Четверг , 18 июня 2026

«Жаңа олигархтар»: ОЛАР КІМДЕР?

Соңғы бір жыл­да Қаза­қстан­ның биз­нес кеңісті­гін­де бұрын-соң­ды бол­маған үрдіс бай­қа­лу­да. 35 жастағы кәсіп­кер Шах­мұрат Мүтәліп қысқа уақыт ішін­де ел эко­но­ми­ка­сын­дағы бірқа­тар стра­те­ги­я­лық актив­тер­ді сатып алып, ірі мәміле­лер­дің басты фигу­ра­сы­на айналды.

Оның соңғы әрі ең көп талқы­ланған қада­мы – ERG-дегі үле­сті сатып алу жөнін­де­гі келісім. Бұған дей­ін ол «Алты­нал­мас» ком­па­ни­я­сын иеленіп үлгер­ді. Қазір нары­қта «Қаз­цинк­ке» қаты­сты келіс­сөз­дер жүріп жатқа­ны тура­лы ақпа­рат тара­уда. Осы мәміле­лер­ден кей­ін Шах­мұрат Мүтәліп Қаза­қстан­ның ең бай адам­да­ры­ның қата­ры­на еніп, Forbes рей­тин­гісін­де 22-оры­нға шықты.

Бір­не­ше жыл­дың ішін­де емес, бір­не­ше айдың ішін­де мұн­дай қар­жы­лық сер­піліс қалай мүм­кін бол­ды? Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның маңы­зды сек­тор­ла­ры бір адам­ның неме­се бір топ­тың қолы­на шоғыр­ла­нуы нені біл­діреді? Бұл еркін нары­қтың нәти­же­сі ме, әлде билік пен капи­тал ара­сын­дағы жаңа келісім­дер­дің көрінісі ме?

Тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихын­да біз бір­не­ше буын оли­гарх­тар­дың пай­да болып, кей­ін ықпа­лы­нан айы­ры­лға­нын көр­дік. Бірақ оли­гарх­тар­дың жиі ауы­суы эко­но­ми­каға қалай әсер ете­ді? Инве­стор­лар үшін бұл қан­дай сиг­нал? Мен­шік құқы­ғы­ның тұрақты­лы­ғы сақта­ла ма? Әлде бұл елде­гі эко­но­ми­ка­лық ресур­стар­дың кезек­ті қай­та бөлі­нуінің бел­гісі ме?

Бұл про­це­стер­дің артын­да қан­дай сая­си және қар­жы­лық күш­тер тұруы мүм­кін? Қаза­қстан­да жаңа эко­но­ми­ка­лық эли­та қалып­та­сып жатыр ма? Оның мем­ле­кет­пен қарым-қаты­на­сы қан­дай болады?

Осы және өзге де күр­делі сұрақтарға жау­ап іздеу үшін, «Ұлы­сме­ди­а­ның» бас редак­то­ры Самал Ибра­е­ва талқы­лау өткізді. Оған қаты­сқан жур­на­лист әрі сарап­шы Мөл­дір Бақыт пен қар­жы нары­ғы­ның мама­ны Бауы­р­жан Мұқа­нов тәу­ел­сіз ойла­рын айтып, соңғы жыл­дар­дағы сая­си-эко­но­ми­ка­лық өзгерістер­ге шолу жаса­ды. Әріп­тесі­міздің сұрақта­ры­на жау­ап бере оты­рып, қос сарап­шы ­– тек жеке кәсіп­кер емес, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның бола­шағы, стра­те­ги­я­лық актив­тер­дің тағ­ды­ры және елде­гі капи­тал­дың жаңа архи­тек­ту­ра­сы тура­лы өз ойла­рын білдірді.

Сарап­шы Мөл­дір Бақыт­тың айтуын­ша, елі­міздің оли­го­по­ли­я­сын­да үлкен тек­то­ни­ка­лық өзгерістер болып жатыр. Өкініш­ке қарай, біздің қоғам түк­ке тұр­май­тын шулы оқиға­лар­дың аясын­да маңы­зды оқиға­лар­ды жіберіп ала­ды. Қазір­гі кез­де бұры­нғы оли­гарх­тар­дың орнын жаңа адам­дар басып жатыр. Бұл үдерістің өте жай, соны­мен бір­ге ың-шың­сыз өтіп жатқа­ны жұрт­шы­лы­қты таңқал­ды­ра­ды. Мыса­лы, Тұр­сын Ала­гө­зо­втың «Цес­на Асты­қты» алуы. Оған 40 жыл бойы иелік етіп, оны бала­сын­дай мәпе­ле­ген Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков үлкен ком­па­ни­я­ны қалай ғана бір күн­де және қан­шаға бере салды?!

Сол сияқты тау-кен сала­сын­дағы үлкен өзгеріс – Шах­мұрат Мүтәліп­тің ERG-дің ең ірі акци­о­нерінің бірі ата­нуы, мұны 1,4 млрд дол­ларға сатып ала­ды деген сыбыс тара­ды, бірақ ресми айты­лған жоқ. Ол бұдан бұрын «Алты­нал­ма­сты» 100 пай­ыз алды. Сон­дай-ақ «Қаз­цинк­ке» бай­ла­ны­сты келіс­сөз­дер жүр­гізіп жатқа­ны айтылуда.

Жал­пы, Шах­мұрат Мүтәліп кім? Ол 2020 жылы «Инте­гра» ком­па­ни­я­сы­на дирек­тор болып келеді де, 2023 жылы құры­л­тай­шы атанады.

«Инте­гра» – ҚТЖ-ның тен­дер­лері негізін­де үлкен инфрақұры­лым­дар, темір­жол­дар салып, мем­ле­кет­тен қар­жы алып оты­рған ком­па­ния. Қалай деген­де де, ол тау-кен сала­сын­да ірі оли­гар­хқа айна­лып келе жатқа­ны анық бай­қа­ла­ды. Бірақ кей­бір сарап­шы­лар Шах­мұрат Мүтәліп өткін­ші адам деген пікір айта­ды. Мыса­лы, «Алты­нал­мас» бұрын Тимур Құлы­ба­ев­тың иелі­гін­де болған. 2017 жылы ол оны басқа біре­у­ге сат­ты неме­се басқа­руға бер­ді десек те, бәрібір бұл кен орны­ның бұры­нғы қожай­ы­ны жай және осал адам емес. ERG де солай. Ол қан­ша жыл мем­ле­кет­тен қар­жы алған­мен, өндірісті дамы­туға инве­сти­ция сал­маған, қирап жатқан, қары­зға батқан компания.

Екін­ші жағы­нан, Шух­рат Ибра­ги­мов басқарған бұл ком­па­ния өткен жылы мем­ле­кет­ке рекорд­тық дең­гей­де диви­денд төле­ген. Соған қараған­да, жағ­дай аса мүш­кіл де емес, бірақ қоға­мға солай түсін­діріліп отыр. Кей­бір сарап­шы­лар оны тіріл­ту, аман сақтап қалу үшін, билік Шах­мұрат Мүтәліп­тің «банк­рот алдын­да тұрған» ком­па­ни­я­ны сатып алуы­на амал­сыз барып отыр деген болжам айта­ды. Ол келе­шек­те басқа, айта­лық, қытай­лық инве­стор­дың келуіне жағ­дай жасап жатқан тұлға болуы мүм­кін. Оны қан­ша жер­ден стра­те­ги­я­лық нысан десек те, «Қаз­цинк­тің» де 70 пай­ы­зы швей­ца­ри­я­лық Glencore үлесін­де емес пе!.. Оның үстіне ERG де Люк­сем­бург­те тір­кел­ген… Бұл екі ком­па­ния да өздері өндіретін шикі­затты Ресей­ге сата­ды, кей­бір өнім­дер­ді сатып ала­ды. Ал бұл ел ­­– санк­ци­яда. Сон­ды­қтан осы құр­са­уы­нан шыға­рып алу үшін, олар­ды Қаза­қстанға қай­та­рып алу қажет дей­ді. Акци­о­нер сол себеп­ті де ауы­суы мүмкін.

