«АБУ ДАБИ ПЛАЗА» тағы да ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ

Астанадағы «Абу Даби Плаза» нысанының жұмысшылары тағы да ереуілге шығып, еңбек жағдайлары мен жалақыны арттыру талабын қойды. Бірақ қала әкімдігі бұл шараны «митингі емес» деп, мәз болып отыр.

Кеше «Абу Даби Плаза» кешенінің жұмысшылары құрылыс аумағының маңына жиналып, өздерінің еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп, бір сағаттық ереуілге шықты, деп редакцияға ақпарат көзі хабарлады.

«Ереуілдеген кешен құрылысшыларымен қаланың мемлекеттік бас еңбек инспекторы Е. Ысмағұлов пен Есіл ауданының прокуроры Д. Катаев кездесті. Олар жұмысшыларға компанияның кеңсесіне барып, мәселені әкімдік басшылығының қатысуымен талқылауды ұсынды. Ереуілдің бастамашы тобы қала басшылығымен кездесті.

Құрылыс компаниясының кеңсесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нүркенов қосалқы мердігерлік ұйымдардың басшыларымен, жұмысшылардың бастамашыл тобымен, сондай-ақ «Абу Даби Плаза Арабтек консолидейтед контракторс LTD» жобасының жетекшісі Джон Кэмпбеллмен кездесу өткізді».

«Кездесу қорытындысы бойынша, «Арабтек» басшылығына тамақтануды ұйымдастыру мәселесін шешу, намаз оқуға жағдай жасау, инфляция жағдайында жұмысшылардың жалақысын арттыру ісі тапсырылған» деп хабарлады осы орайда Nur.kz ақпараттық порталы.

Айсұлу ОСПАН,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн