Четверг , 26 ноября 2026

САНДЫҚ КАРТАЛАР Qajet такси арқылы ТӘЖІРИБЕДЕ

Қаза­қстан цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар сала­сын­да шетел­дік плат­фор­ма­ларға тәу­ел­ділік­ті азай­тып, өз мүм­кін­ді­гін кеңей­ту­ге бағыт­талған маңы­зды баста­ма­ны қолға алды. Елі­міздің кар­то­гра­фи­я­лық деректерін отан­дық Qajet так­си сер­висі­мен бірік­ті­ру – ұлт­тық цифр­лық инфрақұры­лым­ды дамы­ту­дың және қаза­қстан­дық тех­но­ло­ги­я­лық өнім­дер­ді қол­да­удың нақты көрінісі, деп хабар­лай­ды halyq-kenesi.kz.

Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры – Жасан­ды интел­лект және цифр­лық даму мини­стрі Жаслан Мәди­ев­тің төраға­лы­ғы­мен Kazgeodesy ком­па­ни­я­сы­ның кар­то­гра­фи­я­лық деректерін Qajet так­си сер­висіне инте­гра­ци­я­лау мәсе­лесі бой­ын­ша кеңес өтті. Бұл баста­ма­ның маңы­зы тек так­си қыз­метін жетіл­діру­мен шек­тел­мей­ді. Мәсе­ле – Қаза­қстан­ның өз кар­та­сын, өз нави­га­ци­я­лық жүй­есін және ұлт­тық кеңістік­тік деректер­ге негіз­дел­ген тех­но­ло­ги­я­лық мүм­кін­ді­гін дамытуда.

Жоба мем­ле­кет­тік цифр­лық кар­та­лар­ды жола­у­шы­лар тасы­ма­лы­ның нақты жағ­дай­ын­да алғаш рет сынақтан өткізу­ге мүм­кін­дік береді. Соның негізін­де мекен­жай­лар­ды іздеу, гео­код­тау және қозға­лыс бағы­тын аны­қтау қыз­мет­терін жетіл­ді­ру жос­пар­ла­нып отыр.

Тех­но­ло­ги­я­лық негіз ретін­де Ұлт­тық кеңістік­тік деректер инфрақұры­лы­мы­ның мәлі­мет­тері мен Kazgeodesy ком­па­ни­я­сы­ның цифр­лық кар­то­гра­фия және нави­га­ция сала­сын­дағы әзір­ле­ме­лері пайдаланылады.

Кеңе­сте жол желісі тура­лы ақпа­рат­тың өзек­тілі­гі, мекен­жай­лар мен нысан­дар­ды аны­қтау дәл­ді­гі, сон­дай-ақ кар­то­гра­фи­я­лық деректер­ді тұрақты түр­де жаңар­ту мәсе­ле­лері қарал­ды. Бұл – аса маңы­зды мін­дет. Өйт­кені нави­га­ци­я­лық жүй­енің сапа­сы кар­та­дағы көше­лер­дің саны­мен ғана емес, ондағы ақпа­рат­тың дәл­ді­гі­мен, қол­жетім­ділі­гі­мен және үне­мі жаңа­рып оты­руы­мен өлшенеді.

Бүгін­де цифр­лық тәу­ел­сіздік ұғы­мы ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­пен ғана шек­тел­мей­ді. Мем­ле­кет­тің өз деректеріне иелік етуі, ұлт­тық тех­но­ло­ги­я­лар­ды дамы­туы және отан­дық кәсі­по­рын­дарға бәсе­ке­ле­стік мүм­кін­дік беруі де стра­те­ги­я­лық маңы­зға ие. Осы тұрғы­дан алған­да, Kazgeodesy мен Qajet ара­сын­дағы ықпал­да­стық – қол­да­уға лай­ық бастама.

Мем­ле­кет қалып­та­сты­рған цифр­лық инфрақұры­лым­ның отан­дық биз­неске қыз­мет етуі – дұрыс бағыт. Ал қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар­дың ұлт­тық тех­но­ло­ги­я­лар­ды күн­делік­ті өмір­де қол­да­нуға ұмты­луы эко­но­ми­ка­ның жаңа мүм­кін­дік­теріне жол аша­ды. Бола­шақта мұн­дай гео­сер­ви­стер­ді так­си агре­га­тор­ла­ры ғана емес, жет­кі­зу қыз­мет­тері, логи­сти­ка­лық ком­па­ни­я­лар және басқа да цифр­лық плат­фор­ма­лар пай­да­ла­на ала­ды. Бұл отан­дық IT-ком­па­ни­я­лар­дың дамуы­на, жаңа тех­но­ло­ги­я­лық шешім­дер­дің пай­да болуы­на және цифр­лық қыз­мет­тер нары­ғын­да бәсе­кенің артуы­на ықпал етуі мүмкін.

Кез кел­ген цифр­лық жоба­ның нәти­же­сі қара­пай­ым аза­мат­тың күн­делік­ті өмірі­нен көрі­нуі тиіс. Егер отан­дық нави­га­ция мекен­жай­лар­ды дәл аны­қтап, жүр­гі­зу­шілер­ге тиім­ді марш­рут ұсы­нып, жола­у­шы­лар­дың уақы­тын үнем­де­у­ге мүм­кін­дік бер­се, бұл баста­ма­ның нақты қоғам­дық пай­да­сы бол­мақ. Әсіре­се жаңа тұрғын үй кешен­дері, қарқын­ды дамып жатқан қала­лар мен елді мекен­дер үшін мекен­жай деректерінің дәл­ді­гі ерекше маңы­зды. Сон­ды­қтан жоба­ның табысы оның тех­ни­ка­лық мүм­кін­дік­тері­мен қатар, аза­мат­тарға қан­ша­лы­қты ыңғай­лы әрі сенім­ді қыз­мет көр­се­тетініне бай­ла­ны­сты баға­ла­нуы қажет.

Қаза­қстан­да цифр­лық мем­ле­кет құру ісі отан­дық тех­но­ло­ги­я­лық ком­па­ни­я­лар­дың әле­уетін пай­да­ла­ну­мен қатар жүруі тиіс.

Qajet пен Kazgeodesy инте­гра­ци­я­сы – осы бағыт­тағы құп­тар­лық қадам. Баста­ма­ның нәти­желі жүзе­ге асуы мем­ле­кет­тің, биз­не­стің және қоғам­ның мүд­десін тоғы­сты­ра­тын жаңа тех­но­ло­ги­я­лық тәжіри­бе­ге айна­луы мүмкін.

Қаза­қстан­дық тех­но­ло­ги­я­ны қол­дау – тек отан­дық өнім­ге басым­дық беру емес. Бұл – өз инже­нер­лері­міздің білі­міне, өз ком­па­ни­я­ла­ры­мы­здың мүм­кін­ді­гіне және елі­міздің цифр­лық бола­шағы­на инве­сти­ция салу. Өз кар­та­сын жасап, өз бағы­тын аны­қтай ала­тын елдің тех­но­ло­ги­я­лық дер­бес­ті­гі де нығая түседі. Цифр­лық тәу­ел­сіздік ұран­нан емес, осын­дай нақты жоба­лар­дан басталады.

Республиканский еженедельник онлайн