Сарап­шы Бауы­р­жан Мұқа­нов капи­тал­дың біре­уден-біре­у­ге ауы­суы ­– қалып­ты жағ­дай, бірақ ол ашық болуы қажет дей­ді. Мыса­лы, Қыры­қ­ба­ев­тың бүгін­ге дей­ін­гі бай­лы­ғы «Қаза­қ­мыстың» жар­ты­сын алуға де жет­пей­ді. Әлде ол несие алды ма? Оны да алу оңай емес, кепіл­зат керек! Оның айтуын­ша, жаңа бай адам­дар­дың пай­да болуы 2022 жыл­дан бастал­ды. Сол кез­де «Форб­стағы» ең ықпал­ды 50 кәсіп­кер­дің 17-сінің орны­на жаңа тұлға­лар кел­ді. Бұл – нары­қтық жол емес, қол­мен басқа­ры­ла­тын капи­тал­ды қол­мен үле­сті­ру. Жаңа Қаза­қстан­да жаңа кәсіп­кер­лер­дің бұлай келуі дұрыс емес! Бұл жер­де мен­шік­ті бөлі­судің бел­гілері бар.

Пре­зи­дент ауы­сқан сай­ын оли­гарх­тар ауы­са бер­се – біз бір орын­да тап­тап тұра бере­міз. Қазір түсінік­ті ойын ере­же­сі жоқ, біре­уден-біре­у­ге өткен актив тағы үшін­ші біре­у­ге өтуі мүм­кін. Сон­ды­қтан қар­жы­сын өндіріс­ке сал­май, қол­дан кел­се қоны­штан басқы­сы келіп тұра­ды. Ал егер түсінік­ті, ұза­қ­мерзім­ді заң бол­са, кез кел­ген кәсіп­кер қолын­да бар қар­жы­сын реин­ве­сти­ция жаса­уға ұмты­ла­ты­ны анық.

«Инте­гра» бұрын кім­нің иелі­гін­де еді? Ол – Адил­жан Шоди­ев­тің мен­ші­гін­де бол­ды. 2022 жылы Шоди­ев­ке қыл­мыстық іс қозға­лып, 10 жылға сот­та­лып кете жаз­да­ды. Сол кез­де ол шар­тты түр­де жаза­ла­нып, бір жыл­дан кей­ін ком­па­ни­я­ны Шах­мұрат Мүтәліп­ке бере сал­ды. Оның қан­шаға, қалай саты­лға­ны аны­қтал­маған­ша, нақты дерек көр­сетіл­ме­ген­ше, біз осы­лай «бере сал­ды» деп айтуы­мы­зға бола­ды. Осы­лай ол «Алты­нал­ма­стың» да, «Қаз­цинк­тің» де иесі болып шыға келді.

ERG-де бұрын Маш­ке­вич, Ибра­ги­мов, Шоди­ев және мем­ле­кет­тің үлесі бол­ды. Негізін­де ол осы құры­л­тай­шы­лар­дың біре­уіне, атап айтқан­да, Ибра­ги­мов­ке саты­луы керек еді. Бірақ ең басты мәсе­ле мұн­да емес, мәмі­ленің ашы­қты­ғын­да! Шах­мұрат Мүтәліп ақша­ны қай­дан алды және актив­тер­ді қан­шаға сатып алды?

Бауы­р­жан Мұқа­но­втың айтуын­ша, мем­ле­кет­тің қаты­суы бар жер­де құпия деген бол­мауы керек, мем­ле­кет деген – халық. Ал біз­де ком­мер­ци­я­лық құпия дей­ді де, бәрін жаба сала­ды. Бұл – бір. Екін­ші­ден, мино­ри­тар­лық акци­о­нер­лері бар ком­па­ни­я­лар­да ком­мер­ци­я­лық құпия деген бол­май­ды, олай бол­са, сол шағын акци­яға ие акци­о­нер­лер­дің құқы бұзы­ла­ды. Ком­мер­ци­я­лық құпия деген тек өзге ешкім­нің – мем­ле­кет­тің де неме­се басқа ком­па­ни­я­лар­дың да қаты­сы жоқ жеке кәсіп­кер неме­се тұлға­ның ара­сын­да ғана бола­тын дүние. Біз­де бәрін соған әкеп бай­лап қояды, біз соған алданамыз.

Бұл жер­де мем­ле­кет­тің қаты­сы болуы мүм­кін. Өйт­кені егер Ибра­ги­мов Шоди­ев­ке тиесілі үле­сті сатып алса, оның жиын­тық үлесі 60 пай­ыз бола­тын еді. Сон­ды­қтан бір адам­ды күшей­тіп жібер­меу үшін де, мем­ле­кет осын­дай қада­мға барған шығар?!

Талқы­ла­у­ға қаты­сқан сарап­шы­лар неге біздің қоғам осы Шах­мұрат Мүтәліп­ті қол­да­ры­на «шам алып» талқы­лап жатыр, неге Тимур Тур­лов, Арты­қ­ба­ев неме­се басқа біре­удің бай­лы­ғын, кәсібін, табысын әңгі­ме етпей­ді деген ойды айтып, мүм­кін, енді­гі кезек­те Арты­қ­ба­ев тұрған шығар десті.

Ең басты­сы – сарап­шы­лар «Қаза­қстан­дағы жаңа оли­гарх­тар: олар кім­дер?» деген сұрақ пен оли­гарх деген сөздің мағы­на­сын, оның қоғам­дағы рөлін біраз айқын­дап бер­ді. Бауы­р­жан Мұқа­но­втың түсін­діруін­ше, оли­гарх дегені­міз ­– мем­ле­кет­тік билік­ке ықпал ететін шағын топ­тың өкілі. Мем­ле­кет бас­шы­лы­ғы тіп­ті өз билі­гін олар­мен ымы­ра­ла­са оты­рып жүр­гі­зуі мүмкін!

Иә, 2022 жылғы қан­ды Қаңтар оқиға­сы­на дей­ін біздің елде осы­лай бол­ды. Бай-бағлан­дар билік­пен әбден ара­ла­сып, оны өз айтқан­да­ры­на көн­діретін жағ­дай­ға жет­ті. Қоғам­да оли­гар­хия, оли­го­по­лия үстем­дік етті. Бірақ ол қара­пай­ым тұрғын­дар­дың, жал­пы қоғам­ның жағ­дай­ы­ның жақ­са­руы­на қыз­мет етпе­ді. Бүкіл ел бай­лы­ғы­ның 55 пай­ы­зын 162-ақ адам неме­се ел тұрғын­да­ры­ның 0,001 пай­ы­зы ием­деніп алды. Халық әбден кедейленді!

Бүгін­гі жағ­дай да аса мәз емес, қыза­нақтың келісі – 500, еттің баға­сы – 5000 тең­ге­ге жет­ті. Бар­лық нәр­се қым­бат. Қара­пай­ым тұрғын­дар күн­делік­ті азық-түлік­тің өзін қат­ты үнем­дей баста­ды. Осын­дай жағ­дай­да пай­да болып жатқан жаңа оли­гарх­тар­дан елге пай­да бар ма? Әйгілі Әйте­ке бидің: «Бай бол­саң – халқы­ңа пай­даң тисін, батыр бол­саң – жауы­ңа най­заң тисін!» ­– дегенін­дей, олар ел эко­но­ми­ка­сын дамы­тып, өндірісін өркен­де­ту­ге, әле­умет­тің аху­а­лын жақ­сар­туға үле­стерін қоса ма, жоқ па ­– міне, басты сұрақ осы!

Сарап­шы­лар­дың ортақ ойы ­– қан­дай кәсіп­кер, қан­дай айлық иесі бол­са да, олар ең алды­мен ел қазы­на­сы­на тиісті салы­ғын түсіріп, биз­несін ашық жүр­гі­зуі тиіс! Кез кел­ген келісім­ді «ком­мер­ци­я­лық құпия» деп жабық жүр­гізіп, табысты халы­қтан жасы­ру ­– заң­на­маға, демо­кра­ти­я­лық талап­тарға, мем­ле­кет­тің бүгін­гі ұста­ны­мы­на қайшы!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн