Четверг , 26 ноября 2026

АЯГӨЗДЕГІ АМАН АҒА

Арқа­дан мәң­гі мекен тапты

Отыз жылға тақаған тарихы бар «ДАТ» газетінің жана­шы­ры, ол – редак­ци­я­ны, біз – оны үне­мі іздей­тін, басы­лым­ның ұзақ жыл­дар авто­ры болған Аягөз­де­гі Аман аға өмір­ден өтті! Бүгін­гі зыр­лаған уақыт­тың өлше­мі­мен жұмыр басты пен­де­ге жазы­лған ғұмыр­дың тау­сы­лға­ны ма, жоқ әлде қаза­ға қимай­тын тағ­дыр­дың бұй­ы­рға­ны сол ғана бол­ды ма – 83 жыл өмір сүріпті…

«Өзі­нен сөзі ұзын­дау» қалың қаза­қтың аты­нан айтқа­ным арты­қтау болар, бірақ менің жеке өзі­ме – ақы­л­шы, өзінің Барқыт­бел – Тар­баға­тайы сияқты тау тұлға­лы абыз ағам еді. Жар жаға­лап, сай саға­лап, ұзақ жыл­дар бойы осы «ДАТ»-ты сүріне-қабы­на шыға­рып жүр­генім­де, қол­ты­ғым­нан демеп, өрт ішін­де қалған кезім­де от орта­сы­на іздеп келетін, кезек­ті сот­тан айып­та­лып шыққа­ным­да маң­дай­ым­нан сипай­тын қамқор­шым болған аға­тай­ым­ның орда­лы оры­ны омпы­рай­ып қалды!

Айт­пақ­шы, Аман аға­ның қалың қазақ қоға­мы­на да қолы­нан кел­ген қамқор­лық жасаға­нын бүгін­гі ұрпақ біле бер­мес, жіп­ке тіз­ген­дей түген­деп шық­сам, арда аза­мат­тың артын­да ауыз тол­ты­рып айтар­лық із қалды:

1998 жылы құры­лып, сол кез­де­гі билік­тің нақақ қыса­сты­ғы­мен екі жылға жет­пей жабы­лған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­лық Халық пар­ти­я­сын (РНПК) құру жөнін­де­гі Мәс­кеу фору­мы­ның деле­га­ты және пар­ти­я­ның бір құры­л­тай­шы­сы бол­ды. Аягөз­ден Алма­ты­ға көшіп келіп, елде­гі ең алға­шқы нағыз халы­қтық пар­ти­я­ны құру­шы қай­рат­кер­лер Ғазиз Алдам­жа­ров, Әке­жан Қажы­гел­дин, Асыл­бек Қожах­ме­тов, Әмір­жан Қоса­нов, Бақыт­жан Төреғо­жи­на, Вла­ди­мир Чер­ны­шев (марқұм), гене­рал Айтқа­ли Есенғұ­лов және тағы басқа аза­мат­тар­мен қатар жүрді;

1999–2000 жыл­дарғы «сары­а­уыз» демо­крат­тар – Нұр­бо­лат Маса­нов (марқұм) бастаған, Сер­гей Дува­нов, Дос Көшім, Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, Сей­дах­мет Құт­ты­қа­дам (марқұм) қостаған Қаза­қстан­ның Демо­кра­ти­я­лық күш­тері (ФДСК) фору­мы­ның мүше­сі болды;

2001–2003 жыл­да­ры Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы (ДВК) қозға­лы­сын қалып­та­сты­руға атса­лы­сып, Болат Әбі­лов, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Мұх­тар Әбі­ля­зов, Төлен Тоқ­та­сы­нов, Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев және т.б. аза­мат­тар­дың баста­ма­сын бел­сен­ді қол­да­у­шы­лар­дың бірі болды;

2004–2006 жыл­да­ры бірі­нен кей­ін бірі ашы­лып-жабы­лған «Ақ жол», «Нағыз Ақ жол», «Азат» пар­ти­я­ла­ры­ның қата­рын­да ашық жүріп, осы пар­ти­я­лар­дың Семей облы­стық фили­ал­да­рын құруға қатысты;

Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның (ЖСДП – Жар­ма­хан Тұяқ­бай, Бал­таш Тұр­сым­ба­ев (марқұм), гене­рал Әмір­бек Төгі­сов (марқұм), Болат Әбі­шев, Петр Сво­ик, т.б.) Аягөз аудан­дық фили­а­лын құруға атса­лы­сып, 2007–2015 жыл­да­ры пар­ти­я­лық жұмысқа бел­сене араласты.

Бұл қыз­мет­тер­дің алдын­да мек­теп дирек­то­ры, Аягөз ауда­ны­ның әкі­мі, СОКП Семей облы­стық пар­тия коми­тетінің жау­ап­ты қыз­мет­кері болға­ны өз алды­на бөлек тақы­рып. 1995 жылы Н.Назарбаевтың «жеке дара билі­гін» қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­яға қар­сы қозға­лы­сқа қаты­сып, Серік­бол­сын Әбділ­дин (марқұм) аға­ның сенім­ді сая­сат­шыл інілерінің бірі болға­ны тағы бар…

Аза­мат­тық пікірін кесіп айтып, тура сөй­лей­тін, ірілік­ке ізет қылған, тұр­мыстық тауқы­мет­тің бық­сы­ғын керек қыл­маған, нар тұлға­лы адам еді марқұм! Сол кесек­ті­гіне тән­ті болған Дін­мұ­хам­мед Қона­ев аға­мыз кей­ін­гі кез­де­гі бір сапа­рын­да Аягөз­де­гі үйінің бел­де­уіне ат бай­лаға­нын білетін едім. Жам­был Жаба­евқа үзең­гілес іні болған атақты айтқыш ақын Шәкер Әбе­нов­пен наға­шы­лы-жиен­ді әзіл­дері жарасқан әңгі­ме­лері зер­дем­де жат­та­лып қалыпты.

Міне, осын­дай оғы­лан аза­мат өмір­ден өтті! Таң­сы­қта туып, Барқыт­бел­дің бір төбе­ші­гін­дей боп, Арқа­дан мәң­гілік мекен тапқан асыл ағам­ның ару­ағы­на бас идім!

…Мен газет­те бір­не­ше жыл қата­ры­нан «Темірқа­зық» деген ата­у­мен редак­тор­лық руб­ри­ка жүр­гіздім. Негізі­нен нақты уақыт­тың қоғам­дық-сая­си тақы­ры­бын сөз ететін сол жаз­ба­ла­рым­ның соңғы тоқе­терін «Аягөз­де­гі Аман ағам шылап­шы­нға шығып сөй­ле­ген­де не дер екен?» деген сыңай­лас әзілі ара­лас сұраққа тірей­тін едім. Газет қолы­на тиген күні теле­фон соғып: «Әй, қу бала, мені не шылап­шын­нан түсір­мей­тін, не жоға­ры­ға шығар­май­тын бол­дың, бірақ «іші­ме кіріп шыққан­дай», менің айт­пағым­ды айныт­паған екен­сің!» деп, өзі де қал­жы­ңын қағы­та күлетін еді.

Енді кім­ге мұңым­ды шағып, кім­нен ақыл сұрай­мын? Жаны­мыз жүдеп жүр­ген­де, аға­лық ақжар­ма көңіл­мен кім біздің арқа­мы­здан қағады?!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн