Четверг , 9 июля 2026

Қазақстан ЖАҢА ДӘУІРГЕ қадам басты

Соны­мен 1995 жылы, бұры­нғы пре­зи­дент тұсын­да қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­я­ның күші жой­ыл­ды. Елі­міз­де 1 шіл­де­ден бастап жаңа Ата Заң күшіне енді. Осы­ған бай­ла­ны­сты қос пала­та­лы Пар­ла­мент өз жұмысын тоқтат­ты. Осы­лай ел екі айлық өтпе­лі кезең­ге өтті. Бұл мерзім ішін­де қажет болған жағ­дай­да заң­дар­ды заң күші бар Пре­зи­дент Жар­лы­қта­ры арқы­лы неме­се Кон­сти­ту­ци­яда көз­дел­ген жағ­дай­лар­да Үкі­мет­тің уақыт­ша қаулы­ла­ры арқы­лы қабыл­да­уға болады.

Алдағы екі айда Бас про­ку­рор, Ұлт­тық банк төраға­сы, Жоғарғы сот төраға­сы, Жоға­ры сот кеңесінің төраға­сы, Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі уәкіл тағай­ын­да­лып, жаңа бір пала­та­лы Пар­ла­мент – Құры­л­тай сай­ла­уы өткізілуі тиіс.

Мем­ле­кет Бас­шы­сы осы­ған бай­ла­ны­сты кеше тиісті Жар­лы­ққа қол қой­ып, оның нақты өтетін күнін де бел­гіледі. Бұл – Жаңа Қаза­қстан­ның жаңа тарихын парақтай­тын, мем­ле­кеті­міздің еге­мен­ді­гін бекем­дей түсетін тағ­дыр­лы шешім! Бұл – тек сая­си науқан емес, бұл – баба­лар аңсаған ашық қоғам мен әділет­ті мем­ле­кет құру жолын­дағы тари­хи бұрылыс!

Пре­зи­дент Жар­лы­ғы – елдің ертеңіне, жас ұрпақтың жарқын бола­шағы­на жасалған батыл әрі жасам­паз қадам. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның бұл қада­мы халы­қтың өз тағ­ды­рын өзі айқын­да­уға деген еркін­ді­гі мен ел тіз­гінін сеніп тап­сы­рар аза­мат­та­рын ірік­теу үшін үлкен мүм­кін­дік. Құры­л­тай – ежел­ден ел тағ­ды­ры шешілетін, ұлт­ты ұйы­сты­ра­тын қаси­ет­ті мін­бер. Енді бұл дәстүр зама­на­уи демо­кра­ти­я­лық сипат алып, әрбір қаза­қстан­ды­қтың үніне құлақ түрудің озық үлгісіне айналмақ.

Соны­мен бір­ге, бұл сай­лау – рухы биік, ұлтын сүй­етін әрбір аза­мат үшін үлкен сын әрі пер­зент­тік парыз. Ел бола­шағы­на бей­жай қара­май­тын, жүре­гі «елім» деп соққан әрбір отан­да­сы­мыз бұл үдеріс­ке бел­сене қаты­суы тиіс. Біз бір­лі­гі­міз бен ынты­мағы­мы­зды көр­се­ту арқы­лы ғана сыр­тқы сын-қатер­лер­ге төтеп беріп, ішкі тұрақты­лы­қты сақтай аламыз.

Осы­лай 2026 жылғы 1 шіл­де­ден бастап, тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихы­ның жаңа дәуірі бастал­ды. Бұй­ырт­са, Құры­л­тай сай­ла­уы 2026 жыл­дың 23 тамы­зын­да өтеді.

– Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­мы­здың заң­ды күшіне енуі – бүкіл елі­міз үшін айры­қ­ша маңы­зды оқиға. Біз сая­си-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­дың, ауқым­ды өзгерістер­дің және қарқын­ды даму­дың даңғыл жолы­на түсе­міз. Осы ерекше күн елі­міздің бүкіл сая­си жүй­есін, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тің және аза­мат­тық қоғам­ның негіз­гі инсти­тут­та­рын түбе­гей­лі жаңғыр­ту кезеңі басталға­нын аңғар­та­ды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мем­ле­кет бас­шы­сы елдің бір­лі­гі мен Кон­сти­ту­ция қағи­дат­та­ры­на сүй­ене оты­рып, Әділет­ті Қаза­қстан­ды қалып­та­сты­ру мақ­са­тын тағы бір мәр­те мәлімдеді.

– Нағыз Халық Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның мызғы­мас құқы­қтық негізіне арқа сүй­еп, бар­лық мақ­сат-мұрат­та­ры­мы­зға мін­дет­ті түр­де жете­міз. Заң мен Тәр­тіп, Еңбексүй­гі­штік пен Өрлеу, Таза­лық пен Табиғат­ты аялау сын­ды жасам­паз­дық құн­ды­лы­қта­рын қоғам­да берік орны­қты­ра­мыз. Бұған еш күмәнім жоқ. Біз бір­лі­гі бекем, бір­тұ­тас ұлт ретін­де әлем­дік өрке­ни­ет­тің шыңын бағын­ды­рып, бар­шаға бір­дей мүм­кін­дік беретін және бар­лық аза­мат­тың жан-жақты дамуы­на жол аша­тын мем­ле­кет­ті – Әділет­ті Қаза­қстан­ды құра­мыз! Қастер­лі Ота­ны­мы­зды көр­кей­ту жолын­дағы жос­пар­ла­ры­мы­зды ойдағы­дай орын­дай­мыз. Мен бұған кәміл сене­мін! – деді Президент.

Ләй­ім, солай болғай!

Дәл осын­дай ізгі ниет­тен туса — нұр үстіне нұр, Құры­л­тай тек пар­ти­я­лық жүйе арқы­лы қалып­та­са­тын­ды­қтан, сай­лау қар­саңын­да елі­міз­де­гі дер­лік бар­лық пар­ти­я­лық кең­се­лер­ді қауырт тір­лік­тің ыстық жалы­ны шар­пы­ды. Бүкіл ел бой­ын­ша тарих­та бұрын-соң­ды бол­маған бет­бұры­стар – “ауыр сал­мақтағы” сая­сат­кер­лер­дің пар­ти­я­лар бас­шы­лы­ғы­нан өз еркі­мен жап­пай кетуі және осы сая­си ұйым­дар­дың көш­бас­шы­лы­ғын заман тала­бы­на сай жаңғыр­ту үдерісі қарқын­ды жүріп жатыр.

Бұл тұрғы­да ең алды­мен жаңа сая­си бір­ле­стік — “Әділет” пар­ти­я­сы құры­лып, ол тіп­ті AMANAT пар­ти­я­сын өзіне қосып алға­нын атап айтқан жөн. Бұл тіп­ті биы­лғы жыл­дың ең сен­са­ци­я­лық және тари­хи жаңа­лы­ғы десек, артық емес шығар. Осы­ған бай­ла­ны­сты өз өкілет­ті­гін тоқтатқан Мәжіліс пен «Әділет­ке» қосы­лған AMANAT-тың бұры­нғы төраға­сы Ерлан Қошанов:

­– Біз уақыт тала­бы­на, мем­ле­кет мүд­десіне және қоғам сұра­ны­сы­на сай келетін қадам жаса­уы­мыз керек. Бүгін­де елі­міз бөлі­ну­ге емес, бірі­гу­ге ұмты­луы қажет. Сон­ды­қтан осы жау­ап­ты кезең­де өз ресур­ста­ры­мы­зды жаңа сая­си күш – “Әділет” пар­ти­я­сы­на қосуы­мыз керек. Бір­тұ­тас пре­зи­дент­тік бағыт­тағы сая­си күш құра­мын­да Әділет­ті әрі Про­грес­сив­ті Қаза­қстан­ды бір­ге құру­ды жалға­сты­ра­мыз. Біз өз қағи­дат­та­ры­мы­здан, ұста­ным­да­ры­мы­здан және иде­я­ла­ры­мы­здан бас тарт­пай­мыз. Керісін­ше, олар­ды одан әрі күшей­тіп, мүм­кін­дік­терін кеңей­тіп, жаңа даму дең­гей­іне көте­ре­міз, – деген еді.

Әділет” пар­ти­я­сы­ның төраға­сы – Пре­зи­дент Әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бұры­нғы бірін­ші орын­ба­са­ры Айбек Дәдебай.

Айт­пақ­шы, күні кеше ғана Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­мен оның орны­на бұры­нғы Мем­ле­кетік кеңес­ші Ерлан Карин тағайындалды.

Екін­ші өзгеріс, мұны да күт­пе­ген жайт деу­ге бола­тын шығар, “Ақ жол” пар­ти­я­сын­да орын алды. Бұл да елді елең еткізді. Оны 15 жыл бойы үзіліс­сіз, асқан шебер­лік­пен басқа­рып кел­ген Азат Перу­а­шев өз өкілет­ті­гін тоқта­та­ты­нын мәлім­деп, қоғам­ды таң-тама­ша етті. Сая­сат­кер бұл батыл шеші­мін тек сая­си эли­та­ны жаңар­туға, жастарға жол ашуға деген қамқор­лы­қ­пен және пар­тия ішін­де­гі моно­по­лизммен күре­су қажет­тілі­гі­мен дәйектеді.

 — Бүгін­де біз өмір шын­ды­ғын түбе­гей­лі өзгер­тетін ұлы оқиға­лар ағы­нын­да тұр­мыз. Бірақ моно­по­лия жаңа­руға кедер­гі кел­тіруі мүм­кін. Ал, моно­по­ли­яға қар­сы ең тиім­ді шара – бас­шы­лы­қтың мерзім­ді түр­де ауы­сып тұруы! Сон­ды­қтан, өз іші­міз­де тұй­ы­қта­лып қал­мау және жаңа иде­я­лар мен жасам­паз сер­пін­ді теже­меу үшін мен пар­тия төраға­сы өкілет­ті­гін кері тап­сы­руға шешім қабыл­да­дым, – деді Перу­а­шев. Пар­ти­я­ның жаңа төраға­сы болып, бұры­нғы Мәжі­жіліс төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Дания Еспа­е­ва сайланды.

Үшін­ші өзгеріс, “Ауыл” пар­ти­я­сы бас­шы­сы­ның ауы­суы. Ұйым­ды үш жыл­дай басқарған Серік Егіз­ба­ев бір­ле­стік­тің одан әрі сер­пін­ді дамуы мен жарқын бола­шағы үшін төраға­лы­қтан кететінін баса айтып, өз еркі­мен өкілет­ті­гін тапсырды.

 — Қазір­гі тари­хи сая­си шақ бар­лық про­грес­сив­ті күш­тер­ден кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма бары­сын­да нақты бел­гі­лен­ген жаңғы­руға деген қоғам­ның үлкен сұра­ны­сы­на лай­ы­қты әрі жоға­ры дең­гей­де жау­ап беруді талап ете­ді. Бұл үшін жаңар­ты­лған сая­си жүй­е­де тиім­ді жұмыс істе­уді үйреніп, аграр­лық және әле­умет­тік күн тәр­тібіне мүл­дем жаңа, соны тәсіл­дер енгі­зу қажет, – деді Егізбаев.

Оның орны­на Қай­рат Айтуға­нов пар­тия төраға­сы болып сай­лан­ды. Ол — аграр­лық сек­тор­да, мем­ле­кет­тік басқа­ру сала­сын­да және отан­дық ғылым­да 40 жыл­дан астам үлкен жұмыс тәжіри­бесі бар, елге таны­мал кәсі­би сарапшы.

Төр­тін­ші өзгеріс, Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы­ның бас­шы­лық құра­мы толы­ғы­мен жаңар­ды. Соңғы үш жыл бойы пар­ти­я­ны өзін­ше өрге сүй­ре­у­ге тыры­сқан Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев қыз­меті­нен кет­ті. 27 мау­сым­да Аста­на­да өткен кезек­тен тыс съез­де деле­гат­тар біра­уы­здан Нұр­сұл­тан Шоқа­но­вты ҚХП-ның жаңа төраға­сы етіп сайлады.

Бүгін­де Қаза­қстан­ның пар­ти­я­лық жүй­есін­де ресми түр­де 7 сая­си пар­тия тір­кел­ген: бұлар – “Әділет”, “Ақ жол”, ҚХП, “Ауыл”, ЖСДП, Respublica және “Бай­тақ” жасыл­дар пар­ти­я­сы. Бұл сая­си ұйым­дар­дың бар­лы­ғы алдағы Құры­л­тай сай­ла­у­ы­на қаты­са­ты­ны күмән­сіз. Бірақ, қай пар­ти­я­ның қан­ша ман­датқа ие бола­ты­нын сай­ла­у­шы­лар­дың қаты­су бел­сен­ділі­гі мен нақты таң­да­уы айқын­дай­ды. Қалай деген­де де бұл сай­лау бұры­нғы­лар­дан өзге­рек болай­ын деп тұр.

Ең басты­сы, ниет түзу, мақ­сат айқын болып, бар­лы­ғы да өздері түсін­діріп жатқан­дай, уақыт тала­бы, мем­ле­кет мүд­десі және қоғам сұра­ны­сы­на сай адал да ашық, жау­ап­ты да нәти­желі қыз­мет етсе болғаны!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн