«НҰРЛЫ ЖОЛДЫ» «Нұр Отан» ноқталаса, ЖЕТІСЕДІ ЕКЕНБІЗ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, оған біраз тапсырмалар бергені ел-жұртқа мәлім болса керек. Сондағы президенттің сөзін ҚазТАГ былай жеткізеді:

«Бұл бағдарлама (әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға қарсы әрекет етуге бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы – ҚазТАГ) партияның қолдауы аясында жүзеге асырылатын болады, өйткені оның беделі бар, бүкіл еліміз бойынша көптеген адамдар партия сапында тұр. «Нұрлы жолды» қабылдау – елдің болашақ дамуы мен халықтың игілігі үшін зор мәні бар маңызды шара. Осыған байланысты партия бастауыш ұйымдарға сүйене отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарына ден қоюы тиіс».

«Қашпаған сиырдың уызынан дәмелі» жұрт «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатынан үміт күтіп отырған-отырмағанын құмалақ салып білу қиын. Бірақ оған қыруар қаржы бөлінетін болған соң, еңбек еткісі келетін екінің бірі ептеп, бірдеңе алып қалғысы келері рас жағдай.

Бірақ осы бағдарламаны «аузы жесе де қан, жемесе де қан» партияға насихаттату – дәмелі жұртқа дәлелді дәйек жеткізерлік жағдай ма? Ол партияның мыңдаған мүшесі жемқорлықпен сотталып жатқанын біліп отырған халық оның «түсіндірмесін» тыңдап, қай бір жарытар дейсіз…

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн