Воскресенье , 5 июля 2026

Елорда  – ел жүрегі

06 шіл­де­де Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік мере­ке болып табы­ла­тын Аста­на күні атап өтіледі.

1994 жыл­дың дәл осы күні Жоғарғы Кеңес ел аста­на­сын Алма­ты­дан Ақмо­лаға, яғни қазір­гі Аста­наға көші­ру тура­лы тари­хи шешім қабыл­да­ды, ал ресми мере­ке ретін­де бұл күн 2006 жыл­дан бастап атап өтіліп келеді. Бүгін­де бұл күн елор­да­ның дамуын, мем­ле­кет­тің зама­на­уи жетістік­терін сипаттай­тын және ел бой­ын­ша дема­лыс берілетін маңы­зды мәде­ни-тари­хи дата болып табылады.

6 шіл­де – күн­тіз­бе­де­гі жай ғана күн­делік­ті мерзім емес, бұл күн бүкіл Қаза­қстан халқы­ның мақта­ны­шы мен мем­ле­кет­ті­гі­міздің қуат­ты­лы­ғын паш ететін ерекше күн. Сары­арқа­ның төрін­де, Есіл­дің жаға­сын­да бой көтер­ген елор­да­мыз биыл өзінің кезек­ті мерей­лі белесіне шығып, жаңа жасқа толып отыр. Бұл мерей­той тек бір қала­ның туған күні емес, тәу­ел­сіз елі­міздің ширек ғасыр­дан астам уақыт ішін­де бағын­ды­рған биік­тері мен ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай толағай табыст­а­ры­ның тіке­лей көрінісі.

Жастық пен жасам­паз­дық символы

Аста­на­мыз әлем­дік кар­та­да өзін­дік қол­таң­ба­сы бар, өркениеттер,алуан түр­лі ұлт­тар мен мәде­ни­ет­тер тоғы­сқан біре­гей мега­по­лис. Қысқа мерзім ішін­де жаһан­дық маңы­зы бар қала­лар­дың қата­ры­на ұмты­лып, сәу­лет өнерінің жауһа­ры­на айнал­ды. Нор­ман Фостер, Кисе Куро­ка­ва сияқты әлем­дік дең­гей­де­гі сәу­лет­шілер­дің қия­лы­нан туған ғима­рат­тар елор­да­ның ажа­рын ашып, оны зама­на­уи урба­ни­сти­ка­ның орта­лы­ғы­на айналдырды.

Бүгін­гі таң­да да Аста­на­мыз жасты­қтың, инновацияның,мансаптың және батыл иде­я­лар­дың мекені. Мұн­да елі­міздің түк­пір-түк­пірі­нен жиналған дарын­ды жастар, ғалым­дар мен кәсіп­кер­лер мем­ле­кет­тің жаңа интел­лек­ту­ал­ды эли­та­сын қалып­та­сты­рып жатыр.

Тәу­ел­сіз заман­дағы елор­да жетістіктері

Бас қала­ның даму жолы бұл тұтас Қаза­қстан­ның әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық және сая­си өрле­уінің айна­сы деп айта ала­мыз. Осы небәрі 28 жыл ішін­де елі­міз халы­қа­ра­лық аре­на­да бедел­ді, бей­біт­шілік пен тұрақты­лы­қтың кепілі ретін­де таныл­ды. Сая­си және эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­дың нәти­же­сін­де көп­те­ген мақта­нар­лық жетістік­тер­ге ие болдық:

  • Жаһан­дық инве­сти­ци­я­лық хаб: «Аста­на» халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы (АХҚО) өңір­де­гі ең ірі инве­стор­лар тар­та­тын орта­лы­ққа айнал­ды. Бұл орта­лық елі­міз­ге мил­ли­ард­таған шетел­дік капи­тал­дың құй­ы­луы­на жол ашты.
  • Цифр­лан­ды­ру және IT сала­сын­дағы көр­кею: Astana Hub халы­қа­ра­лық IT-стар­тап­тар тех­но­пар­кінің арқа­сын­да Қаза­қстан Орта­лық Ази­ядағы цифр­лық көш­бас­шы атан­ды. Отан­дық маман­дар әзір­ле­ген GovTech және FinTech өнім­дері әлем­дік нары­қтар­ды бағындыруда.
  • Дипло­ма­ти­я­лық тұғыр: Елор­да әлем­дік және дәстүр­лі дін­дер лидер­лерінің съез­дерін, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сам­ми­тін және Сирия дағ­да­ры­сы бой­ын­ша маңы­зды келіс­сөз­дер­ді өткіз­ген бей­біт­шілік жолын­дағы бас қала­лар­дың біріне айналды.

Болашақтың бағдары: Жасыл қала және адами капитал

Қазір­гі таң­да Аста­на тек зәулім ғима­рат­тар­дың орна­ласқан өңір емес, ең алды­мен, адам­дар үшін қолай­лы эко­ло­ги­я­лық кеңістік­ке айна­лып келеді. Қала­ның айна­ла­сын­дағы «жасыл бел­деу» аумағы жыл­дан жылға кеңей­іп, елор­да­ның мик­ро­кли­ма­тын жақ­сар­ту­да. Соны­мен қатар, кре­а­тив­ті инду­стри­я­ны дамы­ту, зама­на­уи урба­ни­сти­ка прин­циптерін енгі­зу және «Smart City» тұжы­рым­да­ма­сын жетіл­ді­ру  қала­ның басты басымдықтары.

Аста­на­ның ең басты құн­ды­лы­ғы мен бай­лы­ғы  оның тұрғын­да­ры. Қала халқы­ның саны 1,3 мил­ли­он­нан асып, өсім дина­ми­ка­сы бой­ын­ша көш бастап тұр. Мұн­да жоға­ры білім берудің қара шаңы­рақта­ры – Назар­ба­ев Уни­вер­си­теті мен өзге де отан­дық, халы­қа­ра­лық жоға­ры оқу орын­да­ры шоғыр­ланған. Бұл ертең­гі күні ел тіз­гінін ұстар білім­ді келер ұрпақтың осын­да шың­да­лып жатқа­ны­ның дәлелі.

Болашаққа жасалған батыл қадам

6 шіл­де – өткен­ге сала­у­ат айтып, бола­шаққа жос­пар құра­тын, бір­лі­гі­мізді бекем­дей­тін ерекше күн. Бұл мерей­той әрбір қаза­қстан­ды­ққа сер­пін беріп, жаңа беле­стер­ді бағын­ды­руға жігер­лен­діруі тиіс.

Елор­да­мыз биыл 28-ге тол­мақ және осы қысқа мерзім­де талай беле­стер­ді бағын­ды­рып үлгер­ді. Бас қала­мы­здың  жүре­гі жыл­дан жылға қат­ты соға бер­ген сай­ын, елі­міздің де абы­ройы асқақтай бер­мек. Мерей­лі мере­ке құт­ты бол­сын, зәулім қала­мыз асқақтай бер­сін, елі­міздің еге­мен­ді­гі мәң­гілік болсын!

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн