Арыста АПАТ болды?

  • 6 тамызда Арыс қаласының темір жол стансасында жүк пойызында металл контейнерде сары фосфор жанған еді. Осы апатқа байланысты ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізілді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«06.08.2021 жылы сағат 17:20-да Арыс станциясының платформасында сары фосфоры бар жүктің жануына байланысты, «Қазгидромет» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының мониторинг зертханасы жоспардан тыс іріктеу және атмосфералық ауа сынамаларын анализдеу үшін Арыс қаласына барды. Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак. Өлшеу 6 нүктеде жүргізілді», – делінген хабарда.

Хабарда анықталғандай, өлшеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. Радиациялық фонның деңгейі норма шегінде, деп хабарлаған еді ҚазТАГ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жағдай шынында да қалыпты ма, фосфордың жану салдарынан пайда болған улы ауаның тарауынан адам өміріне қауіп жоқ па? Осы сұрақтарға орай белгілі жергілікті қайраткер-блогер Ілесбек Байжанов өзінің Фейсбук парақшасында жағдайға төмендегідей сипаттама берді (қаз-қалпында):

Темір жолмен аса қауіпті, яғни химиялық, және тез жанатын мұнай өнімдерін, жарылғыштық қаупі бар сұйытылған газ бен радиациялық жүктерді тасымалдау және сақтау ережелері бар. Мынау қой бағуға жарамайтын, бірақ тыраштанған, қолдарынан пасықтық пен арамдықтан басқа түк келмейтін, дүниеқоңыз, мансапқор, уызынан жарымаған, тексіз сұмырайлар билігі Қазақстанды соңғы жылдары быламыққа айналдырып жіберді?! Нағыз өз ісінің қас шеберлері, білікті де, білімді, шындықты бетке айтатын өндіріс пен аса маңызды стратегиялық саладағы мамандар жаппай жекелендірудің нәтижесінде қудаланды, шетел асты, сотталды?! Ит орнына шошқа үрген, қыран орнына – қарға-құзғындар, арыстан орнына қабандар келген заман болды?! Халқымыздың жағдайы осы сұмдардың арқасында қандай болғанын көзіқарақты азаматтарымыз бағамдап та отыр! Дәуір ауар кездің елең-алаңын пайдаланған арамдар мен жылпос, дардан қашқандар билікті 1994 жылы басып алғаны да көпке белгілі?! Міне соның нәтижесі!

Құдай сақтап, сол күні Арыс қаласында жел тұрып, қала сыртына айдап кетті улы түтінді! Болмаса, мұның ауыр зардабын тіптен көзге елестету де қиын! Жалпы айтқанда, Шымкент, Арыс сияқты қазан шұңқырда орналасқан қалалардағы темір жол бекеттерінен аса қауіпті химиялық және радиациясы өте жоғары жүктер транзитпен тоқтамай өтулері керек! Сары фосфор нағыз химиялық қарудың шикізаты! Өзі десе де болады?! Фосфор судың астында сақталуы тиіс еді.

 Бұл жерде кінәлі – өнім шығарған зауыт! Және бұл аса қауіпті тауарды қабылдаған, ережені бұзған – тасымалдаушы экспедитор мен ҚТЖ! Бұл аса маңызды стратегиялық сала да ішінара жекелендіруге ұшыраған! Кінәлілер – Назарбаев пен оның компаниясы?!

Қай саланы алсаң да елде бардак! Бұларды түгел ауыстыру керек! Бұлардан енді түк шықпайды! Билік жаппай жүйелік тоқырауға және жазылмайтын сал ауруына ұшыраған?! Ем қонбайды бұларға?! Ауыстыру керек, бұл тексіздерді, әзірге бүкіл елді күйретіп жібермей тұрғанда!».

Біз Арыстағы өрттің салдарынан жергілікті жерде экологиялық апат қанша мөлшерде орын алғанын газеттің алдағы сандарының бірінде хабарлайтын боламыз. Бұл жөнінде газет редакциясына қосымша ақпар берем деген азаматтар 8-777-493-83-83 қалтафонына хабар жолдай алады.

ДАТ-ақпарат.

Лукашенко тақырға ТАЗА ОТЫРДЫ

Ұлыбритания Тимановская (Токио олимпиадасында Белорусь делегациясының басшылығынан қысым көрген – ред.) үшін Лукашенко режиміне санкция салды. Әрине, Тимановская бұл жерде сылтау ғана, Лукашенконың диктаторлық режиміне Батыс елдері санкция салуды көптен бері ойластырып жүрген. Оның райынан қайтпайтыны әбден белгілі болғаннан кейін, енді Батыс шындап кіріскен сыңайлы. Бұл санкцияларды нағыз тозақтың өзі деуге болғандай.

Сонымен:

* Беларусь авиакомпаниялары енді Британия үстімен ұша алмайды. Сондай-ақ Лукашенконың жеке ұшақтарына да техникалық қызметтер көрсетілмейді.

* Калий тыңайтқыштары, мұнай өнімдері, қос мақсатты тауарлар, басқа да Лукашенко режиміне табыс әкелетін өнімдермен саудаға тыйым салынды.

* Құнды қағаздар нарығы, басқа да Беларусь шығарған акциялар, т.с.с. кредиттер беру тоқтатылды.

* Сақтандыру нарығына – тыйым, қару-жарақ саудасына – эмбарго.

* Белгілі ресей олигархы Михаил Гуцериевке санкция салынды. Ол Беларусьтің жеке инвесторы, Лукашенконың жан жолдасы.

Дәл осындай санкцияны Канада үкіметі де салды. Синхрондылықты және ынтымақтастықты сақтау үшін.

Тура осындай санкцияны АҚШ та салды, тіпті ол одан әрі кетті. АҚШ Қаржы министрлігі Беларусь Олимпиадалық комитетіне, Беларусь тергеу органдарына және Беларуське валюта түсіріп тұрған “Беларуськалий” компаниясына санкция салды. Бұл компания Лукашенко режимінің заңсыз байлық көзі болып келеді.

Сондай-ақ арасында “Абсолютбанк” бар тағы да 15 компания санкция тізіміне ілінді, онда табак өндірісі, құрылыс, энергетика, транспорт компаниялары бар. Беларусь мемлекеттік компанияларының АҚШ-тағы барлық активтері бұғатталды. Сондай-ақ 23 жеке тұлға, 21 заңды тұлға да бар. Бұл жөніндегі Байденнің Жарлығы осылардың арасында ресейлік компаниялардың болуын да қарастыра кетеді, яғни олар да санкцияға ілініп жатса оған Жарлық мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Ендігі кезек Еуропалық Одақта!

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн