Воскресенье , 5 июля 2026

Білім беру саласындағы жоспар

Сана­лы ұлт қалып­та­сты­ру­дағы қадам­дар

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның білім беру сала­сын­дағы стра­те­ги­я­лық жоспары

2026 жыл Қаза­қстан­дағы білім беру жүй­есі үшін маңы­зды кезең­дер­дің бірі болып отыр. «Жай­лы мек­теп» ұлт­тық жоба­сы­ның жүзе­ге асуы, жасан­ды интел­лек­тіні білім­ге еңгі­зу және халы­қа­ра­лық рей­тинг­тер­де­гі нәти­же­лер қоғам наза­рын­дағы басты тақы­рып­тарға айнал­ды. Осын­дай өзгерістер аясын­да елі­міздің ұзақ мерзім­ді білім беру стра­те­ги­я­сы­ның қалай жүзе­ге асып жатқа­нын қарас­ты­ру маңы­зды. Осы­ған бай­ла­ны­сты Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы білім беру сапа­сын дамы­ту мен жаңғыр­туға бағыт­талған кешен­ді стра­те­ги­я­лық өзгерістер мен жақ­сар­ту­лар еңгізді.Олардың қата­ры­на «Қазақстан–2050» стра­те­ги­я­сы мен  2023–2029 жыл­дарға арналған білім беруді дамы­ту тұжы­рым­да­ма­сы кіреді. Жүр­гізіліп жатқан жаңғыр­ту­лар білім беру сала­сын халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сай ету­ге бағытталған.Осы мақа­ла­да бұл өзгерістер­ді жеке жеке қары­сты­ра­тын боламыз.

Ұзақ мерзімді мақсаттар

«Қазақстан–2050» стра­те­ги­я­сын­да білім беру ұлт­тық даму­дың шешу­ші фак­то­ры деп айты­лған. Ең негіз­гі мақ­сат – бәсе­ке­ге қабілет­ті, білім­ді, көп­тіл­ді, зама­на­уи ойлай­тын ұрпақ қалып­та­сты­ру. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Білім мини­стр­лі­гі 2030 жылға дей­ін бар­лық бала­лар­ды мек­теп­ке дей­ін­гі білім­мен қам­тып қана қой­май, оның сапа­сын арт­ты­ру бағы­тын­да жүй­елі жұмыстар жүр­гізіп келеді. Бұл баста­ма­лар келе­шек ұрпақтың жан-жақты дамуы­на негіз қалайды.

Оған қоса Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы 2050 жылға қарай білім беру сапа­сын баға­лай­тын PISA, TIMSS секіл­ді халы­қа­ра­лық зерт­те­улер­де алға­шқы 30 үздік елдің қата­ры­на кіру бағы­ты бой­ын­ша жұмыстар­ды кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асы­ру­да. Бұл мақ­сатқа білім маз­мұ­нын жаңар­ту, функ­ци­о­нал­дық сау­ат­ты­лы­қты дамы­ту және сыни ойлау қабілет­терін жетіл­ді­ру арқы­лы қол жет­кі­зу көзделген.

Ел бас­шы­лы­ғы көп­тіл­ді білім беру­ге де ерекше көңіл бөлу­де. Бүгін­де мем­ле­кет­тік тіл­мен қатар орыс және ағы­л­шын тіл­дерін мең­ге­ру­ге жағ­дай жаса­лып келеді. Бұл жас ұрпақтың халы­қа­ра­лық дең­гей­де бәсе­ке­ге қабілет­ті болуы­на мүм­кін­дік береді.

Мектепке дейінгі білім: қолжетімділік әрі сапа

Соңғы жыл­да­ры мек­теп­ке дей­ін­гі білім беру жүй­есін­де айтар­лы­қтай өзгерістер жүзе­ге асы­ры­лып келеді. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы мини­стр­лі­гінің ресми ақпа­ра­ты­на сәй­кес, 2024 жылы бала­лар­дың 93 пай­ы­зы мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­би­е­мен қам­тыл­ды. Қазір­гі таң­да мем­ле­кет 2028 жылға дей­ін бұл көр­сет­кі­шті 100 пай­ы­зға жет­кі­зу бағы­тын­да нақты шара­лар­ды іске асы­ру­да. Ұлт­тық даму жос­па­ры аясын­да мек­теп­ке дей­ін­гі ұйым­дар­да инно­ва­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар мен ойын арқы­лы оқы­ту әдістері бір­тін­деп енгізіліп жатыр. Соны­мен қатар білім маз­мұ­ны баста­уыш мек­теп­пен сабақ­та­сты­ры­лып, мек­теп­ке дей­ін­гі білім беру ұйым­да­рын лицен­зи­я­лау кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асы­ры­лу­да. Бұл мек­теп­ке дей­ін­гі білім­нің сапа­сы мен қауіп­сізді­гін арт­ты­руға бағытталған.

Әле­умет­тік жағ­дайы осал отба­сы­лар­ды қол­дау мақ­са­тын­да «Әле­умет­тік няня» инсти­ту­тын дамы­ту жұмыста­ры да жүр­гізілу­де. Бұл баста­ма инклю­зив­ті әрі әле­умет­тік әділет­ті қоғам қалып­та­сты­руға ықпал етеді.

Орта білім: мүмкіндіктер мен жоғары сапа

Ұлт­тық жос­пар аясын­да елде 1,5 мил­ли­он жаңа оқу­шы орны ашу жұмыста­ры жалға­су­да. Осы мақ­сат­та «Жай­лы мек­теп» ұлт­тық жоба­сы жүзе­ге асы­ры­лып, жаңа мек­теп­тер салы­нып, STEM каби­нет­тері мен робо­то­тех­ни­ка зерт­ха­на­ла­ры ашы­лып жатыр.

Елде­гі орта білім беру жүй­есін цифр­лан­ды­ру жұмыста­ры да қарқын­ды жүр­гізілу­де. Мек­теп­тер жоға­ры жыл­дам­ды­қты интер­нет­пен қам­та­ма­сыз етіліп, ком­пью­тер­лік тех­ни­ка кезең-кезеңі­мен жаңартылуда.

Орта білім сапа­сын арт­ты­ру бағы­тын­да нақты инди­ка­тор­лар бел­гі­лен­ген. PISA зерт­те­улерін­де­гі нәти­же­лер­ді жақ­сар­ту бой­ын­ша жұмыстар жалға­сып, оқу сапа­сын халы­қа­ра­лық дең­гей­ге көте­ру көзделуде.

Ұстаз мәртебесі

2020 жыл­дан бері педа­гог­тер­дің жалақы­сы 100 пай­ы­зға арт­ты. Соны­мен қатар мұғалім­дер­дің кәсі­би білік­тілі­гін арт­ты­ру жұмыста­ры тұрақты түр­де жүр­гізіліп келеді. 2025 жылы 11 мың педа­гог арнайы кур­стар­дан өтіп, олар­дың 58 пай­ы­зы ауыл мұғалім­дері болды.

Техникалық және кәсіптік білім

Еңбек нары­ғы­ның сұра­ны­сы­на сай маман­дар даяр­лау бағы­тын­да кол­ле­дж­дер­ге ака­де­ми­я­лық еркін­дік беріліп, сту­дент­тер­ді қол­дау шара­ла­ры жүзе­ге асы­ры­лып келеді. Соны­мен қатар тегін білім алу, жұмысқа орна­ла­су және талант­ты жастар­ды қол­дау бағ­дар­ла­ма­ла­ры кеңейтілуде.Студенттердің шәкір­тақы­сын арт­ты­ру және оқу орын­да­рын қар­жы­лан­ды­ру көле­мін ұлғай­ту бағы­тын­дағы жұмыстар да кезең-кезеңі­мен іске асы­ры­лып жатыр.

Инклюзивті білім

Қаза­қстан­дағы білім беру жүй­есін­де инклю­зив­ті білім беруді дамы­туға ерекше көңіл бөлі­ну­де. Ерекше білім беру қажет­тілік­тері бар оқу­шы­ларға пси­хо­ло­ги­я­лық және педа­го­ги­ка­лық қол­дау көр­сетіліп келеді.Мектептерде инклю­зив­ті орта­ны қалып­та­сты­ру, педа­гог­тер­ді даяр­лау және оқу­шы­лар­дың құқы­қта­рын қорғау бағы­тын­дағы жұмыстар жалғасуда.

Білім беру жүйесі мен мазмұнындағы даму

Қазір­гі таң­да білім беру жүй­есі тек тео­ри­я­лық білім­мен шек­тел­мей, оқу­шы­лар­дың сыни ойла­у­ын, прак­ти­ка­лық дағ­ды­ла­рын және өмір­лік құзы­рет­терін дамы­туға басым­дық беріп отыр. Осы­ған бай­ла­ны­сты оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на кәсіп­кер­лік, тұрақты даму және прак­ти­ка­лық бағыт­тағы пән­дер енгізіліп жатыр.

Аймақтық теңсіздікті азайту

Қала мен ауыл мек­теп­тері ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лы­қты азай­ту мақ­са­тын­да интер­нет­пен қам­та­ма­сыз ету, мате­ри­ал­дық база­ны жаңар­ту және ауыл педа­гог­терін қол­дау жұмыста­ры жүр­гізілу­де. Бұл білім беру сапа­сын­дағы өңіра­ра­лық теңсіздік­ті бір­тін­деп қысқар­туға бағытталған.

Қорытынды

Жал­пы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның білім беру сала­сын­дағы стра­те­ги­я­сы кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асы­ры­лып жатқан ұзақ мерзім­ді жос­пар­ларға негіз­дел­ген. Бүгін­де көп­те­ген рефор­ма­лар­дың алға­шқы нәти­же­лері бай­қа­лып келеді. Алдағы уақыт­та бұл өзгерістер толық жүзе­ге асқан жағ­дай­да, елі­міздің білім беру жүй­есінің халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гі артып, ада­ми капи­тал­дың сапа­сы жаңа дең­гей­ге көтеріледі.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн