Четверг , 26 ноября 2026

«ДАТ»-ТЫ САҚТАП ҚАЛАЙЫҚ !!!

  • Бүгін біздің газет­тің алдын­да даб­ыл қағар­лық сұрақ тұр: «ДАТ»-ты сақтап қала ала­мыз ба? Жер-дүние бір қал­та­фонға сый­ып кет­кен ақпа­рат­тық тех­но­ло­гия зама­нын­да қағаз газет­тері, оның ішін­де ширек ғасыр­дан асқан тарихы бар «ДАТ» сияқты тәу­ел­сіз басы­лым қоға­мға керек пе? Осын­дай уай­ы­мы мол сұрақтар­мен ағай­ын-елге арналған сөз жол­дап отырмыз.

Қазір­гі ақпа­рат әле­мін­де әле­умет­тік желілер мен интер­нет ресур­ста­ры үстем­дік құрып тұрған дүни­е­де «газет­тің күні өтті ме?» деген сау­ал жиі қой­ы­ла­ды. Алай­да ресми өкі­мет­тік және бала­ма қоғам­дық ұста­ным­ды «қолға ұстап оқу» арқы­лы елде болып жатқан оқиға­лар мен жағ­да­ят­тар­ды сара­лау тұрғы­сы­нан алған­да, қағаз газет­терінің қоғам­дағы мис­си­я­сы әлі де құн­ды­лы­ғын жой­ған жоқ.

Қағаз бет­терін­де жазы­лған әрбір жари­я­ла­ным уақыт өте келе сол дәуір­дің шежіресіне, халы­қтың тари­хи-руха­ни құжа­ты­на айна­ла­ды. Элек­трон­ды онлайн ақпа­рат­тар өшіріліп неме­се өзгер­тіліп кетуі мүм­кін бол­са, қағазға басы­лған сөз өзгеріс­сіз сақта­ла­тын сенім­ді дереккөз болып қала береді.

Сон­дай басы­лым­дар­дың бірі де біре­гейі – 28 жыл­дық тарихы бар, «Дат» медиа-жоба­сы­ның аясын­да шығып келе жатқан «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті. Алай­да оның оқыр­ман­да­ры негізі­нен егде жастағы адам­дар болған­ды­қтан, олар жыл өткен сай­ын азай­ып бара­ды. Оның үстіне капи­тал биле­ген дүни­е­де алыс-беріс пен жүріс-тұры­стың бәрі ақшаға тірел­ген заман­да халы­қты қылқын­ды­рған қым­бат­шы­лық тағы бар.

Ашы­ғын айтай­ық, соның сал­да­ры­нан редак­ция ұжы­мы­на апта сай­ын 16 бет­тік газет шыға­ру оңай соғып тұрған жоқ. Өйт­кені газет­ке жазы­лу­шы­лар азай­ып, көше­де­гі газет-жор­нал сауда­лау дүң­гір­шік­тері құрып бара­ды. Соның сал­да­ры­нан газет­тің әрбір нөмірі үшін бас­па­ха­на шығын­да­рын өтеу біз­ге оңай­ға соғып тұрған жоқ. Сон­ды­қтан газет­тің өткен жыл­дар­дан қалған тұрақты он мың оқыр­ма­ны­нан біз келесі 2027 жылға «Дат» газетіне жазы­лу­ды жалы­на өтініп сұрай­мыз! Егер олар тек өздері ғана жазы­лып қой­май, тағы екі-үш адам­ның жазы­луы­на ықпал етсе – қыты­мыр қиын­ды­қты еңсе­ру­ге болар еді! Өз кезе­гін­де бұл редак­ци­я­ның қар­жы­лық-мате­ри­ал­дық жағ­дай­ы­ның азды-көп­ті жақ­са­руы­на ықпал етер еді.

«Дат»-тың мерзім­ді бас­пасөз ретін­де алды­на қой­ған басты мақ­са­ты – қоға­мға бала­ма ақпа­рат беру, бүгін­гі күні елдің жегіқұр­ты­на айналған, соңғы кез­дері ресми билік батыл той­та­рыс беру­ге кіріс­кен жемқор­лы­ққа қар­сы күрес, әле­умет­тік әділет­сіздік­тер­ді әшке­ре­леу және «Халы­қтық құры­лыс» сияқты мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың орын­да­луын қадаға­лау. Сон­дай-ақ қара­пай­ым аза­мат­тар­дың мұң-мұқта­жын, өңір­лер­де­гі өзек­ті мәсе­ле­лер­ді билік орган­да­ры­на жет­кі­зу арқы­лы қоғам­мен кері бай­ла­ныс орнату!

Әлеумет­тік желілер­де­гі эмо­ци­яға толы, көбіне тек­серіл­ме­ген пікір­лер легі­нен айыр­ма­шы­лы­ғы – газет жур­на­ли­сти­ка­сы фак­тілер­ді мұқи­ят тек­се­ру­ге (факт­че­кинг) және кәсі­би эти­каға сүй­е­неді. Газет­тің жаңа­лы­қтар тасқы­нын­дағы ең басты арты­қ­шы­лы­ғы – жари­я­ланған ақпа­ратқа деген сенімділік.

Қазір­гі интер­нет­тік ақпа­рат кеңісті­гінің басты дер­ті – даб­ы­ра­шыл­дық пен жалған, даңға­за жаңа­лы­қтар (фейк­тер). Смарт­фон арқы­лы күн сай­ын ағы­лып жатқан ақпа­рат тасқы­нын­да оқыр­ман оқиға­ның түп-төр­кінін түсініп, түй­сініп үлгер­мей­ді. Осы тұста газет­тің рөлі айқын­да­ла түседі.Газет жедел­дік жағы­нан интер­нет­пен жары­са алмай­ты­ны аян. Бірақ газет­тер «не бол­ды?» деген сұраққа емес, «неге бұлай бол­ды және мұның сал­да­ры қан­дай?» деген сарап­та­ма­лық сұрақтарға жау­ап беретін тал­да­ма­лы жур­на­ли­сти­ка­дан айны­ған жоқ.

Соңғы жыл­да­ры жасам­паз­ды­ққа жана­шыр болу­ды редак­ци­я­лық сая­са­ты­на айнал­ды­рған «ДАТ»-тың тағы бір асыл мін­деті – билік пен халық ара­сы­на алтын көпір болу. Рефор­ма­лар мен өзгерістер­ге құштар қоғам­ды жарқын бола­шақ жолы­на жұмыл­ды­руға үлес қосу – газет­тің сана­лы және салиқа­лы сая­са­ты­на айналды.

Газет – бұл жай ғана қағаз емес, ол – ұлт­тық руха­ни­ят­тың тіре­гі және қоғам­дық сана­ны сауы­қты­ра­тын сарап­та­ма­лық алаң, ақыр соңы – кәсі­би жур­на­ли­сти­ка­ны қалып­та­сты­ру мек­тебі. Ақпа­рат­тық былық белең алған заман­да оқыр­манға бай­ып­ты бағыт-бағ­дар беретін, дәлелі мен дәй­е­гі астасқан сөз айта­тын сапа­лы бас­пасөз­ге деген сұра­ныс қашан да жоға­ры болып қала беруі тиіс!

 «ДАТ» медиа-жоба­сы Қаза­қстан­ның ақпа­рат­тық кеңісті­гін­де бала­ма­лы пікір қалып­та­сты­ру­дың, сөз бостан­ды­ғы үшін күре­стің және аза­мат­тық қоғам­ды ояту­дың, қоғам­ды сая­си сау­ат­тан­ды­ру­дың біре­гей үлгісі ретін­де тарихқа енді. «ДАТ»-тың мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сқа мұқтаж ресми бас­пасөз­ден айыр­ма­шы­лы­ғы – билік­ке жал­тақта­май, қоғам­дағы өткір мәсе­ле­лер­ді ашық көте­ру­ге мүм­кін­ді­гі жоға­ры. Өйт­кені олар бала­ма­лы ақпа­рат көзі ретін­де ресми арна­лар үнсіз қалған неме­се бір­жақты баян­даған оқиға­лар­дың екін­ші қырын көр­се­те­ді. Жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың шешім­деріне, жемқор­лық деректеріне және әле­умет­тік әділет­сіздік­ке қоғам­дық бақы­лау орна­туға ықпал ету­ге үлес қоса­ды. «ДАТ»-тың ұзақ жыл­дарғы тұрақты оқыр­ма­ны бұл күн­дері дай­ын ақпа­рат­ты тұты­ну­шы­дан, сыни ойлай­тын, сая­си сау­ат­ты, салиқа­лы аза­мат сана­ты­на айналды.

Тәуел­сіз елі­міздің бас­пасөз тарихын­да «ДАТ» секіл­ді бір­не­ше рет қуда­ла­у­мен жабы­лып, күл­ден жара­ты­лған­дай, қай­та-қай­та гүл­деп шыққан газет кем­де-кем. Сот про­це­стеріне, мил­ли­он­даған сома айып­пұл­дарға, өрт­теу мен қарақ­шы­лық тона­уға қара­ма­стан, медиа-жоба «Сол­ДАТ», «Жұма-таймс», «Айна плюс», «Тасжарған» тағы басқа және «Обще­ствен­ная пози­ция» секіл­ді ата­у­лар­мен ондаған рет түр­леніп, өз оқыр­ма­ны­на жол тауып отырды.

1990-жыл­дар­дың соңы мен 2000-жыл­дар­дың басын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бүкіл әлем­ді жаңғыр­тқан аты­шу­лы «Қаза­қ­гейт» жемқор­лық шырға­лаңын Қаза­қстан­да алғаш рет көтер­ген «ДАТ» газеті болға­нын тұрақты оқыр­ман жатқа біл­се керек. «ДАТ» қаза­қтіл­ді оқыр­манға күр­делі сая­си-эко­но­ми­ка­лық тақы­рып­тар­ды, жемқор­лық схе­ма­ла­рын және билік ішін­де­гі тар­ты­стар­ды түсінік­ті әрі өткір тіл­мен жет­кі­зе біл­ді. Бұл басы­лым отан­дық зерт­теу жур­на­ли­сти­ка­сы мен сая­си пуб­ли­ци­сти­ка­ның дамуы­на үлкен үлес қосып, батыл ойлай­тын кәсі­би жур­на­ли­стер буы­нын тәр­би­е­леп шығарды.

Әрине, «ДАТ» жоба­сы­ның қыз­метіне қаты­сты қоғам­да әртүр­лі пікір­лер қалып­та­сты. Қол­да­у­шы­ла­ры мен тәу­ел­сіз сарап­шы­лар оны сөз бостан­ды­ғы­ның сим­во­лы және билік­ке бала­ма көзқа­рас біл­дір­ген батыл басы­лым деп баға­ла­са, ресми билік өкіл­дері мен кей­бір сын­шы­лар басы­лым­ды сая­си топ­тар­дың мүд­десін көз­дей­тін, эмо­ци­яға беріл­ген оппо­зи­ци­я­лық құрал ретін­де сына­ды. Соған қара­ма­стан, «ДАТ» жоба­сы Қаза­қстан­дағы тәу­ел­сіз бас­пасөздің қан­дай қиын жағ­дай­да да өмір сүре ала­ты­нын дәлел­де­ген маңы­зды тари­хи құбы­лыс болып қала береді.

  • Құр­мет­ті ағай­ын, егер сіз «Дат» әлі де жалға­сын тап­сын десеңіз, медиа-жоба­ның бүгін­гі басы­лы­мы «Обще­ствен­ная пози­ция» газетіне жазы­лу­ды ұмыт­паңыз! Бәрі­міз бірі­гіп, «ДАТ»-ты сақтап қалайық!

Газет­тің Бас­пасөз ката­ло­гін­де­гі жазы­лу индексі – 64258, жеке адам­дар үшін алты айға жазы­лу баға­сы – 5 909,88, бір жылға – 11 819,76. Жазы­лу үшін бірін­ші бет­те­гі QR-код­ты пайдаланыңыз!

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжымы

Республиканский еженедельник онлайн