Четверг , 25 июня 2026

ҚАЗАҚСТАННАРЫҚ РЕФОРМАЛАРЫНА БЕЙІЛ ЕЛ

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың Еуро­одақ елдеріне жасаған сапа­ры бары­сын­да жал­пы сома­сы 12 мил­ли­ард дол­лар­дан аса­тын ком­мер­ци­я­лық келісім­дер­ге қол қой­ы­ла­ты­нын жеткізді

✔Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың пікірін­ше, бұл Қаза­қстан мен Еуро­па­лық одақ ара­сын­дағы серік­те­стік­тің тұжы­рым­да­ма­лық тәсіл­дер­ді пысы­қта­удан нақты әре­кет­ке ұласқа­нын аңғартады.

✔Пре­зи­дент Қаза­қстан­ның соңғы жыл­дар­дағы эко­но­ми­ка­лық табысы және аталған нәти­же­ге жет­кіз­ген жүй­елі өзгерістер жай­ын­да мәлі­мет берді.

– Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы орны­қты­лық көр­сетіп, жедел дамып келеді. Был­тыр ел эко­но­ми­ка­сы­ның өсі­мі 6,5 пай­ы­зға жет­ті. Бұл – Халы­қа­ра­лық валю­та қоры болжаған жаһан­дық өсім қарқы­ны­нан екі есе жоға­ры. Ішкі жал­пы өнім көле­мі 305 мил­ли­ард дол­лар­дан асты, ал жан басы­на шаққан­дағы ІЖӨ 15 мың дол­лар­ды құра­ды. Халы­қа­ра­лық валю­та қоры­ның болжа­мы бой­ын­ша, биыл ұлт­тық эко­но­ми­ка көле­мі 360 мил­ли­ард дол­ларға жете­ді. Қазір­гі уақыт­та эко­но­ми­ка­мы­здың 40 пай­ы­зға жуы­ғын шағын және орта биз­нес құрай­ды. Олар негіз­гі капи­талға салы­на­тын инве­сти­ци­я­ның шама­мен 70 пай­ы­зын қам­та­ма­сыз етіп отыр. Бұл жетістік­тер­ге, сай­ып кел­ген­де, кешен­ді әрі жүй­елі рефор­ма­лар түрт­кі бол­ды. Қаза­қстан­да барын­ша ашық, бәсе­ке­ге қабілет­ті әрі инве­стор­ларға қолай­лы эко­но­ми­ка құру мақ­са­тын­да ауқым­ды сая­си және эко­но­ми­ка­лық жаңғы­ру­лар жүр­гізіліп жатыр. Біз демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар­ды күшей­тіп, теже­мелік әрі тепе-теңдік жүй­есін жетіл­дір­дік, заң үстем­ді­гін орнат­тық және адам құқы­қта­рын қорғау аясын кеңейт­тік. «Заң мен тәр­тіп» қағи­да­тын мүл­тіксіз сақтау ішкі сая­са­ты­мы­здың өзе­гіне айнал­ды. Тая­у­да өткен тари­хи жал­пы­ұлт­тық рефе­рен­дум да инве­стор­лар­дың құқы­қта­ры мен мүд­де­лерін қорға­уға арналған зама­на­уи инсти­ту­ци­о­нал­дық база қалып­та­сты­руға сеп­ті­гін тигізді. Ұлт­тық цифр­лық инве­сти­ци­я­лық плат­фор­ма енді инве­стор­ларға «бір тере­зе» қағи­да­ты­на сәй­кес толы­ққан­ды қыз­мет көр­се­те­ді, ал Инве­сти­ци­я­лық кеңес инве­сти­ци­яға қаты­сты түйт­кіл­ді мәсе­ле­лер­дің тиім­ді шешілуін қам­та­ма­сыз ете­ді. Соны­мен қатар біз жаңа ынта­лан­ды­ру тетік­терін енгі­зе баста­дық. Мыса­лы, Altyn Visa бағ­дар­ла­ма­сы халы­қа­ра­лық инве­стор­ларға салық және көші-қон мәсе­лесін­де едәуір жеңіл­дік­тер береді. Бір сөз­бен айтқан­да, Қаза­қстан – сая­си тұрақты, мак­ро­эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­шт­кері орны­қты, эко­но­ми­ка­сы ашық әрі нарық рефор­ма­ла­ры­на бей­іл ел. Ал мұның бәрін инве­стор­лар ерекше баға­лай­ды, – деді мем­ле­кет басшысы.

✔Брюс­сель­де Еуро­па­лық одаққа мүше мем­ле­кет­тер іскер­лік орта өкіл­дерінің қаты­суы­мен «Қаза­қстан – ЕО» дөң­ге­лек үстелі ұйымдастырылды.

✔Қасым-Жомарт Тоқа­ев жиы­нға қаты­су­шы­лар алдын­да сөз сөй­леп, Қаза­қстан мен ЕО ара­сын­дағы қарым-қаты­нас шынайы стра­те­ги­я­лық сипатқа ие болға­нын атап өтті.

– Бүгін­де Еуро­па­лық одақ елі­міздің ең ірі сауда және инве­сти­ци­я­лық серік­тесі сана­ла­ды, оның үлесіне Қаза­қстанға шетел­ден тіке­лей тар­ты­лған инве­сти­ци­я­ның жар­ты­сы­на жуы­ғы тиесілі. Тек өткен жыл­дың өзін­де екі­жақты тау­ар айна­лы­мы 45 мил­ли­ард дол­лар­дан асты. Бұл жетістік халы­қа­ра­лық дең­гей­де мой­ын­дал­ды. БҰҰ Сауда және даму ұйы­мы­ның (ЮНКТАД) дүни­е­жүзілік инве­сти­ци­я­лар тура­лы соңғы есебіне сәй­кес, Қаза­қстан шетел­ден тіке­лей инве­сти­ция тар­ту бой­ын­ша Орта­лық Ази­яда бірін­ші оры­нға ие, сон­дай-ақ пост­кеңе­стік кеңістік пен теңіз­ге шыға­тын жолы жоқ даму­шы елдер ара­сын­да көш­бас­шы­лы­қты сақтап келеді. Қаза­қстан­да 4 мыңға жуық еуро­па­лық ком­па­ния табысты жұмыс істей­ді. Олар­дың көбі, әсіре­се Airbus, Polpharma Group, Air Liquide Group, Škoda Group және Alstom секіл­ді ком­па­ни­я­лар ондаған жыл­дар­дан бері сенім­ді серік­тес­ке айнал­ды. Соны­мен бір­ге біз еуро­па­лық инве­стор­лар­дың жаңа буы­нын қуа­на қар­сы ала­мыз. Олар­дың қата­рын­да Roca Group, Inditex, Maersk, Dewulf және Damen Shipyards Group сияқты таны­мал ком­па­ни­я­лар бар, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

Республиканский еженедельник онлайн