Понедельник , 13 июля 2026

Агроөнеркәсіптік кешеніне байланысты экологиялық сұрақтар

Қазір­гі кезең­де жаһан­дық эко­ло­ги­я­лық дағ­да­рыс, кли­мат­тың өзге­руі, табиғи ресур­стар­дың сарқы­луы және урба­ни­за­ция үдерісінің күше­юі мем­ле­кет­тер алдын­да тұрақты даму қағи­дат­та­ры­на негіз­дел­ген басқа­ру модель­дерін қалып­та­сты­ру мін­детін қой­ып отыр.

Әсіре­се агроө­нер­кәсіп­тік кешені сала­сы­ның эко­ло­ги­я­лық жүк­те­месі жоға­ры, энер­гия мен су ресур­ста­рын көп тұты­на­тын, қат­ты тұр­мыстық қал­ды­қтар­ды негіз­гі өндіру­ші сек­тор­лар­дың бірі болып табы­ла­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты ТКШ жүй­есін­де эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­ті енгі­зу эко­но­ми­ка­лық тиім­ділік­ті арт­ты­ру­мен қатар, қор­шаған ортаға түсетін теріс әсер­ді төмен­де­тудің маңы­зды құра­лы­на айналуда.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да «жасыл эко­но­ми­каға» көшу, энер­гия тиім­ділі­гін арт­ты­ру және ком­му­нал­дық инфрақұры­лым­ды жаңғыр­ту мем­ле­кет­тік сая­сат­тың басым бағыт­та­ры­ның бірі болып айқын­далған. Алай­да тәжіри­бе­де агроө­нер­кәсіп­тік кешенін басқа­ру­дың зама­на­уи эко­ло­ги­я­лық тәсіл­дері жет­кілік­ті дең­гей­де қол­да­ныл­май­ды, қал­ды­қтар­ды сұрып­тау жүй­есі толық дамы­м­аған, ал энер­гия үнем­деу тех­но­ло­ги­я­ла­рын енгі­зу баяу қарқы­н­мен жүзе­ге асу­да. Бұл жағ­дай эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­тің халы­қа­ра­лық тәжіри­бесін отан­дық кәсі­по­рын­дар қыз­метіне бей­ім­де­удің қажет­тілі­гін көрсетеді.

Халы­қа­ра­лық дең­гей­де ISO 14001 стан­дар­ты, «жасыл» инфрақұры­лым модель­дері, smart-тех­но­ло­ги­я­лар мен ESG қағи­дат­та­ры ТКШ сала­сы­ның тиім­ділі­гін арт­ты­ру­да жоға­ры нәти­же­лер көр­сетіп отыр. Аталған тәжіри­бе­лер­ді Қаза­қстан жағ­дай­ы­на сәй­кес енгі­зу эко­ло­ги­я­лық жау­ап­кер­шілік­ті күшей­тіп қана қой­май, ком­му­нал­дық кәсі­по­рын­дар­дың қар­жы­лық тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді.

Ғылы­ми әде­би­ет­тер­де эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­ке әртүр­лі аны­қта­ма­лар беріледі. Кей­бір зерт­те­ушілер оны ұйым қыз­метінің қор­шаған ортаға әсерін азай­туға бағыт­талған басқа­ру жүй­есі ретін­де сипатта­са, енді біре­улері оны эко­ло­ги­я­лық сая­сат­ты әзір­леу, жос­пар­лау, бақы­лау және жетіл­ді­ру үдерістерін қам­ти­тын кешен­ді басқа­ру меха­низ­мі ретін­де қарас­ты­ра­ды. Басқа­ша айтқан­да, эко­ло­ги­я­лық менедж­мент – бұл ұйым­ның эко­ло­ги­я­лық мақ­сат­тарға жетуін қам­та­ма­сыз ететін құры­лым­далған басқа­ру жүйесі.

Эко­ло­ги­я­лық менедж­мент жал­пы менедж­мент­тен маз­мұн­дық және мақ­сат­тық тұрғы­дан ерекше­ле­неді. Жал­пы менедж­мент ұйым­ның бар­лық ресур­ста­рын тиім­ді басқа­руға бағыт­тал­са, эко­ло­ги­я­лық менедж­мент осы басқа­ру жүй­есінің ішін­де қор­шаған орта фак­то­ры­на ерекше басым­дық береді. Оның негіз­гі объ­ек­тісі – ұйым қыз­метінің эко­ло­ги­я­лық аспек­тілері, ал мақ­са­ты – табиғи ресур­стар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну, зиян­ды әсер­ді төмен­де­ту және эко­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді басқару.

Қор­шаған ортаға әсер­ді басқа­ру түсіні­гі эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­тің өзе­гін құрай­ды. Бұл ұғым кәсі­по­рын­ның өндірістік неме­се қыз­мет көр­се­ту про­цесін­де туын­дай­тын шыға­рын­ды­лар­ды, қал­ды­қтар­ды, энер­гия мен су тұты­ну­ды бақы­лау және олар­ды азай­туға бағыт­талған шара­лар­ды қам­ти­ды. Мұн­да «алдын алу» қағи­да­ты ерекше орын ала­ды, яғни қор­шаған ортаға кел­тіріл­ген зиян­ды жою­дан гөрі, оның туын­да­уын бол­дыр­мау тиім­ді болып есептеледі.

Эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­тің эко­но­ми­ка­лық мәні қазір­гі басқа­ру тео­ри­я­сын­дағы тұрақты даму, ресур­стық тиім­ділік және стра­те­ги­я­лық менедж­мент тұжы­рым­да­ма­ла­ры­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Эко­но­ми­ка­лық тео­ри­яда табиғи ресур­стар өндіріс фак­тор­ла­ры­ның бірі ретін­де қарас­ты­ры­ла­ды (жер, еңбек, капи­тал, кәсіп­кер­лік қабілет).

Нео­клас­си­ка­лық эко­но­ми­ка­лық тео­ри­яға сәй­кес, ресур­стар шек­те­улі болған­ды­қтан, олар­ды тиім­ді пай­да­ла­ну – кез кел­ген эко­но­ми­ка­лық жүй­енің басты шар­ты. Осы тұрғы­дан алған­да, эко­ло­ги­я­лық менедж­мент ресур­стық шек­те­улі орта­да оңтай­лы шешім қабыл­да­уға бағыт­талған басқа­ру меха­низ­мі болып табылады.

Тұрақты даму тұжы­рым­да­ма­сы эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­тің эко­но­ми­ка­лық негізін қалып­та­сты­ра­ды. 1987 жылғы Брундт­ланд баян­да­ма­сын­да ұсы­ны­лған кон­цеп­ци­яда эко­но­ми­ка­лық өсім, әле­умет­тік даму және эко­ло­ги­я­лық тепе-теңдік өза­ра бай­ла­ны­сты үш ком­по­нент ретін­де қарас­ты­ры­ла­ды. Бұл модель­де эко­но­ми­ка­лық тиім­ділік эко­ло­ги­я­лық жау­ап­кер­шілік­пен үйле­суі тиіс. Демек, эко­ло­ги­я­лық менедж­мент эко­но­ми­ка­лық өсім­ді эко­ло­ги­я­лық шек­те­улер аясын­да жүзе­ге асы­ру қағи­да­сы­на сүйенеді.

Инсти­ту­ци­о­нал­дық эко­но­ми­ка тео­ри­я­сы бой­ын­ша кәсі­по­рын­дар тек пай­да табу субъ­ек­тісі ғана емес, әле­умет­тік жау­ап­кер­шілі­гі бар инсти­тут­тар болып табы­ла­ды. Қор­шаған орта­ны ласта­удан туын­дай­тын «сыр­тқы әсер­лер» (externalities) нары­қтық тепе-теңдік­ті бұза­ды. Артур Пигу ұсы­нған тео­ри­яға сәй­кес, теріс сыр­тқы әсер­лер­ді азай­ту үшін мем­ле­кет эко­ло­ги­я­лық рет­теу мен эко­но­ми­ка­лық ынта­лан­ды­ру құрал­да­рын енгі­зуі тиіс. Ал ұйым дең­гей­ін­де бұл рет­теу меха­низмдері эко­ло­ги­я­лық менедж­мент жүй­есі арқы­лы іске асады.

М. Пор­тер­дің «бәсе­келік арты­қ­шы­лық» тео­ри­я­сы да эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­тің эко­но­ми­ка­лық маңы­зын түсін­діру­ге мүм­кін­дік береді. Пор­тер гипо­те­за­сы­на сәй­кес, қатаң эко­ло­ги­я­лық стан­дарт­тар инно­ва­ци­я­лар­ды ынта­лан­ды­рып, ұзақ мерзім­де ком­па­ни­я­ның бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гін арт­ты­руы мүм­кін. Яғни эко­ло­ги­я­лық талап­тар қосым­ша шығын емес, тиім­ділік­ті арт­ты­ру­дың ката­ли­за­то­ры ретін­де қарастырылады.

Соны­мен қатар зама­на­уи кор­по­ра­тив­тік басқа­ру тео­ри­я­сын­да ESG (Environmental, Social, Governance) тұжы­рым­да­ма­сы кеңі­нен таралған. ESG фак­тор­ла­рын еске­ретін ком­па­ни­я­лар инве­стор­лар тара­пы­нан анағұр­лым тар­тым­ды деп баға­ла­на­ды. Бұл эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­тің қар­жы­лық нары­қтар­мен тіке­лей бай­ла­ны­сын дәлел­дей­ді. Халы­қа­ра­лық тәжіри­бе көр­сет­кен­дей, энер­гия тиім­ділі­гін арт­ты­ру және қал­ды­қтар­ды азай­ту бағ­дар­ла­ма­ла­ры ұйым­ның опе­ра­ци­я­лық шығын­да­рын қысқар­ту арқы­лы рен­та­бель­ділік­ті жоғарылатады.

Ресур­стық негіз­дел­ген тео­рия (Resource-Based View) тұрғы­сы­нан да эко­ло­ги­я­лық менедж­мент стра­те­ги­я­лық арты­қ­шы­лы­қтың көзі бола ала­ды. Ұйым­ның эко­ло­ги­я­лық құзы­рет­тілі­гі, инно­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­ну қабілеті және тұрақты басқа­ру тәжіри­бесі – қай­та­лан­бай­тын ішкі ресурс ретін­де қарас­ты­ры­лып, ұзақ мерзім­ді бәсе­келік арты­қ­шы­лық қалыптастырады.

Алдын алу қағидаты.

Бұл қағи­дат­тың мәні – эко­ло­ги­я­лық зиян­ды сал­да­рын жою­дан гөрі, оның туын­да­уы­на жол бер­меу тиім­ді деген тұжы­ры­мға негіз­де­леді. Яғни кәсі­по­рын қыз­метін­де эко­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді алдын ала аны­қтап, қауіп­ті фак­тор­лар­ды азай­ту шара­ла­рын қол­да­ну басым­ды­ққа ие. Мыса­лы, қал­ды­қтар­ды кей­ін өңде­уден гөрі, олар­дың пай­да болуын қысқар­ту неме­се эко­ло­ги­я­лық таза тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зу анағұр­лым тиім­ді болып сана­ла­ды. Алдын алу тәсілі шығын­дар­ды азай­тып қана қой­май, ұйым­ның эко­ло­ги­я­лық жау­ап­кер­шілі­гін күшейтеді.

Ласта­у­шы төлей­ді қағидаты.

Бұл қағи­дат эко­но­ми­ка­лық рет­теу меха­низмдерінің негізін құрай­ды. Оның маз­мұ­ны­на сәй­кес, қор­шаған ортаға зиян кел­тір­ген субъ­ект кел­тіріл­ген залал­ды өте­у­ге және табиғат­ты қал­пы­на кел­ті­ру шығын­да­рын көте­ру­ге мін­дет­ті. Аталған қағи­дат кәсі­по­рын­дар­ды эко­ло­ги­я­лық талап­тар­ды сақта­уға ынта­лан­ды­ра­ды және ласта­удың алдын алу бой­ын­ша инве­сти­ция салу­ды эко­но­ми­ка­лық жағы­нан тиім­ді ете­ді. Нәти­же­сін­де, эко­ло­ги­я­лық менедж­мент ұйым ішін­де тәу­е­кел­дер­ді азай­та­тын қар­жы­лық басқа­ру құра­лы­на айналады.

Тұрақты даму қағидаты.

Эко­ло­ги­я­лық менедж­мент тұрақты даму тұжы­рым­да­ма­сы­на негіз­де­леді. Бұл қағи­дат эко­но­ми­ка­лық тиім­ділік, әле­умет­тік жау­ап­кер­шілік және эко­ло­ги­я­лық қауіп­сіздік ара­сын­дағы тең­герім­ді сақта­уды көз­дей­ді. Ұйым қысқа мерзім­ді пай­даға ғана емес, ұзақ мерзім­ді тұрақты­лы­ққа бағыт­та­луы тиіс. Яғни бүгін­гі шешім­дер бола­шақ ұрпақтың мүм­кін­дік­теріне зиян кел­тір­ме­уі қажет. Осы қағи­дат негізін­де ұйым стра­те­ги­я­сы эко­ло­ги­я­лық талап­тар­мен үйлестіріледі.

Ресур­стар­ды тиім­ді пай­да­ла­ну қағидаты.

Бұл қағи­дат су, энер­гия, шикі­зат сияқты табиғи ресур­стар­ды үнем­ді және раци­о­нал­ды пай­да­ла­ну­ды көз­дей­ді. Эко­ло­ги­я­лық менедж­мент өндірістік про­це­стер­ді оңтай­лан­ды­ру, энер­гия тиім­ді тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зу және қал­ды­қтар­ды қай­та өңдеу арқы­лы ресур­стық тиім­ділік­ті арт­ты­руға бағыт­та­ла­ды. Ресур­стар­ды тиім­ді басқа­ру ұйым­ның опе­ра­ци­я­лық шығын­да­рын төмен­детіп, эко­но­ми­ка­лық нәти­же­лерін жақсартады.

Ашы­қтық және есеп­тілік қағидаты.

Зама­на­уи кор­по­ра­тив­тік басқа­ру­да ұйым­дар­дың эко­ло­ги­я­лық қыз­меті ашық болуы тиіс. Бұл қағи­дат эко­ло­ги­я­лық көр­сет­кі­ш­тер тура­лы ақпа­рат­ты жари­я­лау, есеп беру­лер әзір­леу және мүд­делі тарап­тар алдын­да жау­ап­кер­шілік алу мін­детін қам­ти­ды. Ашы­қтық ұйым­ның қоғам алдын­дағы сені­мін арт­ты­рып, инве­стор­лар үшін тар­тым­ды­лы­ғын күшей­те­ді. Эко­ло­ги­я­лық есеп­тілік кәсі­по­рын қыз­метінің тиім­ділі­гін баға­ла­у­ға және басқа­ру­шы­лық шешім­дер­дің сапа­сын арт­ты­руға мүм­кін­дік береді.

Үздіксіз жетіл­ді­ру қағи­да­ты (PDCA циклі).

Эко­ло­ги­я­лық менедж­мент ста­ти­ка­лық емес, үне­мі дамып оты­ра­тын жүйе болып табы­ла­ды. Бұл қағи­дат жос­пар­лау (Plan), іске асы­ру (Do), тек­се­ру (Check) және түзе­ту (Act) кезең­дері­нен тұра­тын басқа­ру цик­ліне негіз­де­леді. Ұйым эко­ло­ги­я­лық сая­сат­ты жос­пар­лай­ды, шара­лар­ды жүзе­ге асы­ра­ды, нәти­же­лерін баға­лай­ды және қажет болған жағ­дай­да түзе­ту­лер енгі­зеді. Мұн­дай жүй­елілік басқа­ру­дың тиім­ділі­гін арт­ты­рып, эко­ло­ги­я­лық көр­сет­кі­ш­тер­дің үне­мі жақ­са­руын қам­та­ма­сыз етеді.

Осы­лай­ша, эко­ло­ги­я­лық менедж­мент­тің құры­лым­дық эле­мент­тері эко­ло­ги­я­лық сая­сат­тан бастап мони­то­ринг пен жетіл­діру­ге дей­ін­гі толық басқа­ру цик­лін қам­ти­ды. Бұл жүй­елілік ұйы­мға эко­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді тиім­ді басқа­руға, ресур­стар­ды үнем­де­у­ге және стра­те­ги­я­лық тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді.

Сырым Дат

Республиканский еженедельник онлайн