. Елдің ірі ақша ағын да ры – мұнай, газ, уран, темір жол дар, энер­ге­ти­ка және бай ланыс – мини­стр­лік­тер мен депу­тат­тар­дың тіке­лей бақы­ла­у­ы­нан шығып, жүйе дәс түр­лі мем лекет­тік те же гіш­тер мен тепе-теңдік­тен тыс орас­ан зор «сейф» құр­ды. Сон­да ол кім­ге жұмыс істеді?

Ескі Қаза­қстан дәуірін­де супер­хол­динг іс жүзін­де рен­та мен әкім­шілік ресур­стар­ды бөлудің тама­ша құра­лы­на айнал­ды. Оның ішін­де өзінің ойын ере­же­лері бар жабық эко жүйе қалып­та­сты. Ұзақ жыл­дар бойы қор­дағы және оның жүз­де­ген еншілес құры­лым дарын­дағы басқа­ру­шы ор ын тақтар ауыр өндірістік вах­та ретін­де емес, бедел­ді «тыныш орын» неме­се эли­та мен ол арға жақын басқа­ру клан да рының өкіл­дері үшін трам­плин ретін­де қабыл­дан­ды. Нағыз өндіріс­шілер – темір­жол шы лар, энер­ге­тиктер, мұнай­шы лар көбі­не­се «тиім­ді мене­джер­лер­ге» бағы­ны­шты, олар дың басты құзы­реті – көп мил­ли­ард­ты бюд­жет­тер­ді келі­се білу ғана болатын.

Хол­динг­тің сатып алу жүй е сі арқы­лы трил­ли­он­даған тең­ге құй­ыл­ды. Жабық тен­дер­лер мен дел­дал­дар­дың күр­делі тіз­бек­тері жағ­дай ын да дәл осы жер­де «жақын»-үл естес неме­се арты­қ­шы­лық ты мер­ді­гер­лер­дің жағ­дайы туды, ал ұлт­тық ком­па­ни­я­лар орас­ан зор қары­зға батып, инфрақұры­лы­мы әбден тоза берді.

Сөзі­міз дәлел­ді болуы үшін мына деректер­ді кел­тірей­ік: 18 жыл ішін­де Басқар­ма­ның жедел басқа­руын­да сти­лі мен бэк­гра­ун­ды бой­ын­ша әртүр­лі адам­дар тұр­ды және әрбір жаңа төраға басқа ру шы дирек­тор­лар құра­мын то лығы­мен жаңар­та оты­рып, жеке басқа­ру коман­да­сын қа лып тастыр­ды. Айта­лық, әр жыл дары қор­ды Қай­рат Ке лім­бе­тов, Тимур Құлы­ба­ев, Ахмет­жан Есі­мов, Өмір­зақ Шө кеев, Алма­са­дам Сәтқа­ли­ев және соңғы 3,5 жыл­да күні кеше тұтқын­далған Нұр­лан Жа қы пов басқар­са, Дирек­тор­лар кеңесіне 7 пре­мьер-министр – Кәрім Мәсі­мов (екі рет), Серік Ахме­тов, Бақыт­жан Сағын­та­ев, Асқар Мамин, Әли хан Смай­ы­лов және соң ғы жыл­да­ры Олжас Бек­те­нов (әлі күн­ге) жетек­шілік етті. Өйт кені «Самұрық-Қазы­на­ның» жалғыз акци­о­нері – Қаза­қстан үкі­меті. Бірақ қай-қай­сысы­ның тұсын­да да іргелі қо рытын­ды өзгеріс­сіз қалды.

Жоға­ры ау дитор­лық пала та ның дерек тері бой­ын­ша 2025 жыл­дың аяғын­да топ 326 ком пани­яға дей­ін өсті, оның ішін де 41‑і жыл­ды шығы­н­мен аяқ тады, 23‑і мүл­де жұмыс іс теме­ген, ал тиім­сіз пай­да­ла ныл ған және жос­пар­ланған қа ражат көле мі 122,2 мил­ли­ард тең­ге­ге ба ғалан­ды. Хол динг­тің актив­тері 46 трил­ли­он тең­ге ден асса да, елі­міз ЖЭО-ның әбден тозуы, жүк вагон­да ры ның тап­шы лығы және аза мат тар­дың мо нопо­ли­стер­дің ба залық қыз­мет­терінің сапа­сы­на үне­мі шағым­да­нуын бас тан кешіріп жатыр. Алты түр­лі бас­шы­лық пен Дирек­тор­лар кеңесінің жеті құра­мы кезін­де де жүйе тек бір нәти­жені – кере­мет бонус тар мен дүр­кін-дүр­кін сыбай­лас жемқор­лық жан­жал­да­ры кезін­де созыл­ма­лы тиім­сіздік­ті қай­та­ла­ды. Бюд­жет тап­шы­лы ғын көп бала­лы ана­ларға тө ле нетін жәр демақы­лар­ды қыс қар­ту, мү гедек­ті­гі бар адам дар­ды күту бой­ын­ша төлем­дер­ге арнал ған сүз­гі лер ді қатай­ту, қарыз, салық неме­се қатаң сек­ве­стр­мен жабуға бола­ды. Бірақ сенім тап­шы­лы­ғын жою өте қиын!

Бірін­де – мил­ли­он­даған аза мат­тар қазы­на­ның тұрақ ты лығы үшін бел­бе­улерін тар туға мәж­бүр. Екін­шісін­де – ква зимем­ле­кет­тік сек­тор­дың жабық қабат­та­рын­да трил­ли­он­дар­мен опе­ра­ция жаса­ла­ды, ал БАҚ пен әле­умет­тік же лілер­ді бірін­ші бас­шы­лар­дың ұсталға­ны және тере­зе­ден лақты­ры­лған мил­ли­он­даған дол­лар салы­нған шаба­дан­дар тура­лы ақпа­рат жарып жатыр. Бұл – қоғам­дық шар­тқа тіке­лей соққы!

Біз мұны 2022 жыл­дың қаң тарын­да бастан өткер­дік, ол кез­де жыл­дар бойы жинақ талған әле­умет­тік әділет­сіздік пен демон­стра ция­лық жік­те лім әбден шар шаған адам­дар­ды алаңға шығар­ды. Бұ дан шыға­тын қо рытын­ды – әле­умет­тік жары­лыс әрқа­шан бар­лы­ғы үшін бір ыңғай ойын ере­же­леріне сену аяқта­ла­тын жер­ден бас талады!

Қара­пай­ым халық не дейді?

Біз 1981–86 жыл­да­ры қазақ білі­мі мен ғылы­мы­ның қара ша ң ырағы сана­ла­тын қазір­гі Әл-Фара­би атын­дағы ҚазҰУ-дің жур­на­ли­сти­ка факуль­те тін­де оқы­ған кезі­міз­де 20 жыл ға жуық декан қыз­метін атқар ған, қазақ тарихын­да сати­ра­дан тұңғыш док­тор­лық дис сер тация қорғаған ұлы ұста зымыз, марқұм Темір­бек Қо жаке­ев: «Күл­кі – күштілер­дің қаруы», – деп үйрет­кен. Кеше­гі қыл­мыстық оқиға ақпа­рат ке ңісті­гін «жарған» кез­де бұған артық рет көзі­міз жетті.

Мыса­лы, «Күл­кі базар» қа зақстан­дық таны­мал әзіл-сы қақ және сати­ра­лық жоба сының «Ютуб» арна­сын­да бір ақсақал: «Аспан­нан ақша жауып жа тыр еді ғой, бір пач­ка­сын алып кел­ген шығар­сың? Ол – арам бол­са, ана­ларға арам, халы­ққа адал еді бұл ақша. Қазы­на халы­қты­кі ғой. Ол ана пен­си­я­сы көбей­мей жат қан пен сио­нер­лер­дің ақша­сы, көп бала­лы ана­лар­дың төлен бей жатқан, кеше­гі алып қой ған по соби­я­сы­ның ақша­сы. Бұл – жетім-жесір­дің, кәріп-кә сір­дің ақы­сы, 400 мыңға жа қын жабы­лып жатқан ИП, ТОО, жұ мыс сыздар­дың ақша­сы», – деді.

QAZAQ ELI тобы

тағы бір же ліде:

«Оты­рғы­зған тақырға

Тір­лік­терің ақыл ма?

Посо­би­я­сы сәбидің

Чемо­дан­да жатыр ма?

Тиын түс­се халыққа,

Отчет керек салыққа.

Ал дөкей­дің доллары

Ата­сы­нан қалып па?!

Самұры­ғым – қазынам,

ҚТЖ-ға жазып ән,

Қаза­ғым­ды жеп жатыр,

Қанағат­тың азынан.

Самұры­ғым – қазынам,

ҚТЖ-ға жазып ән,

Жемқор­лы­қтың дертінен

Енді қалай жазылам?!» –

деп, сати­ра­мен сын садағын қадап, күштілер­ге тән күл­кі­мен зіл-бат­пан сұрақ қойды.

Ал бір ана: «Сіз­дер әлеу мет­тік осал топ­тағы халы­қтың тиын-тебеніне дей­ін лупа­мен са наған­ша, халы­қтың қал­та сы на кір­ген­ше, оларға өзде рінің бей­ша­ра­лы­ғын дәлел дет­кен­ше, жоға­ры­да оты­рған, ақша­дан өлген сор­лы­лар­ды неге ұста­май­сы­ң­дар? Олар декла­ра­ция тап­сыр­май ма? Сіз­дер қан­ша­ма ақша қай­да кетіп жатқа­нын қара­май сыз дар ма?! – деген мағы­на­да үн деу жасады.

Мұның бәрі қара­пай­ым ха лық қоғам­ның аса асқы­нған дер­тін жақ­сы білетінін, соның өзін­де қиын­ды­қтарға мой­ы­май, оның ауырт­па­лы­ғын күл кі мен жеңіп жатқа­нын, халық – қай кез­де де өмір­шең, жасам­паз екенін көр­се­те­ді. Бір ақ шыдам­ның да, төзім­нің де шегі бер екенін ұмыт­па­уы­мыз керек!

Тұрғын үй кешенінің аула­сын­да шашы­лып жатқан дол­лар­лар мен сегіз чемо­дан тура­лы бей­не­жа­з­ба­лар халық тың ашу-ыза­сын тудыр­ды. Аза мат­тар бұл көріністі қым бат­шы­лы­қ­пен, инфля­ци­я­мен, салы­қтық өзгерістер­мен және темір­жол билет­терінің тап­шы лығы­мен, пой­ы­здар­дың ескі руі мен салы­сты­рып, өткір сын ға алды.

Пре­зи­дент­тің

ұста­ны­мы

13 қара­ша күні Қауіп­сіздік Кеңесінің шұғыл оты­ры­сын өт кіз­ген Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев бұл оқи ғаны жай ғана қыл­мыстық іс емес, мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есі үшін үлкен сынақ ре тін де баға­ла­ды. Сон­дай-ақ соң ғы үш жыл­дағы сыбай­лас жемқор­лы­ққа қаты­сты ста­ти­сти­ка­ны да жариялады.

– Тек кей­ін­гі үш жыл­дың іш ін де, яғни 2023 және 2025 жыл­дар ара­лы­ғын­да 3 168 сыбай­лас жемқор­лық бой­ын­ша құ қық бұзу­шы­лық аны­қтал­ды, со ның ішін­де 2 165 құқық бұзу шылы­қты мем­ле­кет­тік қыз­мет шілер жасаған, ал қалға­нын басқа да тұлға­лар, атап айт қан­да, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор қыз­мет­шілері жасаған. Жал­пы сома­сы – 248,2 мил­ли­ард тең­ге­ден аса­ды, – деді Президент.

 Ал биы­лғы жыл­дың он айын­да 751 сыбай­лас жемқор лық құқық бұзу­шы­лы­ғы тір­кел ген. Оның 546-сын мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер, 205-ін басқа тұл ғалар, соның ішін­де ква­зи мем лекет­тік сек­тор қыз­мет кер­лері жасаған.

Мем­ле­кет бас­шы­сы бұл ста­ти­сти­ка елде­гі жемқор­лық аху­а­лы­ның күр­делілі­гін көр сететінін айтты.

Соны­мен бір ге билік бұл мәсе­лені жасыр­май­ты­нын, сыбай­лас жемқор лықты жою үшін қабыл­данған және алдағы уақыт­та қабыл да натын шара­лар тура­лы ха лыққа ашық ақпа­рат беретінін жет­кізді. Тер­геу бары­сын­да лау азы­мы мен бұры­нғы еңбе гіне қара­ма­стан, ешкім­ге же ңіл­дік жасал­май­ты­нын да қа дап айтты.

«Біз басын құмға тық қан түй­еқұ­стың кей­піне түс пей­міз», – деп мәлім­де­ген ол ҰҚК мен Бас про­ку­ра­ту­раға істі жіті тек­се­руді тап­сыр­ды. Сон­дай-ақ «15 науры­зда жал пыұлт­тық рефе­рен­дум­да қа был данып, 1 шіл­де­де күшіне ен ген Жаңа Кон­сти­ту­ци­яда бекітіл­ген «Заң мен Тәр­тіп» қа ғида­ты­ның іс жүзін­де­гі ал ғаш қы ірі көрінісі осы іс екенін атап өтті. «Кон­сти­ту­ци­я­ны, он ың негіз­гі ере­же­лерін еле­меу халы­қты кем­сіту­мен тең», – деді Президент.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Үкі­мет пен бақы­ла­у­шы орган дарға 24 қара­шаға дей­ін ква­зи­мем лекет­тік сек­тор дағы сыбай­лас жемқор­лық тәу­е­кел­дерін жою бой­ын­ша нақты ұсы­ныс тар әзір­ле­уді жүктеді.

Сон­дай-ақ заң­сыз ием деніл­ген актив­тер­ден қай­та рылған 1,3 трлн тең­ге­ге салы­нып жатқан 466 әле­умет­тік нысан­ның сапа­сын тек­се­руді және мем­ле­кет қар­жы­сы­ның жұм­са­луын қа да ға лай­тын арнайы мем­ле кет тік комис­сия құру­ды тапсырды.

Сарап­шы­лар, қоғам қай­рат­кер­лері, бел­сен­ділер не дейді?

Сая­си орта мен сарап­шы­лар қауым­да­сты­ғы бұл тұтқын дау­лар­ды ішкі эли­та­лық кү рес, сатып алу жүй­есін­де­гі аш ықтық және басқа­ру аппа раты­ның жау­ап­кер­шілі­гі тұр ғы сынан талқылауда.

Құры­л­тай депу­та­ты Ники­та Шата­лов бұл оқиға «Халы­қтық құры­лыс» мем­ле­кет­тік бағ­дар лама­сы аясын­да бөлі­нетін 6,5 трлн тең­гені қара­жат игеріл мей жатып мер­ді­гер­лер­ге, әкім дік­тер мен ұлт­тық ком­па­ния опе­ра­тор­ла­ры­на беріл ген қатаң ескер­ту десе, сая­сат­та­ну­шы Дани­яр Әшім­ба евтың пікірін­ше, елдің мұнай-газ, энер­ге­ти­ка және көлік сала­ла­рын уысын­да ұстап от ыр ған қос құры­лым бас­шы­сы­ның бір мезет­те қама­луы – мем лекет­тің жемқор­лы­ққа қар­сы бітіс­пес бағы­ты­ның және жа ңа Кон­сти­ту­ци­ядағы «Заң мен Тәр­тіп» нор­ма­сы­ның нақты жұ мыс істей бастаға­ны­ның дә лелі.

Ал сая­сат­та­ну­шы Талғат Ис мағам­бе­тов басты қауіп халы­қтың нара­зы­лы­ғын­да ем ес, бюро­кра­ти­я­лық аппа­рат тың «жұм­сақ сабо­та­жын­да» екенін ескертеді.

РҒА Орта­лық Азия секто рының мең­ге­ру­шісі Ста­ни­слав Прит­чин бұл оқиға­ны ірі инфрақұры­лым­дық жоба­лар мен мил­ли­ард­таған бюд­жет қар­жы­сын бақы­лау жолын дағы ел ішін­де­гі ықпал­ды топ тар­дың күресі­мен бай­ла­ны­стыр­са, заң­гер, бұры­нғы депу­тат Айту­ар Қош­мам­бе­то­втің пікірін­ше, шағын биз­нес салық төлеу үшін тиын санап отыр ған­да, мем­ле­кет­тік топ-ме нед жер­лер­дің мил­ли­он­даған дол­лар­ды чемо­дан­мен ұс та уы қоғам­да үлкен әділет­сіздік сезі­мін туды­ра­ды. «Самұрық-Қазы­на» мен «Бәй­те­рек» хол динг­терін реструк­ту­ри­за­ци­я­лап, бей­ін­ді емес актив­тер­ді жеке­ше­лен­ді­ру арқы­лы орас­ан зор қара­жат­ты боса­туға болады.

Салық және қар­жы сарап­шы­сы Мак­сим Бары­шев егер ірі жымқы­ру­лар дәлел­ден­се, халық пен биз­неске салы­қты көте­рудің орны­на алды­мен мем лекет­тік кор­по­ра­ци­я­лар дың шығы­нын қатаң тек­се­ру керек. Қор­ды Нор­ве­ги­я­ның зей нетақы қоры үлгісі­мен аш ық ету қажет.

Energy Monitor қоры­ның дирек­то­ры Нұр­лан Жұмағұ­лов Жақы­пов тұсын­да жасалған – Түр­кістан облы­сын­дағы күкірт қышқы­лы зауы­ты­ның 60% үле сін кон­курс­сыз сату, Phys tech‑2 мұнай-газ ком­па­ния сының 51% үлесін тен­дер­сіз беру және «Бога­тырь Көмір» кәсі­пор­нын­дағы мем­ле­кет­тік үле­сті 50%-дан 35%-ға дей­ін төмен­детіп, катар­лық инвес торға сату сияқты үш күмән­ді мәмі­лені тек­се­руді талап етті. Эко­но­мист Рақым Ошақ­ба­ев бұл ұста­у­лар­ды темір­жол сала­сын­да бұрын­нан басталған тазар­ту­дың жалға­сы деп санай­ды. Бұған дей­ін ҚТЖ-ның бір­не­ше депар­та­мент дирек­то­ры мен басқа­ру­шы дирек­тор­ла­ры қамауға алы­нған еді, енді жемқор­лы­ққа қар­сы кү рес ең жоғарғы дең­гей­ге жет ті дейді.

Эко­но­ми­стер назар ау дар ған тағы бір маңы­зды дерек – ҚТЖ-ның 4 трил­ли­он тең геге жет­кен қарыз жүк­те­месі. Жал­пы, қоғам­дық пікір­де «Са мұрық-Қазы­на» қорын тиім­сіз, дел­дал құры­лым ретін­де тара­тып, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­ды тіке­лей бей­ін­ді министр лік тер­дің неме­се Пар­ла­мент ба қыла­у­ын­дағы ашық басқа­руға беру керек деген ұсы­ны­стар қай­та жанданды.

Бірқа­тар елге бел­гілі эко­но­мист, ғалым­дар да осын­дай пікір­де. Соның бірі ака­де­мик Ора­за­лы Сәб­ден. «Екі ірі ком­па­ния бас­шы­ла­ры­ның ұста­луы, бұл адам айтқы­сыз сен­са­ци­я­лық жаңа­лық. Елі мізд е сыбай­лас жемқор лық тың қан­дай дең­гей­ге көтеріл генінің   бел­гісі. Менің­ше, Пре­зи­дент тез ара­да, бар­лық са лаларға аудит жаса­тып, тү бегей­лі кадр рефор­ма­сы­на бару керек. Халық шар­ша­ды, қол­дай­ды деп ойлай­мын. Ал дағы екі онжыл­ды­қтың негіз­гі про­бл­ма­сы –  Мем­ле­кет­ті тиім ді басқа­ру мен жаңа тех­но­ло­ги­я­лар, жасан­ды интел­лект дәуіріне сай кәсі­би білік­тілік­те, жаңа кадр сая­са­тын­да», – дей­ді ол.

Ал экон­мист  Мақ­сат Ха лық «Самұрық-Қазы­на» қорын тара­тып, оның құра­мын­дағы актив­тер­ді тиісті бей­ін­ді ми нистр­лік­тер­дің қара­мағы­на беру қажет деп санай­ды. Тағы бір эко­но­мист Сапар­бай Жұба­ев жемқр­лы­қты жеті бас ты айдаһарға теңеді. 

Өз басым 2009 жылы 8 қа зан­да Ұлт­тық арна­ның тіке­лей эфир­де өткен «Дағ­да­ры­стан – дамуға» атты бағ­дар лама сын­да біз­де­гі тек қана бюд­жет қар­жы­сын жымқы­ру мақ сатын­да құры­лған еншілес ком­па­ния түрін­де­гі ара­лық құры­лым­дар­дың бәрін жабу керек деген едім.

Кеше­гі оқиға­дан кей­ін осы тақы­лет­те­гі пікір­лер көбей­ді. Халық кеңесінің мүше­сі, бұ рын ғы депу­тат Мұрат Әбе­нов «Самұрық-Қазы­на­ны» бір­тұ­тас басқа­ру­шы хол­динг ре тін­де тара­тып, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­ды сала­лық қағи­дат бой­ын­ша тіке­лей мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есіне қай­та­ру­ды ұсынды.

Қоғам қай­рат­кері, сарап­шы Ғалым Бай­тоқ та бұл қор­ды тара­ту­ды талап ететінін айт­ты. Елге бел­гілі бірқа­тар эко­но­ми­стер де, ғалым­дар да ос ындай пікірде.

Тоқ­сан сөздің түйіні

Бұл аты­шу­лы қыл­мыстық оқи ға дан кей­ін Ұлт­тық қор бас қар­ма­сы­ның жетін­ші төр аға­сын тағай­ын­дап, оған хол динг­ті сауы­қты­ру бой­ын­ша кезек­ті «жол кар­та­сын» ұсы­ну жет­кіліксіз. Қоғам Мем­ле­кет бас шысы­нан түбе­гей­лі өзге ше қадам – «Самұрық-Қазы наның» бар­лық 18 жыл­дық тарихы­ның әрбір басқа­ру­шы құрам тұсын­дағы бұры­нғы абы­рой-атақ пен аппа­рат­тық сал­маққа жеңіл­діксіз толық ауди­тін күтеді.

«Самұрық-Қазы­на» мен ҚТЖ бас­шы­ла­ры­ның тұтқын далуы Қаза­қстан­ның қазір­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық та ри хын дағы бет­бұры­сты кезең­ге айнал­ды. Бір жағы­нан, бұл – жаңа Кон­сти­ту­ци­ядағы «Заң мен Тәр­тіп» қағи­да­ты­ның жо ғары лау­а­зым­ды шене­унік тер­ге де қол­да­ны­ла­ты­нын көр сет­кен билік­тің сая­си ерік-жігері десек, екін­ші жағы­нан, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­ды басқа­ру моделінің терең дағ дары­сқа ұшы­раға­нын айғақ тайды.

Үкі­мет­тің 24 қара­шаға де йін ұсы­на­тын рефор­ма­лық па кеті, жаңа­дан құры­ла­тын мем лекет­тік комис­си­я­ның жұмысы және сот про­цесінің ашы­қты­ғы осы істің шынайы тари­хи ба ғасын айқын­дай­тын басты өлшем бол­мақ. Халық пен сарап­шы­лар қауы­мы енді тек «ұстау хро­ни­ка­сын» ғана ем ес, жүй­елі таза­ру мен нақты инсти­ту­ци­о­нал­дық өзгеріс тер ді күтеді.

Біздің ойы­мыз­ша, ең абза­лы – бұл қор­ды жауып тыну! Өйт кені қасірет­ті Қаңтар оқи ғасы­нан кей­ін Пре­зи­дент Қа сым-Жомарт Тоқа­ев: «Бұл қор керек пе өзі?» – деген еді. Бү гін, міне, елдің әл-ауқа­тын жақ сар­ту мақ­са­тын­да құрыл ған «Самұрық-Қазы­на» кері сін­ше, бүкіл халы­қтың қазы­на сына қол салып, қол салған­да да мол салып, тек бір топ бай-бағлан­дар­дың ғана шалқып өмір сүруіне қыз­мет еткені анық дәлел­ден­ді. Сөй­тіп, Пре зидент­ті сан соқтырды!

Енді осы шекс­пир­лік сұ раққа «Жоқ!» деп жау­ап бе ретін сәт туған сыңай­лы! Сөйт сек, халық та «ақы­ры жабыл ды-ау, үһ» деп, ел тұр ғын да ры ның әділет­ті қо ғам ға деген үміті оянар еді!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн