БҚО БҰҚАРАСЫ электр бағасына қарық болады

Батыс Қазақстан облысында электр энергиясының сатылатын орташа тарифі 1 қаңтардан бастап 14,2%-ға көтерілді, деп хабарлады облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінен. «Жаңа жылдан бастап халық үшін электр энергиясын орташа сату бағасы кВт/сағатқа бұрынғы 8,04 теңгенің орнына 9,18 теңгені құрады, бұл мәліметтер ҚҚС-ты ескере беріліп отыр», – деді ТМРД жетекшісі Уәлихан Разов.

Бұрын хабарланғандай, 2014 жылғы қарашада «Батысэнергоресурсы» ЖШС тарифті 21,6%-ға көтеру туралы өтініш берген. «Бағаның көтерілуі сатып алу және тасымалдау құнының артуымен түсіндіріледі. Себебі электр энергиясын тасымалдау жөніндегі «Зап-Каз РЭК» АҚ қызметі тарифтің үштен бір бөлігін алып отыруы себепті біз де сату бағасын көтеруге мәжбүрміз», – деді бұрын «Батысэнергоресурсы» бас директоры Снежанна Имашева. Осылайша тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер көтерілді. Мысалы, айына 70 кВт/сағаттан аз тұтынатындар, кВт/сағатына Т8,71 төлейді (бұрындары Т7,74 төлейтін), 70-тен 120 кВт/сағат үшін – Т11,02 (бұрындары – Т9,65), ал 120 кВт/сағаттан артық тұтынатындар үшін тариф Т13,78 (бұрындары – Т12,06) болған.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн