Четверг , 9 июля 2026

НЕГІЗГІ АСПАБЫМЫЗДОМБЫРА

Құр­манға­зы атын­дағы Қазақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­сы­ның про­фес­со­ры Айгүл Үлкен­ба­е­ва мен доцент Ержан Жәмен­ке­ев­тің сту­дент­тері бер­ген кон­церт­ті тама­ша­лаған жан оның әсері­нен ұзақ уақыт ары­ла алмайды.

Ахмет Жұба­нов атын­дағы дарын­ды бала­ларға арналған маман­дан­ды­ры­лған мек­теп-интер­на­ты­ның Үлкен залын­да өткен екі сағат­тық кон­церт­тің әсерін сөз­бен жет­кі­зу мүм­кін емес. Әр шығар­ма, әр орын­дау көре­рмен­ді ұлт­тық өнер­дің тыл­сым әле­міне жете­леп отыр­ды. Мұн­дай кон­церт­ті өнер­ді сүй­етін әрбір жан тама­ша­ла­уы тиіс.

Кон­церт­тің ерекше әсері бізді Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, PhD док­то­ры, Құр­манға­зы атын­дағы Қазақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­сы­ның доцен­ті, «HasSak» этно-фольк­лор­лық ансам­блінің жетек­шісі Ержан Жәмен­ке­ев­пен әңгі­ме­ле­су­ге жетеледі.

– Кон­церт сахна­сын­дағы «MODEL 2.1.5» жазуы көп­шілік­тің наза­рын аудар­ды. Бұл атау нені біл­діреді? Жоба­ның мақ­са­ты қандай?

«MODEL 2.1.5» жоба­сы­ның қолға алы­нға­ны­на биыл төрт жыл тол­ды. Бұл жобаға про­фес­сор Айгүл Үлкен­ба­е­ва­ның және менің сыны­бым­дағы ең үздік сту­дент­тер қатысады.

2023 жыл­дан бері жыл сай­ын елі­міздің әр өңірін кон­церт­тік бағ­дар­ла­ма­мен ара­лап келе­міз. Осы уақы­тқа дей­ін Қаза­қстан­ның 15 қала­сын­да және Таш­кент­те өнер көр­сет­тік. Келесі жыл біз үшін мерей­той­лы жыл бол­мақ. Осы­ған орай елі­міз­де­гі музы­ка­лық кол­ле­дж­дер орна­ласқан тағы бес қала­да кон­церт өткі­зуді жос­пар­лап отыр­мыз. Осы­лай­ша бес жыл ішін­де Қаза­қстан­ның бар­лық өңірін қам­ту­ды мақ­сат етіп отырмыз.

«MODEL 2.1.5.» деген дом­бы­ра­шы­лар­дың зама­на­уи модель үлгісін көр­се­тетін біздің автор­лық жоба. Шар­тты цифр­лар­мен маз­мұн бер­дік. 2 – қос ішек­ті дом­бы­ра­ның сан алу­ан репер­ту­а­ры. 1 – жан-жақты репер­ту­а­ры бар осы модель­де­гі орын­да­у­шы – ол біздің ұста­зы­мыз Айгүл Үлкен­ба­е­ва. 5 – бір емес, бір­не­ше өнер­ді қатар игер­ген, қосым­ша аспап­ты мең­гер­ген бесас­пап музы­кант деген сөз. Қосқан­да MODEL 2.1.5. деген атау шыға­ды. Бұл біздің фан­та­зия, біздің ұсыныс.

Жоба­ның басты мақ­са­ты – қаза­қтың ұлт­тық музы­ка­лық аспап­та­рын кеңі­нен наси­хат­тау және Кон­сер­ва­то­рия түлек­терінің кәсі­би шығар­ма­шы­лық жолын қолдау.

MODEL ата­уы «зама­на­уи дом­бы­ра­шы­ның үлгісі» деген­ді біл­діреді. Біздің сту­дент­тер – бесас­пап өнер­паз­дар. Олар бір­не­ше музы­ка­лық аспап­та әртүр­лі орын­да­у­шы­лық тәсіл­дер­мен ойнай­ды, ән айтып, би эле­мент­терін де көр­се­те­ді, көре­рмен­мен еркін тіл­де­се алады.

Біз ұлт­тық музы­ка­лық аспап­тар­да бел­гілі қазақ ком­по­зи­тор­ла­ры­ның шығар­ма­ла­ры­мен қатар, өз туын­ды­ла­ры­мы­зды және шетел­дік автор­лар­дың шығар­ма­ла­рын да орын­дай­мыз. Негіз­гі аспа­бы­мыз – дом­бы­ра. Соны­мен бір­ге қылқо­быз, жеті­ген, сыбы­зғы және басқа да ұлт­тық музы­ка­лық аспап­тар­да өнер көрсетеміз.

– Кон­церт­те бұрын-соң­ды көр­ме­ген бір­не­ше музы­ка­лық аспа­пқа көзім түсті. Оның үстіне, сіз­дер де, сту­дент­тер де әр аспап­ты түр­лі орын­да­у­шы­лық тәсіл­дер­мен шебер мең­гер­ген­сіз­дер. Қол қимыл­да­ры­ңы­зды бақы­лап үлге­рудің өзі қиын бол­ды. Жал­пы, қаза­қтың қан­ша ұлт­тық музы­ка­лық аспа­бы бар?

–     Бүгін­де қаза­қтың 120 музы­ка­лық аспа­бы ғылы­ми айна­лы­мға енген.

«HasSak» тобы­ның бұры­нғы мүше­сі Аза­мат Бақия ансамбль­ден шығып, ұлт­тық музы­ка­лық аспап­тар­ды жасау ісіне ден қой­ды. Ол сирек кез­де­сетін аспап­тар­ды моно­гра­фи­я­лар мен басқа да ғылы­ми дереккөз­дер­ге сүй­ене оты­рып қай­та жаңғыр­та­ды. Оның айтуын­ша, бүгін­де тәжіри­бе­де 40-тан астам ұлт­тық аспап қол­да­ны­ла­ды. Мәсе­лен, «HasSak» ансам­блінің өзі 30-дан астам музы­ка­лық аспап­та өнер көрсетеді.

Дом­бы­ра­ның әлем­ге кеңі­нен таны­луы­на Димаш Құдай­бер­ген­нің қосқан үлесі зор. Ол халы­қа­ра­лық сахнаға дом­бы­ра­мен шығып, ұлт­тық аспап­ты әлем жұрт­шы­лы­ғы­на таныт­ты. Соның нәти­же­сін­де оның жан­күй­ер­лері дом­бы­ра тар­ту­ды ғана емес, қазақ тілін де үйрене бастады.

Қазір елі­міздің бар­лық өңірін­де, әсіре­се Алма­ты­да, дом­бы­ра жасай­тын шебер­ха­на­лар көп-ақ. Алай­да аспап жаса­у­шы­лар­дың бәрі бір­дей музы­ка­лық білім алып, сол аспап­та орын­да­у­шы­лық тәжіри­бе жинақтаған маман­дар емес.

Дом­бы­ра бүгін­де елі­міздің бар­лық өңірін­де жаса­ла­ды. Ал басқа ұлт­тық музы­ка­лық аспап­тар­ды, әсіре­се үрле­мелі аспап­тар­ды жасай­тын шебер­лер тап­шы. Ондай маман­дар сау­сақ­пен санар­лық. Соған қара­ма­стан, қазір­гі таң­да оларға деген сұра­ныс жоғары.

Өткен жылы Аста­на­да ұлт­тық музы­ка­лық аспап­тар­дың біре­гей үлгілері жинақталған Өнер музейі ашыл­ды. Музей жанын­да тәжіри­белі шебер­лер еңбек ететін ғылы­ми-рестав­ра­ци­я­лық зерт­ха­на жұмыс істей­ді. Енді­гі мін­дет – музы­ка­лық білі­мі бар, қолө­нер­ге бей­і­мі мен талан­ты бар жас маман­дар­ды даярлау.

Соны­мен қатар қаза­қтың бар­лық музы­ка­лық аспап­та­рын бір жинаққа топ­та­сты­рып, олар­дың жаса­лу жол­да­ры мен дыбыст­ық ерекшелік­терін қам­ти­тын кітап әзір­леу қажет.

–     Кон­сер­ва­то­ри­яға келетін талап­кер­лер­дің саны қан­ша? Дарын­ды жастар­дың қата­ры көп пе? Қан­дай музы­ка­лық аспап­тарға сұра­ныс жоғары?

Кон­сер­ва­то­ри­яға негізі­нен музы­ка­лық кол­ле­дж­дер­ді неме­се 12 жыл­дық музы­ка­лық мек­теп­ті тәмам­даған дарын­ды жастар қабылданады.

Дом­бы­ра маман­ды­ғы­на жыл сай­ын шама­мен 60 талап­кер құжат тап­сы­ра­ды. Соның 25‑і мем­ле­кет­тік гран­тқа ие бол­са, тағы бір­не­ше­уі ақы­лы бөлім­ге қабылданады.

Сұра­ны­сқа ие маман­ды­қтар­дың бірі – при­ма-қобыз (сым қобыз). Ал басқа ұлт­тық музы­ка­лық аспап­тарға түсу­шілер саны аздау. Соған қара­ма­стан сту­дент­тер негіз­гі маман­ды­ғы­мен қатар өз бетін­ше неме­се қосым­ша кур­стар арқы­лы өзге музы­ка­лық аспап­тар­ды да меңгереді.

Ұрма­лы аспап­тар­да ойнай­тын орын­да­у­шы­лар жетіс­пей­ді. Қазір­гі таң­да қаза­қтың 20-дан аса ұрма­лы аспа­бы айна­лы­мға еніп отыр.

Әр музы­ка­лық аспа­пқа лай­ы­қталған жеке оқы­ту әдісте­месі қажет. Бұл бағыт­тағы жұмыстар енді ғана қолға алы­нып жатыр. Соның ішін­де Аза­мат та осы іске өз үлесін қосуда.

– Кон­сер­ва­то­рия түлек­тері оқу бітір­ген­нен кей­ін қай­да жұмысқа орналасады?

Бұл – үне­мі қой­ы­ла­тын сұрақ. Кон­сер­ва­то­рия түлек­терінің көбі жал­пы білім беретін мек­теп­тер­ге музы­ка пәнінің мұғалі­мі болып жұмысқа орна­ла­са­ды. Алай­да мек­теп­те музы­ка­дан сабақ беру үшін музы­ка­лық кол­ле­дж­дің білі­мі де жеткілікті.

«MODEL 2.1.5.» жоба­сы­ның негіз­гі мақ­сат­та­ры­ның бірі де сол — біздің түлек­тер оқуын бітір­ген соң жұмыс­сыз қал­май, жаңа жоба ұйым­да­сты­руға әле­уеті жететін, өзін-өзі жұмыспен қам­ти ала­тын маман етіп шыға­ру. Бір маман­ды­қ­пен шек­те­лу аздық етуі мүм­кін. “Әмбе­бап музы­кант” қабілеті керек уақыт боп тұр.

Кон­сер­ва­то­ри­яда оқы­ту жеке фор­мат­та жүр­гізіледі: оқы­ту­шы әр сту­дент­пен жеке жұмыс істей­ді. Соны­мен қатар сту­дент­тер бір­не­ше музы­ка­лық аспап­ты қатар мең­ге­реді. Сон­ды­қтан олар – жоға­ры дең­гей­де даяр­ланған кәсі­би музыканттар.

Мен үшін­ші курс сту­дент­теріне «Аспап­тық музы­ка сала­сын­да жоба жасау және оны жүр­гі­зу әдісте­месі» пәні­нен дәріс бере­мін. Бүгін­гі түлек­тер еңбек нары­ғын­да өзіне жұмыс орнын өзі қалып­та­сты­ра білуі керек. Өйт­кені олар­дың бәрі бір­дей филар­мо­ни­я­ларға, оркестр­лер­ге неме­се ансамбль­дер­ге жұмысқа орна­ла­са алмайды.

Қазір музы­ка­лық топ­тар көп­теп құры­лып жатыр. Алай­да олар­дың көбі жар­ты жыл­дан бір жылға жет­пей тарап кете­ді. Өнер ұжы­мы­ның ұзақ ғұмыр кешуі үшін ортақ мақ­сат, ортақ құн­ды­лы­қтар мен берік ұста­ным қажет. Соны­мен қатар мар­ке­тинг­тің де маңы­зы зор.

Мәсе­лен, Қаза­қстан­ның әр өңірін­де музы­ка­лық талғам әртүр­лі. Сон­ды­қтан репер­ту­ар да сан алу­ан болуы керек. Бұған қоса, көре­рмен­мен тіл табы­са білу де маңы­зды. Қызы­қты әңгі­ме­лер, аңы­здар мен орын­ды әзіл кон­церт­тің әсерін күшей­те түседі.

–     Бүгін­де ата-ана­лар бала­ла­рын музы­ка­лық білім­ге бау­луға қан­ша­лы­қты көңіл бөліп жүр?

– Иә. Бір­не­ше жыл бұрын өзім музы­ка­лық мек­теп ашқан едім. Сол кез­де дом­бы­раға сұра­ныс өте жоға­ры бол­ды, ал басқа аспап­тарға қызы­ғу­шы­лық салы­стыр­ма­лы түр­де төмен­деу еді.

Ғалым­дар да айтып жүр, өз тәжіри­бем­де де соны анық бай­қай­мын: музы­ка­мен айна­лы­са­тын адам­ның жан дүни­есі бай­ып, ұсақ мото­ри­ка­сы мен ойлау қабілеті жақ­сы дами­ды. Мұн­дай отба­сы­лар­да өза­ра сый­ла­стық пен түсіністік те берік болады.

Менің бала­ла­рым да спорт­пен де, музы­ка­мен де айна­лы­са­ды. Бірақ ешқай­сысын мәжбүрлемеймін.

Сон­ды­қтан мен тек дәріс беріп, ансамбль­ге жетек­шілік етіп, сахна­да өнер көр­се­ту­мен ғана шек­тел­мей­мін. Қаза­қтың ұлт­тық музы­ка­лық аспап­та­рын кеңі­нен наси­хат­та­уды да өзім­нің басты мін­детім­нің бірі санаймын.

Кон­церт­тің шымыл­ды­ғын «HasSak» тобы жап­ты. Көре­рмен­ге ерекше әсер сый­ла­ды. Сахна­дағы әрбір қимыл мен әуен орын­да­у­шы­лар және ұлт­тық аспап­тар­мен тұта­сып кет­кен­дей әсер қал­дыр­ды. Топ­тың құры­лға­ны­на қан­ша жыл бол­ды? Алдағы жос­пар­ла­ры­ңыз қандай?

–  «HasSak» тобы 2028 жылы 15 жыл­ды­ғын атап өте­ді. Бізді бірік­тіретін ортақ құн­ды­лы­қтар бар, музы­ка мен көре­рмен­ге деген сүй­іспен­шілі­гі­міз бір. Бүгін­де елде­гі ең таны­мал екі топ­тың бірі – біздің ұжым.

Мем­ле­кет­тік кон­церт­тер­де, халы­қа­ра­лық қабыл­да­у­лар мен фести­валь­дер­де өнер көр­се­те­міз. Мем­ле­кет­тік іс-шара бол­ма­са, шетел­ге көбіне өз қара­жа­ты­мы­з­бен бара­мыз. Кей­де тіп­ті ешқан­дай табыс­сыз қай­та­тын кез­дері­міз де бола­ды. Соған қара­ма­стан, сапар­дан бас тарт­пай­мыз. Өйт­кені музы­ка да, ұлт­тық аспап­тар да – біздің жаны­мы­здың бір бөл­ше­гі. Өз ісі­мізді шын сүй­е­міз. Қаза­қстан­дық та, шетел­дік көре­рмен де бізді жақ­сы қабылдайды.

Біз әртүр­лі жанр­дағы музы­ка­ны орын­дай­мыз, соны­мен қатар өз туын­ды­ла­ры­мы­зды да жазамыз.

Жос­па­ры­мыз көп. Алдағы уақыт­та да ел ара­лап, шетел­ге шығып, өнер көр­се­те береміз.

Қазір өзім­нің шығар­ма­шы­лық жолым мен «HasSak» тобы­ның тарихы тура­лы кітап жазып жатыр­мын. Оны жыл соңы­на дей­ін жары­ққа шыға­ру­ды жос­пар­лап отырмын.

2027 жылы MODEL 2.1.5. жоба­сы­ның бес жыл­дық кон­церт­терінің толық жинағын диск түрін­де шыға­рып, оны бар­лық музы­ка­лық плат­фор­ма­ларға жүк­те­уді көз­деп отыр­мыз. Бұл сту­дент­тер­дің еркін пай­да­ла­нып, оқуы­на мүм­кін­дік береді.

Ал 2028 жылы «HasSak» шығар­ма­ла­ры­ның пар­ти­ту­ра­лар жинағын кітап етіп шыға­ру­ды жос­пар­лап отыр­мыз. Егер Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі қол­дау біл­дір­се, оны елі­міздің музей­лері мен кіта­п­ха­на­ла­ры­на сый­ға тартамыз.

– Кон­цер­тіңіз қан­дай әсер қал­дыр­са, сұх­ба­ты­ңыз да сон­дай маз­мұн­ды бол­ды. Қаза­қтың ұлт­тық музы­ка­лық аспап­та­ры­на арналған кон­церт­тер ұлт тәр­би­есі мен мәде­ни­ет­тің дамуы­на қан­ша­лы­қты ықпал ете­ді деп ойлайсыз?

Әрине, ықпа­лы зор. Бірақ мұны­мен қатар қазақ тілінің қол­да­ны­сын да кеңей­туі­міз керек. Өйт­кені тіл мен музы­ка – бір-бірі­нен ажы­ра­май­тын егіз ұғым.

– Әңгі­меңіз­ге рақ­мет. Кітап­та­ры­ңыз бен диск­теріңіздің тұса­у­ке­серін асы­ға күте­міз. MODEL 2.1.5. жоба­сы мен «HasSak» ансам­блінің өне­гесі талай жас талан­тқа шабыт беріп, үлкен өнер­ге жете­лей­ді деп сенеміз

DAT сарап­шы­сы, Анар Мешімбаева

Республиканский еженедельник онлайн