Қазіргі таңда цифрлық даму мен жаһандану адамзат өмірін түбегейлі өзгертіп, технологиялық төңкеріс пен шекарасыз мүмкіндіктер сыйлады. Алайда, мұндай дамудың көлеңкелі тұстары да кездесті және олар да дамуын тоқтатпауда. Қазіргі таңда мемлекет қауіпсіздігі мен тұрақтылығына нұқсан келтіретін ең ауыр кеселдер — экстремизм, терроризм, және есірткі бизнесі жаңа цифрлық сипатқа ие болды. Желі бұл қауіптерді бір бірімен байланыстырып, біріктіре бастады. Бұрыңғыдай бұл қауіптер бөлек бөлек өмір сүрмейді. Олар интернеттің тасасында бір-бірімен бірігіп, трансұлттық қылмыстық желіге айналды. Осыған орай қазіргі таңның ең өзекті мәселесі ол бұл кеселдердің жаһандық желі (Интернет, Даркнет) мен криптотехнологиялар арқылы күш біріктіруі.
Жаңа майдан: Әлеуметтік желі және сананы улау
Бұрын экстремисттік және террористтік ұйымдар өз идеологияларын үгіт насихат арқылы жүргізіп, қарқын баяу болса, қазір басты майдан әлеуметтік желілер мен жабық мессенджерлерге ауысып, қарқын еселене түсті. Аталмыш радикалды топтар мен ұйымдар өз психологиялық және эмоционалды айла тәсілдерді жетік меңгерген. Олар ең басты нысан етіп әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тап болған, өмірден өз орнын таба алмай жүрген жастарды алады.Жақында ғана қолданысқа еңген жасанды интеллект алгоритмдерін теріс мақсаттарда қолдану арқылы, экстремистер өз контентін нақты мақсатты аудиторияға бағыттайды. Бұл — мемлекеттік шекара танымайтын, идеологиялық вирус іспетті қауіп. Осының салдарынан санасы уланған азаматтардың ел ішіндегі тұрақтылықты бұзу, радикализмнің ошағына айналдыру қаупі туындайды.
Есірткі бизнесінің «синтетикалық» дамуы
Бұндай идеологиялық ұйымдар өзін өзі қаржыландыру мақсатында әрқашан табыс көздерін іздейді және олар заңсыз түрде орын алады. Осыған орай терроризммен мен есірткі бизнесінің одағы пайда болады. Технологиялық жаһандану заманында өсімдік тектес есірткілердің орнын арзан әрі қауіпті синтетикалық заттар басты. Оларды тарату жүйесі толығымен цифрландырылған. Түрлі «Телеграм-боттар», интернет-дүкендер және Даркнет (интернеттің жасырын бөлігі) арқасында есірткі саудасы ешқандай тікелей байланыссыз, жасырын түрде жүзеге асады. Бұл есірткі саудасы тек ден саулыққа қауіп төндірмейді, ол ұйымдасқан қылмыс пен экстремизмді миллиардтаған доллар көлеміндегі заңсыз табыспен қамтамасыз ететін үлкен қаржылық қозғалтқыш.
Көлеңкелі қаржы және криптобелсенділік
Осындай қылмыстық ұйымдардың барлығын суарып, қуаттандырып отыратын басты тамыр ол сыбайлас жемқорлық пен заңсыз ақша ағымдары. Терроризмді қаржыландырып, есірткі саудасынан түскен табысты заңдастыру үшін қылмыскерлер криптовалютаны белсенді түрде қолданады. Блокчэйн технологиясының анонимді жүйесі қаржының қайдан келіп, қайда кететінін бақылауды қиындатады.Сыбайлас жемқорлық бар жерде мемлекеттің қауіпсіздік жүйесі әлсірейді, ал әлсіз жүйе — есірткі барондары мен экстремистер үшін таптырмас орта.
Біртұтас іс-қимыл: Шешім жолдары
Бұл күрделі гибридті қауіпке қарсы тұру үшін мемлекет пен қоғамның тәсілдері де жаңарып, қауіп алдын алынуда. Бүгінде үкімет сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі екпінді жазалауға емес, оның алдын алу мен цифрландыруға түсіруде. Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған» азаматтарды қаржылай ынталандыру және қорғау тетіктері де белсенді жұмыс істеп тұр. Осының арқасында мемлекеттің қауіпсіздік жүйесі күшейіп, қылмыстық жағдайлар алдын алуда.
Сонымен қатар жасалу тиіс жаңарған шаралар:
- Біріншіден, кибербақылау мен цифрлық сауаттылық. Құқық қорғау органдары қылмыскерлерден бір қадам алда жүруі керек. Ол үшін жасанды интеллект негізіндегі кибербарлау құралдарын дамыту, Даркнеттегі заңсыз арналарды бұғаттау және криптографиялық транзакцияларды қадағалаудың жаңа әдістерін енгізу қажет.
- Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділік». Қаржылық бақылауды (комплаенс жүйесін) күшейту, кірістер мен шығыстардың цифрлық форматта ашық декларациялау қылмыстық ақшаның мемлекеттік аппаратты улауына жол бермейді.
- Үшіншіден, халықаралық ынтымақтастық. Интернет пен криптоәлемде шекара жоқ. Сондықтан, киберқылмыспен, есірткі трафигімен және терроризммен күресте мемлекеттер арасында жедел ақпарат алмасу жүйесі мінсіз жұмыс істеуі тиіс.
Қорытынды
Қазіргі заманғы экстремизм, терроризм, есірткі бизнесі және жемқорлық бұл жеке тұрған проблемалар емес, бұл бір ағза секілді бірігіп кеткен жаһандық қауіп. Экран артында отырған қылмыскермен ескі әдістермен күресу мүмкін емес. Мемлекет тарапынан заманауи, жаһанданған киберқорғаныс, ал қоғам тарапынан берік құқықтық сана мен қырағылық қана бұл індеттің алдын ала алады. Ұлтымыздың қауіпсіздігі әрбір азаматтың цифрлық кеңістіктегі тазалығы мен жауапкершілігінен басталады.
Жұмабек Нұрсұлтан, Жалбағай Айқын