Зиялылар КІМДІ жақтайды?

  • Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүргеніме көп болды. Жазушы Марат Тоқашбаев зиялы қауымға мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар, өнер адамдары, мемлекеттік қызметкерлер мен жазушыларды, әрине ақындарды жатқызады. Орыс оқымыстысы А.Лихачев істеген кемшіліктеріне өзі істегендей, ұялып жүретін адамды зиялы деп атайды.

Біздің зиялы деп жүргендеріміз – өздеріне қатысты айтылған сынға төс айылын бауырына алып, тулайды-ай келіп. Құлдық санадан қалған кекшілдік қазақтың қанына әбден сіңіп кеткен, одан айырылу оңай емес екен. Жағымпаз-жандайшап деп кімдерді айтып жүрміз. Күні кеше мұхиттың ар жағынан мақала жолдаған (Жәнібек Кәрменов) классик жазушымыз Мухтар Мағауин Акселеу Сейдімбеке шүйлігіп, Шерхан Мұртазаның жандайшаптарының біріне айналған деп мұқатады. Мұхтар Шахановты да сау қалдырмапты- «сен өтірікші суайт»- деп шенепті. М.Мағауин солай айтқан екен деп, қазақ жұртының пікірі өзгермейді ғой. Қазақ баспа сөзінде ойып тұрып орын  алған, «бір кемшін дүниені» басынан өткірген Шерхан Мұртазаның еңбегін ешім жоққа шығара алмайды. Ақселеу де қос Мұхтар да, халқымыздың беткеұстар қаламгерлері емес па еді.  «Көктемгі күнге, жердегі еліме мейрімім қонбады»-деп армандап өз еркімен дүниеден өтті, Жанаарқаның Ақселеуі. Қазақта, «тірілерінің ішінде жаманнан аманы жоқ, өлілерінің ішінде жаманы жоқ»-деуші еді.Бұдан 29 жыл бұрын дүниеден өткен халқымыздың біртуар азаматы Димаш Қонаевтың соңынан 700 қазақ мектебін жапқызған деген қаңқу сөз қалмай-ақ қойды. «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман»- дегендей, соңғы кезде, қазақ тілі толық қолданысқа кірмей, орыс тілінің тасасында қалғанын, Диамаш Қонаев пен Олжас Сулейменовтен көретін жазғыштар көбейіп кетті. Бірді айтып, бірге кетпейін, айтпағым Қонаев та, Олжас та қайталанбас, халқына адал қызмет жасаған, жаны да, ары да,таза тұлғалар.Қазақты бүкіл әлемге танытқан, қазақ жерінің байлығын, әкелерінен қалған мұрадай оңды-солды шашып, сатып, артындағы былықтарын қайтсем жасырамдеп, шетелдіктерге ақша беріп мақтатып, халық атынан, өтіріктің неше түрлісін ойлап тауып, жасалған ақпаратпен, қарапайым халықтың басын қатырып, бір-біріне қарсы қойып шатастырып жүрген бүгінгінің билігі емес, ұлы тұлғалар! Құдайға шүкір, ел болғасын, ер туғызбай қоймайды, ондай тұлғалар баршылық. Д. Қонаев Қазақстан болашағын, дәл казіргенің кейпінде көрсем деп армандаған жоқ. Қонаевтың көзі тірісінде ешкімде, жеке басына табынған жоқ. Қасында жүргендердің ешқайсысы оның қолын сүйген жоқ, тең дәрежеде жүрді. 43 жыл бойы Қазақстан билігінің басында-қасында жүрген Д.Қонаевтың халқына жасаған еңбегін жоққа шығарып, «көрмес түйені де көрмес»- дегендей өсекшілер қыза-қыза келіп, Димекеңнің сорайған бойына тиісіп өтеді. Д.Қонаев академик Қаныш Сәтбаевқа қызғанышпен қараған-деп, оған қайдағы бір Е.Козловский дегенді куаға тартады. Тырнақ астынан кір іздеген өсекшілердің келтірген фактісіне қөзі ашық жұрт себейді. Қ.Сәтбаевтың туған елі Баянауылдан 18 академик шыққанын Қонаев білді ғой. Бірақта ешкімді қудалаған жоқ, өсекке де қалдырған жоқ. Бұл күндері Қ.Сәтбаев атында қала бар. Қарағанды қаласында, зәулім ескерткіш, көше атауы берілген. Туған жері Баянауылда, сол 18 академиктердің мүсіндері қаз-қатар тізіліп тұр. Саясатты сайқал-деп тегін айтпаған. Ұзақ мерзім билік басында болып, қателеспеуі мүмкін емес, сүрінбейтін тұяқ жоқ-деген, Димекеңнің де пендешілігі болған шығар. Бірақта ауыз менікі, қағаз қалам өзімдікі деп, Қонаев қазақ халқының мүдделерін жинап қойып, тек қана өзінің мансабын ғана ойлаған-деп пікір айту, нағыз пәлеқордың сөзі, анау айтқан, мынау айтқан-екен деп сондай адамдардың аты-жөнін айтқым да келмейді. Тек өз мансабын ғана ойлаған адам, ол біріншіден дүние-қоңыз, байлыққа көзі тоймайтын пенде. Екіншіден, қазақ байыса қатын алады-дейді, Димекеңнің өз кіндігінен туған ұлы жоқ,он тоқал алсада қолынан келетін еді ғой. Димекең алғашқы махаббатына адал, күнәсіз дүниеден өтті. Нәпсісін тия білу адам бойындағы ең асыл қасиет, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге тұтар қасиет. Біздің ұлтымыздың бойындағы ең жаман қасиет, ол көреалмаушылық, іштарлық, одан да жаманы, жағымпаздық, жандайшаптық,ең жаманы надандық, бәріде надандықтан туатыны ақиқат. Ж.Тәшеновке докторлық диссертациясын қорғауға жолбермей қойды,отбасына материалдық та, моральдық та көмек көрсетпеді-деп Д. Қонаевқа тиісу тіпті ақылға симайды. Ол кезде казіргідей кез келген депутат, қолында билігі болар, ғылым докторы бола бере алмайтын.Казір ғой докторлықты місе тұтпай, академик атанып жатқандарыжетіп артылады. Жала жабудың жөні осы екен деп, Қонаев Ж. Шаяхметовті де ұмыттырып жіберуге тырысты, Бауыржан Момышұлына, Кеңес Одағының Батыры атағыналып беруге ешқандай да талпыныс жасамады-деген уәжін қалай түсінеміз. Батыр Бауыржан өзінің табиғи болысымен өр-өжет мінезімен халқына батырлығын қөзі тірісінде дәлелдеп кеткен ешкімнен ештеңе дәметпеген, ешкімнің алдындҚарғасыза басын имеген Баукеңе ондай атақтың, төске тағатын сылдырмақтың құны бес тиын екенің марқұм Димекең де түсінген.

«… Қыранның қырандығын кім біледі,

Қарғасыз қалар ма еді,бағаланбай.»                                                          

Баукең де, Димекең де байлық жинауға құмартпаған, қайсы біреулердей, боққа қонған қарғадай емес, қыран бүркіттей, өзі шыққан биігінен төмендемеген ұлы тұлғалар.

 Таулар неткен тамаша,

 Алыстан тұрып қараса.

Етегінде әттең таулардың,                                                               Адамдар бара алса.                                Қасым Аманжолов

Сол аласалар кімдер, қарапайым халықтар ма, әлде тамыр-таныс, әкелерінің арқасында оңай олжаға кенеліп, «жаңа қазақ» атанып, еңбексіз табыстың буымен тіпті аты-жөндерін өзгертіп, жаңашыл инвестор-кәсіпкер атанып, қара халықты менсінбей «тобыр»-деп жүрген атаққұмар мен мансапқорлар ма? Қос-қос диплом, профессор, ғылым докторы атағынбылай қойып, академик депуттар қаптап кетті. Білімдері асып жатса, ғылыми жаңалықтар ашылып жотса әңгіме басқа ғой. Тобыр дегеніміз, саны көп, сапасыз дипломның иегерлері-орысша халтурщиктер. Мен сияқты, төрінен көрі жақын қарияларға, осы заржақ шалдардың үні өшпейді екен-деген сөзге қалам ба- деген ой мазалайды. Бір қайғыны ойласаң, мың қайғыны қозғайды-дегендей, бұдан 65жыл бұрын қолыма алып, үзбей оқып келе жатқан газетім Лениншіл жас-қазіргі Жас Алаш бетінен соңғы шығып жатқан мақалалар, мені бей-жай қалдырмады. Жүз кітап оқығын жүз біріншісін өзі жазады. Мен де Жас Алашқа талай мақала жазған адаммын. Жас Алашта шыққан, «Намыс қайда»-деген мақаламда, Мухтархан Ділдәбеков, Тоқтар Аубәкіров орталарында батыр Бауыржан Момышұлының суреттері басылды. Ертеңгі күнің  бүгін тарих, қазір әуесқой тарихшылар көбейіп кетті, Қазақтың намысқой азаматы ретінде, спорт десе ішкен асымды жерге қоятын едім жас кезімде. Үш ұлым спортпен айналысып, әскер қатарында отан алдындағы міндетін атқарып, жоғары білім алды. Үлкен ұлым Ерік жүзу спортымен айналысып 1,90 см. бойы өсті..Қажымұханның ізбасары Әбілсейіт Айханов, атақты ГАНЕФО-ойындарының чемпионы Нұрмаханов Әбдісалан, қазақтың абройын қай жерде жүрсе де асқақтатып жүретін. Сол қазақтың ардақты азаматын дәл есігінің алдында атып кетті.Оқпен атсын, сөзбен атсын, өзінің озып туған азаматын етегінен тартып көзін құртпай қоймайтын қызғаншақ мінезі атам заманнан бері белгілі. Сол қазағым-мінезі енді өлілердің өткен өміріне тиісіп, тұлғалар есімі, ұлыға айналып есім-мәңгіліке ел аузында  қалып қоймаса екен деп, мысалы Қонаевтың бойына тиісіп, ойына, келбетті түр-түсіне қызғаныш білдіріп, тіпті ұлты кім деген сенімсіздік білдіруін қалай ұғуға болады. Қалай десекте Қонаевтың қазағы үшін жасаған еңбегін ешкімде жоққа шығара алмайды. Елінің есімінде мәңгілікке  жатталып қалады. Ең бастысы Д.Қонаев қазақ балаларын еңбек етуге үйретті, ой еңбегі ме, қол еңбегі ме әйтеуір ол кезде ауылда бос жүрген жастар болмайтын. Қалаға келген қазақ балалары техника тілін меңгеріп, завод, фабрикада жұмыс жасады. Ал ауыл жастарын екінші тың деп қой соңына салпаңдатып қой, көбісі ішімдікке салынып кеткенін көзіміз қөрді-деген, барып тұрған жала-өтірік, қазақты қорлау.  Қазақ айтпашы ма еді, «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып көтен жеген озар-демеуші ме еді. Өзім Қарағанды облысында 30-35 мың қой өсірген шаруашылықтарда болғанымда далада мас болып құлап жатқан қойшыны көргенім жоқ. Қойшылар аулында, әр үйден қазақша кітап, газет-журналдарды байқауға болатын. Бір өзі төрт түрлі өнім беретін: ет,жүн, тері, сүт беретін қой малын бағуды қорлық санау,құл санау барып тұрған білместік.  Ал қазірше ауылды жауып, жастарымыз жұмыс іздеп қалаға келіп, базар жағалап, бомбж, бич боп кетулеріне кім әсер етті. Әлде бұл Д.Қонаев саясатының кесірі ме?  Әлде жеткен жетістігіміз бе? Ал Қонаевтың басшылығы кезінде 200 қазақ мектептері жабылып қалды-деген, өсекшілдердің ойдан шығарған өтіріктеріне Г.Бельгер жоққа шығарғарып айтқанына толығымен қосыламын. Қосарым , өзім туып өскен Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі атауы М. Жұмабаев ауданы мен Ақ қайың (бұрынғы атау Совет) аудандарынан мысал келтіретін болсақ, ол аудандардың жераумағы шағын, радиусы 50 км болатын жерде Сартомар, Ленин, Үлгі ауылдарының жалпы орта білім береті, Слушоқ негізгі орта білім мектептері орналасқан. Осы уақытқа дейін ауылдың көшуіне байланысты тек Үлгі мен Ленин жалпы орта білім беретін мектептері ғана жабылған. Жалған айтып, тарихымызды бұрмалап, болашақ ұрпағымызды өтірік мәліметтермен шатыстырмайық, дегім келеді.

Серік Хамитов,

Қазақстан Республикасының журналисттер одағының мұшесі

              24.05.21

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн