Воскресенье , 5 июля 2026

Дайындық – қауіпсіздіктің алғашқы қадамы

Табиғат ада­мға өмір сыйлайды,бірақ кей­де оның тосын мінезі үлкен сынаққа айна­ла­ды. Жер сілкінісі,су тасқыны,орман өрті неме­се өндірістік апат мұның бәрі күт­пе­ген жер­ден орын алуы мүмкін.Осындай сәт­тер­де адам өмірін сақтап қала­тын ең маңы­зды күш үрей емес,алдын ала дайындық,білім мен ұйым­шыл­дық қана сақтап қалуы мүмкін.Сондықтан төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу апат­тан кей­ін әре­кет ету­ден әлдеқай­да маңызды.Көп жағ­дай­да адам­дар қауіп­сіздік тура­лы тек апат болған­нан кей­ін ойланады.Бұл көзқа­рас­ты өзгер­ту бүгін­гі қоғам­ның ең маңы­зды мін­дет­терінің бірі. Себебі қауіп­сіздік құтқа­ру­шы­лар ғана қам­та­ма­сыз ететін жүйе емес,әрбір аза­мат­тың күн­делік­ті өмір сал­ты­на айна­луға тиіс мәде­ни­ет. Апат­тың алдын алуға жұм­салған бір ғана қадам кей­де жүз­де­ген адам­ның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Қаза­қстан табиғи-гео­гра­фи­я­лық ерекшелік­теріне бай­ла­ны­сты түр­лі төтен­ше жағ­дай­лар қау­пі бар мем­ле­кет­тер­дің қата­ры­на жатады.Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңір­лері сей­сми­ка­лық бел­сен­ді аймақта орналасса,көктем мез­гілін­де бірқа­тар өңір­лер­де қар­дың күрт еруі­нен су тасқы­ны қау­пі туын­дай­ды. Кей­бір аймақтар­да орман және дала өрт­тері жиілесе,өндірісі дамы­ған өңір­лер­де тех­но­ген­дік сипаттағы төтен­ше жағ­дай­лар­дың туын­дау ықти­мал­ды­ғы да жоғары.Сондықтан қауіп­сіздік мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру бүгін­гі қоғам­ның маңы­зды мін­дет­терінің бірі себебі әрбір жан­ның өмірі қауіп­те болуы мүмкін.

Қаза­қстан­да бұл бағыт­тағы құқы­қтық негіз «Аза­мат­тық қорғау тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заңы­мен айқындалған.Аталған заң табиғи және тех­но­ген­дік сипаттағы төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу,олардың сал­да­рын жою,халыққа шұғыл меди­ци­на­лық және пси­хо­ло­ги­я­лық көмек көрсету,өрт және өнер­кәсіп­тік қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету,сондай-ақ аза­мат­тық қорғау жүй­есінің қыз­метін ұйым­да­сты­ру тәр­тібін белгілейді.Заңдардың қабыл­да­нуы ол маңы­зды қадам. Алай­да қауіп­сіз қоғам­ды заң­ның өзі емес,сол заң­ды күн­делік­ті өмір­де сана­лы түр­де ұста­на­тын аза­мат­тар қалыптастырады.Сондықтан төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу мәсе­лесіне тек мем­ле­кет­тік сая­сат ретін­де емес,ортақ аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік ретін­де қарау қажет.Бұл көзқа­рас аза­мат­тық қорғау жүй­есінің негіз­гі қағи­дат­та­ры­мен де үндеседі.

Алай­да кез кел­ген заң­ның тиім­ділі­гі аза­мат­тар­дың жау­ап­кер­шілі­гі­мен ұштасқан­да ғана артады.Төтенше жағ­дай кезін­де әр адам­ның қара­пай­ым қауіп­сіздік ере­же­лерін білуі көп­те­ген қай­ғы­лы жағ­дай­лар­дың алдын алады.Жер сіл­кінісі кезін­де қауіп­сіз оры­нға жасырыну,эвакуация бағыт­та­рын алдын ала білу,алғашқы меди­ци­на­лық көмек көр­се­ту дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру неме­се төтен­ше жағ­дай­ға арналған шағын «даб­ыл сөм­кесін» дай­ын­дау мұның бәрі ұсақ-түй­ек нәр­се деп қарас­тыр­мауыз керек,адам өмірін сақтап қалуы мүм­кін маңы­зды әре­кет­тер деп санай білу абзал.

Соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­да аза­мат­тық қорғау жүй­есін жетіл­діру­ге ерекше көңіл бөлінуде.Ерте ескер­ту жүй­е­лері жаңартылып,құтқару бөлім­ше­лерінің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сы нығайтылуда,халық ара­сын­да оқу-жат­ты­ғу­лар мен ақпа­рат­тық түсін­ді­ру жұмыста­ры тұрақты жүргізілуде.Бұның бәрі сана­лы әрі білім­ді ұрпақтың қалы­па­суы­на жаса­ла­тын қадамдар.Заңнамаға сәйкес,төтенше жағ­дай қау­пі туын­даған кез­де халы­ққа ескер­ту дер кезін­де жеткізіліп,қажетті ақпа­рат ашық берілуі тиіс.Бұл аза­мат­тар­дың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етудің маңы­зды тетік­терінің бірі болып саналады.

Төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу тек құтқа­ру­шы­лар­дың неме­се мем­ле­кет­тік орган­дар­дың мін­деті емес.Бұл отба­сы­дан баста­ла­тын қауіп­сіздік мәде­ни­еті. Бала­ларға қауіп­сіздік ере­же­лерін үйрету,мектептерде оқу-жат­ты­ғу­лар өткізу,жұмыс орын­да­рын­да эва­ку­а­ция жос­пар­ла­рын мең­ге­ру және төтен­ше жағ­дай кезін­де сабыр сақтай білу қауіп­сіз қоғам қалып­та­сты­ру­дың негіз­гі алғышарттары.Өйткені апат­тың ауқы­мын көбіне табиғат емес,адамдардың дай­ын­дық дең­гейі айқындайды.Төтенше жағ­дай­лар тура­лы әңгі­мені қорқы­ны­штан емес, жау­ап­кер­шілік­тен баста­уы­мыз керек.Біз табиғат құбы­лы­ста­рын тоқта­та алмай­мыз, бірақ олар­дың сал­да­рын азай­туға қабілеттіміз.Дәл осы айыр­ма­шы­лық қауіп­сіз қоғам мен дай­ын­ды­қ­сыз қоғам­ның ара­сын ажыратады.Сондықтан қауіп­сіздік мәде­ни­еті мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы­нан бастап, отба­сы тәр­би­есін­де және күн­делік­ті өмір­де тұрақты қалып­та­суы тиіс.Тұлғаны қалып­та­сты­ра отыра,қоғам сана­сы да әсерін береді.Ел қауіп­сізді­гі ол ер қауіпсіздігі.Яғни,әрбір адам өз өміріне өзі жау­ап­ты бола білсе,қоғамдыда жақсартады.

Қоры­тын­ды­лай келе,төтенше жағ­дай­лар­дың алдын алу тек тех­ни­ка­лық шара­лар кешені­мен өмір­ге деген жау­ап­кер­шілік мәдениеті.Қауіпсіздік кез­дей­соқ қалыптаспайды;ол білімнен,тәртіптен және алдын ала дай­ын­ды­қтан басталады.Әрбір аза­мат қауіп­сіздік қағи­да­ла­рын күн­делік­ті өмірінің ажы­ра­мас бөлі­гіне айнал­ды­рған­да ғана қоғам кез кел­ген сынаққа төтеп бере ала­тын берік әрі жау­ап­ты қоға­мға айналады.Амандықта кездесейік!

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн