Қазақстан Ресейден «ерекше сезімтал» тауарлық топтардағы азық-түлік импортына уақытша шектеу қоюы керек, деп есептейді Tengri Partners компаниясының басқарушы серіктесі Әнуар Үшбаев. «Рубльдің девальвациясы жүз пайыздай, бізге жыл соңына қарай ондағы инфляция орасан үлкен болады деп отыр. Сондықтан рубль бағамының құлдырауы себепті олардың тауарлары бәсекеге қабілетті болып қала береді деу мағынасыз. …
Читать далее »Жақсы жаңалық Қызылорда драма театры ЛОНДОНҒА БАРАДЫ
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театры Лондонға гастрольге барады, деп хабарлады облыстық әкімшіліктен. Облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Ержан Әбдірахмановтың айтуынша, былтыр үш тілділік саясатын қолдау мақсатында Астанада халықаралық фестиваль өткізілген. «Фестивальда Қызылорда облыстық музыкалық-драмтеатры жазушы-драматург Дулат Исабековтың «Транзиттік жолаушы» спектаклін ұсынған. Қызылордалық актерлер өздерінің шабытты өнерімен ду шапалаққа ие …
Читать далее »ҚАПЫ ҚАЛМА, ҚАЗАҚ – егін жұмыстарын қаржыландыру басталды
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» 2015 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) өтінімдерді қабылдауды басталғанын хабарлайды. Холдинг баспасөз қызметінен хабарлағандай, өтінімдерді қабылдау хабарландыруды жариялаған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн ағымында жүзеге асырылады. Бюджеттік несиені алу сұрақтары бойынша «ҚазАгро» …
Читать далее »«НҰРЛЫ ЖОЛДЫ» «Нұр Отан» ноқталаса, ЖЕТІСЕДІ ЕКЕНБІЗ
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, оған біраз тапсырмалар бергені ел-жұртқа мәлім болса керек. Сондағы президенттің сөзін ҚазТАГ былай жеткізеді: «Бұл бағдарлама (әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға қарсы әрекет етуге бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы – ҚазТАГ) партияның қолдауы аясында жүзеге асырылатын болады, өйткені оның …
Читать далее »БҚО БҰҚАРАСЫ электр бағасына қарық болады
Батыс Қазақстан облысында электр энергиясының сатылатын орташа тарифі 1 қаңтардан бастап 14,2%-ға көтерілді, деп хабарлады облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінен. «Жаңа жылдан бастап халық үшін электр энергиясын орташа сату бағасы кВт/сағатқа бұрынғы 8,04 теңгенің орнына 9,18 теңгені құрады, бұл мәліметтер ҚҚС-ты ескере беріліп отыр», – деді ТМРД жетекшісі Уәлихан Разов. …
Читать далее »Қымбатшылық қамыты Қостанай облысында НАН ҚЫМБАТТАЙДЫ
Қостанай облысында 1-сұрыпты нан бағасы қымбаттайды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі. «Облыста нан бағасы 4 жылдан бері көтерілген жоқ, сондықтан қазір қымбаттайды. Өңірдің барлық наубайханалары өте күрделі жағдайда тұр», – деді дүйсенбі күні аппарат кеңесінде облыс әкімі Нұрлан Сәдуақасов. Хабарда айтылғандай, қазір Қостанай облысында 1-сұрыпты 500 граммдық нан бағасы елімізде ең …
Читать далее »Оқырман сәлем айтады Аман болшы, ГЕР-АҒА!
«Общественная позиция» (проект «DAT» №04 (275) от 29 января 2015 г. Апта аптығы Қазақтың жанашыры Герольд Бельгер қатты науқастанып, ауруханаға түсті деген хабарды ести салып, өзімнің сүйікті газетім арқылы ардақты ағама сәлем жолдауды жөн көрдім. Ауырмаңыз, аман болыңыз, ағатай! Ұлты неміс болса да, заты – қазақ, Қазақтарға тілемес …
Читать далее »Серік Ахметовке НЕ БОЛДЫ?
«Общественная позиция» (проект «DAT» №02 (273) от 15 января 2015 г. Бәсе! …2012 жылдың күзінде Қазақстан үкіметінің басшысы ауысты. Бес жыл міз бақпаған түкті үкіметтің тайғанына күпті көңіл көпшілік бір сергіп қалған-ды. Атқарушы билікті басқаруға 54 жастағы Cерік Ахметов келді. Тәуелсіздік қазақ жұртының С.Терещенко, Ә.Қажыгелдин, Н.Балғымбаев, Қ.Тоқаев, И.Тасмағамбетов, Д.Ахметов, …
Читать далее »Есенғали РАУШАНОВ: Біз құстар сияқты ТОЛЫҚ АЗАТ бола алмадық…
«Общественная позиция» (проект «DAT» №02 (273) от 15 января 2015 г. ДАТ! Біздің газет 17 жылдан бері газет болғалы «сұхбат алдырмай» («жүген салдырмай» деп оқып қалмаңыз) жүрген атақты ақын, қазақтың нарқасқа азаматы Есенғали Раушанов еді. Ағалы-інілі аман-сәлеміміз түзу, бірақ оңынан да, солынан да келтірмейтін асаулығына налып, бір кездері «торғай …
Читать далее »Қазақ елін қорғаған АЛАШ ПОЛКІ туралы не білеміз?
«Общественная позиция» (проект «DAT» №02 (273) от 15 января 2015 г. Айқармада айтарым: Азамат соғысына 100 жыл Өткен ғасырдағы Азамат соғысы жылдарында Торғайда, Семейде, Зайсанда, Лепсіде, т.б. жерлерде құрылып, аз уақыт соғысса да, Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресіп, небір ұлттық-патриоттық ерліктің үлгісін көрсеткен Алаш полктары туралы не білеміз? …
Читать далее